«АБАЙ –ДАРА, АБАЙ - ДАНА
ҚАЗАҚТА»
1-жүргізуші:
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірлі өнер сүйер
қауым!
Бүгін мектебімізде халқымыздың
перзенті, қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, данышпаны Абай
Құнанбайұлына арналған кітапханашылардың ұйымдастыруымен 7-8- сынып
оқушылары арасында өтетін «Абай – дара, Абай –
дана қазақта» атты Абай оқулары
байқауына қош келіпсіздер!
2-жүргізуші:
Абай –дара, Абай – дана
қазақта
Төзе білген заманында
азапқа
Көтерем деп қайтсем қара
халқымды
Заманынан оза білді
талпынды
Еш кетпеді ұлы жанның
арманы
Ұрпақтары ақындығын
жалғады
Өзі өлсе де сөзі өлмейді
ақынның
Қарашықтай қазынасын
қорғады
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой
алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен
Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге
өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
2-жүргізуші:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, ұлы
тұлғамыз - Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған байқауымызды
бастаймыз.
1-жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін
салыстырып,
Бәйге үшін терлетер
шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға
беріп,
Жіберейік әділ қазыларды
таныстырып.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мырқасымова Гүлжамал апай
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нақыбаева Сәуле апай
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ахметова Құралай апай
2-жүргізуші:
Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.
Бүгінгі «Абай- дара,
Абай- дана
қазақта» атты Абай оқулары байқауы 2-кезеңнен
тұрады
1-кезең
«Өлең – сөздің патшасы, сөз –
сарасы». Абайдың кез-келген бір өлеңін мәнерлеп жатқа
айту.
2-кезең.
«Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда». Абайдың бір қара сөзін жатқа
айту.
Ең жоғарғы ұпай саны –
5.
1-жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан
жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік
тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол
соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-
дей отырып, бақ сынайтын сайыскерлерге кезек
береміз.
7 «А» сынып оқушысы Абсатар
Әділет
7 «Ә» сынып оқушысы Жалғасова
Бибімарьям
7 «Б» сынып оқушысы Жулекешова
Жанар
7 «В» сынып оқушысы Көптілеу
Зейнеп
7 «Г» сынып оқушысы Абдуллаева
Жанар
7 «Ғ» сынып оқушысы Мұхитқызы
Аяулым
7 «Д» сынып оқушысы Әбділда
Сымбат
7 «Е» сынып оқушысы Ерланқызы
Альбина
8 «А» сынып оқушысы Сәрсенбай
Томирис
8 «Б» сынып оқушысы
Трибосынова Дайана
8 «В» сынып оқушысы Тұраш
Ақбота
8 «Г» сынып оқушысы Жайдар
Аниса
8 «Ғ» сынып оқушысы
Тлеумұратова Бибігүл
8 «Д» сынып оқушысы Ан
Артур
2-жүргізуші:
Абайдың қара сөзін оқып
көрші,
Беріліп жан-тәніңмен көңіл
бөлщі.
Әрбір сөзінде терең ой
бар,
Тереңінен сен бақылап, байқап көрші, - дей
келе кезекті
«Жүйріктен
жүйрік озар
жарысқанда» атты 2-кезеңіміз - Абайдың қара сөздеріне
береміз.
Оқушылар ретімен шығып Абайдың қара сөздерін
оқиды.
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар
Жақсы ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп
Абай атамыз жырлап өткендей, Әділқазы алқалары өз шешімдерін
шығарғанша кезекті Айда апайымыздың әншілеріне
береміз.
1. «Шашу» тобының орындауында
«Домбыра» әні.
2. Тұрғынбай Әдемінің
орындауында «Өсиет» әнін қабыл алыңыздар.
3. Жұматай Жанайдың
орындауында «Ән-Шашу» әні.
Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарып
болған болса, байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегін
мектебіміздің директорының міндетін атқарушы
_______________________ береміз. Сөз кезегі
сізде.
Оқушыларды
марапаттау.
2-
жүргізуші: Абай шығармаларының мағынасын
терең бойлап ұғып, түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар
тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі
жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан
көріне берулеріне тілектеспіз.
1-жүргізуші: Біз үшін
Абай шығармалары – үлкен тәрбие
мектебі. Себебі, оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке,
адамгершілікке баулитынына міне, біз бүгін тағы да көз жеткізіп
отырмыз. Сайысты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «... Менің
балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан
киелі ұғым болмауға тиіс» деген сөзімен аяқтағымыз келіп отыр.
"Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе...»
демекпіз.
БІРГЕ: Келесі кездескенше сау
саламатта болыңыздар!