жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абай жолы"роман-эпопеясы
)
)
|
Бөлім: Ғасырлық туынды |
Мектеп: |
|||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||
|
Сынып: 11 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы (1-кітап) |
|||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау; |
|||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну. Көпшілігі: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау. Кейбір оқушылар: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау. |
|||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну |
|||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық) |
|||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Романның сюжеттік-композициялық құрылысына, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысына талдау жасау. |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы |
|||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады. |
|||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
М. Әуезов шығармашылығы |
|||||||||
|
Жоспар |
||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 2 минут 7 минут 1 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады. Қызығушылығын ояту. «Суреттер галереясы» әдісі. Абай мен М.Әуезов арасындағы байланысты табады. /Абай мен М.Әуезов портреттері, «Абай жолы» романы/
«Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау. «М. Әуезовтің « Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және , ең бастысы,есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.Бұл романды мен соншалықты рахаттанып аудардым. Образдарының бедерлілігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы терең поэтикалық сезім – осының бәрі қажетті сөздерді сарыла, сарғая іздеуге мәжбүр ете тұрса да, қуанышты болды; мені тағдыры өзіме көптеп жақын да қымбат болып кеткен қазақ әдебиетіне деген мақтаныш сезімі билеп алды. Леонид Соболев Мен оның, (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман – «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын. Луи Арогон «Мен қазақтар туралы бұрын
ешқашан естіген емеспін. Бенжамен Матип «Жазушы және филолог Мұхтар Әуезов тамаша кітапжазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты...». Герберт Кремпиен «Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім» Ғабит Мүсірепов Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана. Қалайша бас имессің оған, сірә! Дескриптор:
ҚБ Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. |
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады. «Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау. Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады. |
Қалыптастырушы бағалау ҚБ
ҚБ
|
/Абай мен М.Әуезов портреттері, «Абай жолы» романы/ |
||||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 7 минут 1 минут |
Мағынаны тану. «Абай жолы» романының жазылу тарихына тоқталу. 1-кітаптың бөлім атауларына тоқталу «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген — әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл — үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл — Құнанбайдың да баспалдақтары. 1-тапсырма. «Қайтқанда» тарауының 1-бөлімі бойынша шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына «Цицерон» тәсілімен талдау жасау. 7 6
4 3 2 1 Оқушылар жазғандарын оқи отыра, тарау мазмұнын еске түсіреді.
Дескриптор:
ҚБ Шығарма үзінділерімен жұмыс. Берілген үзінділерді түсініп, көтерілген ұлттық мәселелерді анықтау, сұрақтарға жауап беру.
Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. |
Оқушылар «Абай жолы» романының жазылу тарихымен танысады.
(Оқушыларға үйде романның бірінші кітабын оқып келу тапсырылған)
Оқушылар жазғандарын оқи отыра, тарау мазмұнын еске түсіреді.
Берілген үзінділерді түсініп, көтерілген ұлттық мәселелерді анықтайды, сұрақтарға жауап береді. |
ҚБ
ҚБ
|
/презентация/
«Абай жолы» романы |
||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Кері байланыс.
|
|
||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||
|
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) қолданамын. |
Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын. |
Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс. Ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б. Интерактивті тақта қолданылады. |
||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||
|
Оқушылар ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабына сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-кітабының мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді де игерді. Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде сюжеттік-композициялық талдау жасау тиімді болды. |
||||||||||
|
Жалпы баға Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: сюжеттік-композициялық талдау жасауы. 2: Көтерілген ұлттық мәселелерді анықтауға байланысты талқылауы.. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Абай туралы фильмдерден үзінді көрсету.. 2: Қазақстан тарихынан өткен ұқсас тақырыптарды еске түсірту. Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым? Оқушыларға осындай романдарды бөліп оқыту және оған сабақ кезінде талдау жасау |
||||||||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген