400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай және ХХІ ғасыр эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан


Абайдың өлеңдері, философиясы неге бүгінгі күнге дейін өміршең? Бір ғасырдан астам уақыт өтіп, адамзаттың кейбір құндылықтары өзгеріп кетсе де, Абайдың өзі өлсе де, сөзі бүгінгі күнге дейін неге құнды? Абай мен ХХІ ғасырдың арасында қандай байланыс бар?! Иә, осы төңіректегі сұрақтардың жауабын табу маған өте қызық, өзгеге ой салары анық. Әрине, «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» ақынның баса назар салып айтқан ойы – адамгершілік. Ұлт пен нәсілге, ру мен тайпаға бөлінбей, «Толық адам» идеологиясын қалыптастырған Абай дүниетанымының негізгі ойы осында деп білемін. Қоғам түрленіп, ескірген салт-дәстүрлер көшінен қалып жатқанда да, адамгершілік қасиеті қашан да трендте. Біз осы жаһандану заманында Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі руханиятты құр көзбояушылық жаттанды түрде насихаттамауымыз керек. Біз ақынның әр туындысынан Абай неге өз заманына көңілі толмады? ХХІ ғасырда да ақынның бес асылы мен бес жаман ісінен жирене алдық па? Және әр адам: «Мен Абай айтқан толық адаммын ба?» деген сұрақтардың жауабын өзінен іздеу арқылы ізгілікке, гуманизмге жетуі керек сияқты. Яғни, ХХІ ғасыр адамы мен болсам, ХІХ ғасырда ақ қағазға қара сияны ермек еткен Абайдың рухани әлемі қаншалықты менің өміріме маңызды?! Соны саралап, талдап көруді дұрыс деп шештім.

Менің дүниені тануға, өмірге деген көз қарасымды қалыптастыруға септігін тигізген Абайдың шығармашылығы екені рас. Алтыншы сыныптан бері Абайдың жүзден аса өлеңін жаттап, абай оқуларына қатысамын деп мәнінен гөрі санына көңіл бөлген едім. Уақыт өте келе, өмірімнің түрлі жағдаяттарында Абайдың өлеңдері маған азық болды. Дәл сол кезде мен Абайды танығандай, түсінгендей болдым. Әсіресе, «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңіндегі астарлы ой өмірімнің ұранына айналды. Магистратураны оқып жүріп, тұрмысқа шығуға бел байладым. Жақындарымның оқуымды аяқтап, асықпа деген сынды сөздерін естідім. Бірақ мен өзіме сенуді, еңбек пен ақылға жүгініп, жүрегімнің түбіне үңіліп, керектісін табуды үйрендім. Сол шешімді қабылдағаныма қуанамын. Әрине, өзімді Абай айтқан «Толық адаммын» деп айта алмаспын. Кейде шалыс басып, кейде асығыстық танытып жатқанда да ұлы ойшылдың «Он жетінші қара сөзін» бірден есіме түсіремін. Әйел заты болған соң эмоцияға беріліп кететініміз анық. Бірақ жоғарыда айтылған қара сөздегідей ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстауға дағдыланамын. Әсіресе, ғылымның ақыл мен қайратты жүрекке билетіңдер деген ойының астарында тұнып тұрған ізгілік жатқанын байқадым. Құранда да бұл туралы жақсы жазылған. Пайғамбарымыз хадисінде: «Шындығында адамның денесінде бір жапырақ ет таза болса, онда адамның барлық мүшесі, сана-сезімі пәк болады. Ал енді сол бір жапырақ ет бұзылса онда ол адамның денесі де, тәні де, жаны да бұзылады, ол бір жапырақ ет - жүрек» деп айтуы да Абай өлеңдерімен сабақтас. Адамдардың ақылдымын деп қулыққа салынып, мықтымын деп күшіне сеніп, болмаса өшпенділік, қызғаныш, сараңдық сынды қасиеттерімен жүрегін қарайтып алатын жандар да біздің ғасырда жетерлік емес пе? Осы бір аталған жаман мінездер бойыма жұғып бара жатса, ең бірінші, Абайдың «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде айтылғандай ынталы жүрекпен, шын көңілмен Алладан кешірім сұраймын. Екінші, Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Ғылым таппай мақтанба», «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» сынды өлеңдерін іштей қайталап жүремін. Үшіншіден, Абай Құнанбайұлының «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» -деген асыл сөздерін басшылыққа алуға тырысамын. «Сынықтан басқасының бәрі жұғады» демекші айналамдағы адамдардың адамгершілігіне қатты мән беремін. Осылай адами қасиеттерден алыстамауға тырысамын. Менің ойымша, әр адам осы айтылған өлеңдерін, қара сөздерін жіті таныса тура жолдан адаспайтын секілді.

Сонымен, Абай мұрасының қайнар бұлағы – халықтың надандықтан жиреніп, адами қасиеттерді бойына сіңіруі деп білемін. Сөзімнің дәйегі ретінде 2020 жылы 9 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетіндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын алғым келіп отыр. Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойына арналған бұл мақалада да Абайды таныған адам өзін де таниды делінген. Мәселен, «Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» деп атап өтеді. Менің ойымша, мемлекет басышысының Абайды қазақ халқының темірқазығына теңеуі де өте орынды. Біз ұлтты Абайдай сүйсек, ақынның дүниетанымын өз өмірімізде қолдансақ ізгіліктен алыстамайтынымызға сенемін. Бүгінде «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей қашықтықтан оқытудың түрлі қиындығы кездесіп жатса да, «бір кірпіштің дүниеге қалануына» септігін тигізіп жатқаныма қуанамын.

Қорытындылай келе, Абай салған сара жол, Абай айтқан ой қашан да өзекті деп білемін. Ғасырдан ғасырға мұра болып қалған ақынның туындыларын әлі де оқып, түсініп жатырмын. Ұлағатты ұстаздық жолында да шәкірттеріме үнемі Абай өлең жолдары арқылы өмірді танытуға тырысамын. Әрдайым адамгершілік қасиетті ту етіп, толық адам болуға ұмтыламын. Иә, әрине толық адам болу оңай емес. Бірақ, ізгілік жолына өмірлік тәжірибемде Абайдың мұрасын тану арқылы жетуге болатынына көзім жетті.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
936
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі