жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ә дыбысы мен әрпі
|
Күні:11.01.19 Сынып: 1 |
2 сағат |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ә дыбысы мен әрпі. |
||
|
Оқу мақсаттары |
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Жаңа білімді меңгереді. Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
) Сәлемдесу түгелдеу Есейеміз біз күліп-ойнап Он саусақтын саласындай, Есейеміз біз күліп-ойнап Бір адамның баласындай -Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Топқа бөліну (оқушылар түстерді таңдап мезгілдер бойынша топқа бөлінеді) -Балалар өздерің ұнатқан түсті таңдап алып, қай түс қай мезгілге сәйкес келсе сол топқа барып отырамыз. Ақ – қыс Жасыл-жаз Сары- күз |
Шаттық шебері
|
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа жұлдызша беріліп отырады.. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет. Ережелер : Өткен сабақты пысықтау. 1.«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы фасоль салынған қалташаны лақтыру әдісі арқылы өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алайық. Мен сендерге қалташаны лақтырып сұрақ қоямын сендер сұраққа жауап беріп отырасыңдар. Олай болса ойынымызды бастайық. • Дыбыс дегеніміз не? • Дыбыстар нешеге бөлінеді ? • Қандай болып бөлінеді ? • Дауысты дыбыстар қалай айтылады? • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? • -Сөз неден құралады? -Сөйлем неден құралады? -Сөйлем соңына не қойылады? Әә дыбысы қандай дыбыс? әріп дегеніміз не? -Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? -дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Өткен сабаққа шолу. - Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық? - Ә дыбысы қандай дыбыс? 1 - тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында Ә дыбысы бар суреттерді табу. «Екінші буыным қайда?» ойыны арқылы суреттегі сөздердің екінші буынын табасыңдар. Оқулықпен жұмыс . Ал енді балалар мен сендерге кішкене әңгіме айтып берейін. Далада құмырсқа келе жатып қоңызды көріп қалады. - Сәлем
қоңыз - жарайсың
қоңыз 1. ә дыбысын
дыбыстату. Кеспе әріптен Ә- ның бас әрпі мен кіші әрпін көрсету. Тақтаға ілу. Балалар қараңдаршы ә дыбысының таңбасы неге ұқсайды? Көбелекке кәдімгі, Қарасаңыз анықтап. Жаны бар ә ұшып жүр, Жапырақша қалықтап. Көбелектің суретін көрсету. 3.
Ә
дыбысына қатысты суреттермен
таныстыру. а) Әже, жолбарыс, әсер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ә дыбысының орнын ажыратқызу. ә) « Тез, әрі сауатты оқиық!» тапсырмасы бойынша дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды. б) жазу жұмысы. в) торкөздегі ә дыбысының орнына қарай сөз ойлап табу. 4. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
Қызықты тапсырма 8 минут |
1. «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы көп суреттің арасынан ә дыбысы бар суреттерді тауып жіпке тізу. 2. «Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрастыру. Үш топ сөйлем құрастырады. Мысалы: Жолбарыс жабайы жануар. Жүзім тәтті жеміс. Жаңғақтың сырты қатты. Жиһаз жұмсақ. |
Оқулық, дәптерлер. |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген