Материалдар / Абай оқулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
1109
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« ХIX Абай оқулары , IX Махамбет оқулары байқауы » бойынша өткізілетін көркемсөз оқу байқауының бағдарламасы


Әзірлеменің авторы:

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сапарбекова Б.М


Өтетін орны: « Арман» өнер мектебі

Өтілу мерзімі: 10.04.2018 ж.

Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары

І.Кіріспе сөз. 1.Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Абай, Шәкәрім, Махамбет оқулары » байқауына қош келдіңіздер! "Абай, Шәкәрім, Махамбет оқулары »

байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!


1-жүргізуші: Қазақта өткен бұрын талай ақын.

Атасы әдебиеттің Абай ақын.

Кімде - кім жазба ақынды ауызға алса,

Атайды ең бірінші Абай атын.


2-жүргізуші: Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!- деп, өкініші мен өксігі мол, қуанышы мен қайғысы мол өлкеде ел мұңдарын өз мұңындай асау жүрегінен жыр қып төккен Абай ,Шәкәрім, Махамбет өз заманында жұмбақ болғанымен, болашақ ұрпақ үшін қазақтың ардақты, біртуар , кемеңгер ұлы ақындары...

Абай-өз дәуірінің үні, өз заманының ұлы жыршысы, жырдың жарық жұлдызы, өлең-сөздің патшасы, кемел ойдың кемеңгері, «қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі...» Махамбет- «егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалған» қазақтың батыр ақыны...

1-жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы мен Махамбеті біреу-ақ. Абайы мен Махамбеті бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады.Абайы мен Махамбеті бар елдің мерейі үстем.

Абай мен Махамбет қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туының тұғырын ұстап тұрған кемеңгер.

Абай мен Махамбет мерекесі - халық мерекесі! Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек.Сол шыңнан көз жазбау-біздің парызымыз.




2-жүргізуші: Өлең сөздің патшасы- Абай ата! Жыр семсері - Махамбет баба! Бүгін өзіңнің үміт еткен шөберелерің, ұрпағың сіз туралы ой толғап, сыр шертпек!

Қабыл ал, жас өрендеріңді, ақ батаңды бер, біздің талабымызға! Жатқан жеріңнен, киелі туған топырағыңның торқасынан тұрып, бір сәт болса да бізге орал, ортамызда бол!

1-жургізуші: Абай, Шәкәрім, Махамбеттің өлмес, өшпес сөз мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын әдебиет тарихындағы жыр мұрасы.Бүгінгі оқушылар арасында өткізілетін "Абай, Шәкәрім, Махамбет оқулары » байқауының ережесімен таныстырып өтсек.

2-жүргізуші: Байқауымыздың мақсаты:

  1. Мектеп оқушыларының арасында Абай,Шәкәрім,Махамбет шығармаларын насихаттау;

2 . Қазақ әдебиетінің тарихында алмас қылыштай өткір өлең- жырларымен және әсем сазды әндерімен, күмбірлеген күйлерімен өшпес із қалдырған Абай, Шәкәрім, Махамбеттің ғибраты мол мұрасын жас ұрпаққа терең меңгерту;

3. Халықтың жыр- поэзиясына және ұлы ойшылдардың рухани мұрасына сүйіспеншілігін ояту арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.

1-жүргізуші: « ХIX Абай, Шәкәрім 4 бөлім бойынша өткізіледі:

1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу байқауы. 2. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы.

3.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы

( өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер)

4. « Ұлылар әлемі » - Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша эссе жазу. Оқушылардың теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында үш тақырып ұсынылады.Оқушы бір тақырыпты таңдап жазады.

  • VIII Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

«Ел құтқарар ер едім» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақындардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

«Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы

Осы байқаудың жеңімпаздары облыстық байқауға қатысады.


2-жүргізуші: Бүгінгі байқаудың қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:


1.Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна., Щучинск қаласы №9 МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

2. Рамазанова А.К , Щучинск қаласы №8 МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

3.Абдрахманова Нұржан А . Қарабұлақ НМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

4. Кожикова Бағдат А. , Қарашілік ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

5.Зикирина Алтынай Саукеновна .,Атамекен а.ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

6. Дагистан Ержан , Щучинск қаласы №7 мектеп лицейнің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

7. Мугжанова Гульнар Сабикеновна, Балалар өнер мектебінің педагогы;

8. Жетписбай С.Т. Щучинск қаласы «Арман»МТОТЖО педагогы;

10. Қасымов Берік Каппасұлы.,Абылайхан атын ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

11.Искакова Сара. К., С.Сейфуллин атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

12.Карбаева Алтынай Р.Кіндікқарағай НМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;


2- жүргізуші: Байқауға қатысушы жас дарындарды құттықтау үшін сөз кезегін аудандық білім бөлімі әдістемелік орталығының меңгерушісі Қосыбаева Әсия Таупыққызына беріледі.


1-жүргізуші:

Өлеңнің гүлдендіріп тәтті дәнін,

Ояттың ойсыздардың тербеп жанын,

Ақынның жырын жырлап,сөзін айтып,

Зерделей біл ақын айтқан сөздің нәрін.


2-жүргізуші:

«Абай, Шәкәрім, Махамбет оқуларына және жыр байқауына » қатысушылар!


1.«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы», «Ел құтқарар ер едім» байқауына қатысушылар кабинетте өнер көрсетесіздер.

2.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Тартынбай сөйлер асылмын» - жас дарындар байқауына қатысушылар кабинетте өнер көрсетесіздер.


3 «Көңілім әнді ұғады», «Ұлы арман» байқауына қатысушылар осы залда өнер көрсетесіздер.

4. « Ұлылар әлемі » байқауына қатысушылар кабинетте эссе жазады.


ІІ бөлім


1-жүргізуші:

Семсердей екі жүзді өткір тілің,

Ащы уымен тілімдеді заман тілін

Әділдік, адамдықты арман етіп,

Ел үшін еңіреп өтті әрбір күнің!


2-жүргізуші: « Абай,Шәкәрім , Махамбет оқулары» байқауына қатысушы дарынды, талантты дарабоздарымызды анықтап, байқау қорытындысын хабарлау үшін ендігі сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.


1-жүргізуші :

Әрдайым асқар оймен кеңес құрып,

Артыңа асыл сөзден септің ұрық.

Халықтың жүрегінде атың қалды,

Тірісің, алдымызда тұрсың күліп.

Жас дарындар, өнерлерің өрлей берсін! Абай,Шәкәрім, Махамбет ақынның өшпес сөздері мен қазақтың жыр -семсері сіздерге рухани серік болсын!


« Абай, Шәкәрім , Махамбет оқулары » байқауын жабық деп жариялаймыз, хош сау болыңыздар!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!