400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай - сатирик. "Болыс болдым мінеки" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Абай өлеңдері

Педагогтің аты-жөні

Сарсенбаева Гулнур

Күні

02-04.02.2026 жыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай – сатирик. «Болыс болдым мінеки» өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Түсіндіру,таныстыру, ой қозғау мәнермен жеткізу

Сабақтың мақсаттары

  • Оқиды, түсінеді, меңгереді

Сабақтың барысы


Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әркеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



7 мин










І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу. «Бес саусақ» әдісі

Сәлеметсің бе! – деп (бас бармағын )

Мен саған тілеймін : (сұқ саусағын )

Денсаулық – (ортаңғы саусағын)

Бақыт – (атаусыз саусағын)

Сәттілік – (шынашағын)

Шын ниетпен (алақанын тигізеді)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Мен жаздым...» әдісі





Бес саусақтарын бір-біріне тигізу арқылы тілек айтып сәлемдеседі











Жазған эссе жұмыстарын тексертеді













ҚБ: Мадақ сөздер





Сабақтың ортасы

32 мин

ІІІ. Жаңа сабақ

"Болыс болдым, мінеки..." — Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі.  Көлемі 148 жол.

Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-психологиялық кескінін жасайды. Өлеңнің мағыналық құрылымында бірнеше тұлға бар: а) болыс; ә) ояз; б) ел. Бұл үш тұлғаның бастысы - болыс.

Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі көрсетіледі. Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу.

Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; езінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сыяз бар деген хабарды құлағы шалса-ақ, жүрегі суылдап, мазасы қашады. Өйткені сыяз болса, елге ояз келеді. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайындау, үй тігу, сый-сияпат жасау, бағып-күту - бәрі де болыстың не өзі жасайтын, не елге жасататын ісі; егер оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған болыс елін мақтарға сөз таппай, ықылас танытпай, өлдің ел болып отырғаны өзінің, қала берді - ояздың арқасы екендігі туралы ойды шиырлай беретін болса, елімен, жұртымен бетпе-бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді кісімсіп, ел мүддесін қорғай жүрген адамға ұқсап маңызданып, сыртқы жүнін қампитып шыға келеді. Алайда сыяз үстінде болыс та, ояз да ел ішіндегі дау-шардың бірқатарын халықтың, халық билерінің қатал талабы бойынша әділ шешуге мәжбүр болады. ;оның нәтижесінде болыстың өз малым, оз мүлкім деп иеленіп қалған мал-мүлік иелеріне қайтарылып беріледі. Сөйтіп, болыстың арты шөмейіп, шыға келеді. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігіңде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі хәлі бейнеленеді. Өлең 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.


1-тапсырма

Берілген өледі оқып, түсінгендеріңді баяндаңдар

Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе-дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сыяз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап.




















  • Жаңа тақырыпты меңгереді































































  • Оқушылар мәтінді оқып, түсінгендерін баяндайды

















































ҚБ:

Мадақ сөздер
















АКТ,

панельді тақта






















панельді тақта


Сабақтың соңы




6 мин


Кері байланыс.

«СМС жазу» әдісі.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын жаздырады.


Үйге тапсырма: «Болыс болдым мінеки» өлеңін жаттау


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын СМС жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мадақ сөздермен оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін марапаттау



« » ........2026 жыл Тексерілді.......................ДОЖЖО: Ж. Пирманова

С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Абай өлеңдері

Педагогтің аты-жөні

Сарсенбаева Гулнур


Күні

02.02.2026 жыл


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай – сатирик. «Болыс болдым мінеки» өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Түсіндіру,таныстыру, ой қозғау мәнермен жеткізу

Сабақтың мақсаттары

  • Оқиды, түсінеді, меңгереді

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әркеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



7 мин










І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу

  • Сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Қауіпсіздік ережелерін еске салу


Ой шақыру

«Болыс болдым, мінеки» өлеңінің тарихи және көркемдік құндылығы. Абай дәуіріндегі қазақтың рухани ахуалы.

Абай Құнанбайұлының «Болыс болдым, мінеки» өлеңі – қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен билік жүйесінің шынайы бейнесін көрсететін маңызды туынды. Бұл өлең арқылы Абай болыс болудың мәнін, оның қоғамға тигізетін әсерін және билікке қол жеткізген адамның өзгеруін сыншыл көзқараспен бейнелейді. Ақын болыстық қызметке ұмтылған адамдардың әділдіктен алыстап, мансапқорлыққа, парақорлыққа бейімделуін өткір әжуамен сипаттайды.

Өлеңнің тарихи құндылығы – ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының ішкі құрылымы мен патша үкіметінің енгізген әкімшілік басқару жүйесінің көрінісі болып табылады.





Сәлемдеседі













  • Берілген үзіндіден ой түйіндейді





















АКТ

Сабақтың ортасы

32 мин

ІІІ. Жаңа сабақ

2-тапсырма

 «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі

Берілген мәтінді жекелей оқып, сұрқтарға жауап беріп, жұппен талқылап, топта пікірлесіңдер

Ж

«Сұрақ-жауап» әдісі

Оқылған  мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер

-          Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңі қай жылы жазылған? Өлеңнің көлемі қанша жолдан тұрады?

- Ақынның бұл өлеңді жазудағы мақсаты не?

- Ақын болыстықты қалай сипаттады?

- Өлеңнің тарихи құндылығы неде?

- «Болыс болдым мінеки» өлеңі қай жылы, қай қалада жарық көрді?


ЖЖ

Өлеңді құрылысына қарай талдаңдар



ТЖ

Бірлесе отырып тақырып негізінде түйінді ой айтыңдар


3-тапсырма

Өтілген тақырып негізінде «Кесте» әдісі бойынша алдыңғы білімдеріңді тексеріңдер




«Болыс болдым мінеки» өлеңі

Жазылу тарихы



Мақсаты



Тарихи құндылығы











  • Берілген мәтінді оқиды.

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Жұппен талқылап, топта пікірлеседі.













  • Өлеңді құрылысына қарай талдайды.



  • Топта бірлесіп түйінді ой айтады









  • Кесте толтырады


















ҚБ:

Мадақ сөздер











ҚБ:

Мадақ сөздер







Панельді тақта











АКТ


Сабақтың соңы




6 мин




Кері байланыс.

«СМС жазу» әдісі.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын жаздырады.


Үйге тапсырма: «Болыс болдым мінеки» өлеңін жаттау



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын СМС жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мадақ сөздермен оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.




« » ........2026 жыл Тексерілді.......................ДОЖЖО: Ж. Пирманова









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.09.2026
90
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі