400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Ғасырлық туынды

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Сынып: 11 Т1

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (1-кітап) жанры мен композициясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.3.2.1 - көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

«Абай жолы» роман-эпопеясының кейіпкерлер жүйесін білу, көркем шығармадағы заман көрінісін талдау;

Көпшілігі: романдағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстыру;

Кейбір оқушылар: романдағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.

Бағалау критерийлері

  • романдағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап мен даралайды;

  • кейіпкерлер жүйесін талдау арқылы өмір шындығын көрсетеді;

  • көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Романдағы көтерілген мәселелерге түсінік беру

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының сюжеттік-композициялық құрылымы

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
















10 минут















2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Қызығушылығын ояту.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы шығарманың мазмұнын еске түсірту. /дифференциация/


1. Күнде кешкілікте Зере бесік жырын кімге айтады?

А) Оспанға

Ә) Смағұлға

Б) Абайға

В) Кәмшатқа

2.Смағұл Абайға қалай жақын?

А) туған інісі

Ә) жақын ағасы

Б) өгей шешеден туған інісі

В) алыс туысы

3.Оспан мен Смағұлдың жас алшақтығы қанша?

А) түйедей құрдас

Ә) Смағұл үлкен

Б) Оспан кіші

В) Оспан үлкен

4.Айғыздан туған Абайдың қарындасы -

А) Айгүл

Ә) Жанагүл

Б) Гүлшат

В) Кәмшат

5.Абай Айғызды қалай атаған?

А) Кіші апа

Ә) Үлкен апа

Б) Жас апа

В) Ай апа

6. Смағұл мен Оспанның балалық жанжалына Абай Смағұлды не үшін соқты?

А) тентектігі үшін

Ә) өгей інісі болған үшін

Б әлі жететін болған үшін

В Ұлжанды балағаттағаны үшін

7. Қалел деген кім?

А) Айғыздың үлкен ұлы

Ә) Ұлжанның кіші баласы

Б) Смағұлдың егізі

В) Айғыздың кіші баласы

8. Тәкежанның мінездемесі -

А) қалжыңбас, әзілқой

Ә) білімпаз, өнерпаз

Б) батыр, ер жүрек

В) шешен

9. Әрбір кеште «Мың бір түн» оқиғасын айтуға машықтанған кім?

А) Зере

Ә) Ғабитхан

Б) Абай

В)Ұлжан

10. Ғабитхан кім?

А) ақын

Ә) орыс тілінің мұғалімі

Б) молда ұстаз

В) аудармашы

Дескриптор:

  • Шығарма мазмұны бойынша тест тапсырмасын орындайды;

  • Дұрыс жауаппен салыстырады;

  • Бірін- бірі бағалайды.

ҚБ

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.


Оқушылар шығарма мазмұнын еске түсіру мақсатында тест тапсырмасын орындайды.
























Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.

Қалыптастырушы бағалау.























Қалыптастырушы бағалау «Шапалақ»













Сабақтың ортасы

8 минут



5 минут



















2 минут














10 минут









Мағынаны тану .Тапсырма.

1-тапсырма.

«Әдеби шеңбер» стратегиясы. Әр оқушы өздеріне тиісті тапсырманы орындайды.


- белгілеуші

Белгілеуші: шығармадағы кейіпкерге қатысты ең маңызды әрекет немесе сөздерін таңдау арқылы кейіпкерлер сипатын анықтаңыздар. Кейіпкерлерге сипаттама береді.

Кейіпкер әрекеті немесе сөзі

-Мына мешіттің тойы өтіп, іс жеңілдесін. Кішкене қол босасын. Содан соң саған айтар сөзіміз бар. Бала құсап ашуланба! Өзің зіңгіттей азамат болдың... Алшынбай аулына малды текке беріп жатыр деймісің? – деген болатын.


-Дәл қасымызға келіп қонып отыр. Енді аялдасақ ағайынның бетін қайтіп көреміз? Бата оқырын қалай жасасын дейді? Және Байқошқар, Бақанастағы екі ауыл қосыла бара ма? Соны тез шешіп, жөн айтсын!- депті.


...үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді...

"Осы жолы құдайдан соңғы қуатым құдаларым болды. Адал достықты, шын бейілді солардан көрдім деген". Атап айтқандары: Алшынбай, Тінібек. Онан соң Тобықты ішінде, тергеуге кетіп бара жатқан жолында, Тасболат руының ішінде Байтас басынан қатты тілеулестік көріпті.

Қай кейіпкерге тән?





Кейіпкердің қандай сипаты танылады?





Дескриптор:

1.Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекет пен кейіпкер сөзін анықтай алады.

2. Әрекет немесе сөзі негізінде кейіпкерге сипаттама бере алады.

ҚБ

- байланыстырушы

Байланыстырушы –шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекеттерді немесе кейіпкер шешімін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, постер дайындаңыздар.

Дескриптор:

1.Шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекеттерді анықтай алады.

2.Мәселелер мен кейіпкер шешімін қазіргі өмірмен бай

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі