Материалдар / АӘД пәні бойынша оқу бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АӘД пәні бойынша оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД мұғағалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
2687
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптары үшін
«Алғашқы әскери дайындық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына сәйкес әзірленген.
      2. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери дайындауға негіз болып табылған құжаттар:
      1) 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) 2013 жылдың 11 ақпан айындағы «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 118 шешімі.
      3. Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады:
      1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;
      2) практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
      4. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады.
      5. Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады.
      6. Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:
      1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдармен және АӘД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі;
      2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;
      3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
      4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;
      5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
      6) тактикалық алаң;
      7) кедергілерден өту жолының кешені;
      8) ату тирі;
      9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.
      7. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
      8. Барлығы 68 сағат берілген: 10 сыныпта 1 жылға 34 сағат және 11 сыныпта 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына 30 сағат қарастырылған.
      9. Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі.
      10. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.
      11. 11-сынып оқушыларының бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.
      12. Кіріспе сабақты өткізу кезінде жастарды әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік-жігер, психологиялық және денелік сапаларды жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.
      13. Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы әскери іс негіздерін оқыту үдерісінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділік, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.
      14. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, жастардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
      15. Тактикалық дайындық оқыту мен үйретудің негізін қалаушы тараулардың бірі болып табылады, ол алғашқы әскери дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді:
      1) оқушылар сабақ кезінде қаруды және қол гранаталарын қолдану техникасы бойынша дағдыларды нық игереді;
      2) тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін винтовка, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаталарының қалтасы болуы міндетті.
      16. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс;
      1) оқушылар сабақ кезінде атыс қаруының құрылысы, оларды атуға даярлау мен ату, сондай-ақ қаруды күту және сақтау ережелерін игереді.
      17. Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) өткізіледі:
      1) практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқушыларды үйрету әдістемесіне баса назар аударылады, оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуі;
      2) оқушылардың жаттығуы.
      18. Әскери топография сабақтарында:
      1) 10-сыныпта оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді;
      2) 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі.
      19. Оқыту үдерісінде оқу пәндермен пәнаралық байланыс іске асырылады:
      1) «Қазақ тілі, орыс тілі»: сөз қорын алғашқы әскери дайындық саласына қатысты терминдермен толықтыру;
      2) «Физика»: «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес сырғу», «қуат» және «күш» түсініктері туралы алынған білім негіздерін қолдану;
      3) «Биология»: шылым шегу және алкогольдің ағзаға тигізетін зияны туралы білімді қолдану;
      4) «Химия»: улы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін білу, әскерде қолданылатын жарылғыш заттарды пайланудың қауіпсіздік ережелерін білу;
      5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: отансүйгіштікті тәрбиелеу, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне деген құрметті тәрбиелеу, қазіргі заманғы Қазақстан тарихының көршілес елдерге қатысты ортақ мәселелерін, адамзаттың даму тарихын білу;
      6) «Адам. Қоғам. Заң»: мемлекеттің заң шығару негіздерін, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу;
      7) «География»: бағыт тұстарын білу, түрлі белгілер және топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлау біліктілігі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағы мен шекараларын анықтау;
      8) «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, кедергілерден өту;
      9) «Технология»: еңбексүйгіштік және ұзақ мерзім еңбек ету қабілетін тәрбиелеу.

^ 2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

      20. Кіріспе сабақ (1 сағат):
      1) алғашқы әскери дайындаудың мақсат-міндеттері және мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі;
      2) оқушылардың құқықтары мен міндеттері.
      21. Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда (3 сағат):
      1) Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері, Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер (1 сағат);
      2) Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі, әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәміздері, әскери бөлімнің туы (1 сағат);
      3) қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтері, жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі (1 сағат).
      22. Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары (5 сағат):
      1) Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері (1 сағат);
      2) әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау (1 сағат);
      3) әскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тәртіптік жаза (1 сағат);
      4) ротаның тәуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау және жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі, ротаға басқа ротаның әскерилері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің әрекеттері (1 сағат);
      5) қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет, оны жабдықтау және жарақтандыру (1 сағат).
      23. Тактикалық дайындық (8 сағат):
      1) бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері (1 сағат);
      2) қазіргі заманғы ұрыстың сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери бөлімдердің ұрыстық міндеттерді сәтті орындауларын қамтамасыз ететін шарттар (1 сағат);
      3) бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану, жасырыну, қорғау, инженерлік, химиялық, тылдық және техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері (1 сағат);
      4) инженерлік бекіністер, Қазақстан Республикасының жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы негізгі миналары, олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер, жалпы құрылысы және әрекет ету механизмі, миналарды орнататын орын және орнату тәртібі, жасырынған миналарды, анықтау табу тәсілдері (1 сағат);
      5) жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздың қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі әрекет (1 сағат);
      6) шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер және оқпанадан шығып қозғалу тәртібі, шабуыл кезінде жауды жою тәсілдері (қол гранаталарымен, қарумен ату және қоян-қолтық ұрыс кезінде) (1 сағ.);
      7) қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған оқпананы жабдықтау және жасыру (1 сағат);
      8) бақылаушы сарбаз, бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар, жергілікті жерде бақылау жүргізу тәсілдері және түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша мәлімдеу тәртібі (1 сағат).
      24. Атыс дайындығы (8 сағат):
      1) Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу тәртібі (1 сағат);
      2) Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу және жинау, қару және патронды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жартылай бұзудан кейін автоматты жартылай бұзып-жинау (1 сағат);
      3) Калашников автоматының (қол пулеметінің) және патронның атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы (1 сағат);
      4) Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға даярлау, автомат жабдықтары, атудан кейін автоматты тазалау және майлау тәртібі, автоматты сақтау, автомат пен оқтарды тексеру және атуға даярлау, ату кезінде болуы мүмкін кедергілер және оларды жою амалдары (1 сағат);
      5) Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу және жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы, оқтау және ату кезіндегі автоматтың мехнизмдерінің жұмысы (1 сағат);
      6) Калашников автоматынан (қол пулеметінен) атуға ыңғайлануға жаттығу, оқжатарды оқтау және оны қалташыққа салу, таянып жатып атуға дайындалу (ату қалпын қабылдау және автоматты оқтау), ату (нысананы және өткізгішті дәлдеу, автомат дүмін иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу және ату кезінде автоматты ұстау), атуды аяқтау, оғын алу және атуды аяқтаған соң автоматты тексеру (1 сағат);
      7) «Жарықшақты қол гранаталары (1 сағ.): жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеттері, гранатаның және тұтандырғышының құрылысы, гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындалу (1 сағат);
      8) жарықшақты қол гранаталарын алысқа және дәл лақтыру (1 сағат).
      25. Саптық дайындық (7 сағат):
      1) сап түрлері және олардың элементтері, алдын-ала және орындауға берілетін пәрмендер, сарбаздың сапқа тұруға дейінгі және саптағы міндеттері, бір орында тұрып сәлем берген әскеримен сәлемдесу (1 сағат);
      2) саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Баскиімді – ШЕШ», «Баскиімд – КИ» пәрмендерін орындау (1 сағат);
      3) бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру (1 сағат);
      4) саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу (2 сағат);
      5) бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру (1 сағат);
      6) саптан шығу, бастыққа бару, қайта сапқа тұру (1 сағат).
      26. Әскери топография (2 сағат):
      1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау, бағдарлау туралы түсінік, көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан белгілері және жергілікті жер бедері бойынша анықтау, өзінің орналасқан жері туралы мәлімдеме беру;
      2) магнитті азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұстары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.
      27. Оқу жиынына оқу материалын тақырып бойынша жоспарлау үлгісі.
      28. Тактикалық дайындық – 16 сағат:
      1) әскери бөлімнің қарулануы және ұрыстық техникасымен, атқаратын қызметі және техникалық-тактикалық сипатымен танысу, қарулануды және ұрыстық техниканы іс жүзінде көрсету (2 сағат);
      2) жаудың танкілері мен бронды машиналарының ұрыстық сипаты және олардың әлсіз тұстары, жаудың танкілері мен бронды машиналарын жоюдағы бөлімшенің қарулануының ұрыстық мүмкіндіктері, жаудың танкілері мен бронды машиналарын жою үшін танкіге қарсы қол гранаталарын қолдану (1 сағат);
      3) шетел армияларының әуеден шабуылдау құралдары, жаудың ұшақтары мен тікұшақтарының ұрыстық сипаты және әрекет ету тактикалары, оларды ажырату белгілері, шетел армияларының төмен ұшатын ұшақтары және тікұшақтарымен күресуде атыс қаруын қолдану (1 сағат);
      4) бөлімше позициясын инженерлік жабдықтау және оқпана, траншея, таса мен мина жарылғыш бекіністер орнатумен таныстыру (1 сағат);
      5) жаудың оқ атуы кезінде ату позициясын (атыс жүргізетін орын) қабылдау, оқпана қазу және оны жасыру (1 сағат);
      6) шабуылдау кезінде сарбаздың колоннада қозғалуы және бөлімшенің ұрыс жүргізуі кезінде өз орнын табуы, жолдағы кедергілерден өту және шабуылдау, траншеядағы жауды қарудан ату, гранат лақтыру және қоян-қолтық ұрыста жою тәсілдері, шабуылдау нысанын басып алу, шабуылдау кезінде радиобелсенді (улы) заттармен зақымдалған жерлерде әрекет ету (3 сағат);
      7) қарсыласпен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде сарбаздың бөлімше позициясында өз орнын алуы, жау ядролық қару қолданғанда, атуға дайындалған, әуеден шабуылдаған, радиобелсенді, химиялық және бактериологиялық зақымдау қаруын қолданғаны туралы дабыл қағылған кезде орындалатын әрекеттер, жаудың танкілері мен жаяу әскерінің түрлі бағытпен бастаған шабуылына тойтарыс беру, жаудың әуе нысандарын ату (2 сағат);
      8) бақылаушы сарбаз, бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау және жасыру, әскери нысандарды анықтау және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме беру, жергілікті жердің үлгісін құру және әскери нысандарды үлгіде белгілеу (2 сағат);
      9) шолушы болып тағайындалған сарбаздың әрекеттері. Шолушының қимыл-әрекеттері және жергілікті жер мен заттарды (ор, орман, елді-мекен, көпір, өзен және т.б.) шолу, бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме, жау әуеден шабуылдағанда және ядролық жарылыс кезінде берілген дабыл бойынша әрекет ету (2 сағат);
      29. Атыс дайындығы - 4 сағат:
      1) пневматикалық винтовкадан ату, төртінші дайындық жаттығуын орындау (2 сағат);
      2) жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталарын лақтыру (2 сағат).
      30. Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары - 4 сағат:
      1) әскери бөлімнің тарихы, әскерилердің орналасуы, ақпараттық-тәрбие бөлмесі, қару сақтайтын бөлме, оқу қалашықтары, спорттық база, асхана (2 сағат);
      2) бекеттегі сарбаздың әрекеттері, бекеттегі сарбаздың қаруын ұстау қалпы, қаруды оқтау тәртібі, бекетті қабылдау және тапсыру кезіндегі, бекетті өрт шыққанда және бекет маңында немесе көрші бекетте тәртіп бұзылған кездегі сақшының әрекеттері (1 сағат);
      3) бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының әрекеттері, қаруды қолдану тәртібі (1 сағат).
      31. Саптық дайындық – 4 сағат:
      1) саптық тәсілдер және қарумен орындалатын қимыл-әрекеттер, «Автоматты кеудеге», «Белдікке», «Қаруды қой», «Қаруға», «Қаруды» тәсілдерін орындау (1 сағат);
      2) бөлімшені жазылған және жорықтық сапқа тұрғызу, бөлімшені жазылған саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан жазылған сапқа тұрғызу, бөлімшенің ажырауы және қосылуы (1 сағат);
      3) сапты басқару белгілері - «Назар сал», «Командирлерді жина», «Бас», «Тоқта», «Қашықтықты ұлғайт», «Қашықтықты қысқарт», «Колоннаға», «Барлығың шеңбермен», «Барлығың оңға (солға)» және т.б. (1 сағат)
      4) машина маңындағы және машинадағы әскерилердің әрекеттері, машина маңында сапқа тұру, отыру және орналасу, отыру кезіндегі қаруды ұстау қалпы, машинадан түсу (1 сағат).
      32. Әскери топография (2 сағат):
      1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау: жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Азимут бойынша қозғалу.

^ 3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

      33. Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда - 2 сағат:
      1): мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері (1 сағат);
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дәстүрлерінің құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері (1 сағат).
      34. Саптық дайындық (3 сағат):
      1) саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу (2 сағат);
      2) бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру (1 сағат).
      35. Өмір қауіпсіздігінің негіздері (25 сағат):
      1) азаматтық қорғаныс – жалпымемлекеттік қорғану іс-шаралары және оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын (оқу орындары) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, әскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы (1 сағат);
      2) ядролық қару және оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері, ядролық жарылыстың зақымдау факторлары (толқынды соққы, жарықтық сәулелену, радиацияның денеге өтуі, радиоактивті зақымдау және элетрлімагниттік импульс) және олардан қорғану әдістері, нейтронды оқ-дәрілердің зақымдау ерекшеліктері (1 сағат);
      3) ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізінен пайда болатын зақымдау аумағы және оның радиациялау деңгейі, сәулелену мөлшері, радиациялау деңгейі және оларды өлшеу бірлігі туралы жалпы түсінік (1 сағат);
      4) химиялық қару және оны қолдану белгілері, улы заттар, оның зақымдау қасиеттер және одан қорғану әдістерінің қысқаша сипаттамасы, химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы және екінші аумақтары (1 сағат);
      5) бактериологиялық (биологиялық) қару және оның зақымдау әсері мен қолдану белгілері, бактериялық құралдар, олардың зақымдау әсері мен одан қорғану құралдарына қысқаша сипаттама беру, бактериологиялық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін іс-шаралар, карантин және обсервация (1 сағат);
      6) жалпыәскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы, ГП-5, ГП-4у, ПДФ-Ш газтұмылдырықтары құрылысының ерекшеліктері, сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау және қалтаға салу, газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, зақымдалған адамға кигізу әдістері, бұзылған газтұмылдырықты қолдану (1 сағат);
      7) тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары, Р-2 респираторы және оны қолдану тәртібі, тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары (дәкеден дайындалған байлам, шаңға қарсы матадан дайындалған маска), олардың атқаратын қызметі, қорғау қасиеттері, оларды даярлау және қолдану әдістері, жеке аптекасы және химияға қарсы дербес қалта, олардың атқаратын қызметі және қолдану әдістері (1 сағат);
      8) теріні қорғаудың қарапайым құралдары (күнделікті қолданылатын, өндірістік киім және аяқкиім), қосымша герметизациялау және арнайы майды сіңдіру арқылы олардың қорғау қасиеттерін жоғарылату, арнайы киім үлгісінің атқаратын қызметімен таныстыру (Л-1 жеңіл қорғау киімі, сүзгілік қорғау қасиеті бар киім, жалпы әскери қорғану киімі) және оларды қолдану тәртібі (1 сағат);
      9) нормативтерді орындау № 1 – газ тұмылдырықты кию, № 2 – респираторды кию, № 3 – «зақымдалған адамға» газ тұмылдырық кигізу, № 4 –дәкеден байлам әзірлеу және кию, 5 – жалпыәскери қорғану киімін кию (1 сағат);
      10) ұжымдық қорғану құралдары - жасырынатын орын және радиацияға қарсы таса, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы және бөлменің ішін жабдықтау, жасырынатын орынға орналасу және ондағы тәртіп. Радиациядан қорғануға арналған жерасты және жер бетіндегі бөлмелер (ғимараттар), жасырынатын орынды толтыру, белгі бойынша тасадан (бөлмеден) шығу және негізгі жол бітеліп қалған жағдайда шығу амалдары, қарапайым тасалар, жабынды тасаны әзірлеу, оның атқаратын қызметі және қорғау қасиеттері (1 сағат);
      11) эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі, эвакуациядағы адамдардың міндеттері, оларды қажетті жабдықтармен және тамақпен қамтамасыз ету, эвакуация бекетіндегі тәртіп, жүру бағыты және орналастын орынға келу ережелері (1 сағат);
      12) азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі, тұрғындардың радиобелсенді және химиялық зақымданған аудандарда әрекет ету тәртібі (ұжымдық және дербес қорғану құралдарын қолдану, дербес қорғанудың медициналық құралдарын пайдалану, АИ дербес аптекасындағы радиоқорғаныс құралдарын қолдану) (1 сағат);
      13) ядролық зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер, олардың қысқаша сипаттамасы, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын күш және құралдар, ядролық зақымдау ошағында қирау орындарын жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер (1 сағат);
      14) құтқару жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері - жұмысқа бару бағытын және учаскені (нысанды) барлау; қирандыларды тазалау және оған өту; өртті сөндіру және жәбір көрушілерді құтқару; қираған құрылымдарды ашып, жәбірленушілерді алып шығу; құлаған құрылымдарға ауа беру; жәбірленушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; тұрғындарды қауіпті аймақтан қауіпсіз аудандарға көшіру (1 сағат);
      15) адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру, адамдарды жартылай және толығымен санитарлық өңдеу, жартылай санитарлық өңдеуді жүргізу тәртібі, дезактивация, дегазация және дезинфекция: оларды жүргізуге қажетті заттар мен ертінділер, қорғану киімдері мен аяқкиімдерін, қару мен техниканы жартылай дезактивациялау, дегазациялау және дезинфекциялау әдістері (1 сағат);
      16) радиациялық барлау және дозиметрлік қадағалау құралдары, радиобелсенді заттар және олардың сәулелендіру жолын табудың иондалған әдісінің негіздері, ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш (радиометр - рентгенметр), оның атқаратын қызметі, құрылғының техникалық-тактикалық құрылысы, жұмысқа дайындалу, жергілікті жерді және судың радиация деңгейін өлшеу, құрылғыны күту, ДП-22В (дербес дозаметр) радиобелсенді сәулеленуді қадағалау құралы, атқаратын қызметі және жұмысқа даярлау, сәулелену мөлшерін өлшеу, сәулеленуді ұжымдық және дербес қадағалау (1 сағат);
      17) химиялық барлаудың әскери құрылғысының (ХБӘҚ) атқаратын қызметі және құрылысы, ауадағы, жергілікті жерлердегі, қарулануда бар қауіпті және қауіпсіз құрамдағы УЗ анықтау тәртібі, төмен темпереатура кезінде аудағы УЗ анықтау, химилық бақылауды ұйымдастыру, құрылғыны күту (1 сағат);
      18) барлау, оның міндеттері, барлауға қойылатын талаптар, оны жүргізу әдістері, радиациялық және химиялық қадағалау бекеті, оның атқаратын қызметі мен құрамы, жабдықталуы және жарақталуы, жау ядролық қару қолданған кезде, радиобелсенді және химиялық зақымдану анықталған жағдайда бақылау жүргізу тәртібі, дабыл қағу және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме, бақылау жүргізу дәптерін толтыру (1 сағат);
      19) табиғи апат, олардың сипаттамасы және апаттың салдары, табиғи апатты тұрғындарға хабарлау және табиғи апат кезінде тұрғындардың әрекет ету тәртібі, табиғи апат салдарын жою және құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрғындартың ат салысуы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке және мемлекеттік мүлікті қорғау (1 сағат);
      20) жарақат және оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері және оның өмірге қауіп төндіру дәрежесі, естен танудың пайда болу себептері, жарақаттану мен қансырау кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, асептика және анитсептика туралы түсінік (1 сағат);
      21) жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көктамырлардан және ұсақ тамырлардан аққан қанды тоқтату әдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері, ұстап тұрушы байламдар, қысып тұратын байламды таңу тәртібі (1 сағат);
      22) бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі және аяқ-қолдарды таңу ережесі және әдістері (1 сағат);
      23) бас және ми жараланған кезде жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты, көкірек қуысы және құрсақ жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек (1 сағат);
      24) сүйектің сынуы және оны анықтау туралы түсінік, буынның шығып кутуі, сіңірдің созылуы және оларды анықтау, шинаны салудың негізгі тәртібі, бассүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі, аяқ-қол сүйектері сынған жағдайда қолда бар заттарды пайдаланып алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері (1 сағат);
      25) үсудің алдын алу шаралары және үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары және күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру және жүрекке жанама массаж жасау әдістері (1 сағат).

^ 4. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      36. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.
      37. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі/түсінуі тиіс және меңгере білуі тиіс.
      38. 10-сынып оқушылары:
      1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің алатын орны және рөлі;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәміздері және әскери бөлім туының маңызы;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері, офицерлік және сержанттық құрамның әскери атақтары;
      4) ел тәуелсіздігін және мемлекетіміздің территориялық тұтастығын қорғау бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық және заң шығарушы құқықтары мен міндеттері.
      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары
      6) қарулы Күштердің Тәртіптік жарғыларының ерекшеліктері және жалпы талаптарының мазмұны;
      7) қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғыларының ерекшеліктері және жалпы талаптарының мазмұны;
      8) қарулы Күштердің саптық жарғыларының ерекшеліктері және жалпы талаптарының мазмұны;
      9) қазіргі заманғы ұрыстың жалпы сипатын;
      10) ұрыс түрлері және олардың сипатын;
      11) мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және оның қарулануын;
      12) автоматтың (пулеметтің) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы мен жұмыс істеу механизмдерін;бөлімшенің ату карточкасын құруды;
      13) қару және оқ-дәрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
      14) «сап» және «сап элементтері» анықтамаларын;
      15) сапқа тұру және саппен қозғалуға арналған пәрмендер, алдын ала берілетін және орындауға берілетін пәрмендердің арасындағы айырмашылықты;
      16) саптық және жорықтық адыммен қозғалу, бір орында және қозғалыс кезінде бұрылуды орындау әдістеріді;
      17) бөлімшені бір және екі қатарға тұрғызуға берілетін пәрмендер және тұру тәртібі; бір қатардан екі қатарға сап құру және екі қатардан бір қатарға қайта сап құруды;
      18) саптан шығу және қайтадан сапқа тұруды орындауға берілетін пәрмендер және орындауды;
      19) бағдар және жергілікті жерде бағдарлау туралы жалпы түсінікті;
      20) Адрианов компасының құрылысын;
      21) азимут туралы түсінік: А – шынайы азимут, мА – магнитті азимуты, д –магниттік тәуелділікті;
      22) компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау әдістерін;
      23) магнитті азимут бойынша қозғалудың мәнін білуі/түсінуі тиіс.
      39. 10-сынып оқушылары:
      1) бөлімшенің ату карточкасын құруды;
      2) кез келген жерде жаудың оғының астымен қозғалуды;
      3) кедергілерден (бекіністер) өтуді;
      4) бақылау және атыс жүргізетін орынды таңдау, сондай-ақ ұрыс кезінде оқпана қазуды;
      5) «Радиациялық қауіп», «Химиялық дабыл!», «Әуе!», «Бөлімше, ұрысқа!» белгілері бойынша әрекет етуді;
      6) автоматтың (пулеметтің) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы мен жұмыс істеу механизмдерін;
      7) қару және оқ-дәрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
      8) автоматтың (пулеметтің) жарамдылығын, тазалығын тексеру, оны майлау және атуға дайындауды;
      9) саптық қалыпты қабылдау, «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» және «Жинақтал!» пәрмендерін орындауды;
      10) саптық және жорықтық адыммен қозғалу, бір орында және қозғалыс кезінде бұрылуды орындау әдістерді;
      11) саптан шығу және қайтадан сапқа тұруды орындауға берілетін пәрмендер және орындауды;
      12) бас киіммен, бас киімсіз бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындауды;
      13) жергілікті жерде бағдарлауды;
      14) компас бойынша бағдарға қатысты магнитті азимут бағытын анықтауды;
      15) магнитті азимут бойынша жергілікті жерде қозғалуды орындай білулері керек.
      40. 11-сынып оқушылары:
      1) әскери қызметті өтудің құқықтық негіздерін;
      2) әскерге шақырушылар мен әскерге шақыру жасына дейінгілерді даярлауды;
      3) әскери мамандықтар бойынша даярлықты;
      4) қозғалыс кезінде бұрылуды;
      5) қарумен сапта тұруды;
      6) машина маңында және машинадағы сарбаздың әрекеттерін;
      7) сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушамен және шаммен;
      8) радиациялық құралдар және химиялық барлауды;
      9) радиациялық және химиялық қадағалау бекетінің құрамындағы барлаушының әрекеттерін;
      10) жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;
      11) карантин және биологиялық зақымдау ошағында обсервациялауды;
      12) қыша қолдану арқылы қанайналымға әсер ету шараларын;
      13) бинтпен таңудың негізгі әдістерін;
      14) нығайтушы және қысушы байламдарды таңу ережелерін;
      15) бас, кеуде және құрсақ жарақаттанған кезде байламды таңу ерекшеліктерін;
      16) өкпені жасанды желдендіру тәсілдерін («ауызбен ауызға», «ауызбен мұрынға», Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша) білуі/түсінуі тиіс.
      41. 11-сынып оқушылары:
      1) машина маңында және машинадағы әрекет ету кезінде бұйрық беруді;
      2) қарумен түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды;
      3) қозғалыс кезінде бұрылуды;
      4) белгінің көмегімен сапты және машинаны басқаруды.
      5) радиациялық және химиялық барлау құралдарымен жұмыс істеуді;
      6) науқасты күтуді;
      7) артериялық қысымды анықтауды;
      8) жүрекке жанама (жабық) массаж жасау және өкпені жасанды желдендіруді;
      9) ашық және жабық түрдегі сынықтарда шина қолдана отырып алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді;
      10) бассүйек, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі және аяққол сынған кезде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді (қолда бар құралдарды пайдалана отырып);
      11) бас, кеуде, құрсақ, жамбас және аяқ-қолға байлам таңуды;
      12) түрлі қайғылы оқиғалар кезінде (үсу, күн тию, электрлік жарақат, суға бату) алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді орындай білулері керек.
      42. Тұлғалық нәтижелер, оқушылардың бойында:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заң және тәртіпке деген құрмет;
      2) белсенді азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, өз Отанына қызмет ету және қорғауға дайындық;
      3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру; қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүретін өзге де ұлт өкілдерінің тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне және өзге де құндылықтарына құрметпен қарауы;
      4) жеке басының қауіпсіздігі және өзін қоршаған адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдылары;
      5) үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болу; өзге адамдарға деген жақсылық жасау және қамқор болуы керек.
      43. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:
      1) адамзат қоғамын дамыту үшін ғылым негіздері мен ғылыми жетістіктер жүйесін;
      2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, сараптай және қолдана алуды;
      3) таным, құру, зерттеу әдістері және оларды қолдануды;
      4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды білулері керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!