400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай- қазақ поэзиясының биік шыңы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбайұлы. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп Ахмет Байтұрсынұлы ең биік бағасын берген Абайдың поэзиясы қазақ поэзиясының мұзарт шыңы екені сөзсіз. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл шындықты тағы бір қырынан талдап көрсем деп едім... ДАЙЫН ЭССЕ ЖҰМЫСЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы




Абай- қазақ поэзиясының биік шыңы

«Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбайұлы. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп Ахмет Байтұрсынұлы ең биік бағасын берген Абайдың поэзиясы қазақ поэзиясының мұзарт шыңы екені сөзсіз. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл шындықты тағы бір қырынан талдап көрсем деп едім...

Қазіргі қазақ тілінде «Абайды оқы, таңырқа!» деген сөз жиі қолданылып жүр. Шынында да Абайдың қай шығармасын оқысаңыз да бүгінгі қазақ қоғамындағы әлеуметтік-тұрмыстық, саяси-әлеуметтік, адами құндылық т.б. мәселелерді қозғайды. Мәселені қозғап қана қоймайды, оның шешу жолын көрсетеді, темірқазық секілді адастырмай алып шығатын жарық жолды көрсетеді, жөн сілтейді. Мысалы:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап-дейді ақын. Адам баласы бірі-біріне ақыл айтқыш, жөн сілтегіш. Біреуі дұрыс айтар, біреуі бұрыс айтар. Ақ-қарасын анықтай алмайтын жағдайлар болуы мүмкін. Ал бұдан шығатын жалғыз дұрыс жолды Абай тек адамның өзі деп айқын көрсетіп тұрған жоқ па?

Тағы да хакім Абай:

Әкесі ұрысса балаға, ол да - достық,

Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?-дейді. Расында да сөз астарын түсінетін адамға осы екі-ақ ауыз сөздің бүгінгі күннің ең үлкен мәселелесін көрсетіп тұрғандығы түсінікті. Асқар тауы әкесін, ақ самайлы анасын сыйламай, дауыс көтеріп, зекіп, тіпті қарттар үйіне өткізіп жатқан масқаралық қазақ қоғамының азғындауының соңғы шегі деп білемін. Ал Абай осы өлеңінде мәселенің осыншама ушығып кетпеуіне жол сілтеп тұрғандай. Ақын шеберлігінің асқақ шыңы осынысымен де құнды.

Дана Абай:

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

 Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

Қыран шықса қияға, жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап,-дейді. Бір қараған адамға қаран мен қарғаны салыстырып суреттеу ғана сияқты. Ал астары терең ой салады. Алғашқы екі жолында балаға жөн көрсетсе, дұрыс тәрбие бере алса, ұрпағы үлгі бола алатын, кірпіш болып қалана алатын тұлға қалыптасатынын көрсетсе, ал келесі жолдардағы:




«Қыран шықса қияға, жібереді.

Олар да екі құсын екі жақтап»-дегені «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесінге» дөп келетін қоғам мәселесін астарлап, бедерлеп көрсетіп тұр. Бұл дегеніміз-Абай поэзиясының өзгелерге ұқсамайтын ерек екендігінің айқын көрінісі.

«Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар болатын шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай» - деген Міржақып Дулатұлының сөзі басы артық барлық сөздің соңғы нүктесін қойып тұр. Өйткені қоғамда болатын барлық жайттар тек қана адамның қолымен істеледі, адамның айтқанымен істеледі. Сондықтан да Абай ілімі –адамзат ілімі, «толық»адам ілімі. Абай қозғаған басты тақырып - адам мәселесі. Осы мәселе түзелсе, барлық қолдан жасалған мәселелер көбесін сөккен қалың қардай еріп, жерге ізім-қайым сіңіп жоқ болып кетері сөзсіз. Яғни, Абай шығармалары-қазақ поэзиясындағы барлық шығармалардың жақұт бағалысы.

Сөз соңында Абайдай асқақ тұлғаның ғажайып туындылары ешқашан қайталанбайтын, өз құнын, өз бағасын жоғалтпайтан жауһар туындылар екенін тағы бір қайталап айтқым келеді. «Адамзаттың Абайы» атанған Абайдай асқақ тұлғасы бар қазақтың маңдай бағы бес елі. Абайды оқыңыз, үлгі алыңыз, тамсаныңыз!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі