400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Абай- қазақтың темір қазығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортамен таныстыру сабағында балалардың сөйлеу әрекетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоршаған ортамен таныстыру сабағында балалардың сөйлеу әрекетін дамыту


Тақырып: Өмірлері өнеге болған ұлы адамдар «Абай- қазақтың темір қазығы»

Мектепалды топ

Мақсаты: 1.Балаларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы және өлеңдерімен таныстыру,өлеңді мәнерлеп айтуға үйрету, өлеңдердің мағынасын түсіндіру;

2.Сөйлеу әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту,

3.Еңбек етуге тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, Абайдың суреті, жыл мезгілдерінің суреттері, табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер.


Сабақтың барысы:


Дефектолог балалармен амандасып, слайдқа қарап тіл жаттығуларын жасауға ұсынады.

Тіл жаттығулары «Тәтті тосап», «Сағат», «Допты ойнат»


Шаттық шеңбері

«Сәлемдесу»

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. 


Дефектолог: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

Дефектолог: Дұрыс айтасыңдар. Сендер жыл мезгілдері туралы өлеңдер жазған қандай ақын жазушыларды білесіңдер?

(Балалар өз ойларын айтады)

- Дефектолог: Мына суреттегі жазушының атын білесіңдер ме?

-Бұл Абай ата.

-Дефектолог: Дұрыс таптыңдар. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан. Абай ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түскен. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Ақын жыл мезгілдері туралы өлеңдер жазған. Сол өлеңдердің үзіндісінен жылдың қай мезгілі туралы айтылғанын тауып көреміз бе?

-Иә, табамыз.

Дефектолог: Ендеше «Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны арқылы жыл мезгілдерді тауып атайық:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

-Балалар, бұл өлең жолдары жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Көктем.

-Дұрыс айтасыңдар.

Балалар көктемге тән табиғатта болатын өзгерістерді атайды.

Сергіту сәті.

Ендiбiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиiжаттығып,

Үлкен кiсiболамыз.

Дефектолог: Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап

-Жаз жыл мезгілі.

Дефектолог: Жарайсыңдар! Бұл өлең жолдарында жаз туралы айтылған. (балаларға жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары бейнеленген суреттерді көрсетеді)

Балалар жазға тән табиғатта болатын өзгерістерді атайды.

Дефектолог: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

-Қыс.

Балалар қысқа тән табиғатта болатын өзгерістерді атайды.

Дефектолог:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

-Күз.

Балалар күзге тән табиғатта болатын өзгерістерді атайды.

Дефектолог: Сендер бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Бүгінгі сабақта ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевпен және оның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерімен таныстыңдар. Абай атамыз бұл өлеңдерінде табиғатта болатын өзгерістерді және адамдардың тұрыс-тіршілігін қатар қойып сипаттаған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі