400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай философиясындағы адам мәселесі: экзистенциалдық талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлы философиясында адам мәселесі ерекше маңызды орын алады. Абай адамды еркін таңдау жасайтын, ар-ұят алдында жауапты және рухани жетілуге ұмтылатын тұлға ретінде қарастырады. Оның «толық адам» идеясы адамға ақыл, жүрек және қайратты үйлестіріп өмір сүру керектігін көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Абай философиясындағы адам мәселесі: экзистенциалдық талдау

Адам мәселесі – философиядағы ең көне әрі ең маңызды тақырыптардың бірі. Ежелгі заманнан бері ойшылдар адам деген кім, оның өмірінің мәні неде, адам қалай өмір сүруі керек деген сұрақтарға жауап іздеп келеді.Олар Философияда адам тек биологиялық тіршілік иесі ретінде емес, санасы бар, ойлай алатын, таңдау жасайтын және өз әрекетіне жауапты тұлға ретінде қарастырды. Менің ойымша, бұл көзқарас өте дұрыс.Себебі адам болмысы, оның еркіндігі, өмірдің мәні мен мақсаты туралы мәселелер әрқашан философиялық ойдың негізгі өзегіне айналған.Қазақ руханиятында адам болмысы мәселесін терең әрі жан-жақты қарастырған ойшылдардың бірі – Абай Құнанбайұлы. Оны біз философиялық көзқарастары әсіресе өзіміз оқыған «Қара сөздер» еңбегінде айқын көре аламыз. Абай үшін адам – жай ғана биологиялық тіршілік иесі ғана емес, ол – рухани ізденіс иесі, ар мен ақылға жауапты тұлға. Сондықтанда Абай философиясындағы «адам» мәселесі – экзистенциалдық, яғни адамның өмір сүру мәні, еркіндігі, жауапкершілігі және ішкі рухани әлемі туралы терең ойларға негізделген.

Абай атамыздың қара сөздерінде адам табиғаты екі қырынан сипатталады: тән және жан. Жетінші қара сөзінде ол бала табиғатын талдай отырып: «Адам баласы туа сала екі түрлі мінезбен туады» дейді. Бірі – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деген тәннің қалауы, екіншісі – «білсем екен» деген жан құмары. Осы ой арқылы адамның экзистенциалдық негізін көрсетеді: адамды адам ететін – оның танымға, білімге, ақиқатқа ұмтылысы.Бұл тұжырым адамның мәні оның саналы таңдауында екенін дәлелдейді. Егер адам тек нәпсінің жетегінде кетсе, ол толық адам деңгейіне жете алмайды деп ойлаймын . Ал білім мен ақыл жолын таңдаса, рухани кемелденеді.Абай философиясының өзегі – «толық адам» идеясы. Бұл ұғым әсіресе 38-қара сөзінде кеңінен түсіндіріледі. Абайдың пікірінше, толық адам болу үшін үш қасиет бірлікте болуы керек:Ыстық қайрат ;Нұрлы ақыл ;Жылы жүрек. Бұл үштік адамның үйлесімді болмысының негізі болып табылады делінген . Менде Абай атамыздың пікіріне келісем .Себебі ақыл бар да, жүрек мейірімсіз болса – ол суық есепке айналады; егер қайрат бар да, ақыл жоқ болса – әрекет нәтижесіз болады. Сондықтан адам өзінің ішкі болмысын үйлестіруі тиіс.Бұл идея экзистенциализм философиясындағы адамның өзін-өзі қалыптастыру ұстанымымен үндес деп ойлаймын . Мысалы, Сёрен Кьеркегор адамның жеке таңдауы мен ішкі жауапкершілігін басты орынға қойса, Жан-Поль Сартр «адам – өз таңдауымен анықталатын болмыс» деген тұжырым жасайды. Абай да осыған ұқсас түрде адамды әрекеті мен рухани ұстанымы арқылы бағалайды.

Ойлап қарасам Абайдың экзистенциалдық көзқарасында ар-ұят категориясы ерекше орын алады. 19-қара сөзінде ол адам бойындағы ұяттың маңызын атап көрсетеді. Ар – адамның ішкі соты, ол адамның өзін-өзі бағалау өлшемі.Экзистенциалдық философияда адам жалғыздық пен жауапкершілік жағдайында өмір сүреді деп айтылады. Абай да адамды қоғамға, Аллаға және өз ар-ұятына жауапты деп қарайды. Бұл жауапкершілік адамның өмір сүру мәнін айқындайды. Егер адам арынан айырылса, ол рухани азады.Абай үшін өмірдің мәні – адам болу. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өлең жолдары оның гуманистік көзқарасын білдіреді. Адам өз пайдасын ғана ойламай, қоғамға қызмет етуі керек. Бұл – экзистенциалдық тұрғыдан адамның өзін-өзі жүзеге асыруының жолы.Абайдың ойынша, адам өмірі – уақытша, бірақ оның артында қалатын ісі, сөзі, тәрбиесі мәңгілік мәнге ие. Сондықтан ол жастарды еңбекке, білімге, адалдыққа шақырады. Мен де осы ойды өте құнды деп санаймын және оны дәріптеймін. Себебі адам өмірі қысқа болғанымен, оның жасаған жақсы істері, айтқан ақыл-кеңесі мен тәрбиесі қоғамда ұзақ уақыт сақталады. Менің ойымша, әр адам өмірде тек өз пайдасын ғана ойламай, айналасына пайдасын тигізуге тырысуы керек. Білім алып, адал еңбек етіп, адамгершілік қасиеттерді сақтау – нағыз адамға тән қасиеттер. Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы айтқан ойлар бүгінгі күнде де маңызын жоғалтқан жоқ. Оның адам туралы өсиеттері жастарды дұрыс жолға бағыттап, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі.



Қорыта айтқанда, Абай Құнанбайұлы философиясында адам мәселесі ерекше маңызды орын алады. Абай адамды еркін таңдау жасайтын, ар-ұят алдында жауапты және рухани жетілуге ұмтылатын тұлға ретінде қарастырады. Оның «толық адам» идеясы адамға ақыл, жүрек және қайратты үйлестіріп өмір сүру керектігін көрсетеді. Менің ойымша, Абайдың бұл ойлары бүгінгі қоғам үшін де өте маңызды, себебі әр адам білім алып, адал еңбек етіп, айналасына пайдасын тигізуге ұмтылуы керек. Сондықтан Абайдың өсиеттері жастарды дұрыс жолға бағыттайтын құнды рухани мұра . Сонымен қатар, Абайдың адам туралы айтқан ойлары әр адамға өзін тәрбиелеуге, рухани жағынан дамуға және өмірдің шынайы мәнін түсінуге көмектеседі. Егер адамдар Абайдың ақыл, жүрек және қайрат туралы өсиеттерін өмірінде ұстанса, қоғамда адамгершілік, мейірімділік және әділдік сияқты құндылықтар арта түсер еді. Сондықтан Абай ілімі әрқашан өзекті болып қала береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі