жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
А.Алтай. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі көркем проза. «Прописка» әңгімесі Шығарманың идеясы.
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 1-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ерлан Жүніс өмірі мен шығрамашылығы. «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.1.1- әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтай алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; -Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету; Құндылық: бірлік және ынтымақ -тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 5 минут
5 минут
7 минут
6 минут
7 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын түгендеу Психологиялық ахуал қалыптастыру Сағаттың тілімен бірге оқитын сыныптастардың есімдерін жазу
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ой шақыру 1-тапсырма 1 «Тәуелсіздік» сөзін естігенде қандай сезімде боласыңдар? 2. «Еркіндік» сөзін қалай түсінесіңдер? 3.Біз тәуелсіздікті қашан алдық? 4.Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Ойыңды дәлелде. 5.Тәуелсіздікке арналған қандай өлеңдерді білесіңдер? Ендеше ,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да ақын Е.Жүністің «Менің атым –Тәуелсіздік» өлеңіне арналады
Тақырыптық ақпарат Ерлан Жүніс 1984 жылы 7 қарашада Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мектепте оқып жүрген кезінен поýзияға құштар жастың «Жыр-перзент» деген алғашқы жинағы 2001 жылы жарық көрді. Осы жылы республикалық «Абай оқулары» байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. 2002–2007 жылдар ара лығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінде оқып білім алған. Республикалық «Қазақ әдебиеті» және «Айқын» газеттерінде, «Кентавр» әдеби апталығында қызмет еткен. Қазақстан Жазушылар одағында референт-кеңес ші болған. 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестива лінде «Әдебиет» саласы бойынша Гран-При және Президент Кубогін иеленді. «Киелі түндердің дұғасы», «Егіз кітап» («Twinbook») (2011), «Хауас» (2013), «Ғаусар» (2014), «Үміт жырлары» (2015) атты жыр жинақтары жарық көрді. 2012 жылғы Мемлекеттік стипендияның және «Дарын» жастар сыйлығының иегері.
Ақын тәуелсіздікті жырға қалай қосыпты тыңдап көрейік. https://youtu.be/F77WocP5UZk
Әдебиет теориясы Лирика – поэзияның негізгі үш (эпос, лирика, драма) түрінің бірі. Көлемі жөнінен эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам, қат-қабат оқиғалы сюжеті жоқ, одан гөрі отты сезім басымдау, композициясы бас-аяғы жинақы бір алуан ойға құрылады. Лириканы идеялық-тақырыптық негізіне сай, мазмұнына қарай топтап, бірнеше салаға бөлу орынды: саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы... Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.
2-тапсырма Топтық жұмыс «Балық қаңқасы» тәсілімен ақын өлеңіне талдау жасаңдар.
3-тапсырма САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ 1.Авторы: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 2.Тақырыбы: Тәуелсіздікке қол жеткізудегі ақын сезімі, ой иірімдері 3. Жанр түрі: Лирикалық өлең 4. Идеясы: Тәуелсіздікке ата-бабаларымыздың ерлігі арқылы қол жеткізгенін, еркіндіктің арқасында ат төбеліндей халқымыздың өз ойын айта алғандығын, алып жүректердің ақталғандығын, жаңа жас өмірдің басталғанын бейнелейді. 5.Шумақ
саны: 9 10.
Әдеби- теориялық ұғымдар Алып таулардың, алып тұлғалар, алып қорғанның, алып кітаптар, алып ойлардың, нәзік сезімнен алып жүректер, алып құрлықтар, темір бұғаулар, алып мұхиттар, бір тамшы суға, алып тәждердің, алып мүсіндер, алып саналар, жас өмір т.б Теңеу: Ат төбеліндей халықтың. Сұлаған жаудай жебеден, Метафора: Темір шымылдық (түрме), Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым т.б
Қорытындылау 4-тапсырма «Веер» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Ерлан Жүніс туралы не білдіңдер? 2. « Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Ақын өлеңі қандай оқиға желісі бойынша жазылған? 4. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күні қандай? 5. «Алып қорғанның құлағанын көрдім, ... Алып тұлғалар жылағанын көрдім, ... Алып таулардың шайқалғанын көрдім, ... – деген жолдар арқылы ақын қандай оқиғаны меңзеп тұр? 6. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі туралы айтып беріңдер. 7.Өлеңнің «Менің атым – Тәуелсіздік» деп аталу себебі неде?
Үйге: өлеңнен үзінді жаттап келу Рефлексия Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың? Тәйке – Сабақта не қиын болды? Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың? Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?
|
Психологиялық ахуал Сағаттың тілі бойынша жазылған есім иелерімен төмендегі әрекеттерді жасайды. 1-қолын қысу 2-арқасын сипау 3-күлімдеу 4-қол бұлғау 5-жылы сөз айту 6-тілек тілеу 7-массаж жасау 8-басын сипау 9-бетін сипау 10-көзін қысу 11-жүрегін сыйласа 12-құшақтау
Ой шақыру сұрақтарына жауап береді.
Ерлан Жүністің өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат алады.
«Балық қаңқасы» тәсілімен ақын өлеңіне талдау жасайды.
Сатылай кешенді талдау жасайды. Әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеясын анықтап, құрылысына талдау жасайды.
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.
Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандыра ды Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Барлық тапсырмалар асық арқылы бағаланады.
Алшы – (9-10 балл)
Тәйке (7-8 балл)
Бүге (бүк) – (4-6 балл)
Шіге (шік) – (1-4 балл)
Дескриптор: Білім алушы
-шығарманың ойын, көтерілген мәселені анықтайды, -мәселенің себептерін көрсетеді, -өз ойларын дәлелдейді, -қорытынды ой түйіндейді.
Дескриптор Білім алушы -шығарманың тақырыбын анықтайды – 1 балл, -идеясы мен жанрын анықтайды – 2 балл, -құрылысына талдау жасайды – 5 балл, -көркемдік ерекшеліктерін талдайды – 2 балл.
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||
Бекітемін:________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 2-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ерлан Жүніс « Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.4.1- көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айта алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; -Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрметкөрсету; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
20 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Белгісіз басшы» жаттығуы.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі 1-тапсырма Өлең кейіпкерінің бойынан қандай қасиеттерді аңғардыңдар? Автор тарих өткелдерін қалай сипаттайды? Синквейн әдісін қолданып, «Тарих» сөзімен бес жолды өлең құрастырыңдар: бірінші жолы – тақырыптың атауы – зат есім екінші жолы – тақырыпты сипаттайтын екі сөз – сын есім үшінші жолы – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз – етістік төртінші жолы – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы бесінші жол – бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
2-тапсырма Жеке жұмыс «Блумның кубигі» әдісі бойынша тапсырмалар беру. АТА Тәуелсіздік деген не? ТҮСІНДІР
Өлеңнің не туралы екенін түсіндір. НЕЛІКТЕН? Неліктен ақын: Тәуелсіздік ше? Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым. Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым, Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн! – дейді? НЕГЕ? Тарихтан дәріс оқитын ансы өткен тарихтың кісен, құлдығын, ездігін неге айтпаған? ҰСЫН Өлеңді мәнермен жатқа айт.
3-тапсырма «Үш қадамды сұхбат» стратегиясын қолдана отырып, өлең мазмұны бойынша үш сұрақ дайындаңдар.
ЕББҚ оқушыға тапсырма 4-тапсырма. Өлеңдегі лирикалық кейіпкердің тәуелсіздік туралы ойын білдіретін сөздерді теріп жаз
Үйге: 8-тапсырма
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Белгісіз басшы» жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады
Синквейн әдісін қолданып, «Тарих» сөзімен бес жолды өлең құрастырады.
«Блумның кубигі» әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды. Өлеңді жатқа айтады.
А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Өлеңдегі лирикалық кейіпкердің тәуелсіздік туралы ойын білдіретін сөздерді теріп жазады.
|
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор: Білім алушы -бес жолды өлең құрастырады: -тақырыптың атауын зат есіммен жазады – 1 балл, -тақырыпты сипаттайтын екі сын есімнен тұратын сөз жазады – 1 балл, -тақырып туралы қимылды білдіретін үш етістік сөз жазады – 1 балл, -төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты сөйлем құрайды – 1 балл, -тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз жазады – 1 балл.
Дескриптор: Білім алушы -тәуелсіздік сөзіне анықтама береді – 1 балл; -өлеңнің не туралы екенін түсіндіреді – 1 балл; - шығарма үзіндісін қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді – 1 балл; -өлеңді жатқа айтады – 2 балл
Бағалау Дарабоз 1) сабаққа қатысуы; 2) оған даярлығы; 3) тапсырманы орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 3-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ерлан Жүніс « Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі. Көркемдік ерекшелігі |
||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау; |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; -Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрметкөрсету; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптың сабаққа қатысуын, дайындығын пысықтау. Психологиялық ахуал «Мотивация» Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
1-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы өлең мазмұны туралы пікірлеріңді білдіріңдер. Пікір. Өлең мазмұны туралы пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар. Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер. Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.
Өзіңді тексер! Пікір. Ақын өлеңде тәуелсіздік алған кезде алты жаста болғанын жырына арқау етеді. Дәлел. Алып қорғанның құлағанын көрдім, Небәрі алты жасымда. Ақынның өлең жолдарынан өршіл, рух байқалады. Мысал.… Тәуелсіздік ше? Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым. Өлең жолдары арқылы ақынның елін шынайы сүйетінін жеткізеді. Қорытынды. Қазақ елі алғаш Тәуелсіздігін алғанда, еңкейген қариялар мен әжелер көзіне жас алды. Ақын бала да болса сол кезеңге куә болғанын жеткізеді.
Тақырыптық ақпарат Құбылту – троптар Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау. Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек, Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші»)
Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу. Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап, Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)
Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану. Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға. («Абай, «Мәз болады болысың»)
Гипербола (ұлғайту) – затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.
Литота (кішірейту) – затты не құбылысты кішірейтіп көрсету.
Астында мінген тарланның Тұрпатына қараса, От орнындай тұяқтан (гипербола) Оймақтайы қалыпты. (литота) Етектейін еріннен (гипербола) Екі елісі қалыпты. (литота) Қиған қамыс құлақтан Бір тұтамы қалыпты. (литота) Жалбыраған жалынан Жалғыз қарыс қалыпты. (литота) Бір құшақтай құйрықтан (гипербола) Бір уыстай қалыпты. (литота)
5-тапсырма. (оқулықтан) Кестені үлгі бойынша теориялық талдау жасап, дәптерге толтырыңдар.
Жеке жұмыс 6-тапсырма. 1) Берілген үзіндідегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
Алып сөздерді айта алғанын көрдім, Ат төбеліндей халықтың. * * * Аңыз ұнаған Жаралған Күннен ұл жайлы! * * * Тәуелсіздік ше? Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым. 2) Бодандық, бұғау, кісен, темір шымылдық, құлдық сөздерінің синонимдерін тауып, мағынасын талдаңдар. ЕББҚ оқушыға тапсырма Берілген көркемдегіш құрал атауларын мысалдармен сәйкестендір.
Үйге тапсырма: 10-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Мотивация» Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын» деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы өлең мазмұны туралы пікірлеріңді білдіреді..
Әдебиет теориясы бойынша троп түрлерін қайталайды.
Кестені үлгі бойынша теориялық талдау жасайды. Дәптерге жазады.
Берілген үзіндідегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.. |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор: Білім алушы -өлең мазмұны туралы пікірін білдіреді – 1 балл, -пікірін дәлелдейді – 1 балл, -өмірмен байланыстыра ды – 1 балл, -мысал келтіреді, -қорытынды түйін жасайды – 1 балл.
Бағалау «Ай» әдісі
Толық
ай –толық орындадым;
Жарты
ай-
мен жартылай о
Жаңа
ай – менің о
Дескриптор Білім алушы -теориялық талдау жасайды – 1 балл, -кестені толтырады – 1 балл, -өз пікірін білдіреді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді – 1 балл, -берілген сөздердің синонимдерін анықтайды – 1 балл, -мағынасын талдайды – 1 балл. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
|||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 4-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
А.Алтай. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі көркем проза. «Прописка» әңгімесі Шығарманың идеясы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.2.1- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
7 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
13 минут
5 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Екі лагерь» Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі Сабағымыздың басында ой шақыру кезеңінде суреттерге қарап тақырыпты болжаймыз.
Жазушы өмірі мен шығармашылығы Асқар Алтай 1963 жылы12 ақпандадүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, әрі сыншы. А.Алтайдың шығармаларында халықтың өткені мен бүгінгісі суреттеледі. Жазушының «Қызыл бөлтірік» повесі (1997 ж.) Халықаралық «Сорос» қорының бас жүлдесі- грантын жеңіп алған. 1989-1990 жылдары Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашыларфорумының Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1-тапсырма Жигсо әдісі арқылы әңгімені оқу 1-топ: 103-104-бет 2-топ: 105-106-бет 3-топ: 107-108- бет 4-топ: 109-111-бет
2-тапсырма Мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырыңыз. 1. Менің ойымша... 2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін... 3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын... 4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім... 3-тапсырма Жұптық жұмыс Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықта
Өзіңді тексер
3-тапсырма «Прописка» әңгімесіне композициялық талдау жасаңдар. Оқиғаның басталуы: Оқиғаның байланысы: Оқиғаның дамуы: Шиеленісуі: Шарықтау шегі: Шешімі:
ЕББҚ оқушыға тапсырма Берілген сұрақтардың жауабын сәйкестендір
Үйге: желтоқсан оқиғасына қатысты тарихи деректер жинақтап, таныстырылым жасау
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Екі лагерь» Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай төрт топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек. Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.
Жазушы өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат алады.
Жигсо әдісі Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.
Мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырады.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Кестені толтырады.
«Прописка» әңгімесіне композициялық талдау жасайды.
Өзіңді тексер! 1.Оқиғаның басталуы. Алматыдағы "Желтоқсан оқиғасы". Архаттың әскерден келуі,көтеріліске қатысуы. 2.Оқиғаның байланысы. Жазылған донос. Пропискаға, жұмысқа тұра алмау. 3.Оқиғаның дамуы. Асхаттың Күршімге сапары. Автобус ішіндегі жолаушылар. 4.Оқиғаның шарықтау шегі. Боранда тоқтап қалған автобус.Жаяу кеткен жолаушылар. 5.Оқиғаның шешімі.Табиғат кедергісі. Көздеген жерге жете алмау. Пропискаға тұра алмау.
Берілген сұрақтардың жауабын сәйкестендіреді. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Берілген тапсырмалар дың барлығына жетон арқылы бағалау жүргізіледі.
Дескриптор Білім алушы -пікірін білдіреді – 1 балл; -ойын түсіндіреді – 2 балл, -мысалмен дәлел келтіреді – 1 балл, -ойын қорытынды лайды – 1 балл.
Дескриптор: Білім алушы -шығарманың тақырыбын анықтайды, -идеясын анықтайды.
Дескриптор: Білім алушы - композициялық талдау жасайды: -оқиғаның басталуы – 1 балл, -оқиғаның байланысы 1 балл , -оқиғаның – дамуы – 1 балл, -оқиғаның шиеленісуі – 1 балл, - оқиғаның шарықтау шегі – 1 балл, - оқиғаның шешімі – 1 балл. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 5-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
А.Алтай «Прописка» әңгімесі. Кейіпкерлер бейнесі |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.3.1- әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
7 минут
8 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
Ойтүрткі 1. Басты кейіпкердің өмірінде қандай оқиға болып өтті? Архат қайда, не үшін кетіп барады? 2. Шығармада суреттелген оқиға еліміздің қай өңірінде орын алған? 3. Автобуста отырған адамдар кімдер? Оларды автор қалай суреттейді? 4. Архат неге пропискаға отыра алмады? 5.Алтай табиғатының қатал мінезін автор қандай сөздермен берген? 6. Қалай ойлайсыңдар, Архат өз мақсатына жете ала ма? 7. Не себепті автор автобустан шығып кеткен үш жігітті әңгіменің соңында есіне алды? 8. Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
1-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, кейіпкерлерге мінездеме берейік. Архат: Не істеген? Қайда келген? Арманы не?
Қақатаев: Неге күмілжіді? Неден қорқады? Неге көмектеспеді? Подполковник: Архатты қалай қарсы алды? Неден күтінеді? Не себепті көмектеспеді?
2-тапсырма Кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау үшін кестені толтыр.
3-тапсырма Жұптық жұмыс Берілген кейіпкерлерді венн диаграммасы арқылы салыстыр. Архат пен жездесін; Архат пен алаңға шыққан жастарды; Архат пен Қақатаевты: Архат пен шоферды. Үлгі:
Архат ұқсастығы жездесі
Елгезек,
жұмысқа мығым. Әскери борышын өтеуге
өзі сұранып барады.
Архатқа
еріп Желтоқсан оқиғасына қатысады.
Ешкімге есе жібермей тін
жан.
Екеуі
де желтоқ санға
қатысқан өжет, қайсар жастар
ЕББҚ оқушыға тапсырма Кейіпкерлерді сипаттамасымен сәйкестендіріп, дұрысын анықта.
Үйге: 11-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі. -Бізге ұрысып жатыр; -Бізді мақтап жатыр; -Бізге қорқынышты; -Бізге көңілді; -Тақтада жауап беріп тұрмыз; -«5» алдық; -«2» алдық; Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау.
«Картошка фри» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді. Архат: Не істеген? Өскеменнен шығып, Күршімге бет алған автобусқа отырған. Қайда келген? Күршімге, пропискаға отыру мәселесімен. Арманы не? паспортқа «пропис каға» отырып, бес жүз сом ақша тауып, Алматыға қайту. Қақатаев: Неге күмілжіді? «Ертең келерсің» -деген уәдесінде тұра алмайғ пропискаға тұрғыза алмады. Неден қорқады? РОВД-дан инструкция алады. Неге көмектеспеді? Декабристердің дүрбелеңі әсер еткен жоғарының берген бұйрығынан қорықты Подполковник: Архатты қалай қарсы алды? Дүңк-дүңк еткен дүрсіл дауыспен қарсы алған. Неден күтінеді? «Желтоқсанға қатысқан қу болар» деп өзін аулақ ұстап, күтінеді Не себепті көмектеспеді? «Сен ауылда тұрасың, әскери учетың да сонда», -деп шығарып салады.
Кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. Кестені толтырады.
Архат – ХХ ғасырдың ІІ ширегінде қазақ жастарының болмысы мен бейнесі тортастырылған кейіпкер. Жазушы қалада жұмыс жасау үшін пропискаға отыра алмай сандалған жас жігіттердің проблемасын бір адамның бойына жиыстырған. Сондай-ақ езгі мен тепкіге көнбейтін олардың адуынды мінезін Архатты желтоқсан оқиғасына қатыстыру арқылы шебер суреттеген.
Подполковник: кеңес өкіметіне адал қызмет ететін, «шаш ал десе, бас алатын» милиция бастығы. Ұлты қазақ болса да, алдына келген қазақ азаматтарын кекетіп, мұқатып, қайырымдылық жасауды білмейтін безбүйрек кейіпкер. Тіпті Архатқа «желтоқсаншысың» деп айып тағудан тайынбай, оны кеудесінен итеріп, кабинетінен шығарып жібереді.
Ауылсовет Қақатаев – туылған баланы, жалпы кез келген адамды тіркейтін, яғни пропискаға отырғызатын шені бар кейіпкер. Әңгімеде Архатпен арасындағы диалог аз берілсе де, оның көлеңкесінен қорқатын кейіпкен екенін аңғарамыз. Атқарған істері заңды болса да, жаңсақ қадам жасап қойып, қызметімнен айырылып қалармын деген ойдың шырмауынан шыға алмайтын осындай адамдар өткен ғасырда көп болған
Николай бригадир- ағасына ерегісіп, Архатты тексеруге донос жазған, «кекшіл» адам.
Берілген кейіпкерлерді венн диаграммасы арқылы салыстырады.
Өзіңді тексер: Жеңгесі - орысша өскен, шайпау мінезді. Николай бригадир-Архатты тексеруге донос жазған. Дәрігер жездесі - желтоқсан көтерілісіне бірге еріп қатысушы. Базиев капитан- балқар, Архатқа қол ұшын берген. Шофер - сабырлы, жол тапқыш, жауапты, уайымшыл |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор: Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 3 балл, -кейіпкерлерге мінездеме береді – 2 балл.
Дескриптор: Білім алушы
-кестені толтырады- 1 балл; -берілген үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама береді – 3 балл; -өзінің көңілге түйгенін жазады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -кейіпкерлерді салыстырады, -айырмашылық тарын анықтайды, -ұқсастықтарын табады. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін:________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 6-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
А.Алтай «Прописка» әңгімесі. Автор бейнесі |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау; 6.3.2.1 -кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтай алады. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға бере алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Жел соғады...» жаттығуы Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
Ойтүрткі «...әйгілі Желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ. Қойша қамалып, тырнаша жұлынған, көк мз алаңда жер жастанған қай жайсаң қыз-жігіттен жаның артық?!» деген кейіпкер монологін Желтоқсан көтерілісіне қатысты тарихи деректермен салыстырыңдар. Қалай ойлайсыңдар, Архат пікірінде шындық бар ма?
1-тапсырма «Таңдау», «тұжырымдау» әдісі Мәтін бойынша негізгі мәселені автор тұспалдап беру себебін анықтаңдар. Төменде берілген тұжырымдарды таңдап, өз ойларыңды жеткізіңдер. А.Алтайдың «Прописка» [16, 299 б] атты әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры. Қала қазақты қабылдағысы жоқ. Әңгіме жолға шыққан Архат есімді жігіттің бір сәт басынан кешкен драмасына құрылған. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Алтайда көктем келсе де, бораны басылмай тұрғаны – ол да – тұспал. «Бұландай жігіттер» деп автор тегін айтып отырған жоқ. Махамбетте «Бұландай ерді кескен күн» деген өлең жолдары бар. Үшжігіт – желтоқсан құрбандары. Сол боздақтарды тұспалдайды. Архат қалаға пропискаға отыру үшін төрт ай қаңғиды.Қала қазақ баласына өгей шешеден бетер. Абайша айтқанда, бір қайғымың қайғыны қозғайды. Ол – қазақ қоғамындағы шындық. ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР: Билікке деген қарсылық. Көтерілген мәселені ашық айтудан қорқақтау. Оқырманды осы мәселеге тұспалдау арқылы қызықтыру. Оқырманға көтерілген мәселе бойынша өзіндік қорытынды жасату.
10-тапсырма (оқулықтан) Автор әңгімеде неліктен кейіпкерлерін орысша сөйлеткен? Диалогтерді талдай отырып, кейіпкерлердің мінез ерекшелігіне назар аударыңдар.
ЕББҚ оқушыға тапсырма «5 сұрақ», «5 жауап» әдісі арқылы 1.Әңгіме неге «Прописка» деп аталған? А) сол замандағы қазақ қоғамының шындығын суреттегендіктен; Б) автобустағы адамдардың пропискаға отыра алмауы туралы болғандықтан; В) тіркеу орны туралы айтылғандықтан; Г) шығарма тақырыбы астыртын ойы болғандықтан. 2.Архат қайда, не үшін кетіп барады? А) жұмысқа; Б) Алматыға; В) Шірікаяқта тұратын үлкен ағасының үйіне «пропискаға» тұруға; Г) Орынборға. 3.Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады? А) желтоқсан оқиғасы; Б) табиғат апаты; В) жұмысшылар шеруі; Г) ауыл тұрмыс салты. 4.Кейіпкердің желтоқсан оқиғасына қатысы қандай? А) желтоқсан оқиғасын білмейді; Б) желтоқсан оқиғасын естіген; В) желтоқсан көтерілісіне қатысқан; Г) желтоқсан оқиғасымен таныс. 5.Алтай табиғатының қатал мінезін автор қандай сөздермен берген? А) құтырылға қарлы құйын,ұйытқыған боран, қағынған бурадай бұрқырап... Б) сібірлеп жауған жаңбыр тамшылары терезені тырс – тырс соғады; В) жайма шуақ жылы, күннің көзі бар сәулесі төгіп тұр; Г)тау шыңдарына оратылған бұлттар жібектей үлбіреп, торғындай шұбатылады да, көңілді көтеріп, шаттандырды.
2-тапсырма «ПОПС формуласы» әдісі арқылы кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын салыстырып, баға беріңдер. 1.«Менің ойымша, .....» 2.«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» 3.«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын... » 4.«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Қорытындылау Мәтін түйіні: Сары автобустағылар Самарға сағат жетіден аса жетті. Шофер асуда бой бермей кетіп қалған үш жігіт жайлы тиісті орынға хабарлады. Қызыл су жүріп жатқан ұлы Ертістің арғы бетіне өте алмады. Архат Күршімге күнбе-күн жетеалмады.Ал бұрқақта бұлаңытып кеткен бұландай жігіттер сол бойы оралмады. Сұрақ: Сонда оралмаған үш жігіттер кімдер? Ықтимал жауап: Желтоқсан оқиғасына қатыушылар.
Рефлексия «Зерде»
Білім Идея
Эмоция Сын Баға
|
Психологиялық ахуал «Жел соғады...» жаттығуы Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.
«Таңдау», «тұжырымдау» әдісі Мәтін бойынша негізгі мәселені автор тұспалдап беру себебін анықтайды. Төменде берілген тұжырымдарды таңдап, өз ойын айтады..
Ықтимал жауап: Билікке деген қарсылық – ештеңе айта алмау,елдегі жағдай Көтерілген мәселені ашық айтудан қорқақтау – прописка мәселесі, Желтоқсан оқиғасы. Оқырманды осы мәселеге тұспалдау арқылы тәуелсіздіктің ащы шындығын паш ету. Әр оқырманның пікірі – мен үшін құнды.
Диалогтерді талдай отырып, кейіпкерлердің мінез ерекшелігіне талдау жасайды..
Жауаптары:
«ПОПС формуласы» әдісі арқылы кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын салыстырып баға береді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -мәтін бойынша бір тақырыпты таңдайды; -өз көзқарасын білдіреді, тұжырым жасайды.
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||
Бекітемін:________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 7-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
А.Алтай «Прописка» әңгімесі Көркемдік әлемі |
|||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.2.3.1- шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау; |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтай алады. |
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
7 минут
8 минут
7 минут
8 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі
Пейзаж- табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығармадағы суреттеу тәсілінің бір түрі. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл – күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады 1-тапсырма Табиғат суретіндегі көріктеу құралдарын теріп жазыңдар. Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың -сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де, наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. 2-тапсырма «Концептуалдық кесте» әдісі арқылы шығарманың көркемдік əлеміне талдау жасаңыздар. Берілген үзіндідегі көркемдеу тәсілдерін кестеге орналастырыңыздар.
Далада бөрідей ышқына ұлыған боран, іште ызғарлы аяз. Архатты үзік-үзік ойлар жайлаған... ...Автобус оталалмай ызың-дызың етіп тұрды да, тауды жаңғырықтыра оқыс құлаған жартастай дүр ете түсті... Үш жас жігіт жиналмалы есікті айқара аштыра бере тыста құтырынған қарлы құйын ішке қарай қотарыла құйылсын... Боран бақсыдай автобусты айнала асыр салып үйіріледі. Әйтпесе төрт ай бойы тепсе темір үзетін бұл сергелдеңге түсер ме, осы бейнетті кешер ме? Жас балалы келіншек пен үш-төрт қартаң әйелдерден басқалардың бәрі де шофердің айтуымен автобусты аяғынан тік тұрғызуға кірісті... 9-тапсырма. (оқулықтан) Берiлген үзінділерге талдау жасаңдар
Қорытындылау 1.Шығармада суреттелген оқиға еліміздің қай өңірінде орын алған? 2. Әңгімеде кездескен географиялық атауларға түсінік беріңдер Үйге: өткен тақырыптарды қайталау Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу. Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!
Табиғат суретіндегі көріктеу құралдарын теріп жазады.
Үлгі: кәрі қыздай қылтың –сылтың -теңеу бел байлаған – идиомалық тіркес
Теңеу: Бөрідей ұлыған Жартастай дүр ете түсті Бақсыдай үйіріледі
Эпитет: Ұлыған боран Ызғарлы аяз Жас жігіт Қарлы құйын
Кейіптеу Құтырынған қарлы құйын ішке қарай қотарыла құйылсын. Боран асыр салып үйіріледі.
Тұрақты сөз тіркесі Тепсе темір үзетін Аяғынан тік тұрғызу |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор: Білім алушы -көріктеу құралдарын теріп жазады – 1 балл, -көріктеу түрлерін анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы
- шығарманың көркемдік əлеміне талдау жасайды – 2 балл; - үзіндідегі көркемдеу тәсілдерін ажыратады – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -берілген үзіндіге талдау жасайды – 2 балл, -көріктеу құралдарын анықтайды – 2 балл. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 8-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
А.Алтай «Прописка» әңгімесі Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.2.1.1 -шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 6.3.1.1 -шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады. Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
8 минут
22 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Бұлт үстіндегі саяхат» Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. 1-тапсырма Берілген үзіндінің шығарма сюжетінің маңызды эпизоды екеніне дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңды білдір.
2-тапсырма Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңдер.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» Оқылатын шығарма Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі А.Алтай «Прописка» Оқу мақсаты 6.1.3.1 - әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау 6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау Бағалау критерийі Білім алушы • Кейіпкерлерді тек тұрғысынан сипаттайды • Берілген эпизодқа талдау жасайды Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 15-20 минут Тапсырма 1. Ақын кейіпкері кім? Оны қалай сипаттайды? Алып қорғанның құлағанын көрдім, Небары алты жасымда. Алып тұлғалар жылағанын көрдім, Бастарын сүйеп ғасырға. Алып таулардың шайқалғанын көрдім, Алты жасымда соны ұқтым: Алып сөздерді айта алғанын көрдім, Ат төбеліндей халықтың... Тәуелсіздік ше? Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым. Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым, Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!! 2. А.Алтайдың «Прописка» шығармасынан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап, себебін түсіндір.
3. Е.Жүністің «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі негізінде түйген ойыңды таратып жаз.
Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мен сабақта ............ қиналдым, себебі ...................... Маған сабақта ............... ұнады, себебі ...................... Маған ........................... оңай болды, себебі ................ Мен бүгін ................. әсерде болдым, себебі ..............
|
Психологиялық ахуал «Бұлт үстіндегі саяхат» Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.
Берілген үзіндінің шығарма сюжетінің маңызды эпизоды екеніне дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасын білдіреді.
Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды. |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор: Білім алушы - берілген үзіндінің маңызды эпизод екенін ажыратады – 2 балл; - өзіндік көзқарасын білдіреді – 2 балл.
Дескриптор: Білім алушы -кейіпкерлерді салыстырады – 2 балл, -тарихи құндылығына баға береді – 2 балл, -көркемдік құндылығына баға береді – 2 балл.
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 9-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі. Тақырыбы мен идеясы |
|||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.2.1- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; 6.2.3.1- шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау; |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтай алады. |
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -мемлекеттік тілді меңгеру; -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
3 минут
7 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Балық, құс, аң» Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Танымдық ақпарат
Расул Ғамзатов – Дағыстанның халық ақыны. 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның Хунзах ауданында дүниеге келген. 2003 жылы қайтыс болған. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поýмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, Кенжеболат Шалабаевтың аудармасымен «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген.
Өлеңнің аудионұсқасын тыңдау
1-тапсырма Өлеңде көтерілген мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырыңдар. 1. Менің ойымша... 2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін... 3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын... 4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім...
2-тапсырма Өлеңге сатылай кешенді талдау жаса
Сатылай кешенді талдау. 1.Авторы: 2. Тақырыбы: 3.Жанр түрі: 4.Идеясы: 5.Шумақ: 6.Тармақ: 7.Бунақ: 8: Буын: 9.Ұйқас: 10.Әдеби-теориялық ұғымдар: 11.Тәрбиелік мәні:
3-тапсырма (оқулықтан)
Лирикалық кейіпкердің ана тілі туралы айтқан сөздерін дәптерге теріп жазыңдар. Мағынасын түсіндіріңдер.
Естідім де сөзін ана тілімнің, Бойым жылып, лезде мен тірілдім. Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін, Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін.
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды, Мен онымен айта алмаймын әнімді. Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.
ЕББҚ оқушыға тапсырма Көркемдегіш құрал атауларын өлең үзіндісімен сәйкестендір
Үйге тапсырма: өлеңді жаттап келу
Рефлекс ОҚУШЫ ҮНІ» жобасы. Д.Роддок
Шабыттану
Түсінбеушілік
Күмәндану
|
Психологиялық ахуал «Балық, құс, аң» Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.
Өзіңді тексер! 1.Авторы: Расул Ғамзатов 2.Тақырыбы: туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншілік 3.Жанр түрі: поэзия (өлең) 4.Идеясы: Отанды, ана тілін құрметтеу. 5.Шумақ: 8 6.Тармақ:32 7.Бунақ: 3 8: Буын: 11 – 12 9.Ұйқас: егіз ұйқас. 10.Әдеби-теориялық ұғымдар: кең аңғары – эпитет, асау өзен – эпитет, қара жерге – эпитет. Жарым қайда, досым қайда кешегі? – риторикалық сұрау. Көкірегімде орнаған бір тыныштық –ауыспалы мағыда қолданған сөз. 11.Тәрбиелік мәні:Ана тілінің құдіретін, қасиетін үлгі ету.
Автор жан дауасын, емін ана тілінен алады. Басқа тілмен әнді де айта алмайтынын сөз етеді. Егер ертең тілім құритын болса, бүгін өлуге дайын екендігін жеткізе отырып, лирикалық кейіпкердің өз ана тілін шексіз сүйетінін сеземіз. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор: Білім алушы -мәселені анықтайды – 1 балл; -өз ойын формулаға салып жазады – 3 балл.
Дескриптор Білім алушы -өлеңнің тақырыбы мен жанрын анықтайды-1 балл, -идеясын түсіндіреді – 1 балл, -құрылысына талдау жасайды – 1 балл, - көркемдегіш құралдарды анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -ана тілі туралы айтқан сөздерді іріктейді – 1 балл, - мағынасын түсіндіреді – 1 балл. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 10-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі Көркемдегіш құралдары |
|||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.4.1- көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту 6.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айта алады. Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтай алады. |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -мемлекеттік тілді меңгеру; -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
7 минут
Сабақтың ортасы
8 минут
20 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Атомдар мен молекулалар». Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі 1-тапсырма 1.Ана тілі туралы қандай мақал-мәтелдерді. Нақыл сөздерді жатқа білесіңдер? Ана тілің алпыс тілге татиды. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Тіл - достықтың алтын көпірі. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Тілі өлген ел - тірі өлген ел. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын. Тіл ақылдың - өлшемі. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 2-тапсырма Жұптық жұмыс Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңдар. Автор бейнесін анықтауда ойларыңды мысалдармен дәлелдеңдер. Үлгі:
3-тапсырма Жеке жұмыс «FILA» кестесін толтыру
А(Іс –әрекет) өлеңді жатқа мәнермен айтып, ана тілін барынша дәріптеу
ЕББҚ оқушыға тапсырма Ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жатқа айт. 1. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл. 2. Тіл қылыштан өткір. Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Атомдар мен молекулалар» Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтайды. Автор бейнесін анықтауда өз ойын мысалдармен дәлелдейді.
«FILA» кестесін толтырады. Өлеңнен тақырыпқа сай маңызды ұғымдарды жинақтайды. Ана тіліне қатысты өздерінің ой – пікірлерін айтады. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, 2 сұрақ құрастырады.
Өлеңді жатқа мәнермен айтып, ана тілін барынша дәріптейді.
Ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтады. |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
От шашу» арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы - автор бейнесін анықтайды - өз ойын мысалдармен дәлелдейді
Дескриптор Білім алушы -өлеңнен негізгі ұғымдарды жинақтайды – 1 балл, -тақырыпқа қатысты өзінің ой-пікірін жеткізеді – 1 балл, -перифраза тәсілдерін қолданады – 1 балл; -өлең бойынша сұрақтар құрастырады – 2 балл, -өлеңді мәнерлеп жатқа айтып береді – 5 балл .
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 11-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» Повестен үзінді. |
|||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.1.1- әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау; 6.2.1.1 -шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтай алады. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады. |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -мемлекеттік тілді меңгеру; -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
7 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 12 минут
7 минут
8 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Жақсылық тамшысы» Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі «Борт журналы»
Танымдық ақпарат Дағыстан елі туралы Дағыстан Республикасы Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ федералды округінің құрамына кіретін ең оңтүстікте орналасқан республика. Астанасы — Махачқала қаласы. 1921 жылдың 20 қаңтарында құрылған. Дағыстан оңтүстігінде Әзірбайжанмен, оңтүстік-батысында Грузиямен, сондай-ақ Ресейдің батысында Шешен Республикасымен, солтүстік-батысында Ставрополь өлкесімен және солтүстігінде Қалмақстан Республикасымен шектеседі. «Дағыстан» - сөзі түркінің «дағ» - тау, парсының «стан» - ел, мемлекет деген сөзінен, «Таулы ел» деген мағына береді.
Сюжет пен фабуланың ережесін еске түсіреді. Сюжет- өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі Фабула- суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу 1-тапсырма «Джигсо» әдісі арқылы шығарманы оқу 1-топ: 115 -116- бет 2-топ: 117-бет 3-топ: 118-119 -бет 4-топ: 120-121 -бет 2-тапсырма «Қабырғадағы суреттерге» қарап отырып, «Менің Дағыстаным» повесінің сюжеті мен фабуласын баяндайық.
ЕББҚ оқушыға тапсырма 1. «Менің Дағыстаным» шығармасының жанры А. повесть В. әңгіме Д. роман С. өлең Е. поэма 2. Әңгіме А. оқиғаны өлеңмен баяндайтын жанр В. оқиғасыз, көңілді, сезімді бейнелейтін жыр түрі С. оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры Д. екі-үш кітаптан тұратын күрделі оқиғаларды баяндайтын көркем шығарма жанры Е. газет-журналда берілетін ақпараттар 3. Сюжет А.өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі В.суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу С.Әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Д. Сюжеттің ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері. Шығармалардағы тартыстың өрістеп шыққан биігі. Е. Дауысты дыбыстардың тармақ басында қайталанып келуі 4. Фабула А. өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі В. суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу С. Әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Д. Сюжеттің ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері. Шығармалардағы тартыстың өрістеп шыққан биігі. Е. Дауысты дыбыстардың тармақ басында қайталанып келуі 5. Үзінді сюжеттің қай кезеңінің фабуласы екенін табыңдар. Мен де өз еліме, өзімді-өзім қамаған тордың терезесінен қарап жүрмін ғой, – деп аяқтады әңгімесін суретші А. сюжеттің басталуы В.сюжеттің байланысуы С.сюжеттің дамуы Д.сюжеттің шиеленісуі Е. сюжеттің шарықтау шегі 4-тапсырма Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» шығармасынан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап, себебін түсіндір.
Үйге тапсырма: 9-тапсырма
Рефлексия
«Борт журналының» екінші бөлігін толтырыңдар.
|
Психологиялық ахуал «Жақсылық тамшысы» Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
«Борт журналы» мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады.
«Джигсо» әдісі Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.
Фабула: Дағыстандық суретші: Суретшінің Италияға кетуі Итальян қызына үйленіп, елге оралмауы Бұлақ басындағы авар киімді әйел: Суретшінің әйелі Тау төбесіндегі тұман Тұман- адасып жүрген суретшінің өзі Тордағы құс: Аврлардың аңызы туралы әңгіме Тікенекті бұтаға қонған құс Суретші өкініші: Өзін-өзі қамаған тор Жалындаған жас жүрегін қимаған еліне қаудыраған кәрі сүйегін апарғысы келмеу Суретшінің анасымен кездесу: Кешірім еткендей болу Адасқан ұлдың ана тілінде сөйлемеуі- өлгенмен тең болуы Авариядағы жаңбыр мен Париждегі дағыстандықты елестету Өлген ұл Анасының ұлын кешірмеуі Сюжеттік талдау: Оқиғаның басталуы-Дағыстандық суретші Оқиғаның байланысы: Бұлақ басындағы авар киімді итальянка әйел Оқиғаның дамуы -Тордағы құс Оқиғаның шиеленісуі: Суретші өкініші Оқиғаның шарықтау шегі: Суретшінің анасымен кездесуі Оқиғаның шешімі: Анасының ұлын кешірмеуі
«Менің Дағыстаным» шығармасынан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап, себебін түсіндіреді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы - қабырғадағы суреттерді берілген тіркестермен сәйкестендіреді – 3 балл; -әңгіменің фабуласы мен сюжетін анықтайды – 3 балл.
Дескриптор: Білім алушы -маңызды эпизодты табады – 2 балл; -маңыздылық себебін түсіндіреді – 2 балл.
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 12-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» Повестен үзінді. Кейіпкерлер бейнесі. |
||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.3.1- әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; 6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады. |
||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -мемлекеттік тілді меңгеру; -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
10 минут
8 минут
7 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Таңғажайып дорба» ойыны
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
Ойтүрткі 1-тапсырма “Кім? Қайда? Қашан?” тәсілі. Шарты: тек төл сөздерді қолдану керек. 1. Сен қателестің, Расул, менің ұлым өліп қалған.( кім айтты?-шешесі, қашан?- баяғыда) 2. Бұл аварлардың көне аңызы бойынша салынған сурет. ( кім айтты?-суретші) 3. “Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? “ ( кімнің сөзі?-шешесі, қашан?- кездескен кезде) 4.Кеш қой.Енді тек қаудыраған сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің? (Кім?-суретші. Қайда қайтуға кеш?- еліне.) 5. “Өзің салған суреттерді көрсетші” (кім?-Р. Ғамзатов)
1-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, суретшіге мінездеме берейік.
«Тұман – бұл мен», - дейді.
Неге? Суретші ауылына қ
... Еліме тек қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма? – дейді. 3-тапсырма Кестені толтыр. Үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама бер.
ЕББҚ оқушыға тапсырма
4-тапсырма Авторға тән қасиеттерді анықта. Автор бейнесін анықтауда ойыңды мысалдармен дәлелде.
Қорытындылау Авар жігіттің анасы «Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес...»,-дейді.
1.Анасы неге ұлын баяғыда өліп қалғанға теңеді? 2.Біз өз анамыздың сүтімен бойымызға сіңген тілімізді қаншалықты терең білеміз? 3. Үзіндідегі аңыздарды теріп алыңдар. Олардың повесть оқиғасына әсері қандай?
Рефлексия «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Келесі сабақта қандай мәселелерге көңіл аудару керек?
|
Психологиялық ахуал «Таңғажайып дорба» ойыны Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.
“Кім? Қайда? Қашан?” тәсілі бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауап барысында тек төл сөздерді қолданады
Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, суретшіге мінездеме береді.
1.Туған анасы сөйлейтін, анасы үйреткен авар тілінде сөйлей алмаған ұлды анасын, ұлтын құрметтемеген жан деп бағалап, өлген адам ретінде көреді. Қай ұлттың болмасын бар болмысы тілі мен түрінен көрінетіні белгілі емес пе?! Әр баласы тілін жоғалта берсе, ол ұлттың болашағы да болмайды.
2.Біз өз ана тілімізді терең білеміз деп айта аламын. Ана тілімізді дүниеге келген сәттен бастап ана сүтімен бойымызға, қанымызға сіңірдік. Егер ана тілін менсінбесек, ана тілінде сөйлемесек, ең біріншіден- анамызға, қазақ деген халқымызға сатқындық жасағанмен тең деп санаймын. Өзге тілдің бәрін білсек, керемет. Ал ана тілін білу, оны қолдану, оны мақтаныш ету-міндет.
Оқушылар бүгін сабақтан сабақтан не үйренгенін айтып, тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарын қойып, рефлексия жасайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор: Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -төл сөздерді қолданады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы - сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -суретшіге мінездеме береді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -кестені толтырады – 1 балл; -берілген үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама береді – 2 балл; -өзінің көңілге түйгенін жазады – 1 балл.
Барлық тапсырмалар асық арқылы бағаланады.
Алшы – (9-10 балл)
Тәйке (7-8 балл)
Бүге (бүк) – (4-6 балл)
Шіге (шік) – (1-4 балл)
Дескриптор Білім алушы
- автор бейнесін анықтайды – 1 балл; - өз ойын мысалдармен дәлелдейді – 1 балл. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
|||||||||||||||||||||
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 13-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» Повестен үзінді. Автор толғанысы Көркемдегіш құралдары |
|||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.2.4.1 - әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу 6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; |
|||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады. Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады. |
|||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -мемлекеттік тілді меңгеру; -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу; |
|||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
7 минут
15 минут
13 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі
1-тапсырма Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаз.
2-тапсырма Көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармадан алынған үзіндіні мәтін түрінде жазып шық. Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте байырғы авар киімін киген итальянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында тұр, қолында – атақты гоцатлин шеберлері нақыштап жасаған күміс құмыра. Тау баурайында – қайғырып, тұнжырап тұрған авардың тас ауылы. Ауыл үстіне төніп тұрған таулар бұдан да бетер қайғырып, тұнжыраулы. Тау төбесін тұман басқан. – Тұман, – деді суретші, – көздің жасы. Таудың баурайын тұман басқанда, тастың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады ғой. Тұман – бұл мен. Екінші суреттен тікенек бұтаның басында отырған құсты көрдім. Ал бұта болса, жалаңаш тасты қақ жарып шығып, өсіп тұр. Құс сайрап тұр да, оған өз үйінің терезесінен қайғылы бір тау қызы қарап тұр. Менің суретке назар аударғанымды байқап қалды да: – Бұл аварлардың көне аңызының желісі бойынша салынған сурет, – деп түсіндірді суретші... – Елге неге қайтқыңыз келмейді? – Кеш қой. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?
3-тапсырма Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы неде? Ойыңды дәлелдермен көрсет.
Рефлексия
|
Ықтимал жауап
Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.
Көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармадан алынған үзіндіні мәтін түрінде жазып шығады.
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы анықтайды. Ойларын дәлелдермен көрсетеді. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор: Білім алушы -шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады; - кестені толтырады.
Дескриптор Білім алушы -шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттайды; -мәтін жазады.
Дескриптор Білім алушы -шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды; -тірек сөздерді орынды қолданады; -өз ойын дәлелдейді, баға береді
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
|
||||||||||||
Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 14-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» Повестен үзінді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2 |
||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.3.3.1 -шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза алады. |
||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -мемлекеттік тілді меңгеру; -Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
20 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. Психологиялық ахуал «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Танымдық ақпарат ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Деректі дәйектер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.);
8-тапсырма. Жұптық жұмыс «Тіл құдіреті» тақырыбында сұхбат жасаңдар. Сұхбатта ана тілі, туған жер, Отан, отбасы, ата-ана сөздерін пайдаланыңдар.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» Оқылатын шығарма Р.Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным» Оқу мақсаты 6.3.3.1 - шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу Бағалау критерийі Білім алушы • Кейіпкер бейнесін, табиғат көрінісін, оқиға орнын сипаттауда көркемдегіш құралдарды қолданады • Отбасылық құндылық тұрғысынан кейіпкерлерге талдау жасайды, әдеби эссе жазады Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 15-20 минут Тапсырма Дағыстандық суретші түбінде бір туған жеріне сағынышпен оралып, оны анасы кешіреді, ол туған тілін қайта үйренеді деген оймен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.
Рефлексия Кестені пайдалана отырып, «Шығу парағын» толтыр. Қызықты болды. Бүгін мынаны түсіндім. Қиын болды. |
Психологиялық ахуал
«Әдемі
ойлай және демала біл» жаттығуы
«Тіл құдіреті» тақырыбында сұхбат жасайды. Сұхбатта ана тілі, туған жер, Отан, отбасы, ата-ана сөздерін пайдаланады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды.
Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор: Білім алушы
Бағалау:
Берілген
бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы
бағалау
|
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
|
|||||||||||||||||||||||
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 15-сабақ
Бөлім: |
4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Тоқсандық жиынтық бағалау |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.1.1
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын,
сюжетін анықтау; 6.2.1.1
шығарма композициясындағы белгілі
бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме
жасау; 6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
|
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Ол – менің ... ,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің ... аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!- көп нүктенің орнына қолданылатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) жүрегім, биік
В) тегім, асқақ
С) тілегім, биік
Д) тірегім, асқақ
[1]
«Менің Дағыстаным» шығармасында көтерілген басты мәселе қандай?
А) туған жерден кету
В) ата-ана сағынышы мен арманы
С) ана сүтімен берілген тілді ұмыту
Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы
[1]
3.«Прописка» шығармасындағы басты кейіпкердің елге оралуындағы басты мақсаты қандай?
А) тіркеуге отыру
В) ауылда жұмыс істеу
С) ауылда уақыт өткізу
Д) ағасының жанында болу
[1]
«Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ...» - осы өлең жолдарында автор қандай мәселені алға тартып отыр?
А) тіл тарихы туралы
В) өзге тілді меңгеру қажеттігі
С) шет тілдерінің басымдылығы
Д) ана тілінің жойылып бара жатқаны
[1]
«Ана тілім» өлеңінің негізгі идеясы қандай?
А) Өнер алды – қызыл тіл.
В) Тіл – қарым-қатынас құралы.
С) Тіл жойылса, ел де жойылады.
Д) Бірнеше тіл білу - ел болашағы.
[1]
«Құлыным, сенің тарихың басқа...» тек деген...- деген өлең жолдарынан не түсіндіңіз? Өз ойыңызды жазыңыз.
[2]
7. «Прописка» шығармасындағы негізгі кейіпкер желтоқсан оқиғасына қатысқанына өкіне
ме? Қалай ойлайсыз? Шығармадан дәлел келтіріңіз.
[2]
«Менің Дағыстаным» шығармасының негізгі идеясына қатысты өз ойыңызды жазыңыз.
[2]
9.«Менің Дағыстаным» шығармасындағы ананың сөзімен келісесіз бе?
[2]
10.Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашып жазыңыз, көркемдегіш құралдарды орынды
қолданыңыз.
[2]
11.«Ана тілі ана сүтімен беріледі, ана тілін ұмыту - анаңды ұмытумен бірдей» тақырыбында
эссе жазыңыз. Оқылған шығармалардан дәлел келтіріңіз.
[5]
Балл қою кестесі
№ |
Жауап |
Балл |
1 |
В |
1 |
2 |
С |
1 |
3 |
А |
1 |
4 |
Д |
1 |
5 |
С |
1 |
6 |
Өз ойын жазады (2-3 сөйлем) |
2 |
7 |
Оқушы бір пікірді ұстанып талдайды |
1 |
Шығармадан дәлел келтіреді |
1 |
|
8 |
Негізгі идеяны анықтайды |
1 |
Өз ойын жазады |
1 |
|
9 |
Келісу, келіспейтіндігін нақты дәлелдермен жазады (2-3 сөйлем) |
2 |
10 |
Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашып жазады |
1 |
Көркемдегіш сөздерді орынды қолданады |
1 |
|
11 |
Тақырыпты ашып жазады |
1 |
|
Шығармадан нақты дәлелдер келтіреді |
1 |
|
Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды |
1 |
|
Өз көзқарасын білдіреді |
1 |
|
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды |
1 |
Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 16-сабақ
Бөлім: |
Өлкені сипаттау өнері |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
..... өмірі мен шығармашылығы. ...... шығармаларын талдау |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.1.1.1-
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын,
сюжетін анықтау; 6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтай алады. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық - Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы
7 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
8 минут
20 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын түгендеу Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Танымдық ақпарат Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы
1-тапсырма Мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырыңыз. 1. Менің ойымша... 2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін... 3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын... 4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім...
2-тапсырма Көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, өлеңді мәтін түрінде жазып шығыңыз.
3-тапсырма Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаз. Эссенің тақырыбы:
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Деректі дәйектер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.);
Рефлексия
«Бір минут» Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.
|
Мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырады.
Көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, өлеңді мәтін түрінде жазып шығады.
Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор: Білім алушы -мәселені анықтайды – 1 балл, -өз ойын формулаға салып жазады – 3 балл.
Дескриптор: Білім алушы - шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттайды; -мәтін жазады.
Дескриптор Білім алушы -тақырыпты ашып жазады – 1 балл; -шығармадан нақты дәлелдер келтіреді – 1 балл; -шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды – 1 балл; -өз көзқарасын білдіреді – 1 балл; -жазба жұмысының құрылымын сақтайды – 2 балл. |
Оқулық Қазақ әдебиеті «Атамұра» баспасы 2018 ж
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып
|
||
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген