Тақырыбы: « Абай және адам құқы» тақырыбындағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы іс-шара
Өтетін күні: 17.11.2025ж
Өтетін орны: акт зал
Сахнаның безендірілуі: мультимедиалық проектор, көрініс құралдары, шараның эпигрофы:
«Өлді деуге болама айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
Мақсаты: Данышпан ақын Абайдың жолын, өнер- білім туралы өсиеттерін,ата-ананы құрметтеу жолындағы тәрбиесін білім алушыларға паш ету. Білім алушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Шәкірттерді Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен жастық шағы және өскен ортасымен таныстыру.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
«Қараңғы түнде тау қалғып» атты Абай әнінің вокализін орындау.
Оқушы:
Кең дала нұрын шашып маңайына,
Қараймын мақтанышпен Абайыма,
Алдында Ұлжан ана басымды ием,
Теңесер ақылды ару, саналы ермен
Оқушы:
Жұлдызы ондай жанның, жанады өрден
Қазаққа қайталанбас дана берген!
Ұлжанды мен ұлы демей кім дер едім
Әкесі Құнанбай да мақтан еткен
Оқушы: Абай әке үмітін ақтаған, әке үмітін ғана емес, ел алдындағы өзінің перзенттік парызын толықтай орындаған ұлы да, дара тұлға.
Оқушы: Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын көтерген данасы.
Автор дауысы:
Абай бала кезден Өскенбайдың әулетінің Үлкен әжесі атанып кеткен Зере әжесінің қолында өсті, Зере әжеміз Ибраһимді "Абай" деп еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң .....
(сахналық көрініс)
Сахна төріне Абайдың Зере әжесі ,Құнанбай әкесі мен Ұлжан анасы үй ішінде отырады.
Құнанбай: (Арсен)
Абайдың зеректігін байқап келемін...
Әке балаға сыншы демекші, өзім де осы балаға қатты үміттенемін.
Елде болып жатқан әділетсіздік қатты қынжылтады. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа қатаң қарайтынымды білесіңдер.Осы балаға да дұрыс тәрбие беріп,түзу жолдан таймай,әділ,адал азамат болып қалыптасуына ықпал ететіндей етіп тәрбиелеуіміз керек.Мен бұл баланы Семейдегі Ахмет Риза медресесіне беремін.
Ұлжан: (Аружан)
Я-пыр ау,ол қалай болар екен....кішкентай ғой әліііі...(деп жылайды)
Құнанбай: (Арсен)
(мінезін сәл қаттырақ қылық көрсетіп....)
Тәйт.....неменеге өбектеп отырсың????
Баланы жастан тәрбиелеу керек,олар болашағымыз.Осы бастан бойында ар-ұят,намыс,қанағатшылдық, қайырымды рақымшылық жасауга ұмтылдырмасақ келешегіміз не болмақ?
Баланы әкел бәйбіше.....
Зере:
Баланы шынымен ақ медресе бермекпісің?? Ееее Алла, жолын ашық қылсын, балапанымның (деп екі қолын жәйіп,Алладан тілеуін тілейді)
(Осы сәтте Ұлжан анасымен бала Абай кіріп келеді)
Бала Абай:
Әке,мені шақырдыңыз ба?
Құнанбай: (Арсен)
Иә балам, жолға жинал,Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға барасың.Сені алда күтіп тұрған үлкен болашағың бар,біздің үмітіміз бар,сол үмітті ақтауың керек.... Түзу жолдан таймай,әділ бол,адал азамат бол.
Автор:
Арада бірнеше жыл өтті.. Абай әке қасында болып, атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары, кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриархалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарын айқын түсінді.
Көзқарақты Абай ақынның тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншектерге азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімдік мәні зор төлқұжат болып табылды. (көлеңкелі бейнеде Абайдың жазу жазып отырған көрінісі көрсетіледі)
Абай: (Ербол) (сырттан кіріп келісімен) , (өз отбасындағы әңгіме)
Менің тікелей басшылығыммен 73 баптан тұратын «Ереже» деп аталатын заң нұсқасы Семей облысының Қарамола дейтін жерінде бес дуан елінің билері сьезінде қабылданып,қуанып отырған жәйім бар...
Бұл «Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, келешекте жас жеткіншектерге азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімдік мәні зор төлқұжат болып табыларына үмітім зор.
Ұлжан:
Әділдік болмаса ел арасында дау туады,Заң шығарғаның жақсы болған екен..
Зере:
Зәкон дегенің адамның өсіп-жетілуіне жақсы ғой,елде не көп ұрлық-қарлық көп,жақсы болған екен, енді осындай белден басулар азайады...
Абайдың бәйбішесі:
Келешекті де ойлауымыз керек қой, әділеттілік орнаса өте дұрыс болған екен.....
Абай: (Ербол)
Менің басты мақсатым адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету, басқаға да шарапатын тигізу. Адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіреміз, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосамыз.
Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?
Автор:
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу –ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол!
(соңы)
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
(осы әннің музыкасының фонында өлең оқып,жалғастырады)
Оқушы:
Абай - жыршы, ұлы ақыны
елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген
даламның.
Оқушы:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Оқушы:
Кеше өткен бұлдыр заман
желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!
Оқушы:
Ол қалдырған күй даланы кернейді,
Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.
Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді.......
(керек болса дегенім)"Адамның бір қызығы – бала деген" дейді Абай. "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді".
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай және адам құқы

шағым қалдыра аласыз