400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай жаққа бір сәуле

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай жаққан бір сәуле
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Абай-жаққан бір сәуле!

Мақсаты: 1.Балаларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлымен таныстыруды жалғастыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2.  Сөйлеу, мәнерлеп айту қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Енді осы байқауға қатысушыларымыздың оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы тұлғаларға – дей отырып,

сайыстың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

1-жүргізуші. Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,

Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.

Көлеңкелі кеудесіне қазақтың

Шымырлаған шуақ болып тарайды.

Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,

Анық басып, жүрдің байқап ақырын.

Қазақ бүгін көтереді көгіне,

Халық үшін қан жылаған ақынын.

Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «.....» әнін қабыл алыңыздар! орындайтын Берліқаш Амина

1-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
136
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі