Абай
әлемі – Ұлы ойшылдың өмірі мен
шығармашылығына ұйымдастырылған
сыныптан тыс шара
Эпиграф:
«Абайды
таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге
танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай
біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».
Мақсаты
–
қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы
тереңірек меңгеру, өмір жолы мен
шығармашылығын таныту,
өлеңдерін мәнерлеп айтқызу,
адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның
даналығын, рухани асыл мұраларын
насихаттау, құрмет ету.
Көрнекіліктер:
Абай видео ролик, кітап көрмесі.
Мақсаты:
-
Абай шығармашылығын жас ұрпақтың
«жүрегіне терең бойлатып», Абайдың
жұмбақ әлемінің тылсым сырларына
үңілту;
-
«Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл
сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой
- қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
-
Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін,
философиялық ой - толғауларын насихаттау.
1
-
жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет
сүйер қауым,
білім
нәріне құмар студенттер!
2
-жүргізуші:
Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің
негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана,
дара тұлғасымен де,жарқын бейнесімен
де, жалынды жырымен де, бізбен бірге 175
жыл өмір сүріп келген,сүре бермек те А.
Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
«Абай
мұрасы - халық ұлағаты» атты тағылымды
кешке қош келдіңіздер!
1
- жүргізуші::
Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті,
теңдесі жоқ, алтын қазынасы.Заман ауысып,
уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама
Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап,
оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа
сырларына қаныға түседі. Абай өзінің
туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды,
ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа
биіктерге, асқар асуларға шақыра
береді.
2
-
жүргізуші:
Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман
талабына сай қайта түлеп, жыл өткен
сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік
үлес қосып келеді.
Слайд:
Абайдың Балалық және жастық шағы.
1
- жүргізуші:
80 - жылдардың орта кезінен бастап Абай
ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл
кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың
жемісі.
-
«Әсемпаз болма әрнеге»
Ықылас Мадина П -021
-
«Ғылым таппай мақтанба»
Диана ТМП -021
2-
жүргізуші:
Абай – озық мәдениетті насихаттаумен
қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы
өскен, халықтың үлкен қайраткері. Абай
өзінің поэзиясымен қазақтың көркем
әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді,
әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда
аса үлкен еңбек сіңірді.«Көркем сөздің
асылы - поэзия» деп жоғары бағалай
отырып, ақын мен ақындықтың мұрат -
мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
•
Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Жарқынбекұлы Сұңғат КП -011
•
«Сап - сап көңілім»
Ықылас Мадина П -021
•
«Көңілім менің қараңғы»
Жексенбина Дилара П- 011
•
«Өлең сөздің патшасы»
Ықылас Мадина П -021
2-жүргізуші:
Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік
озық поэзиядан алған бір үлгісі.Ақын
неғұрлым данышпан болса, соғұрлым
табиғатпен терең араласып, оның құшағына
тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен,
ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
•
«Жаз» (1886 ж)
Жәнібек КП- 011
•
«Қыс» (1888 ж)
Айдос КП -011
1
-жүргізуші:
Абай – әдебиеттегі шебер аударма
жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты
аудармалары өзге тілден дәл, нақ
аударылған.
«Евгений
Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі – Онегин
мен Татьяна хаттары.
«Татьянаның хаты» өлеңі
Дегтерева Ярослава П -011
«Пусть
будет ум твоей кладен, словно лед»
Габдрафикова Малика ТМП -011
2
-жүргізуші:
Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір»,
«Әзім әңгімесі».
Бұл
поэмалары қазақ өмірінің шындығын
шығыстық оқиғалар сарынында жазылған.
Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой -
мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі
көрсету.
«Ескендір»
поэмасы
Мадина Ықылас П -021
1
-жүргізуші:
Абайдың шығармашылығын аса жоғары
бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай –
қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын -
соңғы заманда қазақ баласында біз
білетін ақын болған жоқ» деп жазды.
2
-жүргізуші:
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың
Абайы.
Ән
мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
Нақылымен
сана құйған,
Қазағымның
Абайы.
Ақылымен
дана болған,
Бүкіл
әлем Абайы!
1
-жүргізуші:
Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың
шығармашылығына арналған тағылымды
кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі
кездескенше
қош,
сау болыңыздар!
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Павлодар
технологиялық колледжі
БЕКІТЕМІН
Басшының
ТЖ
жөніндегі орынбасары
_________
Т.В.Козлова
2019
ж. «_____» ________________
Абай
әлемі – Ұлы ойшылдың өмірі мен
шығармашылығына ұйымдастырылған
сыныптан тыс шара
Тілдер
циклдік - әдістемелік комиссиясында
қаралған
«_____»
___________________ 2019 ж/г.
ЦӘК
төрайымы
____________________Г.И.
Карибаева
Жауаптылар:Абисаликова
Р.К.
Сейткалиева
М.С.