Материалдар / Абай-дана, Абай-дара!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай-дана, Абай-дара!

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА!

Абай Құнанбаев – қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлға. Оның қазақ дегенде қаны мен жаны арқылы өлең жазу шеберлігіне арқа сүйеуінен байқауға болады. Киелі  қазақ елі үшін ерекше жыл деп есептеймін. Өйткені ұлы  Абай атамыздың 175 жылдығын әр жерде әртүрлі деңгейде атап өтуде. Жалпы ақынның қай өлеңі мен  шығармасын алсақ та, ойға түрлі ой салатын, жалпы адамзат баласы үшін рухани азық ететін туындаларының тәрбиелік мәнінің зор екенін айта аламыз. Айтар ойым: Ұлы данышпан тұлғамыздың өскелең ұрпақ үшін жазған еңбектерін бағалап, насихаттап жүрсе екен деймін. Абай тек қана ақын емес,сонымен қатар музыкант ,қазақтың халық музыкасын терең білген,жете бағалаған адам болды.Абай атамыздың талантын бағалаушылар мен дәріптеушілердің саны жыл сайын молая түсуде.Абай әлеуметтік қызметі мен ақындық шығармалары дала жастарының арасында әсіресе белгілі болды.Көптеген жиындарда ,ойын-сауық тойда,қыз ұзату мен келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өленің орындайтың болған екен.Абай атамызға тең келетің еш бір қазақ немес шет ел жазушылары жоқ екенің әлем мойындаған.

                    Абай қазақ халық әдебиетіне өрендеуі мен дамыуына орасан зор үлес қосты ақындардың көшін бастаушы.Ол төрт мезгілге арнап өлең жазған адам ал лирикалық өлендері мен ақындық толғаныстарына шек жоқ.Ал қазіргі өсіп келе жатқан  өскелен ұрпақ Абай атамызды білмейді деген кім сенер екен.Ол шымырлатып бойларына әнің тындап,жүректерің тебіренте  тақпақтары мен қара сөздерін жаттау асқақ ойлары мен терең түйсіктеріне сақтай алған.Абай атамыздын әр жазған шығармашылығын бастасан болды тұңғыйық аралына батып кеткендей күй кешесің.Абай атамыздың әр қара сөздері ойға күш салып және де  қандай даналығы мен данышпандығын ,қасиеті мен қадірлігін,санасы мен ой өрісін шыңдалып, түсінігі терең мұқиттың нүктесіндей елестетуге болады.

                  Алайда Абайдың үнемі бола бермегенің атап өткен жөн.Молдалар мен имандардың діни фанатизімін,екіжүзділігін,пайдакүнемдігін сынай отыра Абай өзінің бірсыпыра өлеңдерінде және сонын ішінде қарасөздеріңде дінді жақтаған еді.Абай тікелей қазақ халқындағы -ауыз әдебиетіндегі нақыл сөздерді бағыттаушы ғұлама ақын болып тарихта таңба болып сақталып қалады.Абай жомарттылығы соншалықты өз көз майын тамызып жазған  шежірелі өлеңдерін достары мен жақындарына таратып сыйға тартқан екен.

Абай өте ерте өлең жаза бастаған оның өлеңдері ақталмағаны және де жоғалғандары немесе сақталмағандары қаншама екен нақты саны белгісіз .

           Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар болғаны шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы. Аталған уақыт аралығында қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем. Еліміздің шымырланып, қайта түлеу қажеттігін сезінгендіктен, қайрау мен намысқа тию арқылы ішкі жан-дүниесінің қайтадан жаңаша құрылу қажеттігін ұсынды. Мәселен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын толғауында халқына бағышталған махаббаттың тұңғиық көріністері анық байқалады. Ақынның жақсы мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат пен ғадауат туралы әр ұстанымы, әр тұжырымы өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың келбетін анықтайтын айрықша өлшемдер сияқты.

          Абай адам өмірінің бірталай келеңсіз жақтарын сынай отырып, одан құтылудың жолын да көрсетіп береді. Өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып өткен. Ақынның шығармашылығының өзегі «Адам бол» деген философиялық идеяға сәйкес келеді. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай түсінігінде білім мен ғылымға құштарлық болып келеді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,-

деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай ескіліктің бұғауынан, надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінеді.

Мен Абай шығармашылығында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінің орны ерекше. Ол:Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні көрмек үшін ,

Көкірегі сезімді, ойы орамды.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-

деп бар үмітін оқуға талаптанған жастарға, яғни біздерге жүктейді. Өзі туралы айтқанда:Жасымда ғылым бар дер ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-дейді де, оқыған балалар жайында

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- деп оқығанда әкім болып билікке қызығу үшін емес, ғалым болып дүниені тану үшін оқу керек екенін еске салады. Ақынның әр сөзінде бай мазмұн бар. Өзі айтқандай «сырты күміс, іші алтын» болып келеді.

        Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайдың... барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр... Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді», -деп бағалайды. Ия, Елбасының пікірімен келіспеуге болмас.Абай- шығыс пен батысты байланыстырған көпір іспеттес. «Ұлы ұстаз» деген атқа Әбунасыр әл- Фарабиден кейін Абайдан артық лайық есімді табу мүмкін емес. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сөзі, бүкіл халқымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті.

                 Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сөздері, әндері ,әсіресе оның жаңа ғасыр босағасын аттаған балғын жастарға, бізге берер мол ғибраты соншалық жақын да алыс құпиясымен оқырманды өзіне баурай берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлттық код, туған жер деген ұғымдарды негізге алды. Ал осы рухани құндылықтарымыздың бастауы-Абай мұрасында жатыр деп айту, қателік емес. Мектеп табалдырығын аттағаннан Абай мұрасымен сусындаған бала, келешекте өз мемлекетінің бір кірпіші болып қаланып, елін көркейтері айдан анық.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақта,-

деп кемеңгер, надандықтан шығар жол –оқу-білім, өнер екендігін айта келіп, оның жетістікке жетуіндегі еңбектің рөліне мән береді.

Абай туралы жаза берсек түніміз таңға ұласар, ол да аз. Надандық –білім -ғылымның жоқтығы

Білімсіздік –хайуандық болады

Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден , адамды қор қылатұғын нәрседен бойын аулақ салса, ақынның арманы орындалғаны.

Сөзімді мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді

Барша әлемге әйгілі Абай атын,

Ұлы ақын деп өзінізді айта аламын.

Ерекшесіз, дарасыз біздер үшін,

Үлгі тұтып өзінізбен мақтанамын.

 

Абайдың ұлылығы ұлттығында,

Ей, адамдар! құлақ сал, жырын тыңда.

Ұрпақ үшін жазғанын қадірлендер,

Насихаттап жүрейік ұлтын барда.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!