Сызу 9-сынып күні :
30.09.2018ж.
Сабақтың
тақырыбы: « Түйіндесулер.Лекальді және циркульді қисық
сызықтар
туралы түсінік,эллипс пен сопақшаны құру.
Эвольмента және Архимед спиральі. »
Мақсаты: Түйіндесулер туралы білім беру.
Әр түрлі бұрыштарды, шеңберлерді және шеңбермен түзулерді
түйіндестіруге үйрету. Оқушыны ұқыптылыққа және дербестікке
тәрбиелеу.
Оқушының кеңістікті көз алдына елестету
қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: екі түзуді, шеңбер мен
түзуді және екі шеңберді түйіндесуді жаттығу арқылы сызып
үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты
меңгеру
Әдістері: практикалық жұмыс
Құрал-жабдықтар: оқулық, тақта, сызба
құралдары жұмыс дәптері
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сызбалар арқылы
тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа
біртіндеп көшуі – түйіндесу деп аталады.
Түйіндесулерді салу үшін түйіндесу центрі
мен нүктелерін табу керек.
1. Екі түзуді радиусы берілген доғамен
түйіндестіру ( тікбұрышты, сүйірбұрышты және доғалбұрышты)
Түйіндесу R – 10 мм
О О
2. Шеңбер мен түзуді радиусы берілген
доғамен түйіндестіру
а) түйіндесу центрін табу үшін шеңбердің О
нүктесінен радиусы R + r болатын көмекші доға жүргізеді.
б) АВ түзуінен r қашықтықта радиусы R + r
доғасымен қиылысқанша, АВ түзуге параллель түзу жүргізеді. Шыққан
О1 нүкте түйіндесу центрі.
в) О О1 қосқанда М нүктесі пайда болады.
О1 нүктеден перпендикуляр жібереміз, Н нүктесі пайда
болады.
г) М,Н түйіндесу нүктелерін r доғасымен
қосып сызық жүргіземіз.
О
О
О
3. Екі шеңберді түйіндестіру
А) І- шеңбердің диам. r1-30 мм, ІІ-
шеңбердің диам. r2 –20 мм, түйіндесу радиусы R – 10 мм.
Б) шеңбер ø r2 + R екі шеңбер сызу, центрі
О1 және О2
ø r1 - R
в) қиылысқан нүкте О, О1О, О2О –
қосамыз.Қиылысқан нүктелер А және В.
Сырттай түйіндесу
4.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру
нәтижесінде алынған тұйық сызықты – сопақша (овал) деп атайды.
Сопақшаларды біросьті және екіосьті деп ажыратады. Екіосьті сопақша
осьтерінің ұзындықтарымен анықталады. Сопақша салу әдісі
түсіндіріледі және оқушылар мұғаліммен бірге сызады.
ІІ. Бекіту .
Үлкен осінің ұзындығы 80 мм, кіші осінің
ұзындығы 50 мм болатын екіосьті сопақша салу.
ІІІ Бағалау. Өзіндік жұмыс
бағаланады.
ІҮ Үй жұмысы. Түйіндестіру ережелерін
сақтай отырып, 25, а-суреттегі фигураны өзің таңдап алған
масштабпен сал. Өлшемдерін түсір.