400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай –дана, Абай- дара қазақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі

Абай Құнанбаев туралы эссе



Әр адам өзінің мүмкіндіктерін өзін – өзі тану, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде таниды. Әрбір адам өзінің бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдалана алғанда ғана, алдына қойған мақсат – міндеттеріне жете алады. Сол мақсатқа жету үшін адам өздігінен ізденсе жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Адам өзінің жақсы қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыта отырып өзін – өзі тәрбиелейді. Себебі ізгіліктің арқасында адам өзіне және өзгелерге жақсы, игі, адал істер жасай алады.

Ізгілікті іс игілікке жеткізеді. Ізгілік – адамдықтың негізі, әрі адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Адамның мейірімді, жанашыр, ықыласты болуы, елін, жерін, тілін сүюі, дүниені танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» - деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, осы ізгілік педагогикасының классигі ретінде Абай Құнанбаев туралы жазбақшымын. Абай Құнанбаев - қолына қалам алып, қазақтың рухын көтерген дана адам, қазақтың бас ақыны, халықтың мақтанышы. Абай атамыздың өлеңдері, әңгімелері мен қара сөздері халыққа ерекше тәлім – тәрбие беріп, рухани адамгершілікке баулиды, адамның жүрегіне жақсы қасиеттер – сезімдерді ұялатады. Адам рухани – адамгершілік қасиеттерісіз өмір сүре алмайды. Абай атамыз өз шығармаларында осыны негізге алып отырған.

Абай атамыз туралы айтпақшы болсақ, ол – ақын, ағартушы, жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай өзінің ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық жағдайларын арқау етіп, қазақ халқының білім саласының дамуына өз үлесін қосқан адам. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік меңгеріп, көптеген әлем ойшылдары, классиктерінің еңбектерімен таныс болған. Оның философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» саяси – әлеуметтік салмақтылығымен, рухани – адамгершілік тәрбиелілігімен, дүниетанымдық тереңдігімен, тақырып ауқымдылығымен құнды болып саналады. Абайдың барлық өлеңдері, әңгімелері, шығармалары – қазақ халқының ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани байлығы, қазынасы деуге болады. Уақыт өтіп, заман қанша өзгерсе де Абайдың шығармашылық мұрасы еш маңызын жойған жоқ. Керісінше, қоғамдық сана күрт өзгерген сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырап ашылып, қадірі арта түсуде. Оны өзімізде байқап жүрміз. Ақын өзі өмір сүрген жылдарында артына өзінің аты мәңгі өлместей етіп із қалдырып кетті. Оның мәңгі өлмес шығармалары халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өткен екен. Абай шығармаларының негізі мақсаты адамзатты адамгершілікке жетелеу, тәрбиелеу болатын. Абай Құнанбаевтың кез – келген қара сөздеріне мән беріп қарасақ, олардың орасан зор өмірлік тәрбиелік мәні бар. Бұл әсіресе оқу – білімге ұмтылған жастарға ерекше қымбат, бағалы деп ойлаймын. Адамды бақытқа, мақсатқа жеткізетін білім екенін бәріне мәлім. Сол білімді игеру біз секілді жастардың тіпті кез келген адамның қолынан келеді. Сондықтан да оқу – білімге құштар кез келген адам Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде көп мағына жатқандығын білу керек. Ақынның 6-шы, 8-ші, 11-ші қара сөздерін алатын болсақ, онда білім алуға кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттер: мақтаншақтық, еріншектік, надандық сияқты мінездер ашып көрсетілген. Ақынның мынадай бір сөзі бар екен: «Ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс адамның – мінезі. Оқып үйренуден ешқандай пайда болмайды, егер білімнің сенімді сақтаушы болмаса» Бұл сөзінде ақынның адам бойында талап пен еңбекқорлық, оқу – білімге деген құштарлық болмаса, онда оқып үйренуден еш пайда жоқ деген екен.

Абайдың «Он алтыншы» сөзінде «бірлік, тірлік» сөздерінің мағынасын ашып көрсеткен. «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес» - деген жолдарында қиын қыстау заманда адамдардың мал, ақша үшін ар – намысты сату, адамдардың бір – бірлеріне жала жабу, өзара ауызбіршіліктің болмауы сияқты жаман қасиеттердің бәрі де жалқаулықтан, мәдениетсіздіктен, еріншектіктен шығатынын дәлелдей отырып, барша адамдарды осы аталған жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға шақырады. Яғни, адамдарды рухани адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырады. Ал «Қырық бірінші» сөзінде елдің ел болып дамуына кедергі жасайтын ұрлық, парақорлық, пәлеқорлыық, мансапқорлық тағы да басқа жағымсыз қасиеттерді дәріптеген. «Он жетінші» қара сөзінде ақын қайрат, ақыл, жүрек, ғылым туралы айта отырып, үшеуі таласқа түскен кезде әділдігін білу үшін ғылымға төрелікке жүгіну керектігін айтады. «Он алтыншы» сөзіне тоқталатын болсақ, онда ар – ождан, ұят туралы жазылған. Абай атамыздың қай сөзін алып қарасақ та, бәрі де өнеге, бәрі де рухани адамгершілік тәрбиенің мол болуын көздейді.

Мен өз шығармашылық жолында Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін жиі қолданамын. Себебі, өзін – өзі тану пәні оқушыларды рухани адамгершілік тәрбиелеуге негізделген. Өзін – өзі тану пәнінің кез келген сабағы рухани адамгершілік тәрбиемен ұштасып жатыр. Өзім мұғалім болғандықтан өзімнің педагогикалық іс – тәжірибемде, барлық сабақтарымда Абай атамыздың шығармаларын, өлеңдерін көп пайдаланамын. Әсіресе ақынның мына бір өлеңдері жанға қуат берердей.

Бес нәрседен  қашық бол,

Бес нәрсеге  асық бол.

Адам болам десеңіз

Тілеуің , өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік , мақтаншақ,

Еріншек , бекер мал шашпақ-

Бес дұшпанын  білсеңіз

Талап , еңбек , терең ой

Қанағат , рақым , ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

Осы өлең жолдарын үнемі сабағымда пайдалана отырып, оқушыларымды жақсы қасиеттерді (еңбекқорлық, бауырмалдық, мейірімділік, жанашырлық, талап, қанағатшылдық, мәдениеттілік, әдептілік, парасаттылық, кешірімділік, жомарттық тағы да басқа) бойларына сіңіріп, жағымсыз жаман қасиеттерден (еріншектік, қатыгездік, рақымсыздық, қайырымсыздық, өтірік айту, өсек айту, мақтаншақтық т.б.) аудақ болуға, рухани адамгершілігі мол адам болуға шақырамын. Абай атамыздың өз дәуірінде айтып кеткен сөздері қазіргі уақытта да өз күшін жоймай, өзіндік сипатқа ие. Оның адамгершілікке толы шығармалары мен қара сөздері бізге рухани азық, соған қарап бой түзеп келеміз. Алдағы уақытта да ақынның шығармаларынан үйренетініміз, аларымыз өте көп деп ойлаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі