«Абай жолы» роман-эпопеясы. Қайтқанда бөлімі

Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Абай жолы» роман-эпопеясы. Қайтқанда бөлімі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай жолы» роман-эпопеясы. Қайтқанда бөлімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 4-сабақ

Бөлім:

ІІІ бөлім: Ғасырлық туынды

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Абай жолы» роман-эпопеясы. Қайтқанда

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;

11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талда алады. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтай алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

-отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

Құндылық: заң және тәртіп

-моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут







Сабақтың ортасы

5 минут














10 минут













10 минут



















10 минут



























































Сабақтың соңы

5 минут

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу

Психологиялық ахуал

«Атомдар мен молекулалар»

Ойталқы

1.Не себепті шығарма эпопея деп аталады?

2. Неліктен эпопея әлемдік шығарма болып саналады? Неге шетел жазушылары романға жоғары баға берді?

3. М.Әуезов осындай күрделі шығарманы қандай негізге сүйеніп жазып шықты?

4. «Абай жолы» роман-эпопеясы неліктен әр шаңырақта болуы керек деп ойлайсың?

5. Не себепті Құнанбай Абайды қиын мәселелерге араластырған? Жазушы жас Абай кездескен, әке аманатын жеткізген, сөйлескен кейіпкерлері арқылы нені көрсеткісі келген?


1-тапсырма

1.М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихы, жанрлық ерекшелігі, тақырыбы мен негізгі ойы туралы қосымша дереккөздерге сілтеме жасай отырып, әңгімелеңдер.

Топтық жұмыс

2-тапсырма

Берілген тапсырманы ФИШБОУН арқылы орындаңыз.

1.Шығарманың идеясы

2.Өмірдегі мәселелер

3.Мәселенің салдары

4.Шешу жолдары

3-тапсырма

Абайдың әке алдында және аналар алдында қалай ұстағанын салыстырыңдар

Әке алдында

Аналар алдында




ЕББҚ оқушыға тапсырма

Үзіндідегі айтылған ойға пікіріңді білдір.

Үзінді

Менің пікірім

Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
  – Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр… Сәлем бер! – деді.
  Абай жалт қарап барып, жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар – әкесі Құнанбай тұр екен.




Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да қасына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып:
  – Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? – деді. Кекету ме, жоқ, күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?
  Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді.



Үйге тапсырма: «Абай жолы» роман-эпопеясының «Жолда» тарауын оқу

Рефлексия


«Бір (+) плюс, бір (–) минус» стратегиясы. Тапсырмаларды орындау барысында сәтті шыққан бір мезетті, сәтсіз, түсініксіз болған бір мезетті атайды.





Психологиялық ахуал

«Атомдар мен молекулалар»

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.



Роман мен роман-эпопеяның ерекшелігі

Роман — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді

Эпопея – эпостық шығарманың бір түрі; белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды.

Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеум. идея арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі, кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі.

Берілген тапсырманы ФИШБОУН арқылы шығарманың идеясын анықтайды. Өмірдегі мәселелермен байланыстырып, салдарын анықтайды.


Абайдың әке алдында және аналар алдында қалай ұстағанын шығармадан мысал келтіре отырып, салыстырады.


Үзіндідегі айтылған ойға пікір білдіреді.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!











Дескриптор

Білім алушы

- шығарманың идеясын анықтайды;

- өмірдегі мәселелермен байланысты

рады;

- мәселелердің салдарын анықтайды;

- шешу жолдарын ұсынады.



Дескриптор

Білім алушы


-үзіндідегі негізгі ойды түсінгенін көрсетеді;

- Абайдың әке алдындағы және ана алдындағы қалай ұстағанын салыстырады;

- көзқарасы мен пікірін дәлелдейді;

- ойын жүйелі жеткізеді.



Бағалау

Дарабоз

1) сабаққа қатысуы;

2) оған даярлығы;

3) тапсырманы орындауы;

4) өзіндік жұмысы;

5) ынтасы;

6) сабақтағы жауабы.







Жетон арқылы бағалау









Оқулық

11-сынып

«Атамұра» баспасы

2020жыл



Қалыптас

тырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

11-сынып



ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР









Оқулық

11-сынып

«Атамұра» баспасы

2020жыл














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі