Ә дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мүғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар: 5-бөлім. Саяхат

Күні: 22.01.2019

Сынып: 1 «А»

Мектеп: Б.Момышұлы атындағы МГ

Мұғалімнің аты-жөні: Уалиева Г.С.

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Табиғатқа саяхат. Әә дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1,3,8,1 Жазу жолын жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім не туралы айтқысы келгенін түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Әә дыбын ажырата алады, оны дыбыспен сәйкестендіреді

Көптеген оқушылар: Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазып, мәтінді түсініп оқиды.

Кейбір оқушылар: Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мәтін мазмұны бойынша өз ойын білдіреді.

Академиялық тіл

Пәндік лексика және терминология: Ән, сән, дән, дәрі, тәтті

Сабақта диалог/жазба үшін қолданылатын тіл:

Қыс мезгіліне ғана тән қандай ойындарды білесің?

Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

-Неліктен біз басқа адамдарға сыйлық жасаймыз?

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Әә дыбын ажырата алады, оны дыбыспен сәйкестендіреді

  • Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазып, мәтінді түсініп оқиды.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мәтін мазмұны бойынша өз ойын білдіреді.

Ойлау дағдылар

Білу, Түсіну, Қолдану

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Бейнекөрсетілім бойынша өз ойларын жеткізу арқылы айтылым және тыңдалым дағдысы артады.

Бастапқы білім

Дыбыс және әріп

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері.

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Балалар бүгін бізге қонақтар келді. Біз өте қуаныштымыз. Бар білімімізді ортаға саламыз сөздерін хормен айтып, ортаға жиналады. 

Топтасу.

Қыс мезгіліне тән ойындардың құралдары арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ: «Шана»

2-топ: «Шаңғы»

3топ: «Коньки»

4-топ: «Хоккей» 

Топ ережесі ауызша айтылады.

Бағалау парақшасын әр оқушыға таратып беру.


(Ұ) «Кубизм» әдісі. Өткенді еске түсіру

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Қима суреттер



Шана

Шаңғы

Коньки

Хоккей








Бағалау прақшасы






Слайд











Сабақтың ортасы

30 мин













(Ұ) Суретті жұмбақ.
Суреттегі заттардың атын атап, алғашқы әріптерінен сөз шығарып оқу. Әже, телефон, есік, шана. «Әтеш» сөзі пайда болды.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
Бұл не? /Әтеш/
Ә ә - жіңішке дауысты дыбыс.

«Әтеш» сөзін үш тілде айту.

«Әтеш» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

  • «Әтеш» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

  • Ә дыбысы қандай дыбыс?

  • Ә дыбысынан келетін қандай сөздер білеміз?

Дескриптор:

1.Суреттегі заттың атын атайды.

2.Алғашқы әріптерінен сөз шығарып оқиды.

3.Пайда болған сөзге дыбыстық талдау жасайды.

ҚБ. «Қол шапалақтау» әдісі.


(Ұ) «Жұлдыз болып тұрамыз»

Ә р топ кезекпен орындарынан тұрып құрамында ә дыбысы бар сөз айтып, соңында қол ұстасу арқылы жұлдыз болады.
- Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болады. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.
Әріп таңбасымен таныстыру.


Ойын «Кім шапшаң?»
Мен сөздерді айтып тұрамын, ал сендер, сөз ішінде «Ә»дыбысын естіген бетте, алақаныңды шапалақта:
Әділет, адам, дәрі, доп, әтеш, ине, сәби, Дина, әже, сәбіз, дәрігер


1 Оқылым.

Ән, сән, дән, әке, Сәкен, тәтті, дәрі, дәрігер, тәулік, сәуір, Дәуір,  Әсет.


(Т) Мәтінмен жұмыс.

1-топ: Мәтінді оқу.

2-топ: Түсінік айту.

3-топ: Қысқы ойындарды ата

4-топ: Мәтіннен «Ә» дыбысы бар сөздерді тап.
Дескриптор:

1.Мәтінді оқиды, түсінгенін айтады.

2.Қысқы ойын түрлерін атайды.

3 .Мәтіннен ә дыбысы бар сөзді табады.

ҚБ. «Отшашу» әдісі.


2 «Жаңылтпашты жаңылмай айт»

Келген малшы

Әрі әнші,

Әрі аңшы

Жаңылтпашты әр топ хормен айтады.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі.


Дәптермен жұмыс

Ә дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын біз әріп дейміз. Әріптің баспа жазба түрі бар.

ҚБ «Смайлик»


(Т) «Кім жылдам» ойыны.

1-топ. «Шана» тобы:  «Сөздер банкі» «Ә» әрпі бар сөздерді табады

2-топ. «Шаңғы» тобы: «Сөз құра, тез құра» Қима әріптерден сөз құрайды.

3-топ. «Коньки» тобы:  «Адасқан буындар» Буындардан сөз құрайды.

4-топ. «Хоккей» тобы. «Сөйлемді толықтыр» Берілген сөйлемді толықтырып, қалып кеткен сөзді табады.

Дескриптор:

  1. «Ә» дыбысы бар сөздерді табады

  2. Қима әріптерден сөз құрайды

  3. Буыннан сөз құрайды

  4. Сөйлемді толықтырып орналастырады.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі.


Суретті жұмбақ



Әтештің суреті


Бейнероик «Сиқырлы әріп Ә»
















Оқулық








Саралау тәсілі: «Қарқын»









Жаңылтпаш







Жұмыс дәптер


А4 парақ


Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету


Сабақтың соңы

5 мин








Кері байланыс: «Ойды аяқта» әдісі арқылы сабақтағы алған білімдерін қорытындылау.

Б үгін мен білдім.....................

Мен үйрендім........................

Қиындық тудырды................

Қолымнан келді...................

Рефлексия: «Тілек ағашы»

Ж асыл алма-жақсы түсіндім

Сары алма – әлі де көп үйренуім керек

Қызыл алма – түсінбедім

«Тілек ағашы»


Сарлау-Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Қарқын» тәсілі бойынша қабілетті оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істей алуын

«Мәтінмен жұмыс» топтық жұмыс арқылы көрініс табады

«Диалог және қолдау көрсету»

Кейбір оқушыларға «Сөз құра, тез құра» әдісі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру

ҚБ

Кері байланыс

Музыка, көркем еңбек.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мен сабақты оқу мақсатына сай жоспарладым. Бүгін оқушылар Ә дыбысы мен әрпін оқып, жазып, мәтіндегі негізгі ойды анықтап таба білді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, жаңа сабақты меңгеруге жағдай жасадым. Жоспарлаған сабақты берілген уақыт ішінде үлгеріп өттім. Оқушыларым сенімділікпен жұмыс жасап, өз пікірлерін ашық білдіріп, жаңа ақпараттармен толықты.

Қандай екі нәрсе табысты болды?

  1. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  2. (Т) «Кім жылдам?» ойыны.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақты одан да жақсарта алар еді?

  1. Топтар бірін – бірі бағалау

  2. Жұптық тапсырма

Сабақ барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағымды жетілдіруге қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім.

1. Топтық жұмыстың нәтижесі жоғары болады екен.

2. Сабақ мақсаты мен критерийлерге оқушыны бағыттау дұрыс екен.

3. Оқушыларға бағалау парақшасын тарқатып беріп өзін – өзі критерийлерге сай «+» «-» белгісі арқылы бағалап отыруы өте жоғары нәтижеге қол жеткізеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі