400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Судағы спортық мереке"

Материал туралы қысқаша түсінік
матерал ересек және МД топтарына арналған. жарысқа так ғана қыздар қатысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық мерекенің сценариі.

«Ал қанекей, қыздар!»


Су қоймасының алаңында өлең ойнайды. Балалар бассейнге арналған киімдерін киіп су қоймасының алаңына кіреді. Басты жарда үлкен жазумен: «Ал қанекей, қыздар!» деген жазу ілініп тұрады, оң жақтағы жарда – «Жарайсыңдар!». Бүкіл зал шарлармен безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті балалар! Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің мереке басқа мерекелерден ерекшеленеді. Бүгін бізде 8 наурыз мерекесі, біздің мамаларымыздың, әжелеріміздің, апаларымыздың және әрине біздің қыздардың мерекесі. Ал, қыздар біздің ұлдарға да бой бергісі келмейді. Олар ұлдар сияқты футбол және хоккей ойнағанды, велосипедпен кәшелгенді, секіріп, жүгіргенді де және жүзгенді жақсы көреді.

Ұлдар бізге өз батылдығын және пысықтығын, ал қыздар болса ұлдардан қалмаймыз деп «Ал қанекей, қыздар» атты спорттық мерекесінде қатысқалы отыр. Олардан неге екендігін сұрайықшы?

I – ші қыз:

Спорт – денсаулықтың негізі,

Күш пен ептілікті береді.

Бұлшық етті қатайтып,

Бірінші бол деп тұрады.

II – ші қыз:

Ойыншық пен сылдырмақты,

Бөпеме мен қалдырамын.

Бас киімімді мен киіп,

Жүзуге мен асығамын.

I – ші қыз:

Кішкентай біз болдық,

Таяз жерде ойнадық.

Жылдан жылға есейіп,

Терең жерде сүңгідік.

II – ші қыз:

Иілгіштік, ептілік, пысықтылық,

Үйренуден болады.

Құрсауларды біз алып,

Тізіліп біз билейміз.

«Сегізаяқ» биі, қыздардың орындауында үйлесімді жүзудің элементтерімен.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, сегізаяқтар! Бізге сендердің қойылымдарың өте ұнады. Сендер бассейн сабақтарында көпке үйренгенсіңдер.


III – ші қыз:

Су қоймасы бізге де,

Өте – өте ұнайды.

Спортпенен шыныққан,

Әр – қашанда биікте.

IV – ші қыз:

Қуанышы маманың,

Шыныққаны ұлының.

Әр – қашанда биікте,

Қошақаны ананың!

Бақа: Балалар, бізге қонаққа теңіз патшасының өзі Нептун келіпті!

«Аида» операсының маршының әуенімен өзендер мен теңіздердің патшасы Нептун кіреді, ол бассейнді айналып өтеді, барып өз орнына (трон) барып отырады.

Нептун:

Патшасы мен теңіздің,

Балық, балдыр басшысы.

Менің үйім теңіз түбі,

Ғажап әлемнің кереметі.

  • Сендердің спорттық мерекелерің туралы естіп қалып, қызығып кеттім, көрейік қыздар судың ішінде не нәрсе үйренгендерін көрейік деп келдім. Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын, қыздар сендерге сәттілік тілеймін, әр – қашанда көңілді болып жүріңдер, денсаулықтарың мықты болсын, епті және шебер болыңдар.

Жүргізуші: Рахмет саған Нептун! Біздің мерекемізде қал. Балалармен бірге көңіл көтеріп, олардың біліктіліктерімен мен дағдыларын бағала.

Ал енді мерекеге қатысушылардың барлығы үшін бой жазу:

Керемет бір ойын бар,

Бәрінеде ұнайды.

Спорттың түрі көптен – көп,

Бәрін санап үлгірмес.

Қазір ойнап көрейік,

Бәрін атап шығайық!

Жанкүйершілердің тобы кезекпен спорттың түрлерін атайды. Қай топ ең көп спорттың түрлерін атап өтеді, сол топ жеңеді.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар! Жарысты жалғастырамыз. Суға қыздардың екі тобы шақырылады.

«Інжу» тобы бассейннің сол жағында орналасады.

«Інжу» тобы.

Біз «інжуміз» білеміз,

Шыныққанды қалаймыз.

Шынығамыз әр – қашан.

Бүгін, ертең ..... әр апта.

«Су перісі» тобы бассейннің оң жағында орналасады.

«Су перісі» тобы.

Су перісі тобымыз,

Жылдам, батыл боламыз.

Бүгінгі жарыс күнінде,

Жеңімпаз біз боламыз!

Жүргізуші: Сендердің қаншалықты епті және айлакер екендігіндеріңді біз қазір тексереміз, ал қазылар алқасы бағалайды.

Жүргізуші қазылар алқасымен таныстырып өтеді, олар әр жеңісті қызыл немесе сары дөңгелекшелермен бағалап отырады.

Жүргізуші: Сонымен, біз бастаймыз!

1 – конкурс: «Жүз, ойыншық!».

Қыздар кішкене отырыңқырап, алдыда тұрған ойыншыққа үрлейді. Ойыншық мақсатқа жеткен соң ол келесі балаға беріледі.

2 – конкурс: «Қуыршақты жүзуге үйретеміз!»

Жүзуге арналған тақтайшамен жүзу, тақтайшаның үстінде қуыршақ отырады, оны құлатып алмау қажет.

3 – конкурс: (эстафета) «Етпеттен жатып құлаштап жүземіз».

4 – конкурс: (эстафета) «Көңілді жүріс...»

Арқамен жатып құлаштап жүзу, қуыршақты алдында ұстай отыра.

5 – конкурс: (эстафета) «Өткіл».

Жүзудің әр-түрлі түрін қолданып ойыншықтарды бассейннің бір жақ шетінен екінші жақ шетіне жеткізу.

6 – конкурс: (жүзуге арналған дөңгелектермен эстафета)

«Біз кемеде жүземіз».

7 – конкурс: (эстафета) «Жетекке алу».

Әр конкурс сайын қазылар алқасы қорытынды жасайды.

Нептун:

Қыздарға мен ризамын,

Айтқыштар мен батылдар.

Ер жүректі, ептілі,

Жарадыңдар бүгіде.

Тез арада мектепке, барарсыңдар сендерде –

Теңіз суымен әрқашан,

Дос болыңдар балалар!

Нептун жарысқа қатысқан қыздарға медаль береді «Ең жақсы жүзуші», ал қалған мерекенің қатысушыларына - тәтті сыйлықтар.

Ұлдардың құттықтауы:

Үлкен болып өсіңдер,

Ата – аналарыңды ренжітпеңдер.

Ілтипатты білдіріп,

Әр – қашанда күлімдеп,

Сұлуланып жүріңдер!

Сабақ аяқталады, балалар жақсы әуенннің ойнауымен су қоймасының алаңынан шығады.

Өтілу ұзақтығы: 35 – 40 минут.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі