М.Құсайынов атындағы
Ақтөбе облыстық дарынды
балаларғаарналған
мамандандырылған
мектеп-интернат
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер
ұғынып!»
(Ардагер ұстаздармен
кездесу.)
Тәрбиешілер: Нуралина
С.С.
2018-2019 оқу
жылы
«
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер
ұғынып!»
Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер
асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға
жетпес орнын паш ету; жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге,
адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырын ұғындыру; ұстаз еңбегін бағалай білуге
тәрбиелеу.
Міндеті: ұстаздың берген білімінің
маңызын ұғындыру; ұстаздық жолдың қиындығын түсіндіру, ұстаздарды
құрметтеуге тәрбиелеу;
Күтілетін
нәтиже: білімді саналы ұрпақ
қалыптастыру; жаңа заманға сай жеке тұлға қалыптастыру; бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны білімді етіп жетілдіру; жан-жақты білімді
ұрпақ тәрбиелеу.
Формасы: кездесу
кеші
Көрнекілігі: қабырға газеттері, кітап
бұрышы, ұлағатты сөздер.
Сабақтың
барысы:
Тренинг:
«
Сәлем - сөздің
анасы»
- Ұстаз болсаңдар ең алдымен
неден бастар едіңдер? (Сәлемдесуден)
- Мұғалімдермен қалай
амандасасыңдар? (оқушылардың өз ойын ортаға
салуы)
-Тыржиып, естір-естімес ернін
жыбырлата салып амандасу туралы не
ойлайсыңдар? (оқушылардың ойын
тыңдау)
-
Олай болса ұстаздарымызбен
амандасып алайық.
Кіріспе
бөлім:
-
Ал, балалар қоңырау үнімен
қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған
кім? (Ы.Алтынсарин)
-
А.Құнанбайұлын да қазақтың ұлы
ұстазы десек артық айтпағанымыз. Біздер ес біліп, әріп тани
бастаған кезімізде қазақтың екі адамының атын білдік. Оның бірі -
Ыбырай Балғожаұлы Алтынсарин, екіншісі - Абай Құнанбайұлы.
Біріншісінің хрестоматиясы қолымызда болды, екіншісінің өлеңін
жатқа айтатынбыз. "Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға" - деп Абай айтқандай ұстаз
еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін
баршамыз мойындаймыз.
Міне жадырап жаз өтіп, алтын
күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ
сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен
оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен
елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін
"Қарттар
күні" де
"Мұғалімдер
күні" де күздің үлесіне тиіпті. Олай
болса біз де сіздерді бүгінгі атаулы мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Шәкірттеріне өз пәндерінің қыр-сырын жалықпай үйретіп, сапалы білім
мен саналы тәрбие бере білген ұстаздарды таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
Мектебіміздің қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі, кәсіподақ ұйымның төрайымы, ардагер
ұстаз -Ақжеңіс
Айтжанқызына,
Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі,
ата-ана - Бікіров Есболай
Бекқожаұлына
сөз кезегін
беру.
Білім көшін жылжытып келе жатырған ұстаздар
қауымын құрметтеу- біздің парызымыз. Мысалы, Жапония елінде
ұстаздардың мерекесі күнде тойланады. Олай деуімнің себебі,
қоғамдық орындарда Жапон елінің халықтары ұстаздарға орын беріп,
құрметті күнбе-күн көрсетеді. Біздің елде мұғалімдер күні бір-ақ
күн тойланады. Ұстазды сыйлау – өмірдегі бір
борышың. Себебі, ұстазға деген құрмет
бәрінен биік тұруы керек.
Данышпан да, дана да оқып
сеннен,
Атақ- даңқын асырды бар
әлемнен.
"Ұстаз" деген аяулы, асыл
жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы
өлең!
Оқушылардың жүрек жарды
өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
1. Ербақыт Нұрбол "Ұстазға
арнау"
2. Машрупова Сабира "
Ұстаз"
3. Сатыбалды Азамат
_________
4. Жақсылықов Бауыржан "
Ұстаз"
Көрініс арқылы ұстаздарға
ситуациялық сұрақтар қою.
-
Сіз осы жас мұғалімнің
орнында болсаңыз бұл жағдайдан қалай шығар
едіңіз?
Ұстаздардың көңіл-күйін
көтеру мақсатында оқушылармен бірігіп ойын ойнатсақ. ( Құлақтарына
құлақ қап кигізіп, музыкалық әуен қосылып тұрады. Бір оқушы шығып,
сөздерді жасырады. Мұғалім сол сөздерді дұрыс таба білу керек.Таба
алмаған жағдайда бір өнерін
көрсетеді.)
Мектеп - үйім, ұстаздарым
ата-анам, Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі
бәйтерек, Тамырлары сан тарапқа тараған. Бүгінгі күн құшақтары
гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімімен суарған
шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын
-
дей келе
"Үлкендер жолы – ұлылық , ұрпағы жүрер
ұғынып"- атты мерекелік кешімізді әсем әнмен
аяқтаймыз.
Қорғанбай Азамат, Жақсылық Бауыржанның
орындауында "Ұстазым" әні.