жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
А. Бақтыгереева "Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді"
Сабақтың тақырыбы |
Ақұштап Бақтыгереева «Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді»өлеңі |
||
Мақсаты |
Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді»өлеңімен танысу, ана тілінің құндылығын, қадір- қасиетін ұғындыру. Ақынның қыздар тәрбиесіне қосқан үлесін айту, түсіндіру. |
||
Күтілетін нәтижелер
|
- Бақтыгереева шығармашылығымен кеңірек танысады -«Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді»өлеңінің мазмұнын меңгереді, талдайды . - Қазақ қыздарының тәрбиесіне қосқан үлесін ұғынады, өлеңдерінсаралайды. Тақырыпқа қатысты мақал , нақыл сөздер айта алады. |
||
Керекті жабдықтар |
интерактивтік тақта, слайд , жұмыс дәптерлері |
||
Қолданылатын әдіс -тәсілдер |
Диалогтік оқыту, бейнеролик көрсету,психологиялық тренинг, «Миға шабуыл» әдісі. |
||
Сабақ барысы: |
|||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім іс -әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Кіріспе
|
І . Ұйымдастыру кезеңі. ( Амандасу, сыныпты түгендеу) Оқушылардың сабаққа деген ынтасын ояту. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
|
Оқушылар зейін қойып тыңдайды , сабаққа дайындалады. Қайрат Жұмағалиевтің өлеңінен үзінді жатқа айту, салынған суреттерін көрсету. |
|
Тұсаукесер
|
Ақұштап Бақтыгереева өмірі,шығармашылығы туралы бейнеролик көрсету. Ақұштап
Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамызда Батыс
Қазақстан облысы Ақжайық ауданы
Ақжайық ауылында дүниеге келген. 1966
жылы Қазақ мемлекеттік қыздар
пединститутының филология факультетін
тәмамдаған. 1966–1971 жылдары Орал облыстық
«Орал өңірі», Талдықорған облыстық
«Октябрь туы», республикалық «Қазақ
әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер,
1971–1972 жылдары «Қазақфильм»
киностудиясында редактор, 1972–1975
жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби
қызметкер, 1975–1981 жылдары «Жазушы»
баспасының аударма редакциясында
редактор болған. Қазір Қазақстан
Жазушылар одағының Батыс Қазақстан
облысындағы филиалының директоры. «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ койылып, жауап алынады. - Жайықтың ақын қызын халық еркелетіп қалай атайды? - Қыздар тәрбиесіне қосқан үлесі қандай? - Белгілі оқу ордаларында қыздарға арнап тарбиелік бағытта лекция жүргізуінің сыры неде деп ойлайсыздар? Психологиялық
тренинг: ( Оқушылар өз жауаптарын
береді)
|
Оқушылар мұқият тыңдайды,керек жерлерін дәптерге жазып отырады.
Ықтимал жауаптар Жайықтың ақ шағаласы, Жайықтың ерке самалы т.б. А.Бақтыгереева қыз балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы. Қазақ қыздарының тәрбиесіне баса назар аудару деп ойлаймын .
Әр оқушы өз есімдерінің шығу тарихын, қойылу ерекшеліктерімен бөліседі.
|
|
Негізгі бөлім 5 мин
10 мин
10 мин
|
Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді
Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді, Оған айтар мұң-арманым көп еді. Туған жердің қасиеті шығар-ау Гүлдей сұлу талы менен терегі. Оны ұмытсам болмас, сірә, кешірім, Соған ұқсас қойылыпты есімім. Оны қалай жырламайын егерде Толқынында тербетілсе бесігім. Сонда маған жұлдыз күлді аспаннан, Сылдыр өнді алғаш ұқтым жас талдан Мөлдір ағын дыбысынан кеудемде Нәзік жырдың шумақтары басталған. Сонда жатыр ата-бабам моласы, Қымбат маған қаласы мен даласы. Менің алғаш вальс биін билеуге Себеп болған Ақ Жайықтың баласы. Жайық десе, ойда Нарын өлеңі, Сағынғанда еске аларым көп еді. Жайық-Анам, Жайық-Елім, Отаным, Қүшақтағым, аймалағым келеді.
1.Өлеңді мәнерлеп оқыту. 2. - Өлеңнен ақынның көңіл күйі қалай аңғарылады? - Ақынды толғандырған не нәрсе? - Саған өлең әсер етті ме? - Қандай теңеу сөздерді қолданған? Әдебиет теориясы Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау Ақ Жайыққа // жыр арнағым // келеді, Оған айтар // мұң-арманым // көп еді. Туған жердің // қасиеті // шығар-ау Гүлдей сұлу// талы менен // терегі. Өлең 1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11буынды, қара өлең ұйқасына жазылған. Өлеңдегі троп түрлері Кейіптеу: Жұлдыз күлді аспаннан Теңеу; гүлдей Эпитет: жас тал, сылдыр өңді, нәзік жырдың |
Жыр шумақтарын оқушылар нақышына келтіріп, мәнерлеп оқиды.
Өлең құрылысына қарай талдайды,бейнелеуіш сөздерді табады. |
|
Қорытынды
Рефлексия
|
«Шапшаңдық байқат» сайысы.(Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап береді.
Сабақтан алған әсеріңізбен бөлісіңіздер.
|
Ойланады, жауап береді, бір- бірін толықтырады. Оқушылар сабақ бойынша өз ойын қысқаша жазады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген