Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі "

Материал туралы қысқаша түсінік
Коррекциялық – дамытушылық: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлары мен таныстыру және өрттен, оттан сақтана білуге үйрету. Ой өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

АШЫҚ САБАҚ

Сынып: 1

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.

3. Тәрбиелік:өз жеке басының қауіпсіздігін  дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, 101, 102, 103,104 телефондары жазылған карточкалар, слайд, бейнебаян

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Жоспар:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

ІІ. Өткенді қайталау (6 минут)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (24 минут)

IV. Қорытынды (5 минут)

V.  Бағалау (5 минут)

VІ. Үйге тапсырма (2 минут)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

1. Сәлемдесу

2. Сабаққа даярлықтарын тексеру

3. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Өткенді қайталау (6 минут)

  • Мекен жайларын сұрау (оқушылардың ойын тыңдау)

  • Бөлмеңдегі заттар таза болу үшін не істейсің?

  • Бөлмеңді кім жинайды?

  • Үйде қандай жұмыстарды атқарасыңдар?

  • Үйде қонақты қалай қарсы аласың?

  • Сенің отбасың қандай үйде тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (24 минут)

  1. Қызығушылығын ояту

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып. (үтік)

Жүрген жерін жалмайды,

Тастан басқа қалмайды. (от)

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып, безектеп. (телефон)

Балаларға сабақтың тақырыбын сурет арқылы анықтату.



  1. Оқулықпен жұмыс(10 минут)

ü  Мұғалімнің оқуы

ü  Оқушының оқуы

ü  Оқушылардың мазмұндауы

ü  Сұрақтарға жауап беруі

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқп шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.

Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!

Сен үйде жалғыз қалғанда не істейсің?

Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?

  1. Дәптермен жұмыс (5 минут)

  2. Тыйым сөздермен жұмыс (3минут)

Отпен, сумен ойнама.

Ойыннан от шығады.

IV. Қорытынды (7 минут)

101-өрт сөндіру қызметі

102-полиция қызметі

103- жедел жәрдем

104- газ қызметі

112- құтқару қызметі

V.  Бағалау (5 минут)

«5» алған балаларға қызыл түсті телефон,

«4» алған балаларға көк түсті телефон,

«3» алған балаларға сары түсті телефон таратамын.

 

VІ. Үйге тапсырма (2 минут)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
652
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12