жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ә. Нұршайықов "Батырмен сұхбат" 7-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 13 Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом Батыр туса – ел ырысы Мұғалімнің аты-жөні: Ахмадалиева Динора Күні: Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ә.Нұршайықов «Батырмен сұхбат» |
||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т.7.1.4.1. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау; ТБ.7.4.3.1 Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
«Батырмен сұхбат» тақырыбы бойынша үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу. |
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
«Батырмен сұхбат» тақырыбы бойынша шығармадан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу. |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дереу, жарақаттанған, жөнелту, ес -түсімді, етпеттеп, әлденуақытта майдан, намыс, борыш, абырой, батыр, мерген, жауынгер. Тұрақты сөз тіркестері: жан ұшыру, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар, көз жасын көл ету, тертөгу. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениеттің және тілдің біртұтастығы. Оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу; |
||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы. Ұлы отан соғысы кезіндегі оқиғамен байланысады. |
||||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
«Ақиқат пен аңыз» романы бойынша Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу. «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау
«Атом-молекула» әдісімен оқушыларды 3 топқа біріктіру
1-топ «Ақиқат» тобы 2-топ «Аңыз» тобы 3-топ «Жеңіс» тобы « Болжау стратегиясы» арқылы сабағымыздың оқу мақсатын қажетті әріптерді қою арқылы болжайды. Б..т...мен....,с..хб..т,ш,ғ.р.м.с.н.н,ү.і.н.д.і,т.б. -Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болды? -Қол жеткізуге бола ма? -Ол үшін не істеуіміз керек |
|
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 5 минут 10 минут |
Тыңдалым алды тапсырма. 1-тапсырма ТЖ.Оқушыларға бүгінгі сабаққа байланысты тірек сөздер беріледі. «Сөздік лабораториясы» әдісі арқылы оқушылар кестені толтырады.
Дескриптор: -тақырыпқа қатысты тірек сөздердің аудармасын табады; -тірек сөздердің аудармасын синонимге айналдырады; 2-тапсырма Тыңдалым тапсырмасы Ж.Интербелсенді тақтада Б.Момышұлы туралы бейне жазба ұсынылады.Шығарманың тақырыбы мен негізгі идеясын анықтайды.Тақырыптық –идеялық талдау жасайды.
Дескриптор: -шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды; -шығарманың идеясын композициясымен бірге қарастырады; -шығармаға тақырыптық-идеялық талдау жасайды; Саралау Талантты,дарынды балалар: Тыңдалған мәтін мазмұнының құрылымдық бөлшектерін,компоненттеріне толық талдау жасайды. (тапсырма бойынша) Кейбір оқушыларға көпірше ретінде: Жүрек жұтқан,жүрегінің түгі бар.қаһарман перзент т.б Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға: Жеке қолдау үшін,сөз тіркестерін көпірше ретінде ұсынамын.Қажетті сөздер:жауынгердің тұлғасы,әскери өнер,темірдей тәртіп,табиғи болмыс. ҚБ. «Бутерброд» әдісі арқылы топтар өзара бірін-бірі бағалайды Бірінші жағымды түсініктеме беріп,кейін құрылымды сын айтып,соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; Мысалы:-маған ұнады........,себебі........енді/келесі жолы....
3-тапсырма Тыңдалымнан кейінгі тапсырма ЖЖ. Дидактикалық ойын. «Сөйлемді аяқта»
Дескриптор: -кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіріп,өмірмен байланыстырып айтады; -өз ойларын нақты жеткізіп,сөйлемді аяқтай алады; ҚБ. Жұптық рефлексия. «3-2-1» стратегиясы арқылы әр жұп бір-бірін бағалайды. 4-тапсырма Ж. «Батыр Бауыржан» тақырыбында бес жолды өлең құрастырыңыз. Өлеңде теңеу мен метафораны қолданыңыз. Бірінші жолы-зат есім Екінші жолы-сын есім Үшінші жолы-етістік Төртінші жолы- ұғымға қатысты не құбылысқа қатысты көзқарасты білдіретін төрт сөз Бесінші жолы- синоним немесе балама. Дескриптор: -бес жолды өлең құрастырады; -теңеу мен метафораны қолданады; -өлең құрылымын сақтайды; Саралау Талантты,дарынды балалар: Батыр бейнесін ашатын шағын сипаттама өлең құрастырады (тапсырма бойынша) Кейбір оқушыларға көпірше ретінде: Метафора теңеуден қалай ерекшеленед? Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға жеке қолдау үшін: Метофора-сыртқы және ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап,бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Теңеу-затты,нәрсені,құбылыстың,белгісін,қасиетін,сапасын көрсететін көркемдік ұғым. ҚБ. Табыс критерийлері арқылы өзара бірін-бірі бағалайды. Үздік жазылған өлең сыныпта оқылады,талқылананады. Мұғалім: - Кімнің жазған өлеңі ерекше есте қалды? -Неге олай ойлайсың? |
Синонимдер сөздігі (С.Бизақов, Алматы 2007)
Бейнежазба
/k0kilxTDuQk
Қазақ тілі 7-cынып, Бәйшешек, 2017 ж
слайд |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақты қорытындылау сұрақтары:
Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» Бүгін мен .......білдім. .............. екенін түсіндім. ..............қиын немесе оңай болды. Бағалау Үйге тапсырма:Б.Момышұлының қанатты сөздерін жазып келу.
|
Кері байланыс
|
|||||||||||||||||||||
|
Саралау- сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Саралау: |
Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
«Бутерброд» әдісі арқылы топтар өзара бірін-бірі бағалайды Жұптық рефлексия. «3-2-1» стратегиясы арқылы әр жұп бір-бірін бағалайды. Табыс критерийлері арқылы өзара бірін-бірі бағалайды. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|
|||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген