15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай әлемі
Жезқазған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі
«№4 ЖББОМ ММ»
Педагогтер арасында Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына
арналған сынып сағаттар байқауы
Тақырыбы: « Абай әлемі....»
Формасы: сыныптан тыс танымдық сабақ
Құрастырушы: Искакова Бақтыгүл Дүйсенқызы
№4 орыс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Электронды мекен жайы: baktygul-iskakova@mail.ru
Тақырыбы: Абай әлемі
Мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығын, келер ұрпаққа қалдырған өсиетін оқушылардың ой санасына сіңіру.Абайды тану арқылы қазақтың даналығын, сөз өнерін, таныту.
Міндеттері:
Абай шығармаларының тереңіне үңіліп, сұлулығы мен маңызын түсіну.
Абай ұлылығын терең сездіру,туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ұлы ақын Абай шығармаларының кез келгенін талдай білу, дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту.
Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері, кітап көрмесі, ақын шығармашылығына байланысты слайдтар.
Түрі: танымдық сабақ
Әдіс-тәсілі: баяндау, мәнерлеп оқыту, сұрақ-жауап, слайдтар мен видеоролик
көрсету
Кештің барысы
І.Ұйымдастыру. Кеш Абай туралы видеороликпен басталады.
ІІ.Кіріспе.
Биыл қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 170 жылдығын тойламақпыз. Ол шығармаларында халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады. Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді. Сөз кезегі жүргізушілерге беріледі.
1-Жүргізуші: Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін бастан кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастайын
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? -деп айтқан екен (-слайд көрсетіледі) .
2-Жүргізуші: Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Осыған байланысты біздің бүгінгі кешіміз 5 бөлімнен тұрады.
ІІІ. Негізгі кезең:
Кештің жоспары: І. Абай –сазгер.
ІІ. Абай-аудармашы.
ІІІ.Абай –қарасөз шебері.
ІҮ.Абайдың –табиғат лирикасы.
Ү. Семей – Жидебай телекөпірі.
ҮІ. «Кемедегінің жаны бір» сұрақ-жауап
Жүргізуші:
.
Көңіл
құсын құйқылжытып шартарапқа,
Өлеңіне саз шығарып, шырқатқан
кім?
(Абай
– сазгер)
Олай болса, кешіміздің бірінші
бөлімі Абай –сазгер. Ендеше Абай
атамыздың үні іспеттес әндеріне кезек
берейік. (Көзімнің қарасы, Желсіз түнде
жарық-ай. «Айттым сәлем, қаламқас» т.б)
- «Айттым салем,Қаламқас»
- «Желсіз түнде жарық ай».
- «Көзімнің қарасы».(синтезаторда)
2-Жүргізуші:
Орыстың
әдебиетін үлгі тұтып,
Пушкин мен Лермонтовты
қазақша жырлатқан кім?
(Абай – аудармашы)
Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап…. Абайдың ақындық мәдениетті жетілдіруде,ақынның қоғамдағы орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануына орыстың классигі Пушкиннің ықпалы зор болды. Пушкин шығармаларын оқып, оны аударумен Абай көбірек шұғылданды.
1-оқушы: «Татьянаның Онегинге жазған хаты»
2-оқушы: «Лермонтовтан аударған «Ой» өлеңі
1-Жүргізуші: «Абай-бүгінгі адамға қажетті сауатты, ерекше білімді уағыздың иесі…Хакім Абайдың қарасөздері адам туралы ғылымның көркем сөзбен баяндалуы» дейді ғалым А.Ісмақова. (Абайдың қара сөздері оқылады.)
7-қарасөзі
16 қарасөзі
17-қарасөзі
19 қарасөзі
31- қарасөзі
2- Жүргізуші:
-Абай поэзиясының тағы бір баға жетпес ерекше үлгісі-табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп , өмір сүретін ортасы. Оны дүние жүзінің классик ақындары беріле жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай» атты табиғат лирикалары бар. Абай қыс табиғатын бұдан өзгешелеу стильде суреттейді. Бұл нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туылған өлең. Абай қысы: Н.Некрасовтың «Аяз атасы» тәріздес. Бұл өлеңінде Абай қысты бейнелей келе көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін, кедей үйлерінің тұрмысын көрсетеді. Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын орыс поэзиясынан ала отырып.Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты. Енді оқушылар өлеңдерінің шығу тарихымен слайд арқылы таныстырады.Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдеріне кезек берейік.
1.Жүргізуші : «Қыс «өлеңінің шығу тарихы Абай ізбасарларының бірі- Тұрағул өз естелігінде : «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»» деп өлең қылғаны 1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында кеткен. Соны өлең «еткен» делінген.
-«Қыс » мәнерлеп оқу
2-Жүргізуші: «Жаз» өлеңіндегі ауыл-Абайдың өз ауылы. Абайдың аяңшылы –Абайдың Әбдірахманмен алған аяңшыл Күреңтөбел аты. Айқайшы шалы –сол жылы өз аулымен көрші болған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер, өзінің балалары –Ақылбай, Әбдірахман болатын деп өз естелігінде Абайдың айырылмас досы Көкбай ақын баяндаған.
- «Жаз» мәнерлеп оқу
1-Жүргізуші:
«Жазғытұры» өлеңінің шығу тарихы Көкбай ақын өз естелігінде: «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай өз өлеңдерін Көкбай сөздері деп беріп жүрді. 1886 жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулының ең өрістеп барып орнықпақ болған аулы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақта еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көкбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп : «Осы суретті өлең қыл» деді. Мен біраз өлең қылып едім , жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сөйтіп, сол күні « Жазды күн шілде болғанданы» жазған екен.
- «Жазғытұры» мәнерлеп оқу
2-Жүргізуші: Семей – Жидебай телекөпірі.
Телекөпірдің жүргізілуі: (алдын-ала түсірілген видеоролик)
Журналист рөліндегі оқушы телекөпірдің жүргізілу барысы туралы қысқаша түсіндіреді. Жидебай жағынан қатысушы қонақтар сұрақтарға жауап береді.
1-Жүргізуші: -Қымбатты қонақтар мен кешке қатысушылар! Біз қазір «Семей- Жидебай» телекөпірін, яғни Жидебай жеріндегі мұражай қызметкерлерімен сұхбат өткізіп қайтқан еді. Назарымызды экранға аударсақ.
Журналист:
Сұрақ: Жидебай туралы біраз әңгімелеп берсеңіз. Жидебайда айрықша есте қалатын тағы қандай орындар бар?
Жауап: Мұражай қызметкері:
- Шығыстан батысқа қарай шөккен түйедей көлбеу түсіп, екі жүз шақырымға созылған, бір жағы – Ақшатау сілемдері арқылы атақты Тарбағатай тауларымен, бір жағы – Абыралы шоқыларымен астасып, тамырша тарасып жататын әйгілі Шыңғыстаудың картадағы белгісі елеусіз болғанымен, тарихтағы орны – оқшау, өмірдегі өрісі ұзақ дер едім. Себебі, осы Шыңғыстауды жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы қазақ халқының ұлы ақыны дүниеге келген. Ал Жидебай – ақын өмірінің ең соңғы жылдары оның талай тарихи өлеңдерінің өзегіне нәр берген жер ұйығы. Еліміздің ой-қырынан, әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақтардың әулие орнына, киелі мекеніне арналған Жидебайда өздеріңе М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан белгілі бірнеше тарихи адамдардың мүрдесі жатыр. Жидебайда ең әуелі көзге түсетіні – 1960 жылы мәрмәр тастан салынған Абай Құнанбайұлының ескерткіші. Одан әрі 1986 жылы аналарға арнап ақын ұрпақтарының өздері жасаған алты қырлы кесенесі, ақынның 125 жылдық тойы қарсаңында салынған мұражайы, 1995 жылы бой көтерген мемориалдық кешені көрінеді. Ұлы ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында Жидебайда алматылық архитекторлардың авторлығымен мемориалдық кешен жасалды. Мемориалдың күмбезі платформаға тұрғызылған. Оның бір жағында биіктігі 32 метр, диаметрі 12 метр болатын Абайдың кесенесі, платформаның екінші жағында Абайдың шәкірті Шәкәрімнің кесенесі бой көтерген. Кешеннің дәл ортасында поэтикалық оқулар мен айтыстар өткізілетін амфитеатр бар.
Сұрақ: Семей мен Жидебай аралығындағы тарихи орындар жайлы не
айтуға болады?
Жауап: Мұражай қызметкері:
Семейден оңтүстік батысқа қарай 178 км қашықтықта орналасқан Жидебайға барар жолда кенезесі кеуіп келе жатқан жолаушыны қиыршық қызғылт тасты қақ жарып, мөлдіреп аққан бастау бұлақ көрінеді. Оның оң жақ қапталында «Күшікбай асуы» деп аталатын әйгілі Күшікбай батыр жерленген жер бар. «Күшікбай асуынан» әрі асып «Қанайдың қарағаны» аталатын атыраптан өткеннен кейін жан-жағы адырлы бел, құйқалы қыратты, сыздауытты, тұзды жер Бөріліге жетесіз. Бөрілі – атақты жазушы М.О.Әуезовтің кіндік қаны тамған ата қонысы. Мұнда әйгілі жазушының мұражайы бар. М.Әуезовтің 90 жылдық мерекесі қарсаңында бұл мұражай бүтіндей қайта жөнделіп, қажетті экспонаттармен толықтырылды. Одан әрі сонау ұлға – бұғау, қызға – тұсау болған зар заманда запыран жұтып, бірін-бірі сүйгені үшін тас бауыр қатал заманның құрбаны болған қос ғашық Еңлік-Кебектің мүрдесі жатыр.
Сұрақ: Абай мұражайы туралы өзіңнен естігіміз келеді.
Жауап: Мұражай қызметкері:
Жидебайдағы Абайдың мұражайы – республикадағы көрнекті мәдени орталықтардың бірі. Мұражай туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін. Мұражайға кіре берістегі оң жаққа ақынның бюсті орнатылған. Ал мұражайға кіргенде алдымен кең бөлмелі ас үйге тап боласыз. Ас үйде қойылған қазан, самауырындар, ыдыс-аяқтар, асадал, кебеже – Абайдың өзі қолданған бұйымдары. Келесі қонақ күтетін бөлмеде күмістеген құты, кесе, кебіс, айбалта, шақша сияқты заттар да көз тартарлықтай. Алдағы қос бөлме – Абайдың жыр жазып, кітап оқып, оңаша жұмыс істеген бөлмелері. Ондағы төргі бөлмедегі үстелдің үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі протез тісі, қалта сағаты, қалам сабы мен сия сауыты Абайдың өмірінен елес беріп тұрғандай көрінеді. Сонымен қатар, Абайдың өзі ойнаған тоғызқұмалақ ойынының тақтасы да сол қалпы сақталған. Мұражайдан шыға беріс дәліздің сол жағында тошала бар. Қабырғалары таспен қаланған тошала қысы, жазы бірқалыпты жылылықты сақтап тұрады. Менің айтайын дегенім осы, тыңдармандарға өте қызықты болды ғой деп ойлаймын.
Журналист: Телекөпірге қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Енді назарларыңызды «Жер ұйығы – Жидебай» атты фотомонтажға аударыңыздар. (Тақтада Бөрлідегі М.О.Әуезовтің мұражайы, «Еңлік-Кебек» мүрдесі, Жидебайдағы Абай мұражайы, әдеби-мемориалдық кешен бейнелері көрсетілген фотосуреттер ілінеді).
1-Жүргізуші : Көрермен қонақтар да бұл кештен тыс қалмауы тиіс.
«Кемедегінің жаны бір» сұрақ – жауап сәті.
(Көрермендер осы отырған күйде екі топқа бөлініп, сұрақтарға Абайдың өлең сөздерімен жауап беруі тиіс (күтілетін жауаптары төмендегідей))
І
топ. 1. Абай балаларын медресеге не үшін
берді?
(- Баламды медресеге
біл деп бердім)
2. Шешендігі
жөнінде өзін қалай бағалады?
(- Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім)
3. Абай сөз өрнегін өре алды ма?
(Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл,
Өткірдің жүзі,
Кестенің
бізі,
Өрнегін сендей сала
алмас.)
ІІ топ: 1. Ол жартасқа барды.
Не істеді?
(- Күнде айғай
салды.)
2. У ішкен күндері болды
ма?
(- Мен ішпеген у бар ма?)
3. Ол жалғыз ба еді?
(Жоқ. Атадан алтау, Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ)
ІҮ. Қорытынды: Ұйымдастырушы сөзі:
Бүгін XXI ғасыр басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі, Абай адамзаттың мәңгілік сауалдарына жауап береді.
Абай – адамзат ақылманы. Бүгін, сіздер Абай аталарың жайлы көптеген ойға тоқитын мәліметтер алдыңыздар.
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім»-өлеңімен аяқтағым келеді.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық!
Рахмет. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген