400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Абай жолы" роман-эпопеясының көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай жолы" роман-эпопеясының көркемдік ерекшелігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті


Күні: Сынып: 11


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы

« Ғасырлық туынды»

«Абай жолы» роман-эпопеясының (2-кітап) көркемдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.4.1көркем шығармалардан алынған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Абай жолы» роман-эпопеясын көркемдік ерекшелігіне талдайды, көркем шығармалардан алған үзінділерді қолданады; шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін анықтап, талдайды, көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;

Бағалау

критерийлері

  • шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды;

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

ІІ.Қызығушылықты ояту

«Бұрыштар» тәсілі. Оқушыларға үзінділер беріледі. Олар үзіндінің қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.

Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. …Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді. Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не, көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады.

Овал 1




Овал 2 Овал 3

Эпитет


Портрет


Метафора


Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.


Оқушылар берілген үзіндінің қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.











Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау









ҚБ «Нысана»


11-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы


Жаңа материалды игеру


10 минут






5 минут
















12 минут




ІІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ: «Абай жолы» роман-эпопеясының (2-кітап) көркемдік ерекшелігі.

1-тапсырма. Романдағы Тоғжан портретін тауып, үзіндіден Тоғжан бейнесін анықтайды. Көркемдегіш құралдарын талдайды

Дескриптор:

  • Үзінділерді талдайды;

  • Көркемдегіш құралдардың сипатын анықтайды.

ҚБ

2 -тапсырма. «Пирамидалық талқылау» арқылы топтар мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис т.б.

«Сенің бойыңнан үш түрлі мін көрем. Соны тыңда: «Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың… Жайдақсың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды»

«…Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын».

«Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір гүл шашқан. Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған-ды»

Дескриптор:

  • үзінділерді жұппен оқиды;

  • көркемдегіш құралдарды тауып, түсінік береді.

ҚБ

3-тапсырма. «Керемет пікірталас»

«Абай мен Құнанбай арақатынасындағы қайшылық пен үндестік. Әке көрген оқ жонар» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру

Дескриптор:

  • ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіреді;

  • 3 қайшылықты анықтайды

  • 3 үндестікті анықтайды

  • Қорытынды жасайды

ҚБ

Оқушыларға «Абай жолы» романынан үзінділер таратылады.

Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, көркемдегіш құралдардың сипатын анықтайды.


«Пирамидалық талқылау» арқылы топтар мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис т.б.



Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. «Абай жолы» романының ерекшелігіне қатысты берілген пікірге өз көзқарасын білдіреді. Сол арқылы автордың стиліне шағын талдау жүргізеді.











ҚБ «Нысана»













ҚБ «Нысана»



М. Әуезов «Абай жолы» романы

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен нені түсінбедім?

(Оқушылар стикерге өздерінің түсінбеген тұстарын, сұрақтарын жазып, мұғалімге қалдырады.)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі