400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай - ұлы ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай - ұлы ақын" тақырыбында өткізілген ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тумақ бар, өлмек бар.Бүгін барсың,ертең жоқсың.Бұл табиғаттың – Ұлы Жаратуышының ісі.Әу баста топырақтан жаралғансың. Және сол топыраққа қайта айналып барып,соған сіңіп кетуге тиіссің.Әрине, жаның емес,тәнің. Жаныңның қайда барарын, қайдан тұрақ табарын-оны бір Алла біледі.Ұлы Абай бұл тірліктің уақытша екенін ерте түсінген.Сондықтан да жалған дүниеге онша қызықпаған:

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?

Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?

Алды – үміт, арты - өкініш, алдамшы өмір,

Желігіп жерге тықпас кісің бар ма?

Ақын бұдан артық не десін?Білген, түсінген адамға бұл тірліктің алдамшы, уақытша,жалған, баян етеді:

Жас – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Мұнда ақын Абай – Ұлы Алланың құдіретін, кереметін,мәңгіліктігін, өзгермейтіндігін айтып отыр.

Абай Құранды бүкіл жан – тәнімен жатқа білген.Ұлының ұлылығын, мәңгіліктігін жадында сақтап қана қоймаған, бүкіл болмысына сіңірген.

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай әкесі баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді.Медреседе ол Шығыс әдебиетін көп оқыды, қаладағы орыс мектебіне барып жүрді. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда ел билеу ісіне атақты аға сұлтаны Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең, пәлсапалық ойлы мазмұны – ұрпақтарға қалған өшпес мұра.

Абай Құнанбайұлы өте ақылды, парасатты адам ,ол алты жыл би болған.Ол – жақсы мен жаманды айыра білген, елге танымалы кісі.

Қазақ халқының елдік тарихы, тағдыр жолы, мінез – сипаты, ақыл – ойы, тұрмыс – ахуалы, қоныс – мекені, өнер өрісі – бәрі де Абай сөзінде тұнып тұр.Сондықтан да ол – бүкіл ұлт тұлғасын қамтыған, нағыз ұлттық көлемдегі Ұлы Ақын. Абай тану дәуірі ұзаққа ұласатын, ұрпақтан – ұрпаққа кететін, үздіксіз дамып, кеңи беретін құбылыс. Абай – сол ұрпақтардың бірге жасайтын құдірет иесі. Абайдың балалары да әкесінің ақылымен орыс мектептерінен білім алды. Құнанбайұлының қызметі парасаттылықпен, іске тыңғылықпен, жігерлілікпен, үкіметке берілгендігімен, дін жолынан аулақ тұрғандығымен көзге түсті. Абай Құнанбаев – қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ұлы ақын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі