Абай- дана, Абай- дара қазақта

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай- дана, Абай- дара қазақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Сахналық театрлық қойылым
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай- дана, Абай-дара қазақта!» драмалық қойылым

(Желсіз тунде жарық ай хормен)

1.Абай: - Есіңде бар ма жас күнің

Көкірегің толы басың бос.

Қайғысыз ойсыз мас күнің,

Кімді көрсең бәрі дос.

Махаббат қызық, мал мен бақ

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын көңіл ақ,

Боларма сондай қызық шақ!

Қыз: -Абай келеді , Қазаннан Абай келеді!

Женгесі: -Бәсе, мынау Телғара ғой!

-Апа, сүйінші, Абай келе жатыр!

-Айналайын,жарығым!

Абай:- Апа!

Анасы:- Әуелі әкеңмен амандас.

Абай:- Әке!

Әкесі:- ә, балам бойың өсіп ер жетіп қалыпсың, бойыңдай боп біліміңде өсті ме?

Абай:- Шүкір әке, Дәріс тәмәм болмаса да, Ғазіреттің рұқсатын алып, Фатихасын алып қайттым!

  • Өзі тіпті көшелік кісі боп қалыпты!

Құнанбай: Бар, анау шешелеріңмен амандас.

Абай:-Апа!

Апасы:Әжеңе бар

Абай: -Әже!

Әжесі: -Жаман неме, әуелі маған келмей, әке-шешесіне барғанын қарашы, жаман неме!

Абай: -Әже, мен сізді сағындым!

Әжесі:-Айналайын, қарашығым,қоңыр қозым менің!

Келіндер: -Қой дастархан дайындайық, жүріңдер, шай ішейік!

2.бөлім.

Автор: Тоқжанды алғаш көргеннен бері менің көңілім ала-бөтен.Ол әлемде жоқ қас сұлудың өзі. Өзіне деген сағынышым өлең болып ағылуда. Тоқжанды бір көрсем деген ниет оның ауылына алып келді. Жолымыз болып, жастардың кешінің үстінен түстік.

Би.(қыз-жігіттер)

-Әй бәрекелді!

-Абай, Абай келе жатыр!

Ербол:- Армысыңдар жігіт-желең, қыз-қырқын, тойлар көбейсін!

Жігіттер:-Бар болыңдар жігіттер,сауық молайсын! Келіңдер!

Ербол:-Сәлем бердік Тоқжан қыз!

Тоқжан:- Сәлеміңді қабыл алдық, Ербол мырза!

Ербол:- Сенің әніңді тыңдамағалы қашан, бір ән салып жіберсең

Қыздар:- Тоқжан, ән сал, ән салсаңшы. Ай сен ұялып тұрмысың? Ха-ха-ха

Ендеше осылай тұра бермекпізбе, қонақ кәде дегенді білетін боларсыздар ?

Ербол: -Білеміз, білеміз. Абай өзің бірдеме ...

Абай:- жарайды. (Көзімнің қарасы)

Көзімнің қарасы , көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы.

Тоқжан: Қазақтың данасы, жасы үлкен ағасы

Бар демес сендей бір, Адамның баласы

Қыздар:-Ал енді ақсүйек ойнайық. Жүріңдер!

Тоқжан:- Қара тунде қарманып,

  • Жарық кунде жалданып,

  • Сағындым ғой япырай,

  • Бір көруге зар болып.

Абай:- менде , менде жаным-ау!

  • Сен ғой менің асқақ биік арманым.

  • Көңілімдегі маржаным, Айым-кунім Тоқжаным!

Тоқжан:-Шын сағындым, күте-күте зарықтым, жыладым да қамықтым,

  • Енді қайтіп көрмеспін деп қорықтым!

Абай: Менде сәулем ,жүдедім де зарықтым !

Тоқжан:-неден бастарымды да білмеймін.Бүгінгі кеш біздің соңғы кездесуіміз, амал қанша!

Абай: -не деп кеттің, жаным ау?

Тоқжан:Айтпасыма болмай тұр ғой амалым

  • Атастырған бар екен ғой адамым ,кеш білдім ғой хабарын

  • Жасқа толып жанарым!

Абай:- Не деп кеттің жаным ау , Кездесу ме қоштасу ма мынау түн!

  • Соншалықты құнсыз ба едің тағдыр ай, соншалықты тілсіз ба едің тәңір ай!

Тоқжан: Батар кунге үмітіңді ұсатып, Атар таңда алақанды жаярмын,

  • Сағынғанда сізді Абай, қош болыңыз ардағым!

Абай:- Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол

  • Сенен асқан жан жоқ деп ғашық болдым

  • Мен не болсам болайын, сен аман бол!

  • (ән. Жарқ етпес қара көңілім)

Шешесі:- Абайжан, саған не болды? Емші шақырсақ қайтеді? Келе ғой балам жата ғой!

Құнанбай: -Жә, жетер! Тұр! Мәжнүн болған түрін қарай гөр! Мынау не жатыс? Бала белде, қатын жолда деген, бір шүйкебас үшін сонша қайғырып, құсалықтан өлемісің? Біздің жеке сөйлесетін шаруа бар.

  • Болыстыққа түсесің!

Абай:- мен дайын емеспін әке, Болыс болғым келмейді. Дәкежан болсын, ебі де бар, жасы да үлкен.

Құнанбай:- Мен халық аманатымен өмір кештім, сенде солай ет қарағым.

Абай: - Қинамаңыз мені әке!

3.

Абай:- Тоқжан, япырай, мынау Тоқжан ғой, Ербол тұрсаңшы, Ербол! Мынау Тоқжан ғой, бар көріп келші, бар енді!

Ербол:- Абай, анау дәл өзі!

Абай:- Айттым ғой Тоқжан деп!

Ербол:- жоқ өзі емес, Оның егізінің сыңары сияқты, дәл өзінен айнымайды!

Абай:- Рас па? Міне ғажап! Демек Жаңағы дауыс та соныкі !

Ербол:- Әнді кім салғанын білмедім, атын да сұрамадым.Әне өздері де шықты!

Әйел:- Бұл жерде қысылмай, емін-еркін отырып, ойын-сауық құрыңдар. Шүкіран қызым, қонақтарды жатырқатпай, ортаға алыңдар!

Ербол:- Жаңа бір әсем әуен естіп ем, мен білсем айтушысы өзің боларсың?

Шүкіран:- ән тек бізде ғана ма екен , қонақ кәде дегендей .

Абай:- А, мен бір ән тауып көрейін.(Айттым сәлем Қаламқас)

Барл: Не деген ән!

Абай:- Шүкіран , манағы әнді сенің салғаныңа күмәнім жоқ, тағы бір қайырып айтып берсең.

Шүкіран:- Қап, оны айтқан анау үйдегі бір кәрі жеңгеміз еді, шақыртайық онда!(Қыздар күлкісі)

  • Жә, шырқасам шырқап берейін!

  • Мынау тұрғанымен керім ән ғой, Ай керім!

Абай: Сен недедің, Ай керім! Оның Шүкіран аты мүлдем сұлу емес, өзіне жараспайды. Оның аты Бүгіннен бастап Ай-Керім болсын!

  • Ай керім, ой, не деген әдемі есім!

  • (Әкем Құнанбай аға-сұлтандыққа тағайындалысымен ол, оқу мәселесіне көп көңіл бөлді. Әсіресе маған көп жүк артып, білімді болуыма күш салды. Ол ел арасындағы зорлық- зомбылықты, ұрлықты тиюда ел ісіне араласып, дегеніне көне қоймағандарға жаза қолданды.Өктемдік пен қаталдығы осылай халықтан алыстата түсті. «Мені сыртқы жау алмайды, ішкі жауым, өз бауырларым алады» деп отырушы еді, жарықтық!

Абай: Шақырдыңызба әке!

  • Абай, будан былай мен Жидебайды көркм ба, көрмеймін ба, ол бір құдайдың қолында. Ел- жұртыңа ие бол.Былтыр болыс болудан бас тарттың, мына ел іші ұры- қарлыққа, басбұзарлыққа толып барады. Сонда мына қолымыздағы билік уысымыздан сусып кетуі керек пе?

Абай: Ел іші бұзылса жұмысы жоқтықтан, не тамағы тоқтықтан болады .Ұрының көбеюі жоқшылықтан әке!

  • Бұл сөзіңді құп алдық, жұт болмаған кезде де алауыз болған ағайын менің қаталдығымның арқасында ғана бірін-бірі талап жемей тұрды емеспа

Абай: Бірақ қаталдықтың да шегі бар.Байырғы жұртты уыста ұстап тұру үшін қаталдық керек те шығар, жұрт шыдап тұра алмас, мейірім де керек.Жұрт билік иесінің мінезіне тартады.

  • Менің сенетінім -сен. Сен білім алдың, ұстаз көрдің.Бірақ сенің бойыңда үш мінің бар :

  • Ең әуелі – арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың.Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің. Жайдақсың. Жайдақ суды ит те құс та жалайды.

  • Екінші дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Қасыңа ел үйірілмейді.

  • 3 шісі тым орысшасың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін мұсылман жат санайтынын ескермейсің.

Абай: Әке, осы айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтамын. Жайдақ суға теңедіңіз, қолында құралы бар жалғыз жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды-құралсыз кәрі жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанымды артық санаймын. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз, менің білуімше ел бір уақытта қой сияқты болған , бір қора қойды бір ғана қойшы әйт десе өргізіп, тәйт десе жусутатын болған. Бере келе түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып шөк десең ғана аңырап барып бұрылады. Ал қазір ел бұрынғы надандықтан нашар момындықтан сейіліп келеді. Ендігі ел жылқы секілді, аяз бен боранда, жауын мен шашында топ не көрсе соған шыдаған.

  • Үшінші орысты айттыңыз, заман орыстікі.Ендігі кунде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білуіміз керек. Халық үшін де, өзіміз үшін де дүниенің ең асылы білім мен өнер. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнерін құрметтеймін.

  • Мм, сынымнан сүрінбедің, сол жылқыға айналған жұрт уыстан шығып барады. Тілімді алсаң болыс сайлауына түс.

Абай: Ел жағдайын көріп тұрып, енді бас тартқаным жарамас.

  • Ел бұзылмаса екен, өзегіне жегі құрт түспесе екен деп алла-тағаладан кундіз- түні дұға етіп, тілек тілеймін. Бір жаратқан өзі жар болсын! Аумин!

  • 5.

Абай: Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын

  • Түбін ойлап уайым жеп айтқанмын.

  • Ақылдылар арланып, ұялған соң

  • Ойланып түзелеме деп айтқанмын.

  • Жұртым ай шалқақтамай сөзге түсін

  • Ойлашы сыртын қойып сөздің ішін.

  • Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,

  • Шығарған сөз емес қой үкім үшін.

  • Күллі адамзат баласын қор қылатын үш-ақ нәрсе бар:

  • ең әуелі надандық, еріншектік және зұлымдық.

  • Содан қашпақ керек!

  • Соны ойлай беретін болсаң зерек

  • Еңбекті сат, арды сатып неге керек?

  • Үш ак нәрсе адамның қасиеті

  • Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек!

  • Ортаға біліміңмен емес, мінезіңмен сиясың. Бұрынғы біздің бабамыз елдік мәселе көтерілгенде бас араздықты тастап, бас-басына би болмай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды емеспа? Ал қазіргі қазаққа биылғы жасаған жақсылығың келісі жылға жарамай қалады. Қазақ өз табиғатынан қашан айныды? Мұндай күйге қашан жетті? Иә, бодандық! Бодандықтың қамытын үзіп, азаттықтың ақ таңы атар кун де туар! Мен ол күнді көрмеспін, бірақ заман өзгеріп, қауым басқаша даурен жасар, басқа заңдар туғызар.Сол болашақ үшін жол бастайтын даналар, ел бастаған даралар болса, келешегің кемел, болашағың жарқын болмақ! Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйікті құлының бірі боласың! Осы аманатымды сан мыңдыққа жеткізер күш қуат пен сабыр бере гөр!

  • Осы ұлы көште адаспай өз биігіңе қонарыңа сенімдімін, қыран елім !

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дуниеге

Тетігін тап та бар қалан!

(Қараңғы тунде тау қалғып)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі