жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Абай жаққан бір сәуле» тарыбындағы әдеби-сазды кеш
Исатай Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
____________ Б.С.Сайдулла
« ______» ______________2019 жыл
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлт анасы-тіл» аптылығының аясында ұйымдастырылған
«Абай жаққан бір сәуле»
тақырыбындағы әдеби-сазды кештің жоспары
Ұйымдастырушылар: А.А.Бектасова
М.Б.Қарақұл
Ж.Ж.Рахметова
А.Ө.Ерғалиева
Қызылорда,2019жыл
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек
мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту,
адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани
асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.Ұлы ақынның өнегелі
өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін,
қара сөздерін мәнерлеп айтқызу, көріністер қою.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер,
Фотослайдтар, видео, аудио жазбалар)
Барысы:
КӨРІНІС
(сахнада Абай ауылы. Үй ішінде Әжесіне еркелеп жатырған Оспан,іс тігіп отырған Ұлжан және әңгіме дүкен құрып сыртта тұрған Құнанбайлар)
Оспан: -Әже, ертегі айтып берші!
Әжесі -Е-е...Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен...
Осы кезде сырттан бала жүгіріп келіп :
БАЛА:Сүйінші,сүйінші ,қалашылыр келеді,Абай ағам келе жатыр! Сүйініші!
Ұлжан: Ой,айналайынннн
Зере: Қоңыр қозым менің,Абайымм! Айналайыным-аууу!
Барлығы сыртқа шығады.
(Абай мен екі жолдасы кіріп келеді)
Абай: Әжет,әжетайым!
Зере: Әй, шырағым,балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр! Сәлем бер!
Ұлжан: бара ғой,қарағым!
Абай: Ассалаумағалейкум !
Құнанбай: Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?
Абай:
Шүкірлік, әке,:ат барған соң, дәріс тәмам
болмаса да, қазіреттің
рұқсатын,
фатикасын алып қайттым.
Құнанбай: ЕЕЕ,жарайды,аналарыңа бар,сағынған шығар!
Абай әжесі мен анасына қарай асыға басып кетеді де,сахнадан ақырын барлығы шығып кетеді.
1-жүргізуші:
Көп
адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып,
аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола
ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен
Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды
жырымен де бізбен бірге 17 жыл бойы өмір
сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
2
- жүргізуші :
Құрметті
әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар
ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл,
дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің
шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының
колледжіміздегі беташары «Абай жаққан
бір сәуле «атты әдеби-сазды кешімізге
қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Жүрегін
шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен
жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі
орнатып ескерткішті,
Мұра қып,
кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып
, ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас
қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан
құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде
тербеткен кім?
1-жүргізуші:
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен
әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын
атандырып келешекке ,
Біздермен осы
күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен
жалғыз алысқан кім?
Жауына найза
сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған
барып көк теңізге,
Лермонтов,
Пушкиндермен табысқан кім?
2-жүргізуші
:
-
Әрине, Абай атамыз туралы айта беру
артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып,
таныс бейне секілденгенмен, ол туралы
білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына
қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай
болатынын ұғынғымыз келсе, бүгінгі
кеште дана
Абай әлеміне
шарлап қайтсақ!
1-жүргізуші:Абай табиғатқа тіл бітіріп суреттеген,шебер ақын.Оның табиғат өлеңдерін оқи отырып өзіңде сол мезгілдің ішінде жүргендей күй кешесің!
Олай болса,Абайдың жылдың 4 мезгілін суреттеген ғажап туындыларына кезек берсек
Жаз,Күз,Қыс:Жазғытұры
ӘН: Желсізтүнде жарық ай
Көрініс
Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.
Есіктен досы Ербол кірді.
Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!
Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.
Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің
қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді
іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!
Абай (басын изеп): Жарайды.
Абай мен Ербол Сүйіндік ауылына келеді.
Мерей: Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
Ару:Қасындағы Ербол ғой.
Дана: Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!
Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!
Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!
Дана. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!
Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.
Ляззат «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!
Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».
Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.
Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.
Өзгеге
көңілім тоярсың,
Өлеңді
қайтып қоярсың?
Оны айтқанда
толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра
да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім
оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын,
Омырауым
боялсын.
«Сегіз аяқ» әні шырқалады.
Аңшы жігіт (ентелеп келіп): Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!
Топ. Армысың, бейтаныс жіт!
Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!
Абай. Жолың болсын, жігітім!
Қыздар. Орта толсын!
Аңшы. Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым. Ақын Абай қарсы болмас, ән, өлеңін тыңдағалы келдім.
Жолбарыс «Өлсе өлер табиғат».
Нұрқанат«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Қанат«Көңлім қайтты достан да,дұшпаннан да»
Дамир
Нұрасыл
Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе!
Ербол:: Ауу,жастар,ендігі кезекті алтыбақан басына барып жалғастырсақ қайтеді!?
Жастар: Ербол дұрыс айтады. Жүріңіздер,сонда барып таң атқанша Абай әндерін айталық!
ӘН «Қараңғы түнде тау қалғып»
2-жүргізуші:Міне , сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.
1-жүргізуші: .
Жүрегімнің
түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ
адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы ,
соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз
алыстым, кінә қойма.-деп ақын өзі
жырламақшы ,Абай өмірден озса да артына
көп мұра қалдырды. Өлең- жырлары,
қарасөздері мәнді де мағыналы болды.
2-жүргізуші:. Абай- қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырушы, табыстырушы.Ол өзінің аудармалары арқылы қазақ жұртын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстырған адам.
1-жүргізуші: Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала - оның поэмалары. Олар: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді.
2-жүргізуші: Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала,ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
Бақдәулет:1-қарасөз
Нұржігіт:7-қарасөз
Ахмет: 31 қарасөз
1-жүргізуші: «Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға береді.
2-жүргізуші: «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы да көптеген шығармалар жазылды. Соның бірі ақынның құрдасы жыр даңғылы Жамбыл атамыз Абайдың портретін көргенде «Мынау тұрған Абайдың суреті ме?», ақынның баласы Әбіш өліміне көңіл айтып «Сәлем айт, барсаң Абайға» атты өлеңдер жазған екен.
1-жүргізуші:Барша
қазақ баласы Абайды тануға, білуге,
Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз
халқын өркендеген,өскен, еркін халық
ретінде көруді арман еткен. Сол Абай
аңсаған арманына жетіп отырмыз.
2-жүргізуші:Олай
болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ
жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай
сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра
қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 175
жылдық мерейтойының тойлануына өз
үлесімізді қостық.
1-жүргізуші:Бүгінгі кешімізді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл
сөзді іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,
тоқы көңілге.
2-жүргізуші:
Қамшының сабындай
ғана қысқа өмірінде артына өшпес із,
өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен
айтсақ:
Өлді деуге сыя ма,
ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз
қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі Абай мұраларын жадымызда сақтап,келер ұрпаққа жеткізу біздің Ұлы ақын алдындағы борышымыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Қош,сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген