: «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

: «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қазақтың ұлттық ойындар арқылы салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ой өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізілген күні:

Топ тәрбиешісі:

Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Әлеуметтік орта.Шығармашылық.

Ұ.О.Қ : Бір тұтас тәрбие бағдарламасы бойынша кіріктірілген оқу іс әрекеті;

Тақырыбы:  «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Мақсаты : Балаларды қазақтың ұлттық ойындар арқылы салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ой өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы, жоғары білікті болуы тиіс.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыра отырып тәрбие беру

Міндеттері:

1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас ойын

Сабақтың әдісі: Әңгіме ойын түрінде

Көрнекілік: Асық, қазақ ұлттық киімдері,ою өрнектер т.б.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Б іздің бүгінгі қонақтарымыз келді. Келген қонақтармен амандасайықшы. Сәлеметсіздер ме?

1.

Дөңгелене тұрайық,
Киіз үйді құрайық,
Кереге болып керіліп,
Уыктар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Жарайсыңдар!



О йындар барысында қазақша «Адай» күйін қойып қою

1.Таным саласы бойынша

«Шертпек» ойыны

Ойын 3-5 жас аралығындағы балаларға арналған.

Ойын шарты : балалар асықты түсіне қарай шерту қажет. Бала асықты шерткенде дәл түссе, асықтың түсі жолаққа сай түссе өзіне сол асықты жинайды  немесе сонша ұпай алады. Қоржынға жиналған асықтарды санау.



2.Қатынас саласы бойынша

«Қазақтың ұлттық киімдері» .

мақсаты: Балаларды ұлттық киім түрлерімен таныстыру.

Олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып,

қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге,

әңгімелеп беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Балалар үстел үстіндегі өздеріне ұнаған ою түрін таңдап, сол оюдың екінші бетінде көрсетілген ұлттық киімнің қалай аталатынын айтады.Сонымен қатар сол киімнің қандай матадан жасалғанын,қандай ою өрнектері бар екенін тәрбиешінің көмегімен айтып жеткізеді.

Мысалы: Мәсі аяқ киім, ол былғарыдан жасалады, оны әжелеріміз аталарымыз киеді.


Қимылды ойын: «Тақия тастамақ»

Ойынның шарты: Қарамау арқылы сезіп,

дер кезінде қашып үлгіру.
Ойын іс әрекеті:Тақияның өзіңде екенін сезсе,

тез орнынан тұрып кету және тақиясы бар

баланы көршілері ұстап үлгіру.
Ойын ережесіОйын кезінде ойын ережелерін бұзбау.

Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек.  Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.Егер тұрып үлгерген болса онда ол балаға мадақтама ретінде әдемі ою өрнегі беріледі.



3.Шығармашылық саласы бойынша

«Қазақтың ою өрнектері»


Мақсаты: Балалар өрнекті кілемшені қазақтың

ою-өрнек элементтерімен әшекейлей білуге үйрету.

Ою-өрнектер туралы түсініктерін дамыту.

Кілемшені «Қой ізі» және «ирексу» өрнегімен әшекейлеуді үйрету. Бояуды дұрыс пайдалана білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Қолданылатын көнекілік құралдар: демонстрациялық материалдар. 

Қажетті құрал-жабдықтар: Дайын түрдегі өрнекті кілемше сызбасы, бояулар, қылқалам


Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»
Ойын іс әрекеті: Балалар үстел үстіндегі

ж артылай қиылған оюлардың сыңарларын

тауып жұптастырулары қажет.








Би «Қара жорға»









4.Денсаулық саласы бойынша.

«Асық ату», « Қол күрес» қимылды ойындар


мақсаты: Ұлттық ойын арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру.
Ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа тапқырлыққа баулу тәрбиелеу.
Ойын арқылы салт - дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттық құндылықтарды білуге үйрету.

 «Арқан тартыс» ойыны

Ойынның ойналу әдісі: Ойынға ұзындығы

10 метрдей жуан кендір арқан керек.

Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды,

белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жоғарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

О йын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі.

«Асық ату» ойыны

Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз.

Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз.

4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі

түспен боялады. Рет ретімен сосын атып ойнаймыз.

Асықты атып шеңберден шығарған бала жеңімпаз атанады.

 Жарайсындар!


5. Бекіту

- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнады ма?

Иә

- Жарайсыңдар!!!

Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?

Тақия тастамақ, Қол күрес, Шертпек, Асық ату ойындарын ойнадық

- Жарайсыңдар!

- Ойын ойнаған ұнай ма?

- Иә, ұнайды

6. Қоштасу шеңбері.

Біздің топта ұл, қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Баршаңызға, бәріне
Тек қуаныш сыйлаймыз.

Сау болыңыздар!


 

 

 

 

 

 






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі