Тақырыбы: "Абай –ақиқаты"
Мақсаты:
1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.
2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.
3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі.
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттері: шындықты айту, жақсы сөйлеу, жақсыны көру, қарапайым болу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Бастаушы. Ой қозғау.
Парасатты болып туған, Шыңғыстаудың Абайы. Ән мен жырын мұра қылған, Сарыарқаның Абайы. Нақылымен сана құйған, Қазағымның Абайы. Ақылымен дана болған, Бүкіл әлем Абайы.
1. Кіріспе бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің "Абай –ақиқаты" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.
2. Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді
1-оқушы:Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибраһим.
-Абай бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?
2-оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.
3-оқушы: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.
4-оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.
5-оқушы: Абайдың әжесі –Зере.Абайды Зере әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибраһимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.
6-оқушы: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.
7-оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.
8-оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды.
9-оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.
10-оқушы: Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар.
3.Мұғалім:
"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді.
Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге, халқына пайда келтіруге үндеді.
Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Асель: «Ұлы ақын - Абай ата»
Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.
Мади:«Абай ата»
Ата
сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
Шағын көрініс
Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.
Есіктен досы Ербол кірді.
Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!
Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.
Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!
Абай (басын изеп): Жарайды.
Жастар жиналып «Айттым сәлем, қаламқас» әнін айтып отыр.
Абай, Ербол шетте отырады.
1-қыз. Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.
3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!
Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!
Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!
4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!
Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.
5-қыз. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!
Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».
Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.
Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.
Бастаушы. Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.
Абай атамыздың мағыналы қара сөздері
Оқушы:Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
Оқушы:Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)
Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар?
Сөз кезегі мектебіміздің кітапханашы апайы Гүлнар апайға беріледі.
Мұғалім:
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай
есімін естігенде есімізге не түседі?
Оқушылар, Абай атамыз туралы не
білеміз?Соны мына күннің әрбір шапағына жазып
көрсетейік.

Ойды түйіндеу
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай
ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді
ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
Ф
.Оңғарсынова
атындағы
№41 мектеп – гимназия

Тақырыбы: «Абайдың ақиқаты»
Сынып: 6 «В»
Жетекшісі: Амирова Э.А.
Ақтөбе, 2023 жыл

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абай –ақиқаты" (қалалық семинарға арналған сынып сағаты)

шағым қалдыра аласыз