Абай жолы: Абайдың «Ділдаға» үйленуі.
К.Мунира (ішкі
толғаныс):
(жоғары қарай
қарап)
Қанша рет бұл ауылдан өттім… Бірақ бүгінгі қадамым бөлек.
Мынау толқыған жүрек… жәй толқу емес. Жаңа өмірдің табалдырығы
ма?
Абай, бір сәт ойланып тұрады.
Отаудың алдында қыз-келіншектер, жеңгелер Ділданы ортасына алып, әзілдесіп отыр.
Гүлдана:
— Қарашы, Ділда! Жүзіңнен-ақ ұялғаның білініп
тұр!
Балнур:
— Ұялу жақсы… Бірақ бүгін ұялуыңды ұзаққа созба, айналайын. Абай —
жігіттің сұлтаны.
Ділда күліп, бірақ ұялып бетін жабады.
Дияра:
— Апырым-ай, қойыңыздаршы… Жүрегімді одан сайын ойындырып
тұрсыздар…
Ауыл адамдары Абайды көре сала тына қалады. Ақсақал қарсы шығады.
Шахноза:
— Жас Абай, төрлет! Ата дәстүрімен келдің, құт болсын
қадамың!
Абай басын сәл иеді.
К.Мунира:
— Рақмет сіздерге. Ақ баталарыңызбен аяқ
басайын.
Зере мен Ұлжан алға шығады.
Муниса:
— Балам, міне, елдің батасы — иман жарығы. Алдың ақ
болсын.
(Ділдаға қарап)
Сен де, қарақтым, біздің отымызды сөндірме.
М.Мунира:
— Екі жастың тілегі бір болғай.
Гүлдана:-Әй, Ділдә қарасаңшы Абай қандай жігіт екен ә???
Дияра: -ой, қойыңызшы бойы бір қарыс, қап-қара өзі.
Балнур:
-Әй, Ділдажан назданудың да шегі бар, көп ішінен Құнанбай ақсақал сені таңдап, көптің қолы жетпей жүрген Абайына жар етпек, шүкір етсеңші! Байлық былай тұрсын, Шыңғыстаудан шыққан жалғыз оқыған қазақ бүгінде жалғыз сол емес пе?
Автор:-Абайды іштей жақын тартып тұрса да, сыртқы келбетін назарға алып, тарс еткен Ділдәнің түрі еді. Екінші жақта Абайдың ойын білмек болған жеңге сөз бастады.
Гүлдана:
-Абайжан, сұлуыңның жасы сенен үлкен болса да, реңі ажарлы секілді ме қалай?
Мунира:
-Туу, қойыңызшы, аяқ-қолы балғадай болып, мен қинап әкететіндей, бұртыңдап тұрғаны нес,,,
Балнур:
-Мына екеуіне не болған, жын ұрғандай назданып тұр ма десем, бірін-бірі жаңа көргендей ашу қатып тұрғой.
Гүлдана:
-Қоя берші, бірі ел ауызын өзіне қаратқан қайнымыз, екіншісі даңқы ұзаққа созылған байдың қызы да.
Автор: Жеңгелер жымыңдап шетін ығыса береді. Сахна ортасында Абай мен Ділда ғана қалады.
К.Мунира
(бір сәт үнсіз тұрып)
—
Сен… менен неге әлі қашқақтай қарайсың?
Өзіме қарсы сөз айтқаннан гөрі,
жүрегіңнің шынымен не айтпақ екенін білгім
келеді.
Дияра
(қолын алдына ұстап, әлі ұялып)
—
Мен… қашқақтап тұрған жоқпын.
Тек… барлығы тым тез болып жатқандай.
Адам — көріскен сайын үйренеді дейді ғой.
Біз… әзірге тек сырттай таныспыз.
К.Мунира
(жымиып)
—
Сырттай таныспыз ба?
Әлде… өзіңді танытқың келмей тұр ма?
(аз кідіріп)
Сені менің бойым алаңдатқан сияқты ғой?
Дияра
(қызарақтап, көзін тайдырып)
— Ол да бар…
(қаттырақ)
Сіз… мен ойлағандай емес екенсіз.
К.Мунира
—
Қандай деп ойладың?
Дияра
—
Білмеймін…
Әркім сізді ақылды, сабырлы, терең ойлы дейді.
Мен сізді… сондай бір алыстағы адамның бейнесіндей
елестететінмін.
Абай Ділданы мұқият тыңдап, оның шынайылығына жылы жымиып қарайды. Бір қадам жақындайды.
К.Мунира
— Мен де толқып тұрмын,
Ділда.
Бірақ білгенім — екеумізге ортақ бір ғана нәрсе бар:
бөтен емеспіз.
Кездесу — Жаратқанның жазуы.
Дияра
(Абайға алғаш рет тік
қарады)
—
Ендеше…
Сол жазуды бірге оқуға
ұмтылайық.
Автор: Екеуі қатар тұрып ауылдың жарығына көз салады. Сахнада домбыраның баяу, жылы әуені естіледі. Абай алғаш рет бәйбішесі Ділданы өзінен 2 жас үлкен болса да адал жары етіп алды, о баста әкесі Құнанбайдың айтуымен үйленгелі тұрғандай сезім мен қауөсек жоққа шықты. Абай үлкен қадамға Ділдамен бірге қадам басты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай жолы
Абай жолы
Абай жолы: Абайдың «Ділдаға» үйленуі.
К.Мунира (ішкі
толғаныс):
(жоғары қарай
қарап)
Қанша рет бұл ауылдан өттім… Бірақ бүгінгі қадамым бөлек.
Мынау толқыған жүрек… жәй толқу емес. Жаңа өмірдің табалдырығы
ма?
Абай, бір сәт ойланып тұрады.
Отаудың алдында қыз-келіншектер, жеңгелер Ділданы ортасына алып, әзілдесіп отыр.
Гүлдана:
— Қарашы, Ділда! Жүзіңнен-ақ ұялғаның білініп
тұр!
Балнур:
— Ұялу жақсы… Бірақ бүгін ұялуыңды ұзаққа созба, айналайын. Абай —
жігіттің сұлтаны.
Ділда күліп, бірақ ұялып бетін жабады.
Дияра:
— Апырым-ай, қойыңыздаршы… Жүрегімді одан сайын ойындырып
тұрсыздар…
Ауыл адамдары Абайды көре сала тына қалады. Ақсақал қарсы шығады.
Шахноза:
— Жас Абай, төрлет! Ата дәстүрімен келдің, құт болсын
қадамың!
Абай басын сәл иеді.
К.Мунира:
— Рақмет сіздерге. Ақ баталарыңызбен аяқ
басайын.
Зере мен Ұлжан алға шығады.
Муниса:
— Балам, міне, елдің батасы — иман жарығы. Алдың ақ
болсын.
(Ділдаға қарап)
Сен де, қарақтым, біздің отымызды сөндірме.
М.Мунира:
— Екі жастың тілегі бір болғай.
Гүлдана:-Әй, Ділдә қарасаңшы Абай қандай жігіт екен ә???
Дияра: -ой, қойыңызшы бойы бір қарыс, қап-қара өзі.
Балнур:
-Әй, Ділдажан назданудың да шегі бар, көп ішінен Құнанбай ақсақал сені таңдап, көптің қолы жетпей жүрген Абайына жар етпек, шүкір етсеңші! Байлық былай тұрсын, Шыңғыстаудан шыққан жалғыз оқыған қазақ бүгінде жалғыз сол емес пе?
Автор:-Абайды іштей жақын тартып тұрса да, сыртқы келбетін назарға алып, тарс еткен Ділдәнің түрі еді. Екінші жақта Абайдың ойын білмек болған жеңге сөз бастады.
Гүлдана:
-Абайжан, сұлуыңның жасы сенен үлкен болса да, реңі ажарлы секілді ме қалай?
Мунира:
-Туу, қойыңызшы, аяқ-қолы балғадай болып, мен қинап әкететіндей, бұртыңдап тұрғаны нес,,,
Балнур:
-Мына екеуіне не болған, жын ұрғандай назданып тұр ма десем, бірін-бірі жаңа көргендей ашу қатып тұрғой.
Гүлдана:
-Қоя берші, бірі ел ауызын өзіне қаратқан қайнымыз, екіншісі даңқы ұзаққа созылған байдың қызы да.
Автор: Жеңгелер жымыңдап шетін ығыса береді. Сахна ортасында Абай мен Ділда ғана қалады.
К.Мунира
(бір сәт үнсіз тұрып)
—
Сен… менен неге әлі қашқақтай қарайсың?
Өзіме қарсы сөз айтқаннан гөрі,
жүрегіңнің шынымен не айтпақ екенін білгім
келеді.
Дияра
(қолын алдына ұстап, әлі ұялып)
—
Мен… қашқақтап тұрған жоқпын.
Тек… барлығы тым тез болып жатқандай.
Адам — көріскен сайын үйренеді дейді ғой.
Біз… әзірге тек сырттай таныспыз.
К.Мунира
(жымиып)
—
Сырттай таныспыз ба?
Әлде… өзіңді танытқың келмей тұр ма?
(аз кідіріп)
Сені менің бойым алаңдатқан сияқты ғой?
Дияра
(қызарақтап, көзін тайдырып)
— Ол да бар…
(қаттырақ)
Сіз… мен ойлағандай емес екенсіз.
К.Мунира
—
Қандай деп ойладың?
Дияра
—
Білмеймін…
Әркім сізді ақылды, сабырлы, терең ойлы дейді.
Мен сізді… сондай бір алыстағы адамның бейнесіндей
елестететінмін.
Абай Ділданы мұқият тыңдап, оның шынайылығына жылы жымиып қарайды. Бір қадам жақындайды.
К.Мунира
— Мен де толқып тұрмын,
Ділда.
Бірақ білгенім — екеумізге ортақ бір ғана нәрсе бар:
бөтен емеспіз.
Кездесу — Жаратқанның жазуы.
Дияра
(Абайға алғаш рет тік
қарады)
—
Ендеше…
Сол жазуды бірге оқуға
ұмтылайық.
Автор: Екеуі қатар тұрып ауылдың жарығына көз салады. Сахнада домбыраның баяу, жылы әуені естіледі. Абай алғаш рет бәйбішесі Ділданы өзінен 2 жас үлкен болса да адал жары етіп алды, о баста әкесі Құнанбайдың айтуымен үйленгелі тұрғандай сезім мен қауөсек жоққа шықты. Абай үлкен қадамға Ділдамен бірге қадам басты.
шағым қалдыра аласыз













