400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жазылған мақала. Білім алушыларға эссе жазуда көмек бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлемнің Абайы

Жиһандағы әрбір ұлттың, тілі мен діні бірдей әрбір қауымның өз кемеңгері, ойы артық данышпаны, ақылманы бар. Менің елімнің дәрежесі биік, ойы терең кемеңгері ол – Абай. Біздің ұлт: «Шебердің қолы ортақ, жақсының сөзі ортақ», - дейді. Осы орайда Йбраһим Құнанбайұлының ақыл-кеңесі қазақ қауымына ғана емес, жалпы адамзат ұрпағына, есті кісінің барлығына ортақ десем, асыра айтқандық емес. Себебі, жақсының сөзі ортақ яғни ақылы ортақ. Біз көне грек ойшылы Аристотельді адамзат ұстазы санаймыз, түркі данышпаны Әбу-Насыр Әл-Фарабидің, түбі парсы Омар Хаямның, қытай ойшылы Конфуцийдің ой-пікірлерін, афоризімдерін жатсынбаймыз, үлгі тұтамыз, тіпті жиі қолданамыз. Сол секілді кемеңгер Абай ақынның ой-түйіндері де түсіне білген адамзат үшін ортақ құндылық. Әсіресе, Абайдың діни философиясы, дінді тану, Құдайды тану жөніндегі ой-толғамдары біздің ұлттың ғана емес, өзге де қауымдардың игілігіне айналып келеді. Оған дәлел ретінде Абай Құнанбайұлы шығармаларының, Абай поэзиясының ағылшын, француз, орыс, түрік, парсы, қытай және неміс тілдеріне аударылғанын келтіруге болады. Әрине, әр ұлттың, әрбір этностың өмірге деген өзіндік көзқарасы, тіршілік пен Құдай танудағы өз танымы мен түсінігі, сезімі мен ой-түйіні бар. Өйткені тілі, ділі, діні басқа. Бұл ретте қазақ кемеңгерін өзге ұлыстар, өзге қауымдар дәл қазақтай түсініп, дәл қазақтай қабылдай алады деу артық. Дегенмен адамзаттық құндылықтар, адамзаттық мәселелер, жалпы адам ата ұрпағына ортақ қасиеттер туралы Абай айтқан сын, Абай келтірген дәлелдемелер мен Абай сілтеген жол көкірегіне тоқи білген кісіге, қай ұлттың өкілі болмасын ұғынықты деп білеміз. Мысалы, Абай Құнанбаев өзінің он бесінші қара сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің, жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»- деген екен. Міне, бұл бір ұлтқа, бір топқа айтылған ақыл емес қой. Әрбір жеке адам, жеке азаматқа айтылған кеңес деп білемін. Өзге тілге аударса, бұл дана сөздерді кез-келген ұлттың адамы түсініп, қабылдары хақ. Мұндай мысалдарды Абайдың философиялық поэзиясы мен қара сөздерінен теріп отырып, мыңдап келтіруге болады.

Абай Құнанбайұлын оқыған кісі өркениет пен білімнен шалғай Шыңғыстау бауырында жатқан қазақтың кемеңгері өз талпынысы мен ақылы арқасында әлемдік деңгейдегі классиктердің, ойшылдар мен кемеңгерлердің пікір-пайымдарымен таныс болғанын түсінсе керек. Танып қана қоймай, оны қорытып, өзіндік дара ой түйгенін, оны қазақы түсінікке икемдеп, елінің қажетіне жаратқанын білсе керек. Мысалы, Гете, Пушкин, Лермонтов, Байрон секілді жиһан деңгейіндегі білімпаздар Абай шығармаларында орын тебеді. Сол кездің таным-түсінігіне ыңғайланған тәржімалар жасалып, кітап бетіндегі үлкен оқиғаларды ақын өз ұлтының танымына бейімдейді. Жақсыны үгіттеп, артықты, озықты насихаттайды. Сол арқылы Абай шын данышпанға, шын ойшылға уақыт та, кеңістік те кедергі емес екенін көрсетіп кетті...

Қазір ес жиып, етек жапқан қазақ елі Абайды әлемге насихаттап таныту үшін көптеген жұмыстар атқарып отыр. Ол шаралардың біршамасын әлемдегі үлкен қалаларда Абай есімін көшелерге беру, Абай ескерткіштері мен мүсіндерін қою, Абай тану орталықтарын ашу деп білеміз. Ондағы мақсат - Абайды әлемге таныту ғана емес, ақын есімі арқылы ұлтты таныту, қазақ елін адамзатқа ортақ құндылықтары бар, адамзатқа ортақ ойшылы бар, өзгемен тең ұлт, қауым екенін көрсету.

Абай атамыздың мұрасы - қазақ үшін аса құнды, әлем үшін әлі де таңсық, адамзат үшін ортақ мұра. Бүгінгі буын, мына біздің міндетіміз осы Абай атамыздың әлемін жете түсіну, жете тану деп білемін. Бұл мақсат Абай ақынның 175 жылдығында ғана емес, әр кез, әр жылда кідіріссіз, жүйелі жүргізілетіне мен кәміл сенімдімін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі