Абай
өлеңі арқылы оқушының сын тұрғысынан
ойлау дағдысын қалыптастыру
Жалпы
мектепте оқушылардың сын тұрғысынан
ойлауын дамыту қалай жүзеге асырылады?
Ешбір күмәнсіз, барлығы мұғалім ұсынған
сабақтардан басталады. Тәжірибе
көрсеткендей, егер оқу үрдісі мазмұнында
оқушы үні ескерілсе, стандартты емес
ойлауға мүмкіндік беріп шығармашылыққа
бет бұрылса онда оқушылардың сын
тұрғысынан ойлауын дамытуға болады.
Әлбетте, мұғалім осы сын тұрғысынан
ойлауды өзі арқылы «өткізуі» керек, өзі
сын тұрғысынан ойлай алуы, сыни ойлаудың
не екендігін түсіне білуі қажет. Ия
жоғарыда айтып кеткендей, балаларға
сын тұрғысынан ойлауды үйретуді біз өз
сабақтарымызда бастаймыз.
Сын
тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдан бастау
алады. Олай болса сабаққа дайындалу
барысында оқытушы оқушылардың алдында
тұрған мәселелер шеңберін анықтап алуы
тиіс, ал ары қарай оқушылар оған дайын
болған кезде оларға осы мәселелерді өз
беттерінше тұжырымдауға көмектесуі
керек. Мәліметтер жинап, мәтіндерді
талдай келе, баламалы көзқарастарды
салыстырып, ұжымдық талқылау арқылы
өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап
іздейді. Негізі сабақтың маңызды кезеңі
ол ой қозғау сатысы болып табылады. Ой
қозғау сатысы жаңа ақпарат алуға алып
келеді. Бұл сатыда оқытушы оқушылардың
тақырып бойынша бар білімін ортаға
салып ой толғанысын жасайды, олардың
ойлау әрекетін жандандырады, сонымен
қатар мақсаттарды түзеу және нақтылау
жүргізеді. Оқушылар өз кезегінде,
игерілген тақырып бойынша оларға не
белгілі екендігін естеріне түсіреді,
ақпаратты жүйелейді, жауап алғылары
келетін кері сұрақтар қояды.
Мұғалімнің
қызметі жаңа ақпаратпен тікелей жұмыс
жасау барысында оқушылардың игерілетін
тақырыпқа деген қызығушылығын сақтап
қалу және оқушыларды «ескі» білімнен
«жаңасына» жеткізу болып табылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ұғыну
сатысы мұғалімнің алдына келесі міндетті
қояды – оқушыларды жаңа ақпаратты
белсенді алуға, ұғынуға ынталандыру.
Оқушылардың жаңа мәселе жөніндегі
танымдық жұмыстарын көкейкесті ету
мақсатында әртүрлі ақпарат көздерін
қолдану қажет: оқулық, фильмдерден
үзінді, және интернет-ресурстар тағы
басқа ақпарат көздерін алуға болады.
Соның бірі - әдебиет оқулықтарында
кездесетін Абай өлеңдерінің мазмұны
сыни ойлауға өздігінен итермелейді
және ықпал жасайды. Сондай-ақ ауызбіршілікке
алып келеді, сонымен қатар, өте маңызды
болып табылатын зияткерлік ойлау
әрекетін дамытады. Жалпы сын тұрғысынан
ойлау сендірерлік дәлелдемелерге
ұмтылады. Сын тұрғысынан ойлайтын адам
мәселенің өзіндік шешімін табады және
осы шешімді қисынды, негізделген
дәлелдермен ойша бекітеді.
Байқасақ
Абай өлеңдері түгелге дерлік лирикадан
құралған, тұнып тұрған эпитет, теңеулерге
толы десек қателеспейтініміз анық.
Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесі,
адамдар портретін жасау, ішкі-сыртқы
қылық-қасиеттер, мінез-бітімдерді айқын
суреттермен көрсетуге негізделген.
Мына бір ғана «Қыс» өлеңінің екі шумағын
шолып, өзіндік ой қалыптастырасыз.
Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр
мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы
ақ қырау түсі суық,
Басқан жері
сықырлап келіп қалды.
Дем
алысы - үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң
- қыс келіп, әлек салды
Ұсынылған
өлең жолдарында кездесетін әрбір сөз,
«неліктен?» деп қойылатын ашық сұрақтар
арқылы оқушы қауымға терең ой салады.
Ал «Түсі суық», «дем алысы», «кәрі құда»
сияқты эпитеттер еріксіз сыни ойлай
білуге жетелейді. Ендігі:
Ұшпадай
бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен
қызарып ажарланды.
деп
жалғасатын өлең шумақтарындағы «Ұшпадай»
- деген теңеулер, жаны жырға, лирикаға
жақын адамды шынында терең ойлануға
мәжбүрлейді. Сын
тұрғысынан ойлау – бүгінде ашық қоғамның
негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып
үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдеу
десек қателеспейміз. Сонымен қатар,
басқалардың пікірлерін дәлірек
қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Бұлай оқыту «қарапайымнан күрделіге»
деп аталады. Қазіргі таңдағы көпшілік
педагогтардың негізгі әдістемелік
қолданысына айналған «Оқу мен жазу
арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту»
(СТО) технологиясының принципі, білгенін
өмірде қолдана алатын тұлға тәрбиелеу.
Ия бүгінгінің талабы, бұрынғыша Абай
өлеңдерін мүдірмей, мәнерлеп жатқа
айтып оның санын еселеп көбейту емес.
Бұл дегеніңіз берілген әрбір өлең
жолдарының мағынасын терең түсініп,
оның мәні мен мазмұнын, автордың айтпақ
ойын ұғынуды көздейді. Сонымен бірге
санаға түйген ойды өз қажеттілігіне
жаратуға, кездескен мәселесінің түйінін
алған білімі арқылы шешу дағдысын
қалыптастыруға ықпал жасайды.
Бұлттай
қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе,
қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай
бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты
қанат ақ орда үй шайқалды.
Ал
мына «Бұлттай қасы...» , «Бурадай» деген
өлең жолдарындағы теңеулер сыни ойлау
арқылы түйінді ой қалыптастыруға ғана
емес, терең ой толғанысын жасауға
бейімдейді. Ой
толғаныс кезінде біз, барлық оқушыларға
зерттеу аясындағы сұхбатқа тарту
мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын
қолданамыз, соның нәтижесінде олар
әдетте мәселе тудыратын тақырыпқа
қамтылады. Жоғарыда ұсынылған өлең
жолының соңғы сөйлемі осы өлеңнің
негізгі түйіні десек те болады. Мұндағы
«Кәрі шал» деп суреттеген тұсы осы
өлеңнің мазмұнын бір сөзбен жеткізеді.
Осы сөз арқылы оқушыларға «миға шабуыл»
стратегиясы қолданылса, мұғалім
жоспарлаған оқу мақсатына жете алады.
Ал оқушылардың бірлескен талқылау мен
ой толғанысы өзара топ ішіндегі
қарым-қатынастың жақсаруына, қиындықсыз
мәселеден оңай шығуына, сыни ойлануына
ықпал етеді.
Соныға
малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес,
қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше
Қондыбай, Қанай жесін,
Құр
жібер мына антұрған кәрі шалды.
Бірлескен
талқылау барысында кейбіреулерінің
жақсырақ білетін оқушымен диалог құру
мүмкіндігі болған жағдайда оқуы жеңілдеу
болады, әрине бұл рөлдерде әдетте өз
сыныптастары болады. Сабақ соңында әр
оқушы өзіндік рефлексия жасайды.
Рефлексия сатысында сабақта меңгерілетін
ақпарат өзіндік білімге түрленеді. Ол
ақпаратты жүйелендіруге, жаңа идеялар
тудыруға, бұрындары қойылған мақсаттарға
қол жеткізуге бағытталған. Осы сатыда
бірыңғай ұғыну, алынған ақпаратты
жинақтап қорыту жүреді, сондықтан ол,
мұғалім үшін де оқушы үшін де маңызды
деп білемін. Балалар өз білімдерін
жинақтайды, ал мұғалім оқушының қандай
деңгейде екендігін көре алады.
Жалпы
білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Қашанда
оқыту технологиясын таңдап, іріктеу –
оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін
басқарудың негізгі бір буыны болып қала
бермек.