жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай -дана, Абай-дара
Тақырыбы:
«Абай-дана,Абай-дара
қазақта!»
Мақсаты:
Оқушыларға биыл Абай атамыздың 175
жыл екенін естеріне
сала
отырып ,өмірі мен шығармашылығына
байланысты әдеби-кеш ұйымдастыру.
Көрнекілігі:
Сахнаны безендіруге арналған қажетті
құралдар, көрініске қажетті
жабдықтар,
ақын- жазушылардың пікірлері
жазылған қабырға газеттер т.б
Әдісі:
Сценарий бойынша өткізу
Барысы:
1-ж.
Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай,
Бағдарымсың
бет түзер Құбыладай!
Ана
тілдің арқасы, ұғып келем,
Желілерін
ойыңның үзіп алмай.
2-ж.Талант
таудың ұшпағы -ұлы Абай,
Таңдан,
әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр
тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ,
Сыбдыр
қаққан балбөбек тілі балдай.
1-ж.
Қазақтың рухани кемеңгері,ойшылы,білім
мен бостандық жолындағы
қажымас
күрескері - Абай бұл күндері бүкіл
адамзатқа ортақ тұлғаға айналып
отыр.
2-ж.
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев.Онан
асқан бұрынғы-соңғы
заманда
қазақ баласында біз білетін ақын
болған...» , - деп жазған Ахаң.
1-ж.
Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған
«Абай-дана, Абай -дара қазақта!»
атты
әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!
2-ж.
Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым!
Өлмейтін артына сөз қалдырған
кемеңгер
Абай Құнанбаевқа - 175
жыл толып отыр. Абай атамыздың мерейтойы
қарсаңында
ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз
-Абай рухына арналмақ.
1-ж.
Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданына қарасты
Шыңғыстау
бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде
дүниеге келген.
2-ж.Абайдың
арғы атасы- Ырғызбай да, атасы- Өскенбай
да өз кезінің атақты
адамдары,Тобықты
руының билеушілері болған.
1-ж
Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді,
мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі
Зереден
алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге
әуес болып, әжесі мен анасы айтқан
ертегі-аңыздарды
құмартып тыңдап өседі.
2-ж.
Абай өзінің алғыр, дарындылығының
арқасында,кітапты көп оқып өз бетінше
көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың
классик ақындары
Низами,Сағди,
Хафиз,Науаи,Физули шығармаларын қызыға
оқиды. Басқа да әдеби мұралармен,қисса,
дастан, ертегілермен осы кезде
танысады.
1-ж.Зерек
Абай медресе бағдарламасындағы діни
біліммен ғана шектеліп қалмай,
араб,парсы,түрік тілдерін игеру
нәтижесінде шығыс классиктерінің
шығармаларын оқып үйренеді.
2-ж
Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей,ел
билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл
болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал,
Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне
үңілген сайын, адам жаны тебіреніп,сезім
көкжиегі кеңейіп,бар болмысы сөзбен
айтып жеткізе алмайтындай ләззат
алады.
1-ж.
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы
ойы мен идеясынан адамгершілікке тән
қасиеттерді бойына дарыта алмаған
,адами рухты сіңіріп өсу керек деген
ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы
өлеңдерінің бірі «Әсемпаз
болма әрнеге»
өлеңіне кезек берсек.
Оқитын: 11-сынып оқушысы Орынбасарова Фариза
2-ж.
«Ғылым
таппай мақтанба» оқитын: 9-сынып оқушысы
Сақтаған Аңсар
1-ж.
Абайдың
келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат
лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры»,
«Қыс», «Күз». Абайдың жыл мезгілдеріне
арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің
тіршілігі суреттеледі.
«Қыс»
оқитын:7 сынып оқушысы Әлібекова
Жайнагүл
1-ж.
Табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына
үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық
ерекшелігі бейнеленген.Тағы да табиғат
туралы өлеңіне кезек берсек.
«Күз» оқитын: Ғарифуллина Зарина.
2-ж
Академик Зәки Ахметов Абай ақындығының
теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге
аса дарынды сазгер болғанын, көптеген
әдемі,әсерлі әндер шығарғандығын
айтқан.
1-ж.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы
әнмен тәтті күй
Көңілге
түрлі ой салар
Әнді
сүйсең ,менше сүй ,-деп Абай атамыз
айтқандай 5-сынып оқушысы Пауеден
Диастын орындауында «Желсіз түнде жарық
ай»
әніне кезек берсек.
2-ж.Абай
өмірінің соңында жазылған туындысы
«қарасөздер » деп аталады.Қара
сөздер-ккөркем әңгіме емес,алайда оларды
даналық сөздер,мақала,ғылымдық,философиялық
шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың
жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың
қарасөздеріне кезек берейік.
20-қарасөзі
.Оқитын: Аманғали Жасмина
1-ж.31-қарасөзі
.оқитын: Шәбілов Айбол
2-ж
.Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті
қазынасы. Абай
өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды.
Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа
биіктерге, асқар асуларға шақыра
береді,»,-деп Елбасымыз айтқандай Абай
мұрасын жалғастырушы кейінгі ұрпақ не
дейді? Абай атасының рухына бағыштаған
жас жеткіншектерге кезек берсек.
Абай
өлеңдері. 6-сынып
оқушылары.
1-ж.
Әннің де естісі бар,есері бар
Тыңдаушының
құлағын кесері бар.
Ақылдының
сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда
көңілдің өсері бар.
«Көзімнің қарасы» орындайтын: Аманжолова Айана
2-ж.«Лай суға май бітпес,қой өткенге» оқитын: Матжанова Гүлбақыт
«Татьянаның Онегинге жазған хаты» оқитын:Баянғалиева Сабира
1-ж. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?–дей отырып 10, 11- сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың қара сөздерін жатқа оқуға шақырайық.
-
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен
бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз
алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын
өз өлеңінде.
2-ж.«Сабырсыз,арсыз,еріншек» оқитын: 7-сынып оқушысы Тайпақова Оралгүл.
«Құлақтан кіріп бойды алар» оқитын Аманжолов Саят.
1-ж.
Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы
ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды
әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған
көңілің көтерілер,- «Желсіз
түнде жарық ай» орындайтын Сакенова
Аяжан.
2-ж.
Рухымен бекем күрескен,
Санаға ғылым
ұқтырған.
Сөзімен жарық, нұр
құйған
Айналдық дана, текті ұлдан.
Келесі кезекті өлеңдеріне берсек.
«Жігіттер ойын арзан,күлкі қымбат» оқитын:8-сынып оқушысы Көшербаев Арсен.
«Әсемпаз болма әрнеге» оқитын:Амандық Зерда
1-ж.
Қазақтың туған бағына
Абайдай дана
баласы.
Ақынның ғашық жырларын
Сағынды
байтақ даласы – дей келе қарасөздеріне
кезек берсек .24-қарасөзі оқитын:Орынбасарова
Гүлназ.
2-ж. 6-қарасөзі.Оқитын: Шынтасқызы Мадина.
1-ж.Барша
қазақ баласы Абайды тануға,білуге,Абаймен
мақтануға тиіс. Ұлы
ақын өз халқын өркендеген,өскен,еркін
халық ретінде көруді арман еткен. Сол
Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.
2-ж.
Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан
қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай
сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра
қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 175
жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз
аяқталды.Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз
үшін көп-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген