Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай халық қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтан тыс сынып сағаты

Мектеп: Р.Қошқарбаев атындағы орта мектеп


Күні: 05.10.2020


Мұғалімдердің аты-жөні: Абылханова С.К

Құмарбекқызы Қ


Сынып: 9а-9б


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай –халық қазынасы

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, білімдерін кеңейту;

Оқушылардың басым бөлігі:

Шығармаларды байланыстыра білуге, өз ойларын толық жеткізу

Кейбір оқушылар:

қабілеттін дамыта отырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландырып, көркем ойларын дамыту;


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақтың мақсаты:  Ақынның өмірі мен шығармаларын байланыстыра отырып өз ойларын толық жеткізе алады

Бағалау критерийлері







Білу және түсіну: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, білімдерін кеңейтеді;

Білімін қолдану: Шығармаларды байланыстыра білуге, өз ойларын толық жеткізеді;

Сыни ойлау: қабілеттін дамыта отырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландырып, көркем ойларын дамытады;

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Қара сөз

немере

жиен

ру

...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Құндылықтарды дарыту

Абайдың қара сөздерінен тәрбиелік мәнін алу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті,Қазақ тілі,Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

ЗУМ платформасында,Whatsapp желісінде слайд арқылы тасырмалар және бейнежазбалар.

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

I.Ұйымдастыру кезеңі


Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

3-мин








6-мин

Бастапқы ынталандыру.Оқушылармен амандасу.Әділ

Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді айтады.

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.


Парасатты болып туған –

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұпа қылған –

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған –

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған –

Бүкіл әлем Абайы, — деп ақын жырлағандай, бүкіл қазақ халқының ақыны болған Абай Құнанбайұлы.

«Өлді деуге сия ма ойландаршы,

Өйлмейтұғын артына із қалдырған», — деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай күні бүгінге дейін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Осы асыл сөздерін оқып, одан өнеге алу – әрқайсысымыздың парызымыз. Сондықтан да, біз бүгінгі сайысымызды Абай шығармашылығынан, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті салаларынан алған білімдерімізді ортаға саламыз. Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.




1-слайд

Абай туралы

http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

8-мин









3-мин




15-мин
























10-мин










2-сабақ

15-мин





























15-мин

(Б) «Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма.

«Абай –халық қазынасы» ойыны мына турлар бойынша өткізіледі.

1-тур – «Қызықты алаң»

2-тур – «Бәйге»

3-тур – «Құпиялы хат»

Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейтін:

Бүгінгі күн сайыста,

Сен ешкімнен қалыспа.

Білімінді көрсетер,


(Б) «Қолдану» дағдысына негізделген

тапсырма. Сұрақтарға жауап бер, — деп отырып, бірінші турымызды бастайық.

1.     «Тобықты руынан шыққан ақын» 10 20 30 40 50

2.     «Асыл сөзді іздесең» 10 20 30 40 50

3.     «Ұлылар үндестігі» 10 20 30 40 50

4.     «Кемеңгер ойшыл» 10 20 30 40 50

1)    10 – Абайдың шын аты (Ибраһим)

20 –Абайдың руы (Тобықты)

30 – Абайдың сүйікті ойыны (Тоғызқұмалақ)

40 – Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты (Тоқбала)

50 – Абайдың жеті атасын ата (Құнанбай, Өскенбай, Ырғызбай, Айдос, Томан, Тобықты, Арғын)

2)    10 – Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

20 –Табиғат лирикасы ішіндегі ең алғышқы жазылған өлеңі. («Жаз», 1886)

30 – Абай қанша нәрседен қашық болуын нұсқайды?

Олар қайсылар? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

40 – Абай қысты ненің бейнесіне теңейді? (Ақсақалды шалдың бейнесіне)

50 – Абай «Ескендір» поэмасын кімге арнап жазады? (Александр Македонский)

3)    10 – Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

20 –В ветхой землянке жили старики со старухой 30 лет и 3 года. Из какого произведения А.С.Пушкина эти строки. Ертегінің қазақша аудармасын айт.

30 – Абайдың ұлы өлеңі А.С.Пушкиннің «Гонимы вешними лучами» өлеңіне ұқсайды. Ол қандай өлең? («Жазғытұрым»)

40 – Неміс ақыны И.В.Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» өлеңінің аудармасы («Қараңғы түнде тау қалғып»)

50 – Произведения каких русских писателей стали известны казахскому народу благодаря Абаю? (Крылова, А.С.Пушкина, М.Ю.Лермонтова)

4)    10 – «Қара сөздер» аудармасы (Слова назидания)

20 –Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

30 – Көзімнің қарасы… ары қарай жалғастыр

(Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі, Ғашықтың жарасы)

40 – Абайдың бұл өлеңі «Карие глаза» әніне ұқсайды немесе аудармасы «Спешу к тебе с приветом, Каламкас» («Айттым сәлем, Қаламқас»)

50 – «Наконец решил: Возьму в спутники бумагу и чернила и стану записывать все свои мысли. Может быть, кому то придется по душе какое-нибудь мое слово и он перепишет его для себя просто запомнит». Нешінші сөзінде айтылған?

(Т) «Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген

тапсырма.

2-тур – «Бәйге». Мұнда білімгерлердің әрқайсысы берілген 5 сұраққа бірден жауап беруі тиіс.

Қызыл түсті

1.     Абайдың шешесі кім? (Ұлжан)

2.     Немере деген кім? (Ұлдың баласы)

3.     Абай қай жылы қайтыс болды? (1904ж. 59 жаста)

4.     Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Аударыспақ, бәге, теңге алу, қыз қуу, алтыбақан)

5.     «Жеті қазынаны» ата (Ер жігіт, қырыан бүркіт, сұлу әйел, берен мылтық, тазы ит, жүйрік ат, оқу-білім)

Жасыл түсті

1.     Абай туралы көлемді шығарма жазған кім? (М.Әуезов)

2.     Жиен болған кім (қыздың баласы)

3.     Мағауия Абайға кім болады? (Ұлы)

4.     Қазақтың ұлттық мерекелерін ата? (Наурыз, ораза айт, құрбан айт)

5.     «Жеті атаны» ата. (Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

Сары түсті

1.     Абай қай жылы дүниеге келген? (1845)

2.     Нағашы деген кім? (Ананың туыстары)

3.     Әлімқұл Абайға кім болады? (Немересі, Ақылбайдың баласы)

4.     Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. (Домбыра, жетіген, сырнай...)

5.     «Жеті жарғыны» шығарған адамдар (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Тәуке хан)

Қоңыр түсті

1.     Абай қай жерде дүниеге келген? (Жидебай)

2.     Бөле деген кім? (Апалы-сіңілілердің балалары)

3.     Шәкәрім Құдайбердиев Абайға кім болады? (Үлкен ағасының баласы, немересі)

4.     Қазақтың ұлттық бас киімдерін ата. (Тақия, бөрік, сәукеле...)

5.     Бес саусақтың қазақша аталуы (Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек)



Слайд 2-3


Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12