Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай мұрасының жастарға берер тәлімі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай мұрасы: Рухани жаңғырудың мұрасы

Сайлау Еңлік Нұрланқызы

Алматы облысы

Жамбыл ауданы «Көкдала ауылының орта мектебі МДШО»КММ

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Кемеңгер ойшыл, ұлтымыздың тарихында ерекше орын алатын ұлы тұлға, ақын Абайдың туғанына 175-жылдық мерейлі датаға арналған Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың «Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы еліміздің рухани өміріндегі мәні зор шығарма деп санаймын. Мемлекет басшысы бұл мақалада Абайдың ел тарихындағы айрықша орнын, ұлттық болмысымызды қалыптастырудағы рөлін айқындап, ұлттың рухани жаңғыру үрдісінің өзегі – ақын мұрасын терең зерделеу екеніне назар аударады. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын өз халқының алдына жаңа мақсаттар мен тың талаптар қойып кеткендігі бәрімізге мәлім.

Бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені сіңірту, рухани жан дүниесін қамықтыру менің басты –міндетім.Сондықтан да жас ұрпақ бойына ұлттық рухты қалыптастыратын тіл десек, бұл орайда ұлттық рухпен суарылған данышпан Абай шығармашылығын мектепте оқыту арқылы, бір жағынан жас ұрпақ тұлғасына ұлттық рухты сіңіру проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені бүгінгі, кешегі және болашақтағы көкейтесті мәселе – жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу — өз кезінде Абай шығармашылығынан орын алып, мәнімен маңыздылығы айқындалған мәселе.

Біздің мектебімізде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың балалары, тағдыр тауқыметіне түскен оқушылар оқиды.Бұндай оқушыларға рухани жағынан көп тәрбие беру керек.Бұндай оқушылармен жұмыс жасау оңай деп айта алмаймын, бірақ жұмысымның қиындығына қарамастан,бірнеше жақсы нәтижеге де қол жеткізіп келемін.

Біздің мектептің басты ұраны –«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», -Абай атамыз айтқандай бір шаңырақ астындағы балаларды бірін-бір қадірлеуге,мейірімділікке,бауырмалдыққа тәрбиелеп келеміз.

«Абай әлемі – бізді жеті түнде адастырмайтын – темірқазық. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйт­кені жанды же­гідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әл­де­қашан айтып кет­кен»,- дейді


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ғұлама мұрасының қазіргі ұрпақ үшін маңызын айта келіп, былай дейді: «Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. ... Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы».

Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы, оның ар-ожданы. Қазақтың ұлттық «МЕНін» әлемдік деңгейге көтерген жан. Қазақ даласында өз заманының кемеңгері болған тұлғалар сөзсіз жеткілікті, алайда, Абайдай халық даналығының нары болған тұлғаны оның көрмегені хақ. Жас кезінен ол өзінің зеректігімен және байқағыштығымен көзге түсті, көп оқып, әкесіне руаралық дау-дамайды шешуге көмектесті, мәселенің түп мәніне бойлауды үйренді. Абай ойының басқа ақындардан биіктігі – ол мәселенің сыртқы жағын ғана ашып қоймай, ішкі, тереңдегі мәнін де аша білді. Дала ойшылдарының даналығын бойына сіңіріп, көшпелі қоғамның барлық артықшылықтарын қолдана отырып өз өлеңдерінде ақыл мен білімді мадақтайды, билік пен оңай олжаға жаны қас. Ал оның «Қара сөздері» әлем мен адам жанын түсінудегі баға жетпес құндылыққа айналды. Данагөй адам ретінде ол алдымен алдыңғы қатарлы далалық ой өкілдерінің бар даналығын бойына сіңірді, қазақ халқының аңыз-әңгімелерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білді. Ал оның орыстың және батыстың классикалық әдебиеті шығармаларымен танысуы оның жадында білімнің артықшылығын түсінуін нығайта түсті. Ол қазақ халқының жарқын болашағын білімді жастардан көрді. Ол жастарды надандықтан, арсыздықтан және бетпақтықтан аулақ жүруге, нәпсінің құлы болмауға шақырды. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп еске салады ұлы ойшыл. Ақын тек өз еңбегің мен ақылыңа сен, асыра мақтап, ішіне құлық сақтап тұратындардан сақ бол деп ескертеді. Абайдың айтуынша, тек білім мен тәрбие ғана биік шыңдарды алып, табысқа апарар жолды қысқартады. Бұл үшін қазақ балаларына арнап көп мектеп салу керек, оларды мектепке беріп, олардың бір бөлігін бір түрлі мамандық алуға бағыттаса, екіншісін басқа түрлі мамандық алуға бағыттау керек. Тек білім ғана талантты жастарға өркениетті болашаққа жол аша алады.

Абай даналығы – халық даналығы. Оның ішкі әлемінің көрінісі ретіндегі ойшылдың мұрасы – халық даналығы мен санасының таусылмас қайнар көзі.

Абай айтқан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген үш қасиетті сіңіру – біздің міндетіміз деп білемін. Осы қағиданы берік ұстана отырып, ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл – санасына білім нәрін құю, жылы жүрек – эстетикалық тәрбие беру деп түсінуіміз керек деп ойлаймын».Бұл шаралар мектебімізде жүйелі түрде атқарылып келеді.

«Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі». Абай мұрасы:Рухани жаңғырудың мұрасы деп Абайдың жастарға ұсынған жолы – адалдық пен ғылым жолына жастар көптеп түсіп жатса, осы жол ғана қиындықтан құтқарады, надандықтан арылтады, ізгі адамгершілікке салады. Сондықтан да ақын өзінің жүрек қалауын талаптанған, талпынған жастарға арнайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12