400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай - дана, Абай -дара қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абай Құнанбайұлының 17
5 жылдығына орай ұйымдастырылған “Абай – дана,

Абай - дара қазақта” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен айналысуға үйрету
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд,


1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

2-жүргізуші:
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.


1-жүргіуші:

«Ай-Шолпан» би ансамблінің орындауында____________________________

"Атадан алтау, анадан төртеу" (Абайдың арғы тегіне қысқаша шолу)

Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.

Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай,  Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады.

Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі – Күңке, одан бір ұл – Құдайберді. Ал Ұлжан – Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі – Нұрғанымнан бала болмаған.


Отбасы – ошақ қасы (Абайдың өмірінен деректер)

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия мен Райхан, екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл мен Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Ал келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Абай ғылым іздеуді өз басына ғана алмай, балаларын да барынша оқытуға тырысқан. Ең көп оқыған офицер баласы – Әбдірахман. 90-шы жылдары ол құрт ауруынан қайтыс болды. Оның артынан сүйеніші болып жүрген мықты інісі Оспан өледі. Осы екі өлім Абайға бас қайғысының ішіндегі үлкен қаза болып тиеді.

Сол жылдары бас қайғысымен қатар Абай өзінің дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда өзінің інісін болыстыққа  сайлаймын деп келгенде бұрын ешбір сыр бермейтін достары бір-ақ түнде жат болып шыға келеді. Оның інісін құлатып, өз кісілерін сайлап кетеді. Онымен қоймай, Тобықты ішінде бұрыннан онымен сілкісіп келген басшы жауы Оразбай бір сайлауда Абайды  өз кісілеріне сабатып та алады. Осы іспетті соққылармен күресіп келе жатқанда ең жақсы көрген баласы Мағауия өледі.

Абай ешкіммен сөйлеспей, үндемей қалады. Ал 1904 жылы 23 маусымда Мағауияның өлімінен кейін тура 40 күн өткен соң өзі де қайтыс болады. Бір жарым айдан кейін Абайдың ақын баласы Ақылбай Семейде дүние салады.

2 - жүргізуші
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – дара,Абай - дана қазақта» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақам құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын ат
тандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?


1-жүргізуші:
Хор: «Желсіз түнде жарық ай»


2-жүргізуші
Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан түрлі өлеңдер үлгісін қалдырды.


Олай болса келесі кезекті әдеби монтажға береміз


2-жүргізуші:

- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!


Абайдың өміріне қатысты қызықты деректерге берейік

1-оқушы: Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;

2-оқушы:Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";

3-оқушы: Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;

4-оқушы: Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;

5-оқушы: Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;

6-оқушы: Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;

7-оқушы: Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;

8-оқушы: Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;

9-оқушы: Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;

10-оқушы:Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;

11-оқушы: Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.

2-жүргізуші:

Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған. Солардың бірі

«Көзімнің қарасы» әні - орындайтын 11-сынып оқушысы Дүзелбай Әйгерім


1-жүргізуші

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге – дегендей,
Абай атамыздың нақыл сөздерін кезек берсек


Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.


Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.

Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын.

Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Ақырын жүріп, анық бас еңбегің кетпес далаға


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Сөзіне қарай кісі ал, кісіге қарап сөз алма


2-жүргізуші:

Абай атамыздың өлеңдерін оқи отырып, біз, Абай дәуіріндегі қазақ елінің тұрмысын және басқа сыр –сипаттарын анақ көруге болады. Олай болса, Абай өлеңдерінің шығу тарихына үңіліп көрейік.

1-жүргізуші:

«Болыс болдым, мінеки» Абайдың бұл өлеңі болыс болғысы келіп жүрген атқамінерлердің қандай істер атқарып жүргенін, олардың ішкі жан сарайын жақсы суреттеп айтып береді.


11- сынып оқушыларының орындауында «Болыс болдым, мінеки» өлеңінен сахналық көрініс

2-жүргізуші:

Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.


Келесі кезекті әсем әнге береміз 11-сынып оқушысы Ақбердиева Алтынайдың орындауында ___________________________________________


1-жүргізуші:

Абайдың поэмалары жайында бірер сөз. Оның «Масғұт» поэмасы адамгершілік, ақыл парасатқа арналса, «Ескендір» поэмасы тарихи тақырыпқа арналып жазылған пәлсапалық тұрғыдағы поэма.

Енді«Ескендір» поэмасынан сахналық көріністі тамашалаңыздар


2-жүргізуші:

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары


Ән: _____________________ орындайтын 8-сынып оқушысы Қамбар Бекзат


1-жүргізуші:

Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншалықты сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр.


11-сынып оқышысы Баймұрат Жеңісханның орындауында «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» өлеңі


2-жүргізуші:

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс тіршілігін нық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды.


Көрініс : «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінен


Келесі кезекті әсем әнге береміз 11-сынып оқушысы Дүзелбай Әйгерімнің орындауында _____________________________________________


1-оқушы:

Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,

2-оқушы:

Ақ ниетті, әділдікті айтқан,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

3-оқушы:

Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!

4-оқушы:

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы!

5-оқушы:

Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы!

6-оқушы:

Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы!

7-оқушы:

Ақылменен дана болған 

Бәрі бірге

Бүкіл елдің Абайы!


Қорытынды:Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
         Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

Осымен бүгінгі Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана-Абай дара қазақта» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.





Абай орта мектебі









Тақырыбы:



«Абай – дана, Абай – дара қазақта»

(әдеби-сазды кеш)





















Мұғалімі: Эшанкулова Г.


2019-2020 оқу жылы

























Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

  • Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;


  • Абай Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";


  • Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;


  • Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;


  • Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;


  • Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;


  • Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;


  • Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;


  • Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;


  • Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;


  • Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.










Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,

Ақ ниетті, әділдікті айтқан,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы!

Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы!

Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы!

Ақылменен дана болған 

Бәрі бірге

Бүкіл елдің Абайы!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі