Cынып сағаты. 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғат-тіршілік
негізі
Сабақтың мақсаты: табиғаттың адам өміріндегі
маңызын түсіндіру,
оқушылардың экология туралы білімін
тереңдету;
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды экология туралы
өзінше ой
түюге баулу.
Тәрбиелік мақсаты: туған өлке табиғатына
деген сүйіспеншілікті
қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,
интерактивті тақта, табиғат,
экология туралы слайд.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,
жинақтау, ой қозғау.
Сабақтың түрі: түсініктерін тереңдету,
іскерлік дағдыны жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география,
биология
Күтілетін нәтиже: экологиялық проблемалардың
туындауына тікелей
адамдардың қатысы барын түсінеді, табиғатқа
қатысты
жат
әрекеттен бойын аулақ салады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топқа бөліп
отырғызу.
І.
Қызығушылықты ояту.
Мен
оның күнін сүйем , түнін сүйем.
Орман, дала ,тау, тасын , гүлін
сүйем.
Бар
жәндігін сүйемін қыбырлаған.
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық
та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
М.Мақатаев
Балалар, өлеңнің не туралы екенін
байқадыңдар?
-
Отан…
-
Өлеңдегі күн, түн, орман, тау, тас, гүл ұғымдарын бір сөзбен
қалай
атауға болады?
-
Табиғат.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: “ Табиғат-тіршілік негізі “депаталады.
-Ал
осы табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
(Топпен жұмыс) Әр оқушы өз дәптерлеріне жазады.
Топтан бір оқушы оқиды.
( Слайд-1)
Табиғат
І І. Мағынаны тану.
Табиғат адам үшін жаралыпты
Бар
қызық табиғаттан таралыпты,-деп ақындарымыз
жырлаған.
-Иә
, балалар, табиғат-күллі тіршілік атаулының қоныс-мекені,
үйі.
Табиғат –асыраушымыз, қамқоршымыз.
Ата-бабаларымыз сондықтан да “Жер –қазына, су-алтын, мал-байлық”
деп тегін айтпаған.
(Слайд-2 ) - Қандай табиғатты көріп
тұрсыңдар?
- Таза, әдемі табиғат .
-
Ластанған табиғат.
Мұғалім сөзі. Табиғат-тәрбие көзі. Судың
сылдырын, таудың асқақтығын, құстың шуылын естіп, көріп өспеген
адам, әдемілікті түсіне алмас еді, ой-өрісі тар, қиял -сезімі
қанатсыз болар еді. Бүгінде көптеген себептермен табиғи сұлулық
жойылып бара жатыр. Экономикамыз бен индустриямызды өркендетеміз
деп жүріп, адамдардың ойланбай жасаған іс-әрекетінің себебінен
табиғатқа қастандық жасадық. Бұл мемлекетіміз үшін үлкен проблема
болып отыр. Халқымыздың бүгіні мен ертеңіне қауіп төніп
тұр.
“Үш
бөлімді күнделік” (әр топ өздері орындайды)
Проблема қандай?
Критерий . Әсері не?
Туындайтын сұрақ
Не
істеу керек?
Ағаштар азайды, су
ластанды,т.б.
Ауа
таза емес, денсаулық бұзылады. т.б.
-
Апаттарды болдырмау үшін , табиғатты сақтап қалу
үшін
мемлекетіміз қандай шаралар істеп
жатыр?
(Оқушылар топпен жұмыстанады , өз ойларын
айтады)
(Слайд-4 )
- 5
маусым- Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік
күні.
-
“Жасыл ел” бағдарламасы
-
1889жылы “Невада-Семей”қозғалысы ұйымдастырылды.
О.
Сүлейменов
-
1991 жылы сынақ полигоны жабылды.
-
Табиғат байлықтарын қорғап қалу үшін қорықтар
ашылды.
-
1978 жылы “Қызыл кітап” басылып шығарылды.
- Жыл сайын елімізде сенбіліктер
өтеді.т.б.
ІІІ. Ой толғаныс
Шығармашылық жұмыс (деңгейлік
тапсырма)
*
І
топ
Адам- табиғатсыз өмір сүре ала
ма?..
ІІ
топ
Ал
табиғатта барлығы бір-бірімен тығыз байланыста
ма?..
ІІІ
топ
Табиғат мәңгілік пе?..
-
Жоқ...
-
Күнделікті оқып отырған кітабымыз, киген киіміміз, ішер асымыз,
тыныс алар ауамыз- бәрі табиғат сыйы.
-
Табиғатта барлығы бір-бірімен тығыз байланыста
болады - Су болмаса, көк өспейді. Көк жоқ жерде таза ауа
да болмайды.
–Жоқ.
-
Табиғат та адам секілді, туады, өседі, өледі , жоғалады, таусылады.
-Оны сақтауымыз керек.
*1.«Табиғат- өз
үйім» 2.мақал-мәтел, 3 . “ Туған
өлкем.
шағын шығарма, өлең тыйым сөз неткен
көркем!”
жазу сурет салу
(оқушыларды тыңдау) . . .
*
«Мен табиғат үшін, қоршаған орта үшін не істер едім?
Егер…»
1.Табиғатты қорғау 2. Эколог
болсам... 3.Суретші, ақын болсам...
министрі болсам...
Қорытынды: (ауызша)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «2030-дың
Қазақстаны суы мөлдір, ауасы таза, жасыл желекті елге
айналады» деген болатын. Осы мақсатқа жету үшін әр қазақ өз
үлесін қосу керек. Ал сендер қандай үлес қоса
аласыңдар? -
Табиғат -біздің алтын бесігіміз, асыраушы анамыз.
Анамызды қалай жақсы көрсек, қоршаған ортаны солай сүйе
білейік. Ал біздің үлесіміз -мектебіміз бен ауылымызды таза
ұстау, суымызды ластамау...
Ендеше, балалар, бүгінгі сабақтан не
түйдік?
Барлығы: -Таза болса
Табиғат,
Аман болар адамзат!