жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай өмірінің бастауы
Оразимбетова Айнур Сагатовна
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
«Қазатком орталау мектебі» КММ
Тақырыбы: Абай өмірінің бастауы
Мақсаты:Абай өміріндегі ең жақын адамдарының берген тәрбиесі мен ғибраттары туралы айту.
Көрнекілігі: Абай портреті,әкесі- Құнанбай, әжесі- Зере, анасы- Ұлжанның суреттері, буклеттер, нақыл сөздер, слайд.
(Көрініс)
Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады.
Атасы , немересі .
-Шығарма жаза алмай қиналып отырған 5 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет.
Теледидардан
дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді
оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі
жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі
суық,
Басқан жері сықырлап келіп
қалды...
Немересі қаламын тастай сала
атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді
білемін, ата! Кеше ғана әдебиет
сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың
өлеңі.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі,
кестенің бізі, өрнегін сендей сала
алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә,
бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал
табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген.
Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім
екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ
толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі
жерде Абайды «Абай атам», «Абай
атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан
кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны
білмеген адам қазақ емес.
-Ата!
Бізге шығарма - эссе жазуға қосымша
ізденіс жұмысы тапсырылып еді. Соған
біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен?
Жарысқа қалайда қатысуым керек.
Атасы:
-
Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма
едің, балам?
Немересі:
- Иә, сіз оны
көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан
білесіз?
Атасы:
- Жүр, балам. Мен
сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл
сол Абай атаң туралы, жүре ғой !(Ертіп
алып, шығып кетеді).
Жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар ,ұстаздар! Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған
«Абай өмірінің бастауы» тақырыбында өткізгелі отырған іс шараға қош келдіңіздер.
(Абайдың дүниеге келуі деректі фильм)
Оқушы:Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим.Әжесі оны еркелетіп Абай деп атап кеткен. Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды.
Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб - парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет - ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде — ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады. Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен.
Құнанбай Өскенбайұлының шежіресімен таныстыру.Слайд
Оқушы: Құнанбай -Абайдың әкесі.Оны Құнанбай қажы деп те атаған. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің » Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан.
Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым — қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік — шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.
Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы «Ескітам» деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Және мешіт салдырған.
Мұғалім: Құнанбай қажы мешіті - ағаш бөренелерді қиюластыра орналастырып бір де бір шеге қолданбай жасалған екі қабатты ғимарат. Архитектуралық жоспар бойынша бұл ғимараттың ені 15 метр, ұзындығы 11, ал биіктігі 6 метрді құрайды. Мұнда бір уақытта 300 адам намаз оқи алады. Жалпы, мешіттің жобасын құрған сәулетшінің есімі белгісіз. Бір өкініштісі Құнанбай Өскенбайұлының бұл мешіті бізге сол алғашқы салынған күйінде жетпеді. Кеңес үкіметінің сұрқия саясатының кесірінен 1920 жылы мешіттің мұнарасын қиратып, ғимаратты мектепке, кейінірек қоймаға айналдырды. Сол жылдары мұнараны құлатуға байланысты мынадай оқиға болған екен: Шолақ белсенділер мешітті қиратып орнына кеңсе құрамыз дейді. Осы тұста жағымсуды ойлаған пайдақұмар Имаш деген кісі:«мұнараны мен-ақ құлатып беремін!» деп, ағаш мешіттің биігіне шығып алып, аяғы тайып құлап, тапжылмастан мерт болып кеткен екен. Сондай-ақ, атеистердің мешіттің айшығын атып түсіріңдер деген бұйырығы болыпты. Бұл бұйрықты орындаймын деп қаншама кісі оқталғанымен нәтиже шықпаған екен. Бір күндері бір мерген ақыры айшықты атып құлатыпты. Айшық жерге құлаған сәтте әлгі атқан адам да жан тапсырған екен. Ақыры діттеген мақсатына жеткен кеңес өкіметі өткен ғасырдың сексенінші жылдары Алланың бұл үйін атқора ретінде пайдаланғаны тіптен жанға батады. Дегенмен де, тағдырдың сан қыспағына көнген Құнанбай мешіті тәуелсіздік алған жылдары қайта жөндеу жұмыстарынан өтіп, қалыпқа келтірілді. Бүгінде ол өзінің әуелгі мақсаты бойынша мұсылмандар қауымына қызмет атқаруда. Қарқаралының әрбір тұрғыны Құнанбайдай, Абайдай тұлғалардың осы өлкеде тұрып, аталмыш мешітке жиі бас сұғып тұратындығын мақтан етіп айтады. Сондықтан да 160 жылдан астам тарихы бар Құнанбай қажы мешіті - тек өткен ғасырдан көрініс беретін діни орын ғана емес, сондай-ақ ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін бірегей құрылыс нысаны болып табылады
«Құнанбай » фильмінен үзінді көрсету.
Құнанбай — 2015 жылда шыққан қазақстандық тарихи драма, Құнанбай Өскенбайұлы туралы өмірбаян-фильм. Сюжет желісі бойынша «Құнанбай» фильмі атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды.Құнанбайдың орнына басты рөлді сомдаған Досхан Жолжақсынов болды
Жүргізуші: Әже – ұлт дәстүрінің алтын арқауы .Абайдың әжесі Зере.
Оқушы: Зере (1785-1873 жылдарда өмір сүрген) Зере -Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.
« – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!Бұл туралы М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясында шынайы суреттелген. Зере 1873 жылы қайтыс болғансоң, баласы Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының жанына жерленген. Абай ауылының азаматтары 1986 жылы қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, Зере бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды.
Зере,Абай
көрінісі
Көрініс -Кел,Абайжан,қоңыр
қозым, қымыз ал!
-Әже,
бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім
өткен?
-Е,балам,
сенің арғы аталарың өз заманының
беделдісі, ел басқарған, нағашыларын
да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам
баласы ақиқатқа жақын болса, ондай
адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ.
Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап
тұратын асыл тас сияқты.Шын асылдық
қасиеті жоғалмайды.Балам жақсы адам
бол.
Жүргізуші: Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған.
Оқушы:Ұлжан (1810-1887) - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы. Арғы атасы Орта жүз Қаракесектен тарайтын Шаншардың Нұрбике деген әйелінен туған Бертіс биден: Мөшке, Битен, Шитен деген немерелері өрбиді. Битеннен - Қантай, Тонтай, Тұрпан, Тұрпаннан - апалы-сіңлілі Ұлжан, Молқара дүниеге келеді. Ұлжаннан: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан туады. Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. Абайдың ерек бала болып өсуіне де анасының үлесі зор.
Бұл арада Ұлжан ананың есімін бөліп айту орынды. Өйткені, Ұлжан - Абайды ақ сүт беріп өсірген анаcы, ол аз - Ұлжан Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан.
Мұғалім:
М.Әуезовтің
«Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда»
дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық
бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер
әңгімеші екен. Қызық сөйлейді.
Әңгімесінің барлық жерін дәмді
ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде
көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық»,
«Жұпар қорығы», «Құла мерген» – бәрі
де айтылды. Оның әңгімелерін түсте
де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай
айтқыза беретін болды. Бертін келе,
тәуір болып алған соң, әжесінен тағы
бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде
Зеренің жасынан бергі көргені,
естігені жайындағы әңгімелер. Ел
мен елдің шабысы, таласы жайында
бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз
жыл бұрын Найманның осы елге, осы
ауылға шапқанын, сонда Бостанбек
деген өзінің асыранды баласы өлгенін
және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға
түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан
Қожамберді деген ақын жайын айтады.
Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқа
да «Қарашор шапқан» сияқты
шабысты, жортуылды айтады. Тағы бір
күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың
қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай,
жалықпай ылғи ғана ынтыға
тыңдайтын.
Зере ел шабысын әңгіме
еткенде, сол істердің бәрін ел басына
әлек салған, ұлардай шулатқан
кесел күндей айтатын. Кішкентай
күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін
бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп
біліп алған сияқты» деп келетін
жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана
Абайға айналуына әсер еткен мысалдың
бірегейі десек те болады.. Осы мысалдың
өзі-ақ, «Әже» тұлғасының қоғамдағы
рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп
тұр.
М.Әуезовтың атақты «Абай жолы»
романына соғыс жылдары Б.Момышұлы жоғары
баға бере отырып былай деген екен: «Зере
мен Ұлжан Абайдың емес, барлық халық
анасы. Аналық сезімі мол, елдің мұңын
мұңдап, жырын жырлаған аналар болып
ақиқат көрсетілген».
Қорытынды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген