Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай әлеміне саяхат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Абай әлеміне саяхат» эстафетасы
( «Абай әлемі» клубының ашылу салтанатының сценарийі)
1-Жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған
кім?
Жырымен жан сусынын қандырған
кім?
Өзіне –өзі орнатып
ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған
кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен
кім?
Талабын тас қияға өрлеткен
кім?
Құба жон, құбақан құм, құла
қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен
кім?
2-жүргізуші
:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен
кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен
кім?
Арманын аттандырып
келешекке,
Біздермен осы күні тілдескен
кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан
кім?
Жауына найза сөзін шанышқан
кім?
Өзендей құйған барын көк
теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан
кім?
1-Жүргізуші:
Көрікті көңілде жыр, қолда
қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан
қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы
атасы,
Бірге:
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам!
1-Жүргізуші:
Құрметті , қонақтар! Абай атындағы оқушылар орталығына, білім мен өнер ордамызға, хош келдіңіздер! Бүгін біздің ордамызда Абайдың үні, Абайдың жыры, Абайдың сөзі, Абайдың әні әуелейтін күн! Өйткені қосымша білім беру орталығымыз қала мектептерінен қабылдап алған «Абай әлеміне саяхат» эстафетасын жалғастырып, дәл қазір Абай тереңіне сіздермен бірге бойламақшы. Мың қырлы, мың сырлы тәлімі бар Абайдың жолымен жүру – ақынның бүгінгі ұрпағына міндет, болашақ ұрпағына аманат!
2-жүргізуші
:
Алғашқы сөз кезегін Абай
атындағы Атырау қалалық қосымша білім беру орталығының директоры
Түсіпқалиева Айзада Мұғиқызына ұсынамыз.
1-жүргізуші :
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» - десе, тұңғыш Елбасымыз «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деген екен. Ұлттық ұранымыз болуға тиіс ұлығымызды ұлығылау - баршаға парыз!
1-жүргізуші :
Парасатты болып
туған,
Шыңғыстаудың
Абайы.
Ән мен жырын мұра
қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
Нақылымен сана
құйған,
Қазағымның
Абайы.
Ақылымен дана
болған,
Бүкіл әлем
Абайы!
2-жүргізуші :
Бүгінгі эстафета барысында орталығымызда құрылғалы отырған «Абай әлемі» атты клуб жұмысының ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз.
(Клубтың ашылу салтанаты көрсетіледі)
Жүргізуші:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
Мені мен Менікінің айырылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырп, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма , айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?!
Иә, Абай өлген жоқ! Абай – шексіздік! Абай – даралық! Абай – ізгілік! Абай – мәңгілік! Бұл ұғымдар бүгін әр қазақтың, бар қазақтың ойында. Әсіресе, қазіргідей Ұлы Абайдың 175- жылдық мерейтойы аясында Абай әлеміне тереңдей бойлау – әр адамның міндеті. Осыған орай, бүгін мектебімізде «Абай клубы» ашылып отыр. Клубтың мақсаты: Абай өлеңдерін, әндерін, қара сөздерін насихаттау арқылы ұстаздарымыз бен оқушыларымызға өз-өздерін тереңдей таныту, Абай әлеміне бойлау. Ендеше клуб мүшелеріне сөз берейік.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
-
Абай – менің әлемім! Өйткені мен Абайдың өлеңдерін сүйем, қара сөздерінен нәр алам. Әдебиетші-ұстаз ретінде оқушыларыма Абайды үйретуден , Абайды оқыту – менің үлгілі де сүйікті ісім!.
Тарих пәнінің мұғалімі:
-
Абай – менің әлемім! Өйткені, Абай – тарих, Абай – шежіре, Абай – өткеніміз, Абай – бүгініміз, Абай – келешегіміз! Тарихшы мұғалім ретінде Абай арқылы тұтас халықтың тарихын таныту – менің борышым!
Математика пәнінің мұғалімі:
-
Абай – менің әлемім! Өйткені бес асыл іс пен бес дұшпанды қолыма санап ұстатқан Абай – менің өмірлік нұсқам. Математик ұстаз ретінде ғұмыр сабақтарын Абай арқылы есепке құру – менің айқын мақсатым.
География пәнінің мұғалімі:
-
Абай – менің әлемім! Өйткені дара Абайды, дана Абайды өмірге әкелген қарт Семей, кәрі Шыңғыстау, қайсар Қарқаралы, көркем Жидебай, сұлу Ақшоқы.. Геогроф мұғалім ретінде Абай туған ардақты өлкенің қыр-сырын таныту – менің парызым!
Биология пәнінің мұғалімі:
-
Абай – менің әлемім! Өйткені, Абай – ерекше жаратылыс. Адамның үлығы, Атаның ұлы! Биолог мұғалім ретінде Абайдың тегінен берілген ұлылықты шәкіртке білгізу – менің ерекше арналы ісім!
Физика пәнінің мұғалімі:
-
Абай- менің әлемім! Өйткені Абай өлеңдерінде - тартылыс күші, әндерінде –тербеліс күші, қара сөздерінде – серпімділік күші бар. Физик мұғалім ретінде Абай өлеңдерімен келер жан тыныштығын физика заңдылықтарымен байланыстыра ұғындыру – менің келешектегі ой-жоспарым.
Оорыс тілі пәнінің мұғалімі:
-
Абай – это мой мир! Потому что, читая Абая и признавая его через его роботы мы духовно стоновимся богатыми. Каждое его стихотворнение , каждое из его песен находит отклик в каждой душе. Абай- это прошедшее , ностоящее и будущее.
11- сынып оқушысы:
-
Абай – менің әлемім! Өйткені Абайдың:
-
Әсемпаз болма, әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та , бар қалан!- деген сөзі маған және менің құрдастарыма арналған. Күні ертеңгі мектеп түлегі ретінде Абай ата антына адал боламын!
Оқушы: (1- сынып оқушысы)
-
Абай – менің әлемім! Өйткені мен:
-
Ғылым таппай мақтанбаймын!
Орын таппай баптанбаймын!
Құмарланып шаттанбаймын
Ойнап-босқа күлуге!
Бес нәрсеге асық боламын!
Бес нәрседен қашық боламын!
Бұл маған Абай бабам нұсқаған даңғыл жол! Сол жолмен болашаққа барамын!
Жүргізуші:
Жарайсыздар!
Шамшырағым – болар Абай әлемі!
Табылады ұлы Абайдан жан емі!
Ордамызда клубы Абай ашылды,
Болсын дейміз ғұмырлы да, кәделі!
Бәрі:
Клубтың аты – «Абай әлемі»
Клубтың әнұраны: «Абай менің әлемім!
Абайдан табам жан емін!»
(Сахнаның сыртынан оқылады)
Абай – мыңжылдықтарды құшағына сыйғызған, заманалар сырын толғаған, адам болмысының құпиясы мен тұңғиық тереңін нәзіктікпен сөйлеткен, Ұлы Даланың өрен тұлғасы. Абай тұлғасы – дара құбылыс, ақыл-ойдың, парасаттың асқар биігі.
(Көрініс басталып кетеді)
1-Жүргізуші:
Білімдіден аяман сөздің
майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің
жайын!
Ездің басы қаңғырсын, ердің
көңілі
Жаңғырсын деп ойладым айтқан
сайын.
Көкірегінде оты бар ойлы
адамға
Бұл сөзімнің суреті болар
дайын
(Абайдың қара сөздері айтылады)
«Желсіз түнде жарық ай» әні.
1-Жүргізуші:
Абай! Мұхтар!
Қос данышпан, қос алып! Бірі қазақты әлемге танытты, бірі Абайды әлемге танытты! Абай – ұлылырдың ұлысы! Мұхтар – нар халықтың тынысы! Абай – өлең сөздің қаймағы! Мұхтар – сара сөздің саңлағы! Абай – Мұхтар.. Халық.. Халық- Мұхтар – Абай.. Бір ұғым..
(«Абай мен Мұхтар» көрініс, Абай өлеңдері оқылады)
1-Жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері
бар.
Тыңдаушының құлағын кесері
бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы -
күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері
бар.
2- жүргізуші
:
Құлақтан кіріп, бойды
алар,
Жақсы ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең менше
сүй,
( Абайдың әнін краокеде барлық қатысушылар мен қонақтар бірге орындайды)
1-Жүргізуші:
Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың шыңына ұмтылғымыз келсе, даналықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, ақын Абай, хакім Абай әлемін шарлаудан шаршамайық, ағайын! Өйткені адамшылықтың барлық үлгісі Абайда!
Аман-сау болыңыздар!
Сценарийді дайындаған: Кемалиева Айнагүл Қылышқызы
№ 34 көп салалы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі