А. Алтайдың “Түсік “әңгімесіндегі адам тағдыры
Қазіргі қазақ прозасында терең философиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерді көтере білетін қаламгерлердің бірі — Асқар Алтай. Оның шығармалары ұлттық болмыс пен қазіргі заман қайшылықтарын тоғыстыра отырып, адам жанының түкпіріне үңілуімен ерекшеленеді. Жазушының “Түсік” әңгімесі — осындай рухани һәм адамгершілік тұрғыдағы өзекті мәселелерді қозғайтын туынды. Бұл әңгіме арқылы қаламгер адам тағдыры, ұрпақ, аналық инстинкт және қоғамдағы құндылықтармен қатар отбасылық құндылықтар жайлы терең ой қозғайды.«Түсік» — тек медициналық немесе физиологиялық құбылыс емес. Бұл — адам тағдырының үзілуі, өмірдің өзегін кесу. Жазушы әңгімені тек әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас деңгейінде емес, қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс тұрғысынан көрсетеді. Мұндағы басты мәселе —“ отбасылық құндылықтың болмауы, әйелі мен күйеуі арасындағы дұрыс емес қарым – қатынас, әйеліне жасалған опасыздық, жауапкершіліктен қашу” және “ар – ождан мәселелері” бейнеленеді.Әңгімедегі кейіпкерлер: күйеуіне көңілі толмайтын әйелі-Санабике ,өз әйелінен махаббат сезінбей басқа сүйіктісімен тығылып өмір сүріп жүрген күйеуі-Бибол , жылулықпен махаббатты, отбасылы адамнан сезініп жүрген сүйіктісі-Балкенже .Автор бұл кейіпкерлер арқылы қазіргі қоғамдағы мәселелердің бейнесін көрсетеді. Әйелі мен сүйіктісін түсік жасатуға көндірген ер адамның бойындағы адамгершіліктің , жауапкершіліктің төмендігін аңғартады.Әңгімеде ер адам кейіпкерінің психологиялық күйзелісі мен шарасыздығы көрініс табады. Ол өз жанынан шығып түсікке айналуы , оның өмірде жасаған үлкен қате қадамдарынан болады. «Түсік» — тек бір адамның қайғысы емес, тұтас қоғамның жан жарасын бейнелейді. Асқар Алтай бұл туындысында жеке бастың күйзелісін , ұлттық сана мен адамгершілік құндылықтардың құлдырауын алға тартады. Түсік — өмірдің үзілуі ғана емес, сонымен бірге отбасылық негіздердің шайқалуы, рухани жауапкершіліктің жоғалуы және материалдық мүдденің адамдық қасиеттерден басым түсуінің көрінісі.Жазушының шеберлігі — осы мәселелерді қысқа әңгіме аясында терең жеткізе білуінде. Ол аз сөзбен көп мағына сыйғызып, оқырманды терең ойға жетелейді.Асқар Алтайдың «Түсік» әңгімесі — бүгінгі қоғамның көлеңкелі жақтарын ашатын, рухани дағдарысты дәл сипаттайтын туынды.Жазушы бұл шығарма арқылы оқырманды бей-жай қалдырмай, өз ішіне үңілуге, өмір мен құндылықтар туралы ойлануға итермелейді. Мұндағы адам тағдыры — тек бір адамның емес, ұлттың, болашақтың тағдыры.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
А. Алтайдың “Түсік “ әңгімесіндегі адам тағдыры
А. Алтайдың “Түсік “ әңгімесіндегі адам тағдыры
А. Алтайдың “Түсік “әңгімесіндегі адам тағдыры
Қазіргі қазақ прозасында терең философиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерді көтере білетін қаламгерлердің бірі — Асқар Алтай. Оның шығармалары ұлттық болмыс пен қазіргі заман қайшылықтарын тоғыстыра отырып, адам жанының түкпіріне үңілуімен ерекшеленеді. Жазушының “Түсік” әңгімесі — осындай рухани һәм адамгершілік тұрғыдағы өзекті мәселелерді қозғайтын туынды. Бұл әңгіме арқылы қаламгер адам тағдыры, ұрпақ, аналық инстинкт және қоғамдағы құндылықтармен қатар отбасылық құндылықтар жайлы терең ой қозғайды.«Түсік» — тек медициналық немесе физиологиялық құбылыс емес. Бұл — адам тағдырының үзілуі, өмірдің өзегін кесу. Жазушы әңгімені тек әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас деңгейінде емес, қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс тұрғысынан көрсетеді. Мұндағы басты мәселе —“ отбасылық құндылықтың болмауы, әйелі мен күйеуі арасындағы дұрыс емес қарым – қатынас, әйеліне жасалған опасыздық, жауапкершіліктен қашу” және “ар – ождан мәселелері” бейнеленеді.Әңгімедегі кейіпкерлер: күйеуіне көңілі толмайтын әйелі-Санабике ,өз әйелінен махаббат сезінбей басқа сүйіктісімен тығылып өмір сүріп жүрген күйеуі-Бибол , жылулықпен махаббатты, отбасылы адамнан сезініп жүрген сүйіктісі-Балкенже .Автор бұл кейіпкерлер арқылы қазіргі қоғамдағы мәселелердің бейнесін көрсетеді. Әйелі мен сүйіктісін түсік жасатуға көндірген ер адамның бойындағы адамгершіліктің , жауапкершіліктің төмендігін аңғартады.Әңгімеде ер адам кейіпкерінің психологиялық күйзелісі мен шарасыздығы көрініс табады. Ол өз жанынан шығып түсікке айналуы , оның өмірде жасаған үлкен қате қадамдарынан болады. «Түсік» — тек бір адамның қайғысы емес, тұтас қоғамның жан жарасын бейнелейді. Асқар Алтай бұл туындысында жеке бастың күйзелісін , ұлттық сана мен адамгершілік құндылықтардың құлдырауын алға тартады. Түсік — өмірдің үзілуі ғана емес, сонымен бірге отбасылық негіздердің шайқалуы, рухани жауапкершіліктің жоғалуы және материалдық мүдденің адамдық қасиеттерден басым түсуінің көрінісі.Жазушының шеберлігі — осы мәселелерді қысқа әңгіме аясында терең жеткізе білуінде. Ол аз сөзбен көп мағына сыйғызып, оқырманды терең ойға жетелейді.Асқар Алтайдың «Түсік» әңгімесі — бүгінгі қоғамның көлеңкелі жақтарын ашатын, рухани дағдарысты дәл сипаттайтын туынды.Жазушы бұл шығарма арқылы оқырманды бей-жай қалдырмай, өз ішіне үңілуге, өмір мен құндылықтар туралы ойлануға итермелейді. Мұндағы адам тағдыры — тек бір адамның емес, ұлттың, болашақтың тағдыры.
шағым қалдыра аласыз













