«Абай дара, Абай дана»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Абай дара, Абай дана»

Материал туралы қысқаша түсінік
I Кезең: «Кім жылдам» II Кезең «Ой түйін» III «Поэзия» IV «Жедел ой» V «Тапқырлар бәйгесі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ





Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Б.С.Тажибаева

«_____» _____2025 ж.





САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ


Мамандығы: «Исламтану»

Пәні:қазақ тілі



Ашық сабақ


Тақырыбы: «Абай дара, Абай дана»







Оқытушы: Дубаева Б.Т.

______________________

Курс: I

Топ: 04-551,04-554













Шымкент 2025 жыл.

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 12.09.2025

Тобы, курсы: I

Сабақтың тақырыбы: «Абай дара, Абай дана»

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Білм алушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныту, даналығын дәріптеу; Топтық жұмыс арқылы іздемпаздыққа, шапшаңдыққа баулу; Тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың оқыту нәтижелері: «Абай дара, Абай дана»

атты сайыс — білім алушылардың білімге деген ынтасын оятып, ізденімпаздыққа бейімдеу, өз білімдерін сынға салу үшін таптырмас мүмкіндік болды.

Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер: интербелсенді тақта, слайд, үлестерме қағаздар.


Сабақтың жоспары:

1. Сабақты ұйымдастыру (5 минут):

А) Студенттермен амандасу.

Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.

Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.


2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі(20 минут):

1. Абайдың қандай өлеңін білесің? Оның негізгі идеясы қандай?

2. Абай шығармаларында білім мен еңбектің рөлі қалай суреттеледі?

3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл іс пен бес дұшпанның мәні неде?

4. Абайдың қара сөздерінен қазіргі жастарға қандай үлгі алуға болады?

5. Абайдың адамгершілік туралы ойлары бүгінгі қоғамда қаншалықты маңызды деп ойлайсың?

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (5 минут):

Сайыс V кезеңнен тұрады:

I Кезең: «Кім жылдам»

II Кезең «Ой түйін»

III «Поэзия»

IV «Жедел ой»

V «Тапқырлар бәйгесі»

Құлақтан кіріп, бойды алар.

Жақсы әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй. Жанәділ Ақжанның орындауында күй (Көңіл толқыны).

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі) (20 минут):


Ұяшықта сұрақтар беріледі екі топ кезектеп ашып сұрақтарға жауап береді.

«Ой түйін» Әр топтан Абайдың бір қара сөздін оқу

Екі топ кезекпен Абай өлеңдерін оқиды

Абайдың нақыл сөздері беріледі жалғасын табу керек

«Тапқырлар бәйгесі» Абайдың нақыл сөздері беріледі жалғасын табу керек

5. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (30 минут):



1.Абай қайжылы туған?

2.Абайдың шын есімі кім?

3.Абайға екінші есімді кім берген?

4.Абайдың алғашқы махаббаты кім?

5."Көзімнің қарасы" өлеңін кімге арнаған?

6.Абай қай жылы дүние салды?

7.Абай неше жасында "сқақ" өлеңін жаза бастады?

8."Ғылым таппай мақтанба" өлеңіне қандай бес асыл іс пен бес дұшпан айтылғын?

9."Толық адам" іліміні мәні неде?

10."Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" деген жолды қалай түсінесің?

11."Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың"деген сөздің астарында қандай ойжатыр?

12. Өзің мал таба алмасаң… (балаң мал тапсын)

13. Тіл жүректің айтқынаны көнсе… (жалған шақпайды)

14.Тірі адамның жүректен… (аяулы жері болама)

15. Жаманмен салысып… (жақсы болмайсың)

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут):

«Абай және менің өмірлік ұстанымым» тақырыбында 1 бет көлемінде шағын шығарма жазу.


7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут):

Сабақ мақсаты орындалды. Білім алушылар Абай шығармашылығына қызығушылық танытып, өз ойларын жеткізе алды.

Бағалау: Әр дұрыс жауап беріп,белсене қатысқан студентке 1-100 пайыз аралығында беріледі


Кері байланыс: Жазбаша кері байланыс үлгісі (Стикер әдісімен):

Қатысушылар түрлі түсті стикерлерге өз ойларын жазып, тақтаға жабыстырады.

-Маған ұнады...

- Маған қиын болғаны...

- Мен білдім/үйрендім...

- Келесі жолы ұсынамын...











































ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ





Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________Б.С.Тажибаева

«_____» _____2025 ж.





САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ


Мамандығы: «Исламтану»

Пәні:Қазақ тілі



Ашық сабақ


Тақырыбы: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»








Оқытушы: Дубаева Б.Т.

______________________

Курс: I

Топ: 04-554.










Шымкент 2025 жыл.

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 05.09.2025

Тобы, курсы: I

Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін түсіндіру, тілге деген құрмет сезімін арттыру. Қазақ тілін дамыту, насихаттау, қолдау аясын кеңейтуге баулу. Білім алушылардың ой-пікірін еркін жеткізе білуіне дағдыландыру. Ел бірлігінің басты тірегі - мемлекеттік тіл екенін ұғындыру.

Сабақтың оқыту нәтижелері: «Тілімізді құрметтеу – өз ұлтымызды құрметтеу. Қазақ тілін үйрену – елге қызмет етудің ең үлкен жолы».

  • Белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.

  • Сабақ соңында «Ана тілім – ардағым» атты ән орындалады (ұжыммен немесе фон арқылы).

Бағалау:


Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер: интербелсенді тақта, слайд, үлестерме қағаздар.


Сабақтың жоспары:


1. Сабақты ұйымдастыру (5 минут):

А) Студенттермен амандасу.

Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.

Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.


2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі(20 минут): Тілге байланысты өлең шумақтарын оқу

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (5 минут):

А) жаңа сабаққа студенттердің назарын аударту.

Ә) жаңа сабақтың тақырыбын жоспарын, мақсатын хабарлау.

Б) оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру

1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданып, 1998 жылдан бастап бұл күн Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтті. Алайда 2017 жылы Үкімет қаулысымен мереке 5 қыркүйекке ауыстырылды. Себебі бұл күн – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сол себептен 2018 жылдан бастап Тілдер күні жыл сайын 5 қыркүйекте аталып келеді.



4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі) (20 минут): Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мемлекет құраушы халық – қазақтардың үлесі 70%- дан асады. Қазақстанда 100-ден астам этностың тілін дамытуға жағдай жасалған. Ассамблея жанында олардың ана тілін үйреніп, сақтауға мүмкіндік бар. Сонымен бірге 10-нан астам этникалық топтың өз тілінде білім беретін мектептері бар. Әрбір этносқа арналған мәдени-рухани орталықтар жұмыс істеп, ел бірлігін нығайтуға үлес қосуда.


5. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (30 минут):

Ұлттық қазынамыз намысымыз әдебиет мәдениет тіл байлығымыз халықтың күре тамыры достық көпірі қарым-қатынас құралы.

Тіл – ұлттың қасиетті қазынасы, намысы және мәдениетінің айнасы. Әр халық өз тілін көздің қарашығындай сақтаса, оның рухы биік, болашағы нық болмақ. Тіліміз – біздің әдебиетіміздің негізі, мәдениетіміздің мәйегі, байлығымыздың бастауы.

Қазақ тілі – халықтың күре тамыры, өйткені ол арқылы ұлттың тарихы, салт-дәстүрі, мінезі мен рухы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Тіл – достық көпірі, адамдарды жақындастыратын, бірін-бірі түсінуге мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы.

Тілді құрметтеу – өз ұлтыңды, өз еліңді сүюдің белгісі. Сондықтан әрқайсымыз қазақ тілін дамытуға, оның байлығын сақтауға және болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізуге атсалысуымыз керек.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут): «Тұғыры биік-туған тілі» эссе жазу


7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут):

Тіл – ұлттың жаны, елдіктің айнасы. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен дүниетанымы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Егер тіл жоғалса, ұлт та өз болмысынан айырылады.


Бағалау: Әр дұрыс жауап беріп,белсене қатысқан студентке 1-100 балл беріледі

Кері байланыс: Жазбаша кері байланыс үлгісі (Стикер әдісімен):

Қатысушылар түрлі түсті стикерлерге өз ойларын жазып, тақтаға жабыстырады.

- Маған ұнады...

- Маған қиын болғаны...

-Мен білдім/үйрендім...

-Келесі жолы ұсынамын...






 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі