400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

а

Материал туралы қысқаша түсінік
а
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Турабаева Мадина Кенесбековна

Пән/Сынып:

4-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1-апта 5-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Теңдеу және теңсіздік, өрнек. Ортақ тақырып «Ғарышқа саяхат».

Сабақтың тақырыбы:

Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді түрлендіру.(Оқулық 5-сабақ, 20-21-22-23 беттер, «Алматы кітап » баспасы, 2019ж.)

Оқу мақсаты:

  1. 4.2.1.1 Санды және әріптік өрнектерді түрлендіру.

Бағалау критерийі:

  1. Санды және әріптік өрнектерді түрлендіреді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Математика сабағын бастаймыз.

Сабағымыздың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді түрлендіру.

Бүгінгі оқу мақсаттары:

  • Санды және әріпті өрнектерді түрлендіру.






Сабақтың тақырыбын ашу.









.




















Презентация № 1






Презентация № 2






7-8 минут

Жаңа сабақ

Суретке назар аударыңдар:

Бүгінгі ортақ тақырыбымыз «Күн мен ай».


Ай-Жердің серігі. Ай-ақшыл-сары түсті шар. Ал кейде бұлтсыз түнде тамашалауға болатын жарты ай. Сондай-ақ біздің ғаламшарымыздың айналасында тынымсыз, орасан жылдамдықпен айналатын үлкен тас шар.


Ай туралы тамашалап болдық енді тапсырмалар орындайық.

  1. тапсырма.

Мәні бірдей өрнектерді дұрыс тапсаң, «Күн», «Ай» сөздерінің ағылшын және орыс тіліндегі аудармасын білесің. Ол өрнектерді салыстыр. Олар неге бірдей мәнге ие? Қосындысын санға көбейту және айырманы санға көбейту ережелерін айтыңдар.

(5+4)*3 5*3+4*3

(9-5)*3 9*3-5*3


Ережені еске түсір!

1

Қосындыны санға көбейту ережесі

Қосындыны санға көбейту үшін осы санға әрбір қосылғышты көбейтіп, алынған көбейтінділерді бір-біріне қосуға болады.

(a+b)*c=ac+bc

(5+4)*3=5*3+4*3

Бұл-көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

Айырманы санға көбейту ережесі

Айырманы санға көбейту үшін осы санға азайғыш пен азайтқышты көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екіншісін азайтуға болады.

(a-b)*c=ac-bc

(9-5)*3=9*3-5*3

Бұл-көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті.


Жаңа тақырыпты меңгеру.










Презентация № 3











Презентация № 4








Презентация № 5






Презентация № 6


8 минут



Тақырыпты меңгеру машығы

2-тапсырма. Өрнектің қалай құрылғандығын түсіндіріңдер.

X+X+X+X

-Берілген өрнекті басқаша қалай жазуға болады?

-x неше рет берілген?

-Дұрыс айтасыңдар. 4 рет берілген.

-Ендеше «Х-тен 4рет » дегенді қысқаша (ықшамдап) жазуға болады.

4*x немесе 4x деп жазуға болады. Мұндай жағдайда көбейту таңбасы көбінесе жазылмайды.

X+X+X+x=4x

Есіңде сақта!


Нәтижесінде әлдеқайда қарапайым өрнек алынатын түрлендіру-өрнекті ықшамдау деп аталады.

3

Есептің шарты бойынша өрнек құр. Үстел үстінде қарындаштар салынған үш түрлі қорап жатыр. Бірінші қорапта бірнеше (x), екіншісінде одан 2 есе артық, ал үшіншісінде біріншісіне қарағанда 3 есе артық қарындаш бар.

Қарындаштардың санын көрсететін өрнектер жаз:

Бірінші қорапта-X

Екінші қорапта-2x

Үшінші қорапта-3x

Бірінші, екінші және үшінші қорапта бірге,

X+2x+3x

Үлестірімділік қасиетті қолданып: x+2x+3x өрнегін түрлендір;


Өзіңді тексер!

X+2x+3X=1*x+2*x+3*x= (1+2+X)*x=6*x=6x


4

Пайымдауды түсіндір:

5x өрнегін қарастырайық. Бұл-5 cаны мен x әрпінің көбейтіндісі . 5 саны -сандық көбейткіш, ал

Х әрпі-әріптік көбейткіш деп айтылады.

2х+3х өрнегін ықшамдап, біз 2 және 3 сандарын қостық, ал әріптік көбейткішті өзгеріссіз қалдырдық.

Әріптері бірдей өрнектерді ғана қосуға және азайтуға болады;

3a+5a=8 a Себебі әріптік көбейткіштері әр түрлі.

3х+5a-ықшамдауға болмайды?

Себебі әріптердің көбейткіштері әр түрлі.

5

А) Үлестірімділік қасиетті қолданып, өрнектерді ықшамда:

7х+2х 11y-3y 9a+6a 13c-3c


Өзіңді тексер!


Себебі сандық көбейткіштері бір-біріне қосамыз, әріптері сол күйінше қалады.


7х+2х=9x 11y-3y=8y 9a+6a=15a 13c-3c=10c

Ә)Көбейтудің терімділік қасиетін қолданып, өрнекті ықшамдаңдар;

3x*5*10=(3*5*10)х=

4*2y*15=(4*2*15)y=

70*50y*2

6a*300*50

Өзіңді тексер!

3x*5*10=(3*5*10)х=150x

4*2y*15=(4*2*15)y=120y

70*50y*2=(70*50*2)y=7000y

6a*300*50=(6*300*50)a=90 000a


6

Мүмкін болған жағдайда өрнекті ықшамда.

b+5b+6b=

6a-4a=

10a+3a+2a=

9p+20p+8p=

12x-10y=

2+5x+3+5x=


Өзіңді тексер!

b+5b+6b=12b

6a-4a=2a

10a+3a+2a=15a

9p+20p+8p=37p

12x-10y= ықшамдауға болмайды. Себебі әріптері әр түрлі.

2+5x+3+5x=10x+5

7

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2023
212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі