Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Ұлы жеңіс- ерлік жемісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзтаздарға қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: « Ұлы жеңіс- ерлік жемісі»


Мақсаты: Оқушыларды отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін

арттыру , жеңіс салтанатын көре алмай кеткен

боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Нақыл сөз жазылған плакаттар, соғыс тақырыбындағы

Суреттер.

Барысы:

1- жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар мен ұстаздар!


2-жүргізуші: Сіздерді 9 – мамыр жеңістің 69 жылдығымен құттықтаймыз.


1- жүргізуші: Жеңіс күніне орай өтілетін «Ұлы жеңіс –ерлік жемісі» атты іс-шарамызды көріп тамалашалаңыздар.


2-жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөндітүні


1- жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.


2-жүргізуші: Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

1- жүргізуші: Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай,

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай дей отырып

Баяндама: «Желбіре жеңіс алауы» оқитын Жұмабек Жадыра


ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол –Екінші Дүниежүзілік соғыс еді. Себебі оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

Сол кездегі КСРО үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Осы ел бақайшығына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп, тек өздерін ғана емес, бүкіл әлемді құлдық бұғауынан құтқарып қалды.

Бұл 1418 күнге созылған шайқастың әр 6 секунды сайын 1 адам опат болып отырды десек артық айтқан болмас едік.

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Статистикаға сүйенсек жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс»

атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

Жеңіс күні 9- мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.

  • Адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс аяқталған күн.

  • Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.

  • Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

  • Үйіне, отбасына, ата- анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.

  • Бұл күні – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.

  • Бұл күні - әділеттің әділітсіздікті жеңген күні .

  • Бұл күні – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.


2-жүргізуші: 1941 жылы 22 – шілдеде фашистік Германия Совет еліне тұтқиылдан шабуыл жасады. Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді.


1- жүргізуші: Гитлер сөзінде «Қыс түскенше Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек» деді. Мәскеуді басып алу операциясын фашистер «Тайфун» деп атады, Мәскеуге 51 дивизиясын жіберді, оның 13 і танк, 7- еуі моторлы қайық, 31- і жаяу әскер дивизиясы еді.

Ән: « Алға жігіттер» орындайтыт Махамадин Б


2-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл совет халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам аттанды.


1- жүргізуші: Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауыр сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл қорлыққа ,

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Туған жерін талқандату

Өлім – арлы азаматқа.

Көрініс: « Ұлы жеміс – ерлік жемісі» 6 «Ә» сынып оқушылары


2-жүргізуші: Отан Ана еліміздіңер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға осылай шығарып салды.


1- жүргізуші: Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал – майор В. Панфилов болды.


2- жүргізуші: Тастар көкке атылды,

Орман шулап , тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды, өрт ішінде қалды бақ,

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Би; 6»А» сынып қыздары


1- жүргізуші: Оқ астында зулаған, туған жермен бір болып,

Жау алдында тұрды олар 28 мың болып.

Жау жеңілді ақыры, атты бейбіт таң күліп,

28 батырын ұмытпайды ел иәңгілік.


2- жүргізуші: Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды.

Ленинград 1941 жылдың 9 – қыркүйегінен 1943 жылдың 18 – қаңтарына дейін жау қоршауында болды. Қала тұрғындары тәулігіне 200 гр, кейіннен 150 гр нанды талғау етті. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.

Поэма: «Анашым» Ноғайбек Елдос


1- жүргізуші: 1944 жылы Бас қолбасшының жоспары негізінде Кеңес қарулы күштері әр аймақта ірі соғыс шабуылдарын жасап, жаудың негізгі топтарын талқандай отырып, жыл аяғына дейін Кеңес Одағының бүкіл аймағын басқыншылардан азат етті, майдан шебі Германия шекарасына жетті


2- жүргізуші: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.

Сұрапылдай соқтыда жау қамалын,

Жеңіс туын қадады рейхстагқа!

Ән: орындайтын Халил Ернар


1- жүргізуші: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз,

Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.

Біз кешегі майдангерміз күйрете

Қаныпезер фашизмді жеңгенбіз.


2- жүргізуші: Соғыс құйыны әр отбасының шаңырағын шайқалтты, отын өшірді, сәбилер жүрегіне жазылмайтын жара салды.

Көрініс «Әкешім» Ноғайбек Елдос



1- жүргізуші: Орыс, қазақ , қырғыздар,

Құралған бұл шағын топ

Жауға үрей туғызған.

Жаппай түскен жалын боп

Даңқын қосып даңққа

Сұрапылға төтеді.

Борыштарын халқының

Ерлігімен өтеді.


2- жүргізуші: Тыныштық туралы

Биікке самғасын

Тыныштық ұраны,

Қиырда шарласын

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп отбасы қалмасын.

Жол берме соғысқа адамзат

Сен ғана тыныштық қорғаны.

Ән: «Сарбаздар» орындайтын Нұрсұлтан


1- жүргізуші: Жас ұланбыз жаны жарқын,

Қайрат- күш құрыш мығым.

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын.

Сарбаздармыз саптағы біз,

Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз,

Адымдаймызсенннннімменен.

Жол бермейиіз ұрысқа түк,

Елге аян айбынымыз.

Дұрыс шығар, дұрыс батып,

Бір тұрғанда ай күніміз.

Желбіреген жалауымыз,

Ұлы Отанның ұланымыз,

Бейбітшілік қалауымыз,

Асқақтаған жыр - әніміз.

Ән: Қазақстан


2- жүргізуші: 11мың адамға , оның ішінде 500 қазақстандықтарға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Кеңес Одағының батырлары жерлес ағаларымыз Жүнісбай Қайыпов, Төлен Қабылов, Рақымжан Тоқатаев, Қашаған Жаманқараев, Петр Вихрев, Төле Кенжебаевтармен мақтанамыз.


Жас ұрпақ!

Асыр сап шырқайды ерлікті ән қылып,

Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

Сталинград шайқасында опат болған мыңдаған жауынгерлер денесі жерленген Мамай қорғанындағы ескерткіш ансамблінің кіре беріс оң жағындағы мрамор тақтаға жазылған өсиет сөзбен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

«Соғыста құрбан болғандардың жете алмаған жеріне Сен жетесің! Жер бетінде баянды бейбітшілік орнату – тірі адам сенің борышың. Саған қалған үлес сол – осыны өтесең, адамгершілік парыздан құтыласың, Отан міндетін, ана сүтін ақтағаның.»

Ән: хор «Әрқашан күн сөнбесін»


1- жүргізуші: Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тыңдап тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12