Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Абай жолы» роман-эпопеясы. «Қайтқанда» тарауы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

12 Ф.Досымова атындағы орта мектеп


Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» роман-эпопеясы. «Қайтқанда» тарауы

Бөлім:

Ғасырлық туынды

Педагогтің Т.А.Ә.

Бисенова Д.Т.

Күні:

08.12

Сынып: 11(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Абай жолы» роман-эпопеясы. «Қайтқанда» тарауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме,өлең) жазу;

Сабақтың мақсаты

«Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» тарауында көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстыру. Шығармадағы көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, эссе, өлең жазу.

Ойлау деңгейлері

Түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығармадағы көтерілген мәселені түсінеді.

  • Әдеби шығармадағы көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстыра қолданады.

  • Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан талдап ашады.

  • Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, эссе, өлең жазады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

3 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қызығушылығын арттыру әрі өткен сабақты пысықтау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Quizizz» ойынына қосылу сұралады. Бұл ойында «Қайтқанда» тарауы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар беріледі.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері талқыланады.

Оқушылар ойынға қосылып, тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардағы сұрақтарға жауап береді.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың таным деңгейі, ойлау қабілеттері қалыптасады.


Санамалау арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.



Оқушылар сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.

Әр сұраққа дұрыс жауап – 1балл

Барлығы -5балл

Дұрыс жауабы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

1 Ресурс

«Quizizz» ойыны сілтемесі салынады.

Ноутбук, ұялы телефондар



Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

Жаңа сабақ







12 мин

1-тапсырма Топтық жұмыс

«DEAL» әдісі бойынша «Қайтқанда» тарауындағы мәселені өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашып талдау арқылы оқушының проблеманы көре алу дағдысын жетілдереді, оны шешу жолдарын қарастырады.



ЕББҚ –жұмысқа қабілеттілігі төмен, енжар, баяу қозғалады, өз-өзімен отырғанды жақсы көреді, көпке қосылмайды.

ЕББҚ оқушысына тапсырма:

«Пазл» әдісі арқылы топпен әрекет жасау арқылы әлеуметтенуге және рөлдерді бөлу дағдысын қалыптастыруға жетелейді.

Берілген ақпараттарды сәйкестендіру тапсырмасын береді.


Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

«DEAL»  әдісі

«Қайтқанда» тарауындағы мәселені өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашып талдайды.

D

Шығармада көтерілген мәселелерді баяндаңыз

E

Көтерілген мәселе туралы не білетініңізді түсіндіріңіз.

А

Мәселенің қазіргі өмірмен байланысын талдаңыз

L

Мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан байланысын ашыңыз.





ЕББҚ оқушысы «Пазл» әдісі бойынша берілген ақпараттардың сәйкестігін табады.



ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы топ бір- бірін өзара бағалайды.



Оқулық «Қазақ әдебиеті» «Атамұра» баспасы

«Қайтқанда» тарауы

10-22беттер аралығы

Флипчарт, маркерлер

2 Ресурс







10мин

2-тапсырма Жұптық жұмыс

«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы жұпта жұмыс жасауға, оқыған шығармадағы мәселені өмірмен байланыстыруға дағдыланады.

1-нұсқа тапсырмасында шығармадағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты қазіргі өмірмен байланыстырып, талдау жасау тапсырылады.

2- нұсқа тапсырмасында шығармадағы ана мен бала арасындағы мейірім, құрметті қазіргі өмірмен байланыстырып, талдау жасау тапсырылады.

ЕББҚ оқушысына тапсырмада берілген қажетті сөздер бойынша көркем шығармадағы Абай үйіне келген қонақтар мен бүгінгі күндегі қонақтарға тән сипаттарды сәйкестендіріп жазу жұмысы беріледі.

«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы жұппен жұмыс жасауға, әлеуметтенуге дағдыландырады.



Тапсырманы оқушылар өзі қалаған жұбымен жұптаса отырып, жұпта талдайды.

1-нұсқа «Қайтқанда» тарауындағы Құнанбай мен бала Абай арасындағы қарым-қатынасты қазіргі өмірдегі бала мен әке арасындағы қарым-қатынаспен байланыстырып, талдайды.

Құнанбай мен бала Абай арасындағы қарым- қатынас

Бүгінгі күндегі әке мен бала арасындағы қарым- қатынас




2- нұсқа «Қайтқанда» тарауындағы Абайдың аналары мен бала Абай арасындағы қарым-қатынасты қазіргі өмірдегі бала мен ана арасындағы қарым-қатынаспен байланыстырып, талдайды.

Абайдың аналары мен бала Абай қарым- қатынасы

Бүгінгі күндегі ана мен бала қарым- қатынасы




ЕББҚ оқушысы жұбымен берілген қажетті сөздер бойынша көркем шығармадағы Абай үйіне келген қонақтар мен бүгінгі күндегі қонақтарға тән сипаттарды сәйкестендіріп жазады.

Абайдың үйіне келген қонақтарға тән сипаттар

Бүгінгі күндегі қонақтарға тән сипаттар




Қажетті сөздер: туыс, ағайын, жыршы, нағашы, ақын, өнерлі, қыдырып келген туыстар, елге сыйлы, тойға келген қонақтар, атақты адамдар.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көтерілген мәселенің себебіне талдайды.

Мәселені қазіргі өмірмен байланыстырып талдайды.

көтерілген мәселенің себебіне талдау жасай алады

2

шығармадан мысал келтіреді


2

Мәселені қазіргі өмірмен байланыстырады

2

Барлығы 6 балл



ЕББҚ оқушысын бағалау



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қажетті сөздердің мағынасын ажыратып, сөздерді орынды қолдана алады.

Қажетті сөздерді орынды қолдана алады.

3

Сөздердің мағынасын ажырата алады.

3

Барлығы 6 балл







Оқулық «Қазақ әдебиеті» «Атамұра» баспасы

«Қайтқанда» тарауы

17-21 беттер аралығы



15 мин

3-тапсырма Жеке жұмыс

Оқушылардың деңгейіне қарай саралау тапсырмалары беріледі.

ІІІ деңгей тапсырмасы ойлау қабілеті ұшқыр, сыни ойлай алатын, эссе жазуға дағдыланған оқушыларға беріледі

Тапсырма: Оқылған шығарма бойынша «Әке тәлімі – ұрпақ өнегесі» тақырыбына шағын эссе жазуға беріледі.

(100-120сөз)

«Креативті жазу» әдісі арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту арқылы креативті шығармашылық жұмыс жазуға дағдыландырады.

ІІ деңгей тапсырмасы поэзияға құштар, өлең жазуға қабілетті оқушыларға беріледі.

Тапсырма: «Буриме» әдісі бойынша берілген ұйқастарды пайдаланып ананың балаға деген махаббатының құдіреті туралы бір шумақ өлең құрастыру тапсырылады.

..................................аямаған,

..................................саялағам.

..................................жан анам,

..................................аялаған.

Бұл әдіс оқушының креативті шығармашылық жұмыс жазу дағдысын қалыптастыра отырып, сыни ойлауға дағдыландырады.

І деңгей тапсырмасы оқу үлгерімі төмен және ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында

«Синквейн» әдісі бойынша берілген сөздерді пайдаланып, бес жолды өлең жазу тапсырылады.


Бұл әдіс оқушының ойлау қабілетін жақсартуға және танымдық қабілетін жетілдіруге жетелейді.



Эссе талаптарын сақтай отырып, шағын эссе жазады.













«Буриме» әдісі бойынша берілген ұйқастарды пайдаланып ананың балаға деген махаббатының құдіреті туралы бір шумақ өлең құрастырады.













Сөздерді ұқсас түстері бойынша сәйкестендіре отырып, бес жолды өлең жазады.

1.Зат есім

2. Сын есім (2)

3. Етістік (3)

4. Сөйлем (4сөзден тұратын)

5. Синоним

ІІІ деңгей тапсырмасы критериалды бағалау арқылы жүреді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

балл

Білім алушы

Шығармадан дәлелдер келтіріп тақырыпты ашады.

тақырыпты ашу үшін шығармадан дәлелдер келтіреді;

3балл

Көтерілген мәселені ғаламдық тақырыптармен байланыстырып, эссе жазады.

көтерілген мәселені ғаламдық тақырыппен байланыстырады

3балл

эссе жанрының талаптарын сақтай отырып,өз ойын креативті түрде жүйелі жазады.

4балл

Барлығы

10 балл



І,ІІ деңгей тапсырмалары қалыптастырушы бағалау арқылы жүреді.

ҚБ «Шапалақ» әдісі



Оқулық «Қазақ әдебиеті» «Атамұра» баспасы

«Қайтқанда» тарауы

17-21 беттер аралығы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2024
1218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12