400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Абай атамыз қазақ поэзиясының биік шыңы» 175 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай атамыз қазақ поэзиясының биік шыңы»

эссе


Мен қазақпын дейтін әрбір адамның жүрегінің түкпірінде Абайға деген бір жылы сезім жататыны мәлім.

Әр елдің белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз.Өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып өткен. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай түсінігінде білім мен ғылымға құштарлық болып келеді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,-

деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады.

Мен Абай шығармашылығында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінің орны ерекше. Ол:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні көрмек үшін ,

Көкірегі сезімді, ойы орамды.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-

деп бар үмітін оқуға талаптанған жастарға, яғни біздерге жүктейді. Өзі туралы айтқанда:

Жасымда ғылым бар дер ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-

дейді де, оқыған балалар жайында.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- деп оқығанда әкім болып билікке қызығу үшін емес, ғалым болып дүниені тану үшін оқу керек екенін еске салады. Ақынның әр сөзінде бай мазмұн бар. Өзі айтқандай «сырты күміс, іші алтын» болып келеді.

Абай- шығыс пен батысты байланыстырған көпір іспеттес. «Ұлы ұстаз» деген атқа Әбунасыр әл- Фарабиден кейін Абайдан артық лайық есімді табу мүмкін емес. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сөзі, бүкіл халқымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті.Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сөздері, әндері ,әсіресе оның жаңа ғасыр босағасын аттаған балғын жастарға, бізге берер мол ғибраты соншалық жақын да алыс құпиясымен оқырманды өзіне баурай берді.

Мектеп табалдырығын аттағаннан Абай мұрасымен сусындаған бала, келешекте өз мемлекетінің бір кірпіші болып қаланып, елін көркейтері айдан анық.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақта,-

деп кемеңгер, надандықтан шығар жол –оқу-білім, өнер екендігін айта келіп, оның жетістікке жетуіндегі еңбектің рөліне мән береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі