-
Өлеңдерді
мәнерлеп оқу.
Жазғытұры
Жазғытұры
қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің
көзі.
Түйе боздап,
қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен, құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады
су.
Күз
Сұр бұлт түсі
суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді
басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай
жарысқан.
Жасыл шөп,
бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала
шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш,
қурай.
Қыс
Ақ киімді,
денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп
қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй
шайқалды.
Желсіз
түнде жарық ай
Желсіз түнде
жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың, жаны — терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
2.
Өлеңдерге сатылай кешенді
талдау
Жазғытұры
-
Авторы –
А.Құнанбаев
-
Тақырыбы –
жазғытұры мезгіліне тән
көрініс
-
Жанр түрі –
поэзия
-
Идеясы – жыл
мезгілінің жанға жайлы, еңбекке қолайлы екендігін
дәріптейді
-
Шумақ – 2
шумақты
-
Тармақ – 8
тармақты
-
Бунақ – 3
бунақты
-
Буын саны –
11-12 буынды
-
Ұйқас түрі –
қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
-
Әдеби
теориялық ұғымдар:
Эпитеттер –
жоқ
Теңеулер –
масатыдай, ата-анадай
Кейіптеулер –
ата-анадай елжіреп күннің
көзі
-
Сөздік
жұмысы.
Жазғытұры –
көктем
Сыз -
суық
Масаты –
қымбат мата
-
Өлеңнің
негізгі түйіні, тәрбиелік
мәні.
Адамдарды
табиғатпен бірге құлпыруға, еңбек етуге
тәрбиелейді.
Күз
-
Авторы –
А.Құнанбаев
-
Тақырыбы –
күз мезгілі, табиғат
көрінісі
-
Жанр түрі –
поэзия
-
Идеясы –
күзгі суыққа шыдай алмаған
тіршілік
-
Шумақ – 2
шумақты
-
Тармақ – 8
тармақты
-
Бунақ – 3
бунақты
-
Буын саны –
11-12-13 буынды
-
Ұйқас түрі –
қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
-
Әдеби
теориялық ұғымдар:
Эпитеттер –
сұр бұлт, дымқыл тұман, жасыл
шөп
Теңеулер –
бұрынғыдай, шал-кемпірдей
Кейіптеулер –
жоқ
-
Сөздік
жұмыс.
Қаптайды –
бұлт басады
Қурай –
өсімдік
-
Өлеңнің
негізгі түйіні, тәрбиелік
мәні.
Жастарды
мейірімді болуға
тәрбиелейді.
Қыс
-
Авторы –
А.Құнанбаев
-
Тақырыбы –
қыс мезгілі, аяз, боран
-
Жанр түрі –
поэзия
-
Идеясы –
адамдарды табиғаттың күшіне қарсы тұруға
шақырады
-
Шумақ – 3
шумақты
-
Тармақ – 12
тармақты
-
Бунақ – 3
бунақты
-
Буын саны –
11-13 буынды
-
Ұйқас түрі –
қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) және кезекті ұйқас
(а-б-в-б)
-
Әдеби
теориялық ұғымдар:
Эпитеттер –
ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ
орда
Теңеулер –
ұшпадай, бұлттай, бурадай
Кейіптеулер –
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп
қалды.
-
Сөздік
жұмыс.
Ұшпа –
бұлт
Бурадай
бұрқ-сарқ – түйенің ашулануы
-
Өлеңнің
негізгі түйіні, тәрбиелік
мәні.
Қысқа жақсы
дайындалу керек.
Желсіз
түнде жарық ай
-
Авторы –
А.Құнанбаев
-
Тақырыбы –
жаз мезгілі, табиғат
көрінісі
-
Жанр түрі –
поэзия
-
Идеясы –
түнгі табиғат көрінісін, сұлулықты
дәріптеу
-
Шумақ – 2
шумақты
-
Тармақ – 8
тармақты
-
Бунақ – 2
бунақты
-
Буын саны –
7-8-9 буынды
-
Ұйқас түрі –
шалыс ұйқас (а-б-а-б)
-
Әдеби
теориялық ұғымдар:
Эпитеттер –
желсіз түн, жарық ай, терең сай, тасыған өзен, қалың ағаш, жасыл
жер жүзі
Теңеулер –
жоқ
Кейіптеулер –
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып
өзді-өзі
11.Сөздік
жұмыс. Күрілдеп тасыған – қатты аққан
өзен
Сыбырласып –
сөйлескен
12.Өлеңнің
негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Өлең табиғатты қорғауға
тәрбиелейді.
Жазғытұры
4 3
4
Жазғытұры//
қалмайды// қыстың сызы, //
11
4 3 4
Масатыдай// құлпырар //жердің жүзі.//
11
4 3 4
Жан-жануар,// адамзат// анталаса,//
11
5 3 4
Ата-анадай// елжірер// күннің көзі.//
12
4 3
4
Түйе
боздап,// қой қоздап// - қорада шу, //
11
4 3 4
Көбелек пен,// құстар да// сайда ду-ду.//
11
4 3 4
Гүл мен ағаш //майысып //қарағанда,//
11
4 3 4
Сыбдыр қағып,// бұраңдап// ағады су.//
11
Күз
3 4
5
Сұр бұлыт//
түсі суық // қаптайды аспан,//
12
3 4 4
Күз болып, //дымқыл тұман// жерді басқан. //
11
3 4 4
Білмеймін// тойғаны ма, //тоңғаны ма,//
11
4 4 4
Жылқы ойнап, //бие қашқан,// тай жарысқан.//
12
3 4
4
Жасыл шөп,
//бәйшешек жоқ // бұрынғыдай,//
11
4 3 4
Жастар күлмес, //жүгірмес //бала шулай. //
11
3 4 4
Қайыршы// шал-кемпірдей// түсі кетіп, //
11
5 4 4
Жапырағынан// айырылған// ағаш, қурай.//
13
Қыс
4 3
4
Ақ киімді,
//денелі, //ақ сақалды,// 11
4 3 4
Соқыр, мылқау,// танымас// тірі жанды.//
11
4 3 4
Үсті-басы// ақ қырау,// түсі суық,//
11
4 3 4
Басқан жері //сықырлап, //келіп қалды.//
11
4 3 4
Дем алысы - // үскірік, //аяз бен қар,//
11
4 3 4
Кәрі құдаң -// қыс келіп, //әлек салды.//
11
3 4 4
Ұшпадай //бөркін киген //оқшырайтып,//
11
4 3 4
Аязбенен// қызарып// ажарланды.//
11
3 4 4
Бұлыттай// қасы жауып// екі көзін,//
11
5 3 5
Басын сіліксе,// қар жауып, //мазаңды алды.//
13
3 4 4
Борандай //бұрқ-сарқ етіп //долданғанда,//
11
4 3 4
Алты қанат// ақ орда //үй шайқалды.//
11
Желсіз
түнде жарық ай
4
3
Желсіз түнде
//жарық ай, // 7
5 3
Сәулесі суда// дірілдеп. //
8
5 3
Ауылдың, жаны //— терең сай, //
8
5 3
Тасыған өзен //күрілдеп.// 8
4 4
Қалың ағаш //жапырағы //
8
4 4
Сыбырласып //өзді-өзі. //
8
5 4
Көрінбей жердің //топырағы, //
9
5 3
Құлпырған жасыл //жер жүзі.//
8