Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Құнанбаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жастарға оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



ӘОЖ: 811.512.122’36 Қолжазба құқығында




МАРАЛБЕК ЕРМҰХАМЕТ



Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы
(лингвистикалық аспектіде)


6D021300 – Лингвистика



Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация







Ғылыми кеңесші:
филология ғылымдарының докторы,
профессор З.Қ.Ахметжанова;

Шетелдік ғылыми кеңесші:
PhD доктор, доцент Мухаммед Қожак







Қазақстан Республикасы
Алматы, 2020


Page 2

2













МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................... 4

І МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ............................................................

11
1.1 Мөлшер категориясының философиялық мәні .................................... 11
1.2 Мөлшер категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі................ 16
1.3 Мөлшер категориясының тілдік жүйедегі логика-семантикалық
құрылымы және өзге шектес ұғымдармен байланысы..........................

35
Бірінші тарау бойынша қорытынды..................................................... 48

ІІ МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТҮРКІЛІК КЕЗЕҢДЕГІ
( V–XIV ғғ.) ТІЛДІК СИПАТЫ...........................................................

50
2.1 Мөлшер категориясының түркі тілдерінің көне дәуіріндегі (V–IX
ғғ.) функционалды-семантикалық өрісі ......................................

51
2.2 Мөлшер категориясының түркі тілдерінің орта дәуіріндегі (X–XII
ғғ.) функционалды-семантикалық өрісі .....................................

74
2.3 Мөлшер категориясының XIII –XIV ғасыр қыпшақ
ескерткіштеріндегі функционалды-семантикалық өрісі .....................

111

III МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ (XV –XX ғғ.) ТІЛДІК СИПАТЫ.........

134
3.1 Мөлшер категориясының хандық дәуір (XV–XVIII ғғ.) тіліндегі
функционалды-семантикалық өрісі ..................................................

134
3.2 Қазіргі қазақ тіліндегі (XIX–XX ғғ.) мөлшер категориясының
функционалды-семантикалық өрісі......................................................

171
Үшінші тарау бойынша қорытынды ..................................................... 193

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................... 195

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................... 199

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................... 210


Page 3

3

Шартты қысқартулар:

МҚ – Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегі
АЙ – Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі
КТЕ – Көне түркі ескерткіштері
ДТС – Древнетюркский словарь
ҚТТС1 – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1974-1986. 1-10 т.
ҚТТС2 – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.
ЭСТЯ – Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М.: Наука,
1974, 178, І, ІІІ т. 1980 (VI т.Соавт. Левитская Л.С.), 1989. – 767, 349, 395.
КТк. – Күлтегін кіші жазуы
КТү. – Күлтегін үлкен жазуы
ЫБ – «Ырқ бітіг» ескерткіші
Тар. – «Тариат» ескерткіші
С. – «Суджа» ескерткіші
ХТ – «Хойто-Тамир» ескерткіштері
Тон. – «Тониқуқ» ескерткіші
МЧ – «Мойын-Чор» ескерткіші
БҚ – «Білге қаған» /Могилян/ ескерткіші
УТ – «Уюк-Тарлак» ескерткіші
АХ – «Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасы
МН – «Мұхаббатнаме» ескерткіші
ХШ – «Хусрау уа Шірін» поэмасы






















Page 4

4

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіл тірі организм ретінде көптеген
ұғымдар аясында өмір сүреді. Осы ұғымдардың қатарынан мәні, ауқымы,
көнелігі, өзектілігі жағынан айрықша ерекшеленетіні – «мөлшер» ұғымы.
Мөлшер – болмыстағы заттар мен құбылыстардың заттық, сандық, сындық,
қимыл-қозғалыс қасиеттерінен туындайтын түрліше деңгейден құрылған шама.
Табиғат, ғалам, бүкіл тіршілік қандай да бір мөлшер негізінде құрылады.
Сондықтан адамзат таным үдерістерінің бір ұшы «мөлшер» ұғымымен
байланысып жатады. «Мөлшер» ұғымы жалпы адамзаттық болғанымен, тілдегі,
санадағы көрінісі этностық, ұлттық сипат алады. Яғни әр этностың тыныс-
тіршілігімен, өмір сүру салтымен, әдет-ғұрып, наным-сенім, құндылықтарымен
етене қабысып жатады. Сондықтан «мөлшер» ұғымы – сананы ұлттық
болмыспен байланыстырушы арналардың бірі.
ХХІ ғасырда жаһандануға қарсы ұлттық идея да қарқын алып отыр. Мұның
терең мәні бар. Өмірдің барлық саласы стандартизацияға айналып, соның
салдарынан ұлттық бояуы бар көптеген құндылықтар жойылуға бет алды
(Ғ.Есім). Бұл өз кезегінде адамзат руханиятына орасан зор құлдырау әкелді. Ал
осы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – жаһан көшіне ұлттық құндылықтар
негізінде ілесу екені айқын танылды. Бұл туралы Елбасы дәуірлік мәні бар
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында нақты айта келіп:
«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау
алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол
ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа
айналуы оп-оңай», – деуі біздің болашағымыз ұлттық құндылықтар мен оның
негізін құраған кодтарда жатқанын айқындады. Ал рухани кеңістіктегі осы тілдік
кодтардың бірі – әлемді «мөлшер» ұғымы аясында тану. Міне, осы тұрғыдан
келгенде, «мөлшер» ұғымын зерттеудің өзектілігі айқындала түседі. «Мөлшер»
жай ғана шамалар жиынтығы емес, ол – дүниені танудың ерекшелігі. Онда әлемді
танудың ұлттық жүйесі, құндылықтары сақталған. «Мөлшер» ұғымының
қалыптасу, даму тарихына үңілу – әлемді «мөлшер» ұғымы аясында танудың
ұлттық негізін табуға, ойлау мен дүниені танудың ұлттық өлшемін табуға
көмектеседі. Әрі бізге болашақтағы жаһандану үдерісіне қарсы әрқашан тілдік,
рухани бағдарлаушы болып отырады.
Әлемдік лингвистикада да, қазақ тіл білімінде де мөлшер мәнді тілдік
бірліктер тақырыбында жазылған еңбектердің көпшілігі оларды құрылымдық
бағытта зерттеуге, семантикалық талдау мен топтастыруға арналды. Мөлшер
категориясы функционалды бағытта, тарихи парадигмалық тұрғыдан, тілдің
әр тарихи даму кезеңдері салыстырыла зерттелмеді. Соның салдарынан
аталмыш тілдік бірліктердің мәні толыққанды ашылмады. Сондықтан мөлшер
категориясын этностың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және жалпы ұлттың
даму ерекшелігімен байланысты зерттеу қажет. Т іл дамуын үздіксіз
жалғасатын тарихи үдеріс ретінде қарап, оның әр тарихи кезеңдерін өзара
сабақтастықта қарастыру керек. Осы тұрғыдан келгенде аталған зерттеудің
өзектілігі айқындалады.


Page 5

5

Зерттеу нысаны – мөлшер категориясының қазақ тілі дамуының бес
тарихи кезеңіндегі (V–IX ғғ., X–XII ғғ., XIII–XIV ғғ., XV–XVIII ғғ., XIX–XX
ғғ.) тілдік бірліктері.
Зерттеу пәні – қазақ тіліндегі мөлшер категориясының тарихи
парадигмасын танудың лингвистикалық аспектісі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
мақсаты – мөлшер категориясының тарихи парадигмасын лингвистикалық
аспектіде анықтау. Зерттеу мақсатына жету үшін мынадай міндеттер
қойылады:
- «мөлшер» ұғымының тілдік, логикалық мәнін ашу және оған жақын
ұғымдармен байланысын көрсету;
- мөлшер категориясының бес тарихи кезеңдегі (V–IX ғғ., X–XII ғғ.,
XIII–XIV ғғ., XV–XVIII ғғ., XIX–XX ғғ.) тілдік көрінісін функционалды-
семантикалық аспектіде талдау;
- мөлшер категориясын құраушы тілдік бірліктердің функционалды-
семантикалық ерекшеліктерін бес тарихи кезең және тіл деңгейлері бойынша
салыстыру, әр тарихи кезеңнің өзара байланысы мен өзіндік ерекшеліктерін
шығару;
- мөлшер категориясының поэтикалық тілдегі ерекшеліктерін айқындау;
- мөлшер категориясының даму, өзгеруінің негізгі заңдылығын табу және
оған қандай тілдік және тілден тыс факторлар әсер ететінін анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеудің нысаны қазақ тіліндегі
мөлшер категориясының тарихи парадигмасын құраушы тілдік бірліктер
болғандықтан, қазақ тілінің даму кезеңдерін шартты түрде бес тарихи кезеңге
бөлдік. Осы кезеңдер аясында мынадай тілдік жәдігерлер дереккөз ретінде
алынды:
- Көне түркі жазба ескерткіштері (V–IX ғғ.) – «Күлтегін кіші жазуы»,
«Күлтегін үлкен жазуы», «Білге қаған /Могилян/» ескерткіші, «Ырқ бітіг»
ескерткіші, «Тариат» ескерткіші, «Суджа» ескерткіші, «Хойто-Тамир»
ескерткіштері, «Тониқуқ» ескерткіші, «Мойын-Чор» ескерткіші;
- Орта ғасыр жазба ескерткіштері (X–XII ғғ.) – М.Қашқаридың «Түркі
тілдер сөздігі»;
- Қыпшақ жазба ескерткіштері (XIII–XIV ғғ.) – «Адам Ата мен Хауа Ана»
қиссасы, «Мұхаббатнаме» ескерткіші, А.Ибатовтың «Қутбтың «Хусрау уа
Шірін» поэмасының сөздігі»;
- Хандық дәуір әдебиеті (XV–XVIII ғғ.) – Асан қайғы, Қазтуған жырау,
Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марғ асқа жырау,
Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын, Бұқар жырау толғаулары,
«Бес ғасыр жырлайды». І том / Құраст.: М.Мағауин, М.Байділдаев, Орталық
ғылыми кітапхананың Сирек қолжазбалар қорындағы жыраулар поэзиясына,
ескі ауыз әдебиетіне байланысты қолжазбалар;
- Қазіргі заман тілдік мұралары (XIX–XX ғғ.) – ХІХ ғасырдағы Абай,
Шәкәрім, Зарзаман ақындар поэзиясы, ХХ ғасыр басындағы Алаш мұрасы,
Тәуелсіздік жылдардағы түрлі басылымдар, он бес томдық «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі», «Этимологиялық сөздік», сондай-ақ, ауызекі тілде,


Page 6

6

аймақтық сөйленістерде «мөлшер» ұғымына қатысты қолданылатын тілдік
бірліктер жинақталып, жұмыста пайдаланылды. Сонымен қатар, «мөлшер»
ұғымы арнайы қарастырылған диссертациялар мен ғылыми зерттеулерден
қажетті мәліметтер алынды.
Осы дереккөздерден жинақталған тілдік бірліктердің саны төмендегідей:
- Көне түркі жазба ескерткіштері бойынша (V–IX ғғ.): 176 т. бірлік, 112
мысал;
- Орта ғасырға жататын М.Қашқаридың «Түркі тілдер сөздігі» бойынша (X–
XII ғғ.) – 254 т. бірлік, 311 мысал, 193 карточка (мысал);
- Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштері бойынша (XIII–XIV ғғ.): 436
т.бірлік, 377 мысал;
- Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясы бойынша (XV–XVIII ғғ.): 154
т.бірлік, 192 мысал;
- Қазіргі заман тілдік мұралары (XIX–XX ғғ.): 226 т. бірлік, 598 мысал.
Барлық тарихи кезеңдерді жинақтай келгенде 1246 тілдік бірлік, 1590 мысал,
193 картотека жиналды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс -тәсілдер. Диссертацияда
мөлшер категориясының тілдік табиғатын қазақ тілінің бес тарихи кезеңі
бойынша зерттеу көзделгендіктен, бұл түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет
етеді. Атап айтқанда: әр тарихи кезеңдердегі мөлшер семантикалы тілдік
бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін айқындау үшін
құрылымдық әдіс қолданылды; қазақ тілінің қазіргі және тарихи
қабаттарындағы мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің функционалды-
семантикалық, функционалды-грамматикалық ерекшеліктерін өзара
салыстырып, олардың байланысын, тарихи даму үдерісін анықтау үшін тарихи-
салыстырмалы әдіс қолданылды; қазақ әдеби тілінің даму кезеңдеріндегі (XV–
XX ғғ.) тілдік материалдар мен түркілік кезеңдегі (V–XIV ғғ.) тілдік
материалдарды салыстыру, тілдің тарихи кезеңдерімен байланысын,
генетикалық туыстығын анықтау үшін салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды;
«мөлшер» ұғымының философиялық мәні мен тілдегі логика-семантикалық
құрылымын анықтау үшін анализ әдісі қолданылды; микромөлшер ұғымдары
мен әр тарихи кезеңдерге байланысты мөлшер семантикалы тілдік бірліктердің
санын анықтау, оларды өзара салыстыру және кейбір тірек сөздердің қазіргі
қазақ тіліндегі қолданылу жиілігін анықтау үшін сандық әдіс қолданылды.
Сондай-ақ мөлшер семантикалы тілдік бірліктерге лингвистикалық талдау
жасауда мәнмәтіндік талдау, бөлшектік талдау, этимологиялық талдау
тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық -әдіснамалық негізі. Мөлшер
категориясы – көптеген ұғымдармен ұштасып (интеграциялық қатынаста)
жататын, қазақ тілінің барлық тарихи кезеңдерінен кең орын алған күрделі
тілдік, логикалық категория. Сондықтан оның тілдік табиғатын ашу көптеген
зерттеу тәсілдері мен ғылыми-теориялық негіздерге сүйенуді қажет етеді.
Материалдарды пайдалану, талдау бойынша интегративті ұстаным
басшылыққа алынады. Зерттеу жұмысында функционалды -семантика,
функционалды грамматика, құрылымдық грамматика, когнитивті грамматика,


Page 7

7

жалпы тіл білімі, этнолингвистика, когнитивті лингвистика, түркология,
әдебиеттану ғылымдарының теориялық тұжырымдары мен зерттеу әдістері
басшылыққа алынды.
Сондай-ақ әлемдік лингвистикада метрологияның жалпы мәселелері мен
дүниежүзіндегі әртүрлі өлшемдер жүйесін зерттеген Ф.И.Петрушевский [1],
И.Я.Депман [2], Л.А.Молчанова [3] еңбектері, орыс тіл білімінде жалпы
метрология мәселесі мен ескі өлшемдер жайлы Л.В.Черепнин [4], Г.Я.Романова
[5], М.М.Копыленко [6], Е.И.Каменцева [7], түркологиялық зерттеулер аясында
А.Н.Кононов [8], [9], А.М.Щербак [10], В.М.Насилов [11], В.Д.Аракин [12],
Н.З.Гаджиева [13], т.б. ғалымдардың зерттеулері, мұсылман халықтарының
дәстүрлі халықтық өлшем бірліктерін қарастырған В.Хинцт [14], Е.А.Давыдович
[15] сияқты ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ қазақ тіл
білімінде: мөлшер мәнді тілдік бірліктерді құрылымдық бағытта сөз еткен
Ж.Ш.Ахмедова [16], Т.Сайрамбаев [17], Ә.Болғанбаев [18] еңбектері;
функционалды бағытта қарастырған А.Байтұрсынұлы [19], З.Қ.Ахметжанова
[20], А.Д.Данияров [21], Қ.Т.Рысалды [22], А.Жаңабекова [23], М.Жолшаева [24]
еңбектері; тарихи-танымдық, этимологиялық бағытта сөз еткен Ғ.Айдаров [25],
М.Томанов [26], Э.Наджип [27], Е.Жанпейісов [28], Қ.Өмірәлиев [29],
Н.Ғ.Шаймердинова [30], К.Қ.Күркебаев [31], т.б. ғалымдардың еңбектері
басшылыққа алынды.
Зерттеудің ауқымы мен болашағы. Мөлшер категориясы – көптеген
логика-семантикалық құрылымдардан құралатын, қазақ тілінің барлық
деңгейлері мен тарихи кезеңдерін қамтып жататын өте ауқымды категория.
Сондықтан мөлшер категориясының тілдік табиғатын бірер ғылыми жұмыстың
көлемінде және бірнеше ғылыми бағытта ғана ашу мүмкін емес. Болашақта
ұлттық тілдің даму кезеңдеріндегі мөлшер тілдік категориясының негізгі базасы
мен ұлттық құндылықтардың қалыптасуын анықтауға баса назар аударылады.
Жұмысқа енбей қалған әр тарихи кезеңдердегі тілдік деректер толықтай
жинақталып, жұмыстың мазмұны және материалдық аясы ұлғайтылады. Әрі осы
жинақталған ауқымды тілдік деректер негізінде мөлшер категориясы
этимологиялық, концептуалдық бағытта арнайы қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қойылған міндеттер негізінде
жүргізілген зерттеудің жаңалықтары мынада:
- мөлшер категориясының тілдік табиғаты алғаш рет қазақ тілі дамуының
бес тарихи кезеңдері бойынша, әрі функционалды бағытта зерттеу нысаны етіліп,
мөлшер семантикалы синхронды және диахронды тіл бірліктерінің ұқсастығы
мен айырым белгілері анықталды;
- мөлшер лингво-семантикасының поэтикалық тілдегі көрінісі, көркемдік
тәсілдер арқылы берілу жолдары XV–XVIII ғасырларға жататын жыраулар
поэзиясы негізінде алғаш рет анықталып, «поэтикалық мөлшерлік» ұғымы негізделді;
- мөлшер категориясының он түрлі логика-семантикалық құрылымы мен
микроөрісі лингвистикалық аспектіде алғаш рет анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазақ тіл білімін теориялық
тұрғыдан толықтыра түседі. Функционалды-семантикалық, концептуалдық
бағыттағы зерттеулерге теориялық материал бола алады. Сондай -ақ


Page 8

8

«мөлшер» категориясының даму барысын ауқымды үдеріс ретінде көрсетеді.
Түркі мәдениеті мен дәстүрлі және қазіргі қазақ мәдениетінің сабақтастығын
дәлелдейді. Мөлшер категориясы қоғамның, тарихтың, саясаттың бет-
бейнесін көрсететін ұғымдар, тілдік құрылымдар жүйесі саналады.
Сондықтан мөлшер категориясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,
дүниені танудың ұлттық кодтарын анықтауға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының
тұжырымдары мен нәтижелері, диссертацияның жалпы материалдары: түркі
тілдерінің салыстырмалы сөздігі, түркі тілдерінің түсіндірме сөздігі, қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, қазақ тілінің этимологиялық сөздігін құрастыруда
материал бола алады; жоғары оқу ор ындарының филология
мамандықтарындағы студенттерге қазақ тілінің тарихы, қазақ тілінің тарихи
грамматикасы, когнитивті грамматика, функционалды грамматика, тарихи
лексикология, мәтін лингвистикасы пәндерін оқытуда және аталған бағыттар
бойынша оқулықтар жазуда материал бола алады. Сондай-ақ «Тарихи-
функционалды грамматика» деп аталатын жаңа пән қалыптастыруда
бастапқы материал бола алады; «Рухани жаңғыру» жобасы аясында
жастардың тілдік білімін тереңдету мен ана тілінің тарихын тануда да
көмекші материал болады; «Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы»
деп аталатын тілді категория шеңберінде модельдеп үйретуге арналған
электронды әдістемелік құрал мен бағдарлама жасауға, қазақ тілінің дәстүрлі
өлшемдерінің модельді картасы мен оның электронды нұсқасын жасауға
болады. Сондай-ақ «Wikipedia» ашық энциклопедиясы мен қазақ тілді
«Google» базасын толықтыруға материал бола алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Мөлшер категориясы – қазақ тілі мен әлем тілдеріндегі ең байырғы
категориялардың бірі. Онда халықтың, этностың, ұлттың тарихы, дүниеге
көзқарасы, өмірлік құндылықтары, дүниені мөлшерлік тұрғыдан танудың
кодтары сақталған;
- Мөлшер категориясы қазақ тілінің барлық тарихи кезеңдері мен тіл
деңгейлерінде көрініс табады. Барлық тарихи кезеңдерде мөлшер семантикасын
берудің синтаксистік құрылымдары, көркемдік амалдары, аналитикалық-
синтетикалық тәсілдері негізінен бірдей, тек әр тарихи кезеңдерде мөлшерлік
лексемалар морфонологиялық, фонетикалық өзгерістерге ұшырап,
семантикалық өрісі кеңейеді немесе тарылады және функционалдық әлеуеті
бірде артып, бірде бәсеңдеп отырады;
- Қазақ дүниетанымының бастауында нақты шамалық ұғымдар мен
өлшемдер тұрса, рухани ізденістер өрістеген сайын ол абстракцияланып,
образды формаға айнала бастайды да, көркемдік, эстетикалық мазмұны
күшейеді. Бұл кейде қайта айналып, нақты ұғымдарға ұласады. Мөлшер
категориясының ішкі құрылымы осылай ұдайы айнымалы үдерісте,
қозғалыста болады;
- Мөлшер категориясы поэтикалық тілде жаңаша сапада, сипатта танылып,
категориялық әлеуеті кеңейеді, мөлшер семантикасының жасалу тәсілдері мен
мазмұны қарапайым сөйлеу тілінде жоқ үлгілермен толығады. Мөлшер


Page 9

9

семантикасы көркем тілдің эпитет, метафора, перифраз, метонимия, теңеу,
әсірелеу, т.б. тәсілдері арқылы да ажарлы, образды формада беріліп, тілдің
эстетикалық қызметі үшін де жұмсала алады. Бұл орайда мөлшер категориясы
поэтикалық тілге ең оңтайлы категориялардың бірі ретінде танылады;
- Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы көбіне екі бағытпен
ұштасып жатады: бірінші – лингвомәдени бағыт. Яғни халықтың мәдени
өмірі өзгерген сайын мөлшер категориясының тілдік формасы да өзгеріске
ұшырап, толығу, даму, екшелу үдерісінен өтеді; екінші логикалық-танымдық
бағыт. Яғни этностың, халықтың рухани құндылықтары алмасқан, өзгерген,
дамыған сайын мөлшер категориясының ішкі құрылымдары да өзгеріске
түсіп отырады. Мөлшер категориясының мұндай өзгерістеріне белгілі тарихи
кезеңдерде орын алған ірі саяси өзгерістердің ықпалы зор;
Жарияланымдар туралы мәлімет. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен
нәтижелері төмендегідей республикалық және шетелдік ғылыми-әдістемелік
журналдар мен жинақтарда, конференция материалдары мен ұжымдық
монографияларда жарық көрді:
«Жұмсалымды грамматика» оқулық -монографиясында (Сан-мөлшер
категориясының функционалды-семантикалық өрісі), Абай ат. Қаз-ҰПУ
Хабаршы, Филология сериясы, 2016 ж., №4 санында (Мөлшер есімдіктер), Абай
ат. Қаз-ҰПУ Хабаршы, Филология сериясы, 2017 ж., №2 саны нда
(М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі «мөлшер-өлшем» ұғымын
білдіретін соматизмдер), С.Торайғыров ат. ПМУ Хабаршысы, Филология
сериясының, 2017 ж., №4 санында (Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының
көрінісі), Гази университетінің (Түркия) «21 Yüzyılda Eğitim Ve Toplum Dergisi»
журналы (Мөлшер ұғымын берудің әлем тілдеріне ортақ ежелгі синтаксистік
конструкциясы) мен «Türk kültürü ve Hacı Bektaş Veli araştırma Dergisi» Скопус
базасындағы журналда (М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі
өлшем бірліктер) жарияланды. Сондай-ақ ф.ғ.д., профессор Б.Қ.Момынованың
60 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық
әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Мөлшер
категориясын зерттеудің логика-семантикалық тәсілдері), ф.ғ.д., профессор
Г.Б.Мәдиеваның ғылыми-педагогикалық қызметінің 35 жылдығына арналған
«Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және
практика» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда (Поэтикалық
мәтіндерде «мөлшер» ұғымының теңеу тәсілі арқылы берілуі), «Болашаққа
бағдар – рухани жаңғыру» аясындағы «Қазақстанның қасиетті рухани
құндылықтары» арналған «Өзбекәлі Жәнібек оқулары – 2018» атты ІХ
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Поэтикалық тілдегі
«мөлшер» ұғымының әсірелеу (гипербола) тәсілі арқылы берілуі), «6 Uluslararasi
Çýn’den Adrýyatýk’e sosyal býlýmler kongresý» атты алыс шетелдік
конференцияда (Ankara, 29-31 Mart, 2018) баяндама жасалып, ғылыми
тұжырымдар конференция материалдары мен жинағында жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


Page 10

10


1




























Кесте 1: мөлшер категориясының тілдік табиғатын тану және тарихи парадигмасын анықтау
механизмі


1
Мөлшер – өте күрделі жаратылыстанымдық ұғым және ғаламды құраушы субстантивті негіздердің бірі. Мөлшерді
адамзаттың ақыл-ой қызметінен бұрын пайда болған субстантивті мөлшер (Гегельше – таза мөлшер) және рухани-
материалдық ізденістер нәтижесінде анықталған субъективті мөлшер (Гегельше – анықталған мөлшер) деп екіге жіктеуге
болады. Мұнда субстантивті мөлшерді адамзат ақылы түбегейлі анықтауға қауқарсыз. Өйткені «шекті мен шексізді өлшеуге
болмайды» (Абай). Десе де адамзаттың танымдық ізденісі ұлғайған сайын субстантивті мөлшер субъективті мөлшерге
ауысып отырады. Сана кеңістігіндегі мөлшер, ең әуелі, бес сезім мүшесі мен рухани ізденістердің нәтижесінде ұғымға
айналады да, оның бір бөлігі мазмұнға ие болып, адамдар арасында ақпараттық алмасу (тілдесу) қажеттілігінен, тіл
бірліктеріне, тілдік мөлшерге айналады. Бұл қайта айналып мөлшер туралы ұғымның ұлғаюына септігін тигізеді. Бұлар, дәл
осы формада, ұдайы бір-біріне тәуелді байланыста әрекет етеді. Ұғым деңгейіндегі мөлшерді тұжырымдар, теориялар,
аксиомалар түрінде философия ғылымы анықтаса, оның заттар (материя) бойынан көрініс табатын тілдік емес формасын түрлі
ғылым салалары анықтайды. Бұл ғылымдардың басты мақсаты – мөлшер жайлы ақиқат ұғымға жету және оны адамзат
игілігіне жарату. Ал тілдік деңегейде мөлшер тілдің коммуникативтік және эстетикалық қызметі (функциясы) негізінде тіл
бірліктеріне айналады. Бұл тілде поэтикалық мөлшер мен бейтарап мөлшер деп анықталатын мөлшердің екі тобын
қалыптастырады. Аталған екі топтың да тілдік құпиясын лингвистика ғылымы анықтайды. Бұл лингвистиканың үш
парадигмасы аясында, көптеген жаңа және дәстүрлі бағыттар шегінде қарастырылады.
Мөлшер ұғымдық категория болғандықтан, мөлшерлік ұғым мен мөлшер мәнді бірліктердің ішкі логикалық
байланысын, ұғымдану мен құрылымдану жүйесін тіл философиясы анықтайды. Ал оның поэтикалық тілдегі образды
құрылымдар жүйесін, семантикасын лингвопоэтика зерделейді. Мөлшер категориясын тану үдерісін жеңілдету, жеделдету
үшін қазақ тіл білімі мен әлемдік лингвистикада бұған дейін жасалған зерттеулердің тұжырымдары мен тәжірибелерін
назарда ұстау да аса қажет. Сондай-ақ субъективті мөлшер – тіл мен таным үдерісіндегі тарихи категория болғандықтан, оның
тілдегі жүйесін парадигмасын сол тілдің барлық тарихи кезеңдері бойынша байланыстыра қарастыру қажет. Міне, осындай,
тұтасқан, бір-біріне тәуелді зерттеу әдістері мен жүйесі мөлшер категориясы туралы толыққанды тұжырым мен түсініктерге
жетелейді. Бұл зерттеу осы жүйені мақсат етіп құрылды.
Субстантивті
мөлшер
Субъективті
мөлшер
Ұғымдық
мөлшер
Лингвистика
Тіл
философиясы
Өзге ғылым
салалары
Философия
Өзге
тілтанымдық
зерттеулер
Тілдің тарихи
қабаты
Тілдік
мөлшер
Лингвопоэтика
Поэтикалық
мөлшер
Бейтарап
мөлшер
Біздің
зерттеу
Мөлшер


Page 11

11

І МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мөлшер категориясының философиялық мәні

Әлемнің тілдік бейнесі мәселесін сөз еткенде, оны сипаттайтын
категориялық, концептуалдық ұғымдарды ең әуелі философиялық аспектіде
негіздемей, оның мәнін тереңнен түсіну мүмкін емес. Философия «болмыстың
мәні жайлы ғылым» болғандықтан, ол жаратылыстық дүниедегі заттар мен
құбылыстар, олардың өзара ішкі байланыстары мен өмір сүру, даму
заңдылықтары туралы терең танымға жетелейді. Ал философияның бір саласы
саналатын «тіл филосифиясы» тілтаным үдерісінде методологиялық маңызға ие.
Осы тұрғыдан келгенде, біз зерттеу нысаны еткен жалпытілдік «мөлшер
категориясы» да, ең әуелі, философиялық ой-тұжырымдарды басшылыққа алады.
Олай болса, «мөлшер» деген не? Оның өмір сүру формасы қандай? Оның шегі
бар ма? Ол тілде қалай көрініс табады? Осы бірнеше сұрақтарға жауап іздеу
керек. Бұл үшін философия ғылымы тарихында осы күрделі мәселе төңірегінде
зерттеулерге қысқаша тоқталу қажет.
«Мөлшер» категориясын зерттеу әдеттегідей антикалық кезеңдерден бастау
алады. Онда да аталмыш тақырып ертедегі Грек философиясының ең өзекті
тақырыптарының бірі болды. «Мөлшер» проблемасы туралы кең көлемде алғаш
қарастырғандардың бірі – Пифагор. Ол «мөлшерді» сан деп тұжырымдады.
Пифагор және оның ізін жалғаушылар «сан» ұғымын асыра дәріптеді, дүниенің
бастамасы, тегі сандар деп білді. Бұл туралы ол былай деп жазады: «Сан –
дүниенің заңы және оның байланысы, барлығын анықтайтын және танып білетін
құрал. Заттар дегеніміз – сандарға еліктеу. Заттардың түпкі мәнін және
гармониясын туғызушы – сан» [32, 5 б.]. Ал сандық мән «бірлік/көптік»
тіресімдік ұғымдарымен сипатталды. Пифагордың бұл көзқарасын кейін оның
шәкірттері жалғастырды. Пифагоршылар «мөлшер» ұғымының кеңістіктегі
заттармен болған байланысын түсінді. Алайда оның мәнін тек біржақты, сандық
аспектіде шешуге талпынды. Мөлшерді тек бүтін сандар деп түсінді және
заттарды сыртқы сипаты аясында анықтай алғанымен, заттардың ішкі
құрылымындағы «мөлшер ұғымдарын» анықтай алмады. Өйткені «сан» –
«мөлшер» ұғымы көрінісінің бір формасы ғана және ол көбіне заттардың сыртқы
формасына немесе бүтін тұлғасына бағытталады. Сонымен қатар «сан»
мөлшердің ішкі ұғымына да жатады. Әрине мөлшер категориясы ең әуелі сан
формасында, саналатын нақты заттармен байланысты көрініс тапты. Ал ол кейін
саналушы заттардан ажыратылып, абстракциялық ұғымға айналды.
Пифагоршылардан кейін мөлшер категориясымен Элейлік концепция
өкілдері (Ксенофон, Парменид, Зенон, Мелисс) айналысты. Олар бұл мәселені
тек математикалық емес, философиялық тұрғыдан да қарастыру керектігін
түсінді. Соның нәтижесінде мөлшерді сан және шама ұғымдарына жіктеді. Бұл
бағыттың ірі өкілдерінің бірі – Зенон мөлшер категориясының басты ұғымдары
ретінде кеңістік пен уақытты алады да, кеңістікті «үздіксіз, шексіз бөліктер
жиыны» деп таныса, уақытты «үздіктілік» ретінде қарастырады. Оның
түсінігінде мөлшер тек заттық денеде болады да, қимыл-қозғалыста болмайды.


Page 12

12

Зенон тағы шектелген мөлшерлік шамаларда «бөлік», «бүтіндік», «теңдік»
ұғымдары болатынын айтады.
Антикалық кезеңде «мөлшер» ұғымының тууы мен өмір сүруі туралы
көптеген таластар болды. Біреулер шамаларды тұрақты, тыныш күйде тұрған
заттарда болады десе, енді бірде ол қозғалыстағы заттарда да болады деп
есептеді. Ал тұрақты, үздікті шексіздік актуалды шексіздік деп аталса (Зенон),
даму, өзгеру процесін қуаттайтын екінші түрі потенциалды шексіздік деп аталды
(Аристотель) [33, 63 б.].
«Мөлшер» ұғымына қатысты тағы бір күрделі сұрақ – оның шектілігі мен
шексіздігі. Платон шексіз және шекті ұғымдар өзінен санды тудырады деп
есептеп, мөлшер категориясын санмен байланыстырды. Бұл жағынан ол
Пифагорға жақын ұстанымда болды. Аристотель әлемді билеуші сандар деп
түсінген пифагоршыларды сынай отырып, материяны санмен теңестіруге
болмайтынын айтты. Өйткені мұнда қозғалыс жоқ, «қозғалыссыз, өзгеріссіз
әлемдегі дүниелердің пайда болуы, жойылуы мүмкін емес» [34, 608-609 бб.]. Бұл
мөлшерлік шамалардың барлығын санға айналдыруға, санға құруға
болмайтынын, саннан тыс та мөлшерлік шамалар барын көрсетті. Аристотель
алғаш рет мөлшер категориясын және оның математикалық көріністері «сан»,
«шама», «жиын» ұғымдарын бір-бірінен айыра білді. Мөлшердің болмыстағы
«сапа», «форма», «мән» сияқты туынды ұғымдарын байланыстыра көрсетуді
мақсат етті [35, 14 б.]. Тұңғыш рет мөлшерге: «Количеством называется то, что
может быть разделено на составные части, каждая из которых, будет ли их две
или несколько, является чем-то одним, данным налицо. То или другое
количество есть множество, если его можно счесть, и величина, если его можно
измерить», – деп анықтама берді [34, c. 173].
Евклит мөлшерлік шамаларды өзгермейтін ақиқат ретінде қарастырса,
Архимед «мөлшер» ұғымын физикалық шамалармен байланыстырды.
Мөлшерлер мен шамаларды есептегенде, математикалық тәсілдерді физикалық
шамалар мен мөлшерлерді есептеуге қолданды. Оның: «Тіреу нүктесін
берсеңдер, мен жер шарын да төңкеріп беремін», – деген аңызға айналған сөзі
заттардың механикалық қозғалысы мен шамасын өлшеу талпынысынан туған
болса керек.
Ертедегі грек ойшылдары «мөлшер» проблемасын шешуде мөлшер және
сапа, үздіктілік және үздіксіздік, шекті және шексіздік ұғымдарын негізгі
мәселелер етіп қойды. Бірақ бұл ұғымдардың байланысын диалектикалық
заңдылық тұрғысынан шеше алмады. Сондықтан да мөлшер теориясында
шексіздік идеясының мәнін ашып бере алмады [35].
Мөлшер категориясының күрделі проблемаларын шешуде жаңа заман
философтарының үлесі зор. Солардың бірі – Р.Декарт. Ол математикаға қозғалыс
пен диалектиканы алып келді. Соның нәтижесінде тыныш күйдегі заттар ғана
емес, олардың қозғалысын да мөлшерлік тұрғыдан сипаттауға мүмкіндік туды.
Алайда мөлшер категориясын көбіне математикалық категория ретінде
сипаттады. Бұл туралы ол былай дейді: «Реттегіштік және өлшеуіштік
шамаларды қарастыратын барлық ғылымды математикаға жатқызуға болады.
Олардың нысанасы сандар, пішіндер, жұлдыздар, дыбыстар, тағы басқа болып
келуі мүмкін» [36, 68 б.]. Бұл жағынан ол мөлшердің мәнін сан деп түсінді.
Декарт кеңістіктегі денелердің шамалық байланысын қарастыруда интуициялық


Page 13

13

ұғымдарға сүйенді және оны өлшеу тәсілінің маңызын көре білді. Бұл
болмыстағы мөлшерлік шамалардың танылуының бір жолы – ішкі түйсік екенін
көрсетті.
Мөлшер проблемасымен шешуге тырысқандардың қатарында Спиноза да
болды. Ол «мөлшер» ұғымын нақты заттардың өзінен іздеді. Бұл туралы ол:
«Денелер белгілі бір ұзындығы, ені, тереңдігі болатын және белгілі бір
фигуралық шектелуі бар шамалар», – деп көрсетті [37, 13 б.]. Оның бұл
тұжырымы мөлшердің материяның ажырамас бір қасиеті екенін түсіндіреді.
Және бір материяның өзінде әлденеше мөлшер ұғымдары қатар өмір сүретінін
көрсетеді. Сол сияқты ол тағы: «Шексіздік шамасын өлшеуге болмайды және де
ол шектелген бөліктерден тұрмайды», – деді [37, 13 б.].
Лейбництің мөлшер категориясын зерттеуде бір табан алға ілгерледі. Ол
мөлшер категориясының логикалық негізін жасауда табиғи тілдік бірліктердің
мүмкіндігі жетпейтінін алғаш байқады және оған қосымша математикалық
символдар керек екенін ұсынды. Оның ғылыми тұжырымдары мөлшер
категориясын дерексіз ұғымнан, жүйелі, логикалық ұғымға айналдыруға
бастама болды.
«Мөлшер» ұғымының философиялық категория екені туралы құнды
диалектикалық тұжырымдар жасаушылардың бірі – Кант. Ол философияда
идеалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің «Жалаң ойға сын» деген еңбегінде
мөлшер категориясын ең басты категорияға жатқызады. Оның түсінігінде,
мөлшер категориясы «бірлік», «көптік» және «жалпылық» категорияларды
қамтиды. Мұнда жалпылық категориясы – сан, ал бірлік, көптік категориясы –
шама [35, 30 б.]. Ол: «Субъектінің ақыл-ойынсыз кеңістік те, уақыт та болмақ
емес», – деп те жазды [38, 133 б.]. Бұл тұжырым «мөлшер» ұғымының
субъектілік сипатын дәл көрсетті. Яғни мөлшер қаншалықты материяға тән
қасиет болғанымен, оның адам санасындағы бейнесі, сандар арқылы шартты
сипатталуы субъектілік сипат алады. Бұл туралы антикалық дәуір философы
Протогор «Адам – барлық нәрсенің өлшемі» десе, жаңа заман философиясының
ірі өкілі Фрэнсис Бэкон «Адам сезімі – барлық заттардың өлшемі» деп жазды
(«Жаңа Органон»). Адам заттарды санасы, сезу мүшелері арқылы таниды.
Сондықтан Бэкон Протогордың тұжырымын нақтылаған.
Канттан кейін Г.Гегель мөлшер категориясын философиялық тұрғыдан,
диалектикалық байланыстар негізінде зерттеді. Ол өзінің «Логика ғылымы» атты
еңбегінің мөлшер бөлімінде мөлшер категориясының сан, шама сияқты
бейнелену формаларын байланыстыра қарастырды. Г.Гегель философиясында
қиялды субъективті ұғым, ақыл-ойды субъективті және объективті ұғымдардың
бірлігі деп есептеді. Осыған орай математикалық сандар мен шамаларды қиял
негізіндегі субъективті ұғымдарға жатқызады [35]. Бұл дұрыс та. Жоғарыда
айтқанымыздай, мөлшер ұғымы материалық болмыстың ежелден бар қасиеті
болса да, оның сана синтезінен өткен формасы шартты, субъективті болады.
Г.Гегель мөлшер категориясын таза және анықталған мөлшер деп бөлді.
Мұндағы «таза мөлшер» ұғымын мөлшер категориясының философиялық
ұғымына, ал «анықталған мөлшерді» математикалық ұғымына жатқызды [35, 33
б.]. Г.Гегель «таза мөлшер» табиғатта өмір сүрмейді, сапа мен мөлшер
байланыста болады деп қараған. Және мөлшерді «үздіксіз шамалар» деп
есептейді [39, 124 б.]. Ал өлшемнің өзіне: «Мера как масштаб в обычном смысле


Page 14

14

– это определенное количество, которое произвольно принимается за в себе
определенную единицу по отношению к внешней численности», – деп анықтама
береді [40, с. 302]. Г.Гегель мөлшердің «шексіздік» ұғымының күрделі
мәселелерді қарастыра келіп, «оңбаған мөлшерлік шексіздік» деп атайды [39, 263
б.]. Бұл – мөлшердің және оның шексіздік қасиетінің тым күрделі, сан салалы
ұғым екенін түсініп жету еді.
К.Маркс мөлшер проблемасын диалектикалық материализм негізінде
қарастырды. Сондай-ақ мөлшердің «сапа» ұғымымен де ажырамас байланысы
барын негіздеді. Айнала қоршаған объективті дүние сапалық және мөлшерлік
қасиеттерден құралатынын айқын көрсете білді. К.Маркс тұңғыш рет «мөлшер»
ұғымын экономика ғылымымен байланыстырды. Капитализмдегі өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастарды сапа және мөлшерлік қатынастар
тұрғысынан қарастырды. Соның нәтижесінде сапа мен мөлшер категориясының
диалектикалық бірлігін дәлелдеді. Ол: «Әрбір пайдалы затты екі түрлі көзқараста,
яғни сапалық және мөлшерлік жағынан қарауға болады», – деп жазады [41, 173
б.]. Мұның өзі сапа мен мөлшер затты құраушы ең басты элементтер екенін
ұғындырады. Әрі «мөлшер» ұғымы «сапа» ұғымының кеңістік пен уақыт
ішіндегі көрінісі екенін ашып көрсетті.
Мөлшер категориясы дәстүрлі қазақ танымында, дала философиясында да
болмыстағы ең басты ұғымдардың бірі ретінде сипатталды. Ол түрлі мақал-мәтел,
ақыл-нақыл сөздерде, салт-дәстүр, тағы басқа да мәдени-рухани құндылықтарда
көрініс тапты. Көне түркілер танымында мөлшер категориясына тән белгілердің
бірі «шекті/шексіз» ұғымдарының мәні зор болды. Олар уақыт пен кеңістікті
шексіз, ал тіршілік пен адам өмірін шекті құбылыс деп таныды және ең үлкен
мақсат-мұраттарын уақытпен өлшеді, уақытпен теңестіргісі келді. Мәңгілік,
шексіз өмірге ұмтылды. Түркілер бұл мәңгілік мұратын «мәңгі тасқа» былай деп
жазды: Өтүкен йыш олурсар, беңгү іл тута олуртачсен // Өтүкен қойнауында
отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың сен /сонда/ (КТк., 55, 8). Мәңгілік өмірге
ұмтылу Қорқыттың ажалмен күресуінен де көрініс тапты. Мәңгілік өмір,
мәңгілік елдік идеясы кейінгі ғасырларда да әр кез жалғасын тауып отырды.
Қазақ хандығының алғашқы құрылу кезеңінде Асан қайғының «Жерұйық»,
«Жиделібайсынды» іздеуі соның айғағы. Ал бұл бүгінгі Қазақстанның «Мәңгілік
ел» идеясымен астасып жатыр. Демек, «уақыт» ұғымы – түркілер танымында ең
басты мөлшерлік ұғымдардың бірі.
Ал мөлшер категориясын тануда Абай жаратылыстық негізді шексіз,
адамзаттық негізді шекті деп сипаттады. Бұл туралы 38-қара сөзінде былай дейді:
Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке
мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмады. Алла
тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге
болмайды (Абай, 38-қара сөзі). Мұнда «Алла» сөзі тар мағынада Жаратушының
өзін сипаттаса, кең мағынада оның жаратқан құбылыстары мен заңдылықтарын
көрсетеді. Алайда екеуі де шексіз. Абай мөлшерді тепе-теңдік, үйлесім ретінде
де сипаттай білді: Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса –
жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті
салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек,
жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар.
Өлшеуінен асырса, боғы шығады (Абай, 43-қара сөз). Егерде әрбір өлшемді нәрсе


Page 15

15

қалыпты шегінен шықса, тепе-теңдік бұзылса, дәл сол мөлшер басқа формаға
ауысады. Жинақтай келгенде, Абай «мөлшер» ұғымының субстантивті
негіздерін өлшеусіз, шексіз, адамзаттық негіздерін өлшеулі, шекті деп біледі.
Адамзат руханияты тарихындағы есімі әлемге белгілі аталған ойшыл,
ғұламалардың мөлшер категориясы туралы ой-тұжырымдары мен анықтаған
басты жаңалықтарын түйіндей келе, төмендегі кесте
2
түрінде көрсетуге болады:






















Кесте 2: мөлшер категориясының философиялық мәні

«Мөлшер» шартты түрде үш деңгейден тұрады. Материя мөлшердің пайда
болуының адам санасынан тыс, жаратылыстық негізін көрсетеді. Бұл объективті
мөлшер саналады. Әрі мөлшердің пайда болуының бірінші сатысы. Ал осы
объективті мөлшердің адам рухани кеңістігіне енуі, ойлау, таным жүйесі арқылы
сипатталуы, сан, шама формасында көрініс табуы оның адамзаттық негізі
саналады. Бұл объективті әрі субъективті мөлшер саналады. Бұл мөлшердің
ұғым ретінде пайда болуы, яғни екінші сатысы. Бір формадағы жаратылыстық
нысан әр адамда, әр этноста, әр халықта түрліше формада, ұқсамаған мөлшерде
сипатталады. Өйткені жаратылыстық дүние барлық адамға бірдей болғанымен,
адамзаттың рухани әлемі бірдей «кеңістікте» болмайды. Дүниені танудың
шарттары, құралдары, тәсілдері адамдарда жасына, жынысына, тобына, тағы да
басқа тарихи-әлеуметтік топтардың түріне қарай түрліше болады. Сондықтан
нысандар осы «екінші әлемге» енгенде қайта құрылымданып, түрліше шамалар
болып танылады және ол тіл-тілдерден түрліше формада көрініс табады. Міне,
бұл мөлшердің пайда болуының үшінші сатысы. Бұл субъективті мөлшер болады.

2
Кестедегі түзу сызық философтардың бірінші болып анықтаған басты жаңалықтарын, үзік сызық өзінен бұрын
анықталған ақиқатты мақұлдауын, құптауын білдіреді.
Кант
Спиноза
Р.Декарт
Аристотель
Зенон
Платон
Абай
Г.Гоголь
К.Маркс
шама
объективтік
шекті
зат
қозғалыс
жыйын
сапа
Пифагор
сан
шексіз
субъектілік


Page 16

16

Қорыта келгенде, «мөлшер» – философиялық категория. Ол жаратылыстың
ең үлкен, ең өзекті категорияларының бірі. Сондай-ақ барлық заттар мен
құбылыстарда өмір сүреді. Әрі шекті, әрі шексіз, әрі үздікті, әрі үздіксіз. Ол
адамзаттық негізде шекті, үздікті, жаратылыстық негізде шексіз, үзіксіз. Мөлшер
қозғалыс күйінде де, тыныштық күйде де болады. Мөлшердің пайда болуы мен
өмір сүруі адам санасына тәуелсіз. Тек адамзат мөлшердің формасын өзгерте
алады. Мөлшер, энергияның сақталу заңында айтылғандай, жойылмайды,
жоқтан бар болмайды, керісінше, бір формадан екінші формаға ауысады.
Мөлшер адамның рухани кеңістігінде сан, сапа, шама, жиын формасында көрініс
табады. Мөлшер адам санасына әсер етіп, онда көрініс табады. Ал адам санасы
да мөлшердің жаратылыстық дүниедегі бір формадан екінші формаға ауысуына
ықпал етіп отырады. Соның нәтижесінде «мөлшер» ұғымының бейнелену
формасы көбейеді. Санасыз мөлшер өмір сүреді, бірақ мөлшерсіз сана өмір
сүрмейді. «Сана» мен «мөлшер» ұғымының диалектикалық байланысы осындай
айналмалы формада құрылады. Сана қай деңгейде болса, мөлшердің бейнелену
формасы мен тәсілі сол деңгейде болады. Мөлшер саналы да, санасыз да
кеңістіктерді қамтиды. Мөлшер философия, математика, тіл білімі, экономика,
физика, механика, логика, бұдан басқа да ғылымдардың басты категориясы
саналады.

1.2 Мөлшер категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі

Мөлшер – тілдік категория. Заттар мен құбылыстарда ежелден бар және
адамзат санасынан тыс өмір сүретін мөлшер категориясы ең әуелі
философиялық категория саналғанымен, оның тілдегі бейнесі оны тілдік
категорияға айналдырады. Заттар мен құбылыстардың бойындағы сан-санақсыз
мөлшерлік ұғымдар адам санасының, танымының көмегімен түрлі тілдік
тәсілдер, логикалық құрылымдар арқылы тілдік бірліктерге айналады немесе тіл
арқылы көрініс табады. Жүйесіз көрініс таппайды, белгілі заңдылық негізінде
жүйелі көрініс табады. Тілдің барлық деңгейіндегі мұндай жүйелі көрінісі оны
тұтас бір категорияға айналдырады. Мөлшер заттар мен құбылыстарда ежелден
бар қасиет болғандықтан, ол барлық халықтардың таным үдерісіне де ортақ. Әрі
адамзат тілінің барлық типтері мен түрлерінен көрініс табады. Алайда
жалпыадамзаттық осы «мөлшер» ұғымының таным үдерісіне енуі, сол арқылы
тілдік бірлікке айналу деңгейі әр халықта әртүрлі. Бұған көптеген
интратілтанымдық және экстратілтанымдық жағдаят әсер етеді. Кей тілдерде
мөлшер мәнді тілдік бірліктердің саны көп болса, кейбірінде салыстырмалы аз,
ал кейде тілдің белгілі деңгейінде ғана басымдық алса, кей тілдерде ол деңгей
өнімсіз, керісінше, басқа деңгейдегі берілу жолдары, формалары көп. Мұндай
ерекшеліктер бір жағы сол халықтың тілтанымдық психологиясын, тілдің ішкі
болмысын көрсетеді. «Мөлшер» ұғымының түрліше тілдердегі тілдік бірліктерге
айналу, берілу формаларындағы мұндай өзгешеліктер бұған қатысты
тілтанымдық зерттеулерде де түрліше пікірлердің айтылуына себепші болды.
Ұқсамаған тілдер өз алдына, бір тілдік деректер бойынша жасалған
зерттеулердің өзінде де әртүрлі тұжырымдар қалыптасуда.


Page 17

17

Тіл – тірі организм. Ол туу, даму, қалыптасу, өзгеру басқыштарынан,
түрліше даму кезеңдерінен өтіп, бүгінге жетті. Сондықтан тілдегі белгілі ұғымды
зерттеу нысаны еткенде, оның тарихи даму кезеңдерін тұтастай қамтымайынша,
тілдік табиғатын толыққанды ашу қиын. Және түрліше ұстанымдар мен түрліше
кезеңдер бойынша жасалған зерттеулердің үздік тұжырымдарын басшылыққа
алу маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, ең әуелі мөлшер мәнді тілдік бірліктердің
әлемдік лингвистикадағы зерттелуі жайына назар аудару керек.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктер әлемдік лингвистикада да зерттеу нысаны
етілген. Атап айтар болсақ, ағылшын, орыс, қытай, тағы басқа да әлемдік
тілдерде кеңінен зерттеліп келеді. Алғашқы кезеңдерде орыс, ағылшын тіл
білімінде мөлшер семантикасы өлшем бірліктер аясында қарастырылды.
Метрологияның жалпы мәселелері мен дүние жүзіндегі әртүрлі өлшем
бірліктердің мәні жайлы Ф.И.Петрушевский [1], В.Депман [2], С.К.Кузнецов [42]
еңбектерінде қарастырылады. Ф.И.Петрушевскидің «Общая метрология» деген
екі бөлімнен тұратын еңбегінде өлшем бірліктердің әртүрлі және өте ауқымды
тілдік құбылыс екенін айта келіп, оның себебін былай деп түсіндіреді: «Меры,
как известно, чрезвычайно разнообразны, а разнообразия ихъ суть следующия
причины: 1) качество или свойство измеряемыхъ предметовъ; 2) ихъ количество,
и 3) самое существо меръ. Сюда же прибавить должно местность съ
политическими и религиозными правилами и народными привычками» [1, с. 2].
Ғалым өлшем бірліктерді үлкен-үлкен сегіз семантикалық топқа бөліп
қарастырады. Ал Л.А.Молчанова [3] кейбір славян халықтары мен шығыс
халықтары тілдеріндегі өлшем атауларын жинақтай келіп, оны халықтық
метрология тұрғысынан қарастырады. Орыс тіл білімінде метрология мәселесі
бойынша Д.И.Прозоровский [43], Л.В.Черепнин [4], Н.В.Устюгов [44],
Г.Я.Романова [5], т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеулер жүргізді. Бұлардың
қатарында Д.И.Прозоровскийдің орны ерекше. Ғалымның «Древняя русская
метрология» атты лекциялар курсы орыс метрологиясының қайнар көзі саналады
[43]. Г.Я.Романованың «Наименование мер длины в русском языке» деп
аталатын еңбегінде көне жазба ескерткіштер мен диалектологиялық материалдар
негізінде 200-ден астам орыстың ескі ұзындық өлшемдеріне талдау жасалады
[5]. Орыс ғалымдарының зерттеулері көбіне өлшем бірліктерге
бағытталатындықтан, «мөлшер» ұғымын «сандық мән» тұрғысынан сипаттайды.
Сондықтан да орыс ғалымдары мөлшер категориясының ішкі семантикалық
топтарын сандық ұғымдар негізінде ажыратады.
Орыс тілінде де «мөлшер» ұғымы функционалды аспектіде кеңінен
қарастырылды. В.В.Химик [45], А.А.Худяков [46], Н.С.Чиркинян [47],
Н.Д.Дизенко [48], В.В.Новицкая [49], Т.П.Перетятько [50], т.б. ғалымдар аталған
тақырыптың түрлі мәселелері бойынша кандидаттық диссертация қорғаса,
А.В.Бондарко [51], [52], З.Я.Тураева [53], Л.Д.Чеснокова [54], т.б. ғалымдар
маңызды ғылыми еңбектер жазды. Ал Н.Н.Гарина [55], Е.В.Щебетенко [56]
сынды зерттеушілер мөлшер категориясын ағылшын тілі, Д.А.Кашина [57] неміс
тілі материалы негізінде қарастырды. Мөлшер категориясына біртабан жақын
көптік категориясын француз тілі деректері бойынша Л.М.Беляева [58]
қарастырса, жапон тілі материалдары негізінде А.А.Холодович [59] зерделеді.


Page 18

18

Мөлшер семантикалы тілдік бірліктер туралы зерттеулер ағылшын тілді
әдебиеттерде де кездеседі. Аталған зерттеулерде мөлшер семантикалы тілдік
бірліктер түрліше лингвистикалық аспектіде қарастырылады. Мөлшер
категориясы туралы бұл зерттеулердің көпшілігі қазіргі лингвистика
ғылымының даму деңгейін көрсетеді. Атап айтқанда, тілді философиялық
бағытта қарастыратын ағылшын зерттеуші Дерек Болл (Derek Ball) [60]
мөлшерлеу, өлшеу үдерісінің жүзеге асуы мен ұйымдасуын семантикалық
теория негізінде қарастырады. Неміс ғалымы Стефани Солт (Stephanie Solt) [61],
[62] сандық семантика мен мөлшердің, шамалардың арасындағы танымдық,
логикалық байланысты көрсетеді. Ал АҚШ зерттеушісі Грегори Сконтрас
(Gregory Scontras) «The Semantics of Measurement» тақырыбынғы докторлық
диссертациясында [63] мөлшер, өлшем, көптік, сан, дәреже т.б.
семантикаларының байланысы мен айырым белгілерін қарастырады. Француз
зерттеушісі Грегорий Шамбон (Grégory Chambon) [64] нумеративтер мен
метрология мәселелерін бір нысанда қараса, тағы бір АҚШ ғалымы Ретт
Джессика (Jessica Rett) [65] «көп», «аз» ұғымдарының семантикалық
интерпретациясын қарастырады. Ал Алексис Уэлвуд (Alexis Wellwood) [66]
ағылшын тіліндегі морфологиялық бірліктердің мөлшер семантикасын беру
ерекшеліктерін қарастырады. Бұл зерттеулер Еуропалық лингвистердің аталмыш
категорияны функционалды-семантикалық аспектіде кеңінен қарастырғанын
көрсетеді.
Мөлшер категориясы бірнеше тілдер бойынша салыстырыла зерттеген
еңбектер де бар. Айталық, С.А.Швачко ағылшын, орыс, украин тілдерін қатар
ала отырып, «Языковые средства выражения количества в современном
английском, русском и украинском языках» атты еңбек жазса [67],
А.В.Степанова [68] ағылшын, орыс, чуваш тілдеріндегі сан-мөлшер
категориясын салыстыра зерттеді. Әлемдік лингвистикада мөлшер категориясын
зерттеуге қосқан Украин ғалымдарының үлесі зор. В.В.Акуленко [69] тұтас
еуропа тілдерін зерттеу материалы ете отырып, «Категория количества в
современных европейских языках» атты құнды еңбек жазса, М.А.Парнюк [70]
мөлшер категориясын ғылыми тіл деректері негізінде қарастырды. Бодуэн де
Куртэненің сан-мөлшер семантикасын логикалық процестермен
байланыстыратын «Количественность в языковом мышлении» атты еңбегі де
құнды теориялық еңбек саналады [71]. Аталған еңбектер мен авторлардың қай-
қайсы да мөлшер категориясын зерттеуде өзіндік үлестерімен ерекшеленеді және
оны әр қырынан, толыққанды түсінуге теориялық негіз бола алады.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктердің қытай тіл білімінде зерттелуі де айрықша
маңызға ие. Мөлшер семантикалы сөздер қытай тіл білімінде «мөлшер сөздер»
деген атпен ғылыми деңгейде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап сөз бола бастады.
Одан бұрын түрлі тарихи жазбаларда, тіпті біздің жыл санауымыздан бұрын,
антикалық кезеңдерге тән жазбаларда да түрлі ұзындық, салмақ өлшемдері мен
ақша атаулары кездесіп, олардың мағынасы, қанша шамаға тең екені баяндалады.
Кейде бұл өлшем бірліктер «Жібек жолы» бойындағы сауда-саттық, түрлі
мәдени-экономикалық қарым-қатынас арқылы түркі халықтарының тіліне де
енгені байқалады. Қытай тіл білімінде мөлшер мәнді сөздердің лексика-
грамматикалық ерекшеліктері мен өзге сөздерден айырмашылығы туралы алғаш


Page 19

19

ғылыми пікір айтқан Ма Жианжұң (Ma Jianzhong) болды. Ол өзінің 1898 жылы
жарық көрген «Ма Шы Він Тұң» (Ma shi wen tung) деген еңбегінде «мөлшер
сөздердің» бір алуан лексика-грамматикалық, стильдік қызметі бар екенін айтқан
болатын [72]. Одан кейін Li Jinxi 1924 жылы жарық көрген «Жаңаша жазылған
мемлекеттік тіл грамматикасы» (Xinzhi guoyu wenfang) атты еңбегінде мөлшер
сөздерді «сандық мағынаны білдіретін зат есім сөз» дей келіп, оны сандық
семантикамен байланыстырады [73]. Бұдан соң Лүй Шушяң 1940 жылы жарық
көрген «Қытай тіліне кіріспе» кітабында мөлшер сөздерді есім болғанымен
әдеттегі зат есімнен өзгешелеу болғандықтан, «есімше» деп таныса [74], 1943
жылы Ваң Ли «Қазіргі заман қытай тілі грамматикасында» мөлшер семантикалы
сөздерді, адам не затқа қатысты айтылатындықтан, «зат есім бірлігі» деп санайды
[75]. Бұдан кейінгі жарық көрген ғылыми еңбектерде бірде «сандық өлшем»
(1948), «көмекші зат есім», «сандық мөлшер сөз» (1957), «шамалық сөз» деп
түрліше қарастырып келді. Тек 1962 жылы «Қазіргі заман қытай тілі» жарық
көргеннен кейін «мөлшер сөз» (liang ci) аталып, он бірінші сөз табы ретінде
танылды [76]. Содан кейінгі әр жылдарда үздік-үздік қарсы пікірлер
айтылғанымен, бұл бүгінге дейін орныққан тұжырым саналады.
Байқағанымыздай, қытай тіліндегі мөлшер мәнді сөздер туралы зерттеулер
негізінен құрылымдық бағытта және олардың таптық статусын анықтау болып
келді. Шын мәнінде, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің өзге тілдерге ұқсамайтын
лексика-грамматикалық қызметі, өзіндік ерекшелігі бар. Олар көбіне заттар мен
қимыл-әрекеттің сандық мәнін анықтау және түрліше қасиетін сипаттау мәнінде
болып келеді. Бұл, бір жағы, мағынаның берілу формасы негізінен аналитикалық
тәсілге құрылған қытай тілінің өзіндік ерекшелігі. Сондықтан да әлемдік
лингвистикадағы қалыптасқан ұстанымдарға сәйкес келмейтін тұжырымдардың
орын алуы заңды. Біздің ойымызша, бұл құрылымдық бағыттағы зерттеулер
жалпы мөлшер категориясын тануға, мөлшер семантикасының тілдік құралдар
арқылы берілу жолдарын анықтауға жеткілікті ғылыми негіз бола алмайды.
Сондықтан оны кең ауқымда, функционалды аспектіде қарастыру қажет.
Қытай тіліндегі мөлшер сөздерді функционалды аспектіде қарастырды
деуге тұрарлық қазірге дейін біз кездестірген жалғыз еңбек – өзбек ғалымы
А.А.Каримовтың «Счетные слова в китайском языке» деп аталатын кандидаттық
диссертациясы. Зерттеуші диссертациясында мөлшер сөздерге құрылымдық,
лексика-семантикалық, функционалды аспектіде талдаулар жасайды. Мөлшер
сөздерді «счетные слова» деп атап, лексика-семантикалық ерекшелігіне қарай
«именные сч. слова», «глагольные сч. слова» деген екі үлкен топқа бөледі де, әр
топты өз ішінен тағы да әлденеше тармақтарға жіктейді [77, 13 б.]. Осы аталған
еңбектер жалпытілдік мөлшер категориясының жекелеген тілдердегі
ерекшеліктерін тануға және тілтанымдағы маңызын айқындауға септігін тигізеді.
Мұсылман әлемі мен түркі халықтары да аса ауқымды мәдени-рухани
кеңістік саналады. Сондықтан аталған халықтардың тілдік кеңістігінде де
«мөлшер» ұғымының алатын орны ерекше. Шығыс елдерін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда зерттеумен айналысқан белгілі неміс ғалымы В.Хинц [14]
Шығыс метрологиясына назар аударып, көптеген ауырлық, көлем, ұзындық
өлшем бірліктерін жинақтайды. Әрі оны ғы лыми негізде түсіндіріп,
анықтамалық сипаттағы еңбек құрастырады. В.Хинцтің кітабының мазмұны


Page 20

20

өздігінен сөйлейді, тіпті ондағы мағлұматтарды түсіндіріп берудің қажеті жоқ.
Аталған еңбек осы уақытқа дейін Шығыс метрологиясын, яғни Мароккодан
Үндістанға дейінгі көптеген елдердің өлшем жүйесі жайлы жалғыз практикалық
құрал деуге де болады. Е.А.Давыдович Орта Азиядағы түркі халықтары тіліндегі
өлшем бірліктерді де Мұсылман әлемі өлшем бірліктері ретінде тани отырып, В.
Хинцтің еңбегіне «Материалы по метрологии средневековой Азии» атты үлкен
бір тарау қосады. Бұл тарауда Орта Азия елдерінде қолданылатын салмақ, көлем,
ұзындық, қашықтық өлшемдері туралы терең мағлұматтар берілген [15]. Түркі
халықтарының ішінде өзбек ғалымы П.Хамдамов «Нумеративы в современном
узбекском языке» атты диссертациясында өлшем бірліктерді «нумеративтер»
деп атап, оны он төрт түрге бөледі. Сондай-ақ нумеративтердің синхронды және
диахронды ерекшеліктеріне морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасайды
[78]. Тағы бір өзбек ғалымы С.А.Шакиров нумеративті фразеологизмдерге
семантикалық-типологиялық талдаулар жасайды [79].
Бауырлас түрік халқы, Түркия ғалымдары да мөлшер категориясына, өлшем
бірліктердің мәніне айрықша назар аударып, зерттеу нысаны етіп келеді. Атап
айтқанда, қазақ-түрік тілдеріндегі дәстүрлі өлшем бірліктерді Атмаса Емине
(Atmaca Emine) [80], ескі түркі медицинасындағы өлшем бірліктер мен өлшеу
амалдарын Гүмүшатам Гүркан (Gümüşatam Gürkan) [81], Османлы дәуіріндегі
халықаралық теңіз саудасы саласында қолданылған өлшемдер жүйесін Екінчі
Илхан (Ekinci İlhan) [82], аталған дәуірдің метрологиялық жүйесін Иналчик
Халил (İnalcik Halil) [83] мен Гүнергун Феза (Günergun Feza) [84] қарастырса,
түрік халқының дәстүрлі өлшем бірліктерін Шенел Мустафа (Şenel Mustafa) [85]
мен Өзиетгін Мелек (Özyetgin Melek) [86], б.з.б. Анадолы жерінде мекен еткен
ескі Хетт империясының сына жазулы көне жазбаларында сақталған ескі өлшем
бірліктерді Таш Илкнур (Taş İlknur) [87], түрік тілі диалектілеріндегі өлшем
бірліктерді Каймаз Зеки (Kaymaz Zeki) [88], Гөкяй Шайк (Gökyay Şaik) [89], ескі
шағатай тіліндегі ұзындық өлшемдерін Сейхан Танжу (Seyhan Tanju) [90] сияқты
зерттеушілер мен ғалымдар жан-жақты зерделеді. Бұдан түрік ғалымдарының
еңбектері негізінен түрлі дәуірлердегі өлшем бірліктерді зерттеуге арналғаны
аңғарылады.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктер өзге түркі халықтарының тілдік деректері
бойынша да қарастырылды. Бұл көбіне түркітану, алтайтанумен байланысты
болды. Орыс және өзге де шетелдік түркітанушы, алтайтанушы ғалымдардың
еңбектерінде үздік-үздік ойлар, пікірлер айтылып, құрылымдық-семантикалық
сипаттамалар, этимологиялық талдаулар жасалады. Түркі тілдеріндегі
нумеративтер мен метрологиялық терминдер В.В.Радлов [91] пен Л.З.Будагов
[92] сөздіктерінен де жиі ұшырайды. Орыс ғалымы М.И. Граммның
«Занимательная энциклопедия мер, единиц и денег» еңбегінде ежелгі және
қазіргі өлшем бірліктер мен ескі монеталар, ақша түрлері туралы ауқымды
мәліметтер беріледі. Сонымен қатар олардың пайда болу тарихы туралы
баяндалады [93]. Ал тілдерінің деректері бойынша өлшем бірліктерді
Н.К.Дмитриев [94], А.Н.Баскаков [95], П.Хамдамов [78], Э.В.Севортян [96]
сияқты ғалымдар лескика-семантикалық, этимологиялық тұрғыдан қарастырады.
Әлемдік лингвистикадағы зерттелуі жайлы бұл қысқаша шолудан «мөлшер»
ұғымы көбіне сандық мәнді білдіретін өлшем бірліктер, ақша атаулары


Page 21

21

шеңберінде қарастырылып келгенін көруге болады. Алайда мөлшер – көптеген
тілдік құрылымдар арқылы көрініс табатын кең ұғым.
«Мөлшер» ұғымы – қазақ тілі кеңістігінде де тым ерте тарихи кезеңдерден
бастап орныққан іргелі ұғымдардың бірі, әрі тілдік қарым-қатынаста өте
ауқымды танымдық-ақпараттық мазмұндарды құрайды. Сондықтан мөлшер
семантикасын беруге сөз таптарының көпшілігі қатысады және әлденеше
аналитикалық, синтетикалық формалар, тәсілдер арқылы беріледі. Қазақ тіл
білімінде мөлшер мәнді тілдік бірліктерді ғылыми деңгейде зерттеу ХХ ғасыр
басынан, А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Содан бергі жүз жыл
ішінде жарық көрген шағын мақалалар мен көлемді еңбектер түрліше мақсаттар
мен тәсілдерді басшылыққа алады және тіл дамуының түрліше кезеңдеріне
арналған. Бұларды зерттеу тәсілдері мен бағыттарына қарай төмендегідей төрт
топқа жіктеуге болады. Бұл зерттеулердің жалпы сипаты төмендегідей:
1) Құрылымдық бағыттағы зерттеулер. Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді
құрылымдық бағытта зерттеу ерте кезеңдерден бастау алады. Бұл тілтанымның
дәстүрлі бағыты болғандықтан, әлденеше зерттеу әдіс-тәсілдері мен тіл білімінің
салаларын қамтитыны белгілі. Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді қазақ, түркі, тіпті
әлемдік лингвистикада алғаш зерттеген ғалымдардың бірі М.Қашқари деуге
болады. Ғалым сегіз кітаптан тұратын «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінде түркі
тайпаларындағы ең жиі қолданыстағы 9000-ға тарта сөздер мен грамматикалық
формаларға лексика-семантикалық түсіндірме береді. Сонымен қатар кей
сөздерге этимологиялық, текстологиялық, фонологиялық талдаулар жасайды.
Бұлардың қатарында мөлшер семантикалы тілдік бірліктер де бар. Түрлі өлшем
бірліктер мен ақша атауларын қоса алғанда, сөздікте 260-қа жуық мөлшер
семантикалы лексемалар, синтетикалық, аналитикалық формалар кездеседі.
Бұлардың кейбіріне әрі семантикалық, әрі этимологиялық талдаулар жасалады.
Мысалы, құлаш ұзындық өлшемі туралы былай беріледі: «Құлаш // құлаш.
Мұның негізі «қол аш» деген болады. «Бір құлаш баршын // бір құлаш баршын;
бір құлаш шәйі мата» [97, Т1-406 б.]. Кейде мұндай өлшем бірліктердің қай түркі
тайпаларында қолданылатыны да ашып айтылған. Мөлшер мәнді тілдік
бірліктердің зерттелуінде аталмыш еңбектің орны айрықша маңызды.
Бұдан кейінгі әр тарихи кезеңдерде қазақ тіліндегі мөлшер семантикалы
тілдік бірліктер жайлы орыс және Еуропа ғалымдары тарапынан үздік-үздік
пікірлер айтылып, зерттеулер жасалды. Ал XX ғасыр басы қазақ тілі үшін өтпелі
кезеңдердің бірі болды. Қазақтың ұлт ретінде жойылу қаупі ең әуелі тілден
көрініс тапты. Бұған қарсы А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары, тіл
жанашырлары қазақ тілінің ғылыми-теориялық базасын дамыту, қолданыс аясын
кеңіту бағытында қыруар жұмыстар жасағаны белгілі. Тіл майданындағы бұл
күрестің бір саласы мөлшер мәнді тілдік бірліктермен тікелей байланыста болды.
Ғасырлар бойы қолданылып келген дәстүрлі өлшем бірліктер орыс тілінің
экспансиясы салдарынан қолданыстан шығып, мәдени лексиканың ауқымды бір
бөлігі жоғалуға бет алды. Тілдегі осы келеңсіз бетбұрысқа қарсы өлшемдік
жүйеге ұлттық өлшем бірліктерді енгізу, олардың сандық мәнін тұрақтандыру
және насихаттау бағытында жұмыс жасалды. Мұның өз і мөлшер
семантикасының ұлттық таным кеңістігі мен ойлау жүйесіндегі орнын
көрегендікпен көре білуі еді. Алайда Кеңестік жүйе оған ерік бермейді.


Page 22

22

Түркістан Республикасы мен ҚазССР аумағында үкіметтік қаулылар шығып,
1922-1925 жылдар аралығында метрлік өлшем жүйесі енгізіледі. 1918 жылы 14
қыркүйекте Жалпы Россия Орталық атқару комитеті, Халық шаруашылығы
кеңесі «Жер жүзіне бірдей метрик өлшеуін һәм таразысын жүргізу» туралы 12
баптан тұратын қарар шығарды. Ал бұл 1923 жылы 22 қазанда Түркістан
Республикасының Халық комиссарлар кеңесі «Жер жүзіне бірдей метрик
өлшеуін жүргізу» туралы №149 қарарымен мақұлданады [98, 52-56 б.].
Осылайша ескі қазақ өлшемдері ресми қолданыстан шығарылды. Осыған орай
ескі қазақ өлшемдерінің мәнін жалпақ жұртқа түсіндіру мақсатында Е.Омарұлы
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 299 санында Тайбағар деген бүркеншік
есіммен «Метр өлшеуіштері» деген мақала жазады [99, Т1-112-116 бб.]. Ғалым
мұнда метр, сантиметр, грамм, килограмм, тонна сияқты халықаралық
өлшемдердің мәнін кез, бүршік, мысқал, қадақ, бұт, аршын, таяқ сияқты
халықтық ескі өлшем бірліктердің мәнімен салыстыра түсіндіреді.
ХХ ғасыр басында өлшем бірліктер жайлы жүйелі мағлұматтар
Х.Досмұхамедұлы еңбектерінен кездеседі. Ғалым «Табиғаттану» кітабының
«Бұйымдардың жалпы қасиеті» деп аталатын бірінші тарауында дүниежүзінде
қолданылатын халықаралық өлшем бірліктер мен дәстүрлі өлшем бірліктер
жайында біршама мол ақпарат береді. Өлшем бірліктерді «өлшеуіш» деп атай
келіп, салмақ, аудан, бәсеке салмақ, сыйымдылық, температура, қашықтық,
тығыздық өлшемдері жайлы баяндайды [100, 5-26 бб.]. Ғалым ескі орыс
өлшемдерімен қатар ескі қазақ өлшемдерін де орыс өлшемдері деп жалпылама
атай келіп, былай дейді: «Бұйымдарды өлшеуге түрлі өлшеуіштер қолданылады.
Россиядағы ұзындықтың өлшеуіштері: убршок, кез, саржан, шақырым. Беттің
өлшеуіштері: шаршы убршок, шаршы кез, шаршы саржан, шаршы шақырым .
Ауданның өлшеуіштері: куб убршок, куб кез, куб саржан, куб шақырым. Сұйық,
шашылғыш бұйымдардың ауданын өлшеуіштер: күбі, шелек, бөтелке.
Салмақтың өлшеуіштері: пұт, қадақ, мысқал» [100, 17 б.]. Біздіңше, мұндағы
орыс өлшемдері деген ұғым Жалпыресей аумағында қолданыста болған өлшем
бірліктер жүйесін білдіреді.
А.Ысқақов мөлшер мәнді сөздер туралы «Қазіргі қазақ тілі» атты
оқулығының «Сан есім» тарауында: «Сан есімдер сияқты мөлшерлік мағына
білдіретін бір алуан сөздер, …бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты
мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды», – деп
тұжырымдайды [101, 192 б.]. Ғалым жарты, жалқы, сыңар, қос, егіз т.б. сөздерді
сын есімге, қадақ, қарыс, килограмм, адым т.б. сөздерді зат есімге жатқыза келіп,
ат шаптырым, қас қаққанша т.б. тіркестерді «қызметіне қарай әртүрлі сөз
таптарына телінетін фразалық тіркестер» деп береді. Мөлшер мәнді тілдік
бірліктер жайында осымен шектеледі. Ал Н.Оралбаева мөлшер мәнді сөздерді
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» атты оқулығының «Сан есім» тарауында
«сандық ұғым мәнді басқа сөздер» деп қарастырады. Бұл туралы: «Сан есімге
жатпайтын сөздердің ішінде де мағынасы жағынан «сандық» ұғымға жақындығы
бар сөздер тілде кездеседі», – дей келіп, оларды әлденеше семантикалық
топтарға бөледі [102, 177-178 бб.].
Қазақ тіліндегі «мөлшер», «өлшем» ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді
арнайы зерттеген Ж.Ш.Ахмедова болды. Зерттеуші өлшем атауларының


Page 23

23

зерттелу тарихына тоқтала отырып, былай дейді: «Есептік сөздер (счетные слова)
заттың өзін немесе оның санын білдірмейді, оның саналуымен байланысты
ұғымдарды білдіреді». Бұл пікірді ары қарай жалғастыра келіп, есептік сөздерді
мынадай үш топқа бөледі: 1) зат немесе нәрсе бірліктерінің есебі: бас, тал, түп,
т.б.; 2) адамдар тобының есебі: тайпа, топ, қауым, т.б.; 3) малдар тобының есебі:
үйір, табын, қора, т.б. [16, 148 б.].
Қазақ тілі синтаксисінің білікті мамандарының бірі Т.Сайрамбаев бұл
сөздерді, зат есімді күрделі сөз тіркестері құрамында қарастырып, «өлшем мәнді
нумератив тіркестер» деп атайды. Бұларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай:
мезгіл-мерзімге байланысты өлшем, қашықтық өлшемі, көлем өлшемі, салмақ
өлшемі, баға қою, даналап санау, аудан өлшемі, сұйықтық өлшемі, жылдамдық
өлшемі сияқты мағыналық топтарға бөліп қарастырады [17, 39б.]. Сонымен қатар
«мөлшер» ұғымын білдіретін сөздердің синтаксистік ерекшелігі, сөйлемде
атқаратын қызметі, байланысу тәсілдері, жалғаулықсыз байланысқан сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары сияқты құрылымдық грамматиканың өзекті,
күрделі мәселелерімен айналысты [103, 162 б.].
Ә.Хасенов мөлшер мәнді тілдік бірліктерді сан есімдермен байланыстыра
қарап, «сан есім мағыналы сөздер» деп береді де, құрылымдық-семантикалық
ерекшелігіне қарай екі топқа бөледі:
Бірінші: сан есімнің тура мағынасындағы, яғни белгілі бір дәл сан
мағынасын білдіретін және солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, жарты,
жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалғыз, некен-саяқ, дара, т.б.;
Екінші: 1) абстрактілі сан ұғымды сөздер: бір үйір жылқы, бір келе түйе,
бір табын сиыр, бір отар қой, көз көрім жер, ат шаптырым жер т.б.; 2) счеттік
(нумеративтік) сөздер: бір үзім нан, бір қарын май, бір жұтым су, бір уыс бидай,
бір құлаш арқан, т.б. [104, 48 б.].
Белгілі ғалым Ә.Болғанбаев «Өлшемдік ұғымдарды білдіретін сөздер мен
сөз тіркестері» деп аталатын мақаласында қыруар мөлшер мәнді сөздер мен сөз
тіркестерін жинақтай келіп, лексика-семантикалық ерекшелігіне қарай: 1)
уақыт-мерзім өлшемдері; 2) ұзындық, қалыңдық, тереңдік, биіктік өлшемдері;
3) көлем өлшемдері деп үш топқа бөледі [18, 133-142 бб.]. Сондай-ақ бұл
сөздердің пайда болу негізін халықтың тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен
байланыстыра баяндайды. Ғалым түрлі өлшемдік мәндегі сөздерді жинау,
семантикалық талдау жасауды ғана мақсат тұтқандықтан, грамматикалық
ерекшеліктері мен ғылыми-теориялық мәселелері жайлы сөз қозғамайды.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктердің грамматикалық ерекшелігін ғылыми
деңгейде зерттелуге айтарлықтай үлес қосқандардың бірі – Ж.Көпбаева.
Зерттеуші «Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер пысықтауыш» атты кандидаттық
диссертациясында мөлшер мәнді сөздердің тіркестүзім ерекшелігі, сөйлемдегі
синтаксистік қызметі жайлы тыңғылықты зерттеулер жүргізді. Қазақ
грамматикасында бұған дейін айтылмаған, пысықтауыштың жаңа түрі «мөлшер
пысықтауыш» ұғымын ғылыми айналымға енгізді. Сондай -ақ «мөлшер
пысықтауыш» қызметін атқаратын күрделі құрамдардың байланысу тәсілдерін,
олардың сөз таптарына қатысын сөз етеді [105]. Бұл зерттеу мөлшер мәнді
сөздердің қазақ тілі грамматикасындағы орнын, маңызын ғылыми негізде
анықтаудағы сәтті қадамдардың бірі болды. Сонымен қатар, пысықтауыштың


Page 24

24

өзге түрлері сияқты, «мөлшер» де зат пен қимылға тән қасиет, әрі объективті,
әрі субъективті ұғым екенін көрсетті. Тілдегі мұндай ауқымды ұғымдарды жеке
бір сала ретінде қарастыруға болатынын байқатты.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктер туралы өзгеше пікір шетел қазақтары
тарапынан айтылды. 2002 жылы Үрімжі қаласында шыққан «Қазіргі қазақ тілі»
атты академиялық грамматикада кейбір мөлшер мәнді сөздер жеке сөз табы
ретінде берілді. Зерттеуші Нұрғабыл Сұлтаншәріпұлы ұзақ жылдар бойы бұл
тақырыпта ізденіп, мөлшер мағыналы сөздердің құрылымдық, лексика-
семантикалық, синтаксистік ерекшеліктеріне талдау жасайды. Нәтижесінде
кейбір өлшемдік мәні бар сөздерді «мөлшерлік» деп атай келіп, қазақ тіліндегі
оныншы сөз табы ретінде ұсынады. Ал «мөлшерлік» ұғымына: «Сөйтіп
мөлшерлік дегеніміз – заттың немесе қимылдың шамасын білдіретін сөз табы,
яғни заттың салмағы, тұрпаты, ұзындығы, сыйымдылығы және қимылдың
шамасы секілділерді білдіретін сөздер», – деген анықтама беріледі [106, 244 б.].
Аталған академиялық грамматикада мөлшер сөздерді жеке сөз табы ретінде
негіздеу үшін құрылымдық грамматикадағы сөзді таптастырудың ғылыми
ұстанымдары бойынша ауқымды мәселелер қозғалған. Мұнда біршама көңілге
қонымды тұжырымдар бар. Алайда ағаттықтардан да ада емес. Әсіресе, қазақ тіл
біліміндегі сөз тіркесі туралы қалыптасқан теориялық тұжырымдарға қайшы
келетін тұстары кездесіп жатады. Біз бұл зерттеуді мөлшер мәнді тілдік
бірліктердің табиғатын тануда жасалған оң қадамдардың бірі деп есептейміз.
«Мөлшер» ұғымын көбіне өлшем бірліктермен байланыстыру тілтаным
тәжірибесінде жиі кездеседі. Сондықтан өлшем бірліктерді жинау, мағынасын
түсіндіру, қанша мәнге тең екенін негіздеу бағытындағы жұмыстар жиі кездеседі.
Бұл да қажетті үдерістердің бірі. Осы бағытта жасалған жұмыстардың бірі
ретінде А.Құралұлының «Қару-жараққа, құрал-жабдыққа, өлшемге, ойындарға
байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі» атты шағын
сөздігін атауға болады. Сөздікке «аудан», «көлем», «салмақ», «қашықтық»,
«уақыт» ұғымдарын білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, күрделі құрылымдар
біршама мол енгізіліп, олардың мағынасына, қанша шамаға тең екеніне нақты
түсіндірме берілген [107, 35-54 бб.].
Қазақ тілінде мөлшер семантикалы біралуан сөздердің барын айтып, оларды
мағыналық ерекшеліктеріне қарай өзінше топтастырған және зерттеудің
тәсілдерін ұсынып, жасалу жолын, сөйлемдегі қызметін, сандық мәнін,
халықтық өлшемдер ретінде мағынасын түсіндірген, бұдан басқа да түрлі
мәселелері бойынша танымдық мақалалар арнаған авторлар біршама мол.
Олардың қатарында Э.Өтебаева [108], Г.Назарқұлова [109], Ф.Р.Ахметжанова
[110], Л.А.Байназарова [111], Б.Кәмалашұлы [112], С.Кенжеахметұлы [113],
Б.Қинаятұлы [114], Г.Қалиқызы [115], Ж.Кейкин [116], С.Б.Бектемірова [117],
Т.Тілеубекұлы [118], т.б. зерттеушілер бар. Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді
арнайы қарастырмаса да, маңызды танымдық ақпараттар беріп, жанамалай сөз
еткен диссертациялар да бар. Бұл топқа А.Елешеваның «Қазақ тіліндегі сан
есімді фразеологиялық бірліктер» [119], Қ.Ғабитханның «Киелі сандарға
байланысты тұрақты тіркестер» [120], А.Солтанбекованың «Қазақ тіліндегі
шақтық локальдылық/шақтық бейлокальдылық функционалды-семантикалық
категориясы» [121] атты кандидаттық диссертацияларын жатқызуға болады.


Page 25

25

Жоғарыда берілген деректер көрсеткендей, мөлшер мәнді тілдік бірліктер
көбіне құрылымдық бағытта қарастырылған. Көпшілігі өлшем бірліктерді жинау,
мағыналық топтарға жіктеу, оның тілдегі зерттелмей жатқан біралуан құбылыс
екенін айтумен шектеледі. Лексика -грамматикалық, морфологиялық,
синтаксистік ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі, жасалу формалары, т.б. күрделі
теориялық мәселелері жүйелі қарастырылмайды. Алайда құрылымдық
бағыттағы осы жұмыстардың өзі де аталмыш тілдік бірліктердің табиғатын
тануға айтарлықтай септігін тигізеді.
2) Тіларалық салыстырмалы зерттеулер . Тарихи-салыстырмалы,
салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы-тарихи әдістер – тіл біліміндегі
дәстүрлі әдістер. Бұлардың көмегімен белгілі бір тілдің синхронды және
диахронды бірліктері, тілдің қазіргі қалпы мен тарихи кезеңдері, тілдердің
туыстығы мен ұқсас құбылыстардың мәні туыс емес өзге тілдік деректерімен
салыстырыла зерттелетіні белгілі. Аталған әдіс мөлшер мәнді тілдік бірліктерді
зерттеуге де қолданылды. Қазірге дейін қазақ тіліндегі мөлшер мәнді тілдік
бірліктер ағылшын, қытай, орыс, түрік тілдерімен салыстырыла қарастырылды.
Бұл бағыттағы басты-басты зерттеулер мыналары:
О.С.Караджа «Түркі тілдеріндегі нумеративті сөз тіркестері (қазақ-түрік
тілдері негізінде)» атты кандидаттық диссертациясында қазақ-түрік тілдеріндегі
өлшемдік мәндегі сөздер мен сөз тіркестерін «нумератив» деп атай келіп,
салыстырмалы түрде зерттейді. Аталмыш сөздерді: 1) салмақ; 2) сұйықтық; 3)
жер көлемі, ұзындық, биіктік және қашықтық; 4) уақыт-мезгіл; 5) құн-ақша; 6)
дүркіндік; 7) дана; 8) түрлі деп сегіз топқа бөліп, құрылымдық, семантикалық
талдаулар жасайды. Сондай-ақ бесін, екінді, сәске, таң сияқты сөздердің
нумеративті сөздер емес, олар уақыт кезеңдерін білдіретін сөздер екенін айтады
[122, 24-25 бб.].
Г.А.Сарбасова «Қазақ және түрік тілдеріндегі халықтық өлшем
атауларының этнолингвистикалық сипаты» атты кандидаттық
диссертациясында қазақ және түрік тілдеріндегі мөлшерге, ақша өлшеміне
қатысты тілдік бірліктер салыстырыла талданып, ұқсастықтары мен
өзгешеліктері, қолданылу ерекшеліктері көрсетіледі. Сондай-ақ өлшемге
қатысты кейбір сөздердің танымдық, этимологиялық қырларын біршама сөз
етеді. Қазақ-түрік тілдеріндегі халықтық өлшем бірліктерді: «1) уақытты
білдіретін өлшем атаулары; 2) салмақ-көлем өлшем атаулары; 3) ұзындықты
білдіретін өлшем атаулары; 4) қашықтық пен жақындықты білдіретін өлшем
атаулары», – деп төрт үлкен семантикалық топқа бөліп қарастырады [123, 12 б.].
Ә.К.Тоқтанова «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік, өлшемге
негізделген фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер» мақаласында қазақ
тіліндегі кейбір фразеологизмдерге ұйытқы болатын тірек сөздер дене мүше
атаулары екенін айта келіп, олардың қатарына көз, иек, ауыз, аяқ, қабақ сөздерін
жатқызады. Одан әрі қарай аталған сөздердің қатысуымен жасалған тіркестерге
талдау жасайды. Уақыт, кеңістік өлшеміне қатысты фразеологизмдердің
жасалуына ұйытқы болған сөздерді екі топқа бөле отырып, ағылшын тілімен
салыстырады. Мұның бірі – есептік сан есімдер (бір, екі, үш, бес, жеті), екіншісі
– жан-жануар атаулары (құлан, қозы, ит, түйе). Ал «мөлшер» ұғымын білдіретін
фразеологизмдердің ағылшын тілінде жасалу, берілу жолдарын төрт топқа


Page 26

26

бөледі. Олар: сан есімдер ұйытқы болған фразеологизмдер, «уақыт» сөзінің
қатысымен жасалған фразеологизмдер, уақытқа байланысты айтылған
тұрақты тіркестер, өлшем мен кеңістікке байланысты фразеологизмдер.
Зерттеуші осы ұғымдарды екі тілде де бірдей айтылатын фразеологизмдермен
талдап көрсетеді [124, 206 б.].
Р.Б.Джельдбаева «Мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздердің қытай және
қазақ тілдеріндегі валенттік-дистрибутивтік заңдылықтары» атты кандидаттық
диссертациясында қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер мәнді сөздердің
лексикалық-семантикалық ерекшеліктері және өзара ұқсастықтары мен
өзгешеліктері қарастырды. Сондай-ақ қытай тіліндегі мөлшер сөздердің
қалыптасу, даму жолдарын және олардың дербес сөз табы ретінде танылуының
ғылыми ұстанымдарын, мөлшер сөздердің синтагмадағы валенттік қызметін
қарастырды [125]. Зерттеуші мөлшер мәнді тілдік бірліктердің ұдайы күрделі
құрамда келетіні, оны тіркестен бөле қарастырмау керектігін байқаған. Бұл
туралы былай дейді: «Сан-мөлшер сөздердің сөз тіркесін жасауы деп, сөйлемде
сан-мөлшер сөзі жалғыз келмей, негізгі толық мағыналы сөзбен тіркесіп келуін
айтамыз. Мөлшер сөздер сан есіммен, сілтеу есімдіктерімен бірігіп, сан-мөлшер
сөзді сөз тіркесін жасайды. Мөлшер сөзге сан есім қосу конструкциясынан «шу
лиаң дуан үй – сан мөлшер сөз тіркесін» жасайды» [126, 60 б.]. Сонымен қатар
мөлшер сөздердің синтаксистік қызметін екі тілде салыстыра көрсетеді.
Автордың айтуынша, аталмыш сөздер сөйлемде бастауыш, баяндауыш,
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштық қызмет атқарады. Әрі сан есімдер
мен мөлшер сөздердің тіркесу жолдарын төрт түрге бөледі. Десе де автордың
мөлшер сөздердің синтаксистік қызметі жайлы тұжырымдарында ағаттықтар
кездеседі. Өйткені мөлшерліктер сөйлемде затқа анықтауыш, қимылға мөлшер
пысықтауыш қана бола алады. Бұдан басқа синтаксистік қызметі зат есімнің
синтетикалық формалары жалғанып, заттанғанда, яғни мөлшер сөз емес, өзге сөз
табына ауысқанда туады.
Тіларалық салыстырмалы зерттеулер көптілділікті талап ететін, қиын да
күрделі жұмыс болғандықтан, бұл салада жазылған жұмыстардың саны шекті
болатыны заңды. Алайда осы аздаған жұмыстардың өзі жалпы «мөлшер»
ұғымының, мөлшер мәнді тілдік бірліктердің тіл-тілдердің бәріне тән құбылыс
екенін танытуға жеткілікті материал бола алады.
3) Танымдық, этимологиялық, түркологиялық бағыттағы зерттеулер.
Тілді таныммен, этностың, халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланыстыра
зерттеу де тіл табиғатын тереңнен түсінуге мүмкіндік береді. Мөлшер мәнді
тілдік бірліктер де – халықтың тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен,
тарихымен, бірге туып, біте қайнасқан, ұлттың тарихи кезеңдердегі болмысын
көрсететін менталды бірліктер. Сондықтан мөлшер мәнді тілдік бірліктерді
аталған бағытта қарастырған жұмыстардың маңызы зор. Қазақ тіл білімінде
халықтық өлшемдерді осы бағытта Ә.Қайдар [127], Е.Жанпейісов [28],
Е.З.Қажыбек [128] Ж.Манкеева [129], Е.Аққошқаров [130], Н.Ғ.Шаймердинова
[30], Н.Базылхан [131], [132], К.Қ.Күркебаев [31], С.Жанпейісова [133], [134] т.б.
ғалымдар мен жас зерттеушілер қарастырды.
Белгілі этимолог, лексиколог ғалым Е.Жанпейісов әр жылдардағы
зерттеулерінде мөлшер мәнді тілдік бірліктерге жиі оралып, этимологиялық,


Page 27

27

лексикалық талдаулар жасап, қызықты деректер келтіреді. Айталық, «соқыр»
өлшемінің шығу төркіні туралы былай дейді: «Ертедегі қазақтардың малы көп
байлары өздерінің түйесінің санынан шатаспау үшін, әрбір жүзінші түйенің көзін
ойып алып отырған. Сол көзі ойылған соқыр түйе арқылы жүз түйенің санын
анықтайтын болған. Яғни, сондағы «соқыр» атауы өзінің ауыспалы мағынасында
«жүз» деген сөздің сандық, өлшемдік мағынасын білдіріп тұр» [28, 131 б.].
Ғалым бұл қызықты дерегі арқылы халықтық өлшем бірліктердің шығу, пайда
болу уәжін сәтті көрсеткен. Қай тілде болмасын кез келген өлшем бірліктер
жайдан-жай тумайды. Ол халықтың өмірімен, дүниетанымымен, тұрмыс -
тіршілігімен байланысты туады. Өлшем бірліктердегі осындай мәдени кодтарды
аша білудің маңызы зор.
Мөлшер категориясын «ескі тілдік бірліктер» негізінде жаңа бағытта
қарастырған ғалымдардың бірі – Н.Ғ.Шаймердинова. Зерттеуші өзінің
«Когнитивная семантика древнетюркских Орхонских текстов» деп аталатын
докторлық диссертациясында көне түркі тілін концептуалдық бағытта қарастыра
келіп, ондағы концептілер жүйесі мен тілдік категория жүйесін құрайтын
ұғымдардың бірі ретінде «мөлшер» ұғымын көрсетеді. Нақтырақ айтқанда,
диссертацияның үшінші тарауында көне түркі ескерткіштеріндегі тіресім
құрайтын және тіресім құрамайтын категориялық ұғымдарды санамалай келіп,
близкий-далекий, верх-низ, единичность-множественность, малочисленный-
многочисленный, т.б. мөлшер категориясының тіресімдік микроөрістерін атайды
[30, 28-29 бб.]. Ал төртінші тарауында «уақыт» пен «кеңістік» ұғымының,
сондай-ақ «сандық» ұғымдардың көне түркілер танымындағы концептуалдану
ерекшеліктерін сөз етеді [30, 35-41 бб.]. Ғалымның бұл зерттеулері көне түркілер
дүниетанымының модельдік жүйесін құраушы ұғымдардың бірі «мөлшер»
ұғымы екенін нақты көрсетеді.
Мөлшер категориясының функционалды-семантикалық өрістерінің бірі –
құн өлшемі. Құн – «мөлшер» ұғымының ең бір өзекті, танымдық үдерістерде жиі
шыңдалып, сараланып отыратын салаларының бірі. Құн өлшемінің басты бірлігі
– ақша. Ал түрлі ақшалардың айналымға енуі – өркениеттің белгісі. Н.Базылхан
Көне түркі дәуіріндегі түркі қағандарының ескі монеталары, олардың шығу
тарихы, этимологиясы туралы, көне түркі жазба мәтіндерінен деректер келтіре
отырып, құнды ғылыми тұжырымдар жасайды [131, 4 б.], [132, с. 7]. Соның
нәтижесінде түркілер өркениетінің түптамырын тереңнен танытады.
С.Жанпейісова «Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы» атты
диссертацияның үшінші тарауын халықтық метрологияға арнайды. Онда
бірталай мезгіл, ақша және кейбір өлшемдердің этимологиясына үңіледі [133].
Ал «Қазақ тіліндегі кейбір көне нумеративтер» мақаласында сан, лек, түмен,
танап, соқыр, қыруар сияқты әлденеше нумеративтерге этнолингвистикалық,
этимологиялық тұрғыдан талдау жасайды [134, 45-50 бб.]. Өзге тілдермен
салыстырмалы негізде жазылған бұл жұмыс ескі өлшемдерді терең түсінуге
мүмкіндік береді.
К.Қ.Күркебаев «Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық
сипаты» атты кандидаттық диссертациясында өлшемдік мәндегі сөздерге
кеңірек тоқталады. Зерттеуде тіліміздегі «ұзындық», «арақашықтық», «салмақ»,
«көлем» ұғымдарын білдіретін байырғы өлшем атауларының


Page 28

28

этнолингвистикалық, когнитивтік-концептуалдық, лексика-семантикалық
ерекшеліктеріне талдаулар жасалады. «Өлшем атауларына байланысты
қолданылатын терминдер» атты тараушасында өлшем мәнді нумератив
сөздердің қазақ тілінде мол ұшырасатыны көрсетілген [31, 27-100 бб.].
«Өлшем» ұғымын білдіретін тілдік бірліктер жекелеген авторлардың
шығармашылығы бойынша да қарастырылды. А.Қ.Тұрышев тың «М.Жүсіп
шығармалары лексикасының этномәдени негіздері» атты докторлық
диссертациясының бір тарауы М-Ж.Көпеев шығармаларындағы өлшем бірліктер
мәселесін қарастыруға арналады. М-Ж.Көпеев шығармаларындағы өлшем
бірліктерді метрология деп атап, оны мынадай екі топқа бөледі: «1) Халықтық
метрология: қара киік жылы, жұт, сауын, өсім, көтерме, несие, алымта, соғым,
сыбаға, сауын айту, асар, үмме, бөрте, самсаған, дүйім, таяқ, соқыр, күдір,
жұмырық, күреш; 2) Ескілікті нумеративтер: сағат, сахар, бесін, намаздыгер,
құптан, екінті, сәске, ширек, бесін махал, жарым, құлаш, кез, сере, сере қарыс,
кере қарыс, сүйем, қадам, қадақ» [135, 180 б.]. Мұнда бірінші топтағы кейбір
сөздер «уақыт» ұғымын білдіргенімен, халықтық астрономияға қатысты
лексикаларға жатады. Ал екінші тобындағы сағат, сахар, бесін, намаздыгер,
құптан, екінті, сәске, ширек, бесін махал сөздері уақыт кезеңдерін білдірсе,
дүйім, соқыр, күреш сөздері – өлшем бірліктер.
Бұған жалғас Р.Т.Сабырханова «М -Ж.Көпеев шығармаларындағы
метрологиялық лексика» атты еңбегінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
шығармаларында кездесетін өлшем бірліктерді халықтық өлшем бірліктермен
байланыстыра қарастырып, олардың грамматикалық ерекшеліктері мен
этимологиялық сипатына да тоқталады [136]. Десе де автор метрология,
нумератив терминдерінің дефиницасын бергенімен, бұлардың тобына жататын
сөздерді ажыратуда қатаң сақталған принцип жоқ. Айталық, елі, құлаш, қарыс,
кез, түстік жер, аршын, қары, ат шаптырым, тұтам, шақырым, кісі бойы, қол
созым, қадам, адым, бір табан жол, он айшылық, он күндік, күншілік, айлық,
қоналқалық сияқты халықтық өлшем бірліктерді нумеративтер деп атаса,
батпан, пұт, мысқал, қадақ сияқты салмақ өлшемдері мен тал түс, шаршы түс,
тапа-тал түс, тайдай тал түс, ұлы бесін, кіші бесін, құлама бесін, екінді,
намаздыгер т.б. сөздерді метрологиялық лексикаға жатқызады. Ал күреш, ілкі,
зекет, түмен сөздерін ескі өлшемдер деп береді. Бұл топтастырудан метрология,
нумератив, ескі өлшем ұғымдарының нақты аражігін ажырату қиын.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді танымдық, этимологиялық тұрғыдан
зерттеу – күрделі жұмыс. Сондықтан да бұл бағытта жазылған жұмыстардың
саны шекті. Жалпы, тіліміздің лексикалық қабатының өзі этимологиялық
тұрғыдан сирек сөз болады. Бірлі-жарым сөздер, ертеректе шыққан шағын
көлемді сөздіктер болмаса, қазірге дейін кең ауқымды этимологиялық сөздіктің
болмауы соның дәлелі. Ал танымдық бағыт соңғы кездері қарқын алып келеді.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктер көп құрамнан, күрделі грамматикалық
тіркесімнен тұратындықтан, оларды ұғымдық концепті аясында қарастыру
ыңғайлы. Жекелеген сөздер танымдық мән алып, концептуалдануы өрісті емес.


Page 29

29

4) Функционалды (жұмсалымды) тілтанымдық бағыттағы зерттеулер.
Тіл бірліктерін жұмсалым барысында, сөйлеу актісінде, тілдесім үдерісінде,
мәтін ішінде тану соңғы жылдары әлемдік лингвистикада етек алған бағытқа
айналды. Еуропа ғылымында бұл өткен ғасырдың ортасынан бастау алса, қазақ
лингвистикасында соңғы он-он бес жыл көлемінде туып, қарқынды дами
бастады. Тілді мағынадан формаға қарай зерттеуді нысан еткен бұл бағыт тіл
табиғатын тануда бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер тудырды. Қазақ
лингвистикасында функционалды бағыттың тууы М.М.Копыленко және бүгінгі
қазақ лингвистикасының жетекші ғалымдарының бірі З.Қ.Ахметжанованың
есімімен байланысты. Ғалымның жетекшілігінде бір топ шәкірттері бір-бір
категорияны арнайы қарастырып, осы саланың дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Мөлшер категориясы функционалды бағытта да зерттеу нысаны етілді.
Қазақ тіл білімінде мөлшер мәнді сөздер жайлы тұңғыш рет ғылыми тұжырым
айтушы – А.Байтұрсынұлы. Ғалым мөлшер семантикалы сөздерді көбіне үстеудің
қатарына жатқызады. Бұларды өлшеулік үстеулер деп атай келіп, былай дейді:
«Сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді өлшеулік үстеу дейміз. Өлшеулік
үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың да
үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: Қанша?
Неше есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу болмайды» [19,
116 б.]. Ғалым кейбір сан есім, сын есім, есімдік сөздер мен синтетикалық
формалардың да мөлшер семантикасын білдіретінін айтады. Бұл сөздер тобын
үстеу орнына жүретін сөздер дей келіп, олардың мәнмәтіндік қолданысына,
функционалды ерекшелігіне қарай семантикасы ауысатынын айтады. Сондай-ақ
есептік, реттік сан есімдерді сипаттай келіп: «Нәрсенің бүтінін емес, бөлімінің
санын көрсететін сөздер бар: олар «темілдік» деп аталады. Темілдік сан: жарты,
жарым, ширек. Қазақтың тілінде темілдік санның есімі тіпті аз», – дейді [137, 38
б.]. Ал «Тіл – құралдың» кейінгі басылымдарында (1923-1924) мұны «жарнақ
сан» деп өзгертеді [138, 42 б.]. Бұл тұжырымдардан функционалды
семантиканың алғашқы негіздері айқын танылады.
Қазақ тіл білімінде функционалды грамматика категорияларын ғылыми
деңгейде алғаш сөз еткен А.Д.Данияров болды. Зерттеуші 1965 жылы
«Категория множественности в современном казахском языке» деген тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғап, қазақ тіліндегі көптік категориясын ғылыми
деңгейде қарастырды. Көптік категориясы мөлшер категориясына ең жақын
категориялардың бірі саналады. Тіпті кей зерттеушілер көптік категориясы мен
мөлшер категориясын сан-мөлшер категориясы деп атап, бір категория ретінде
таниды. А.Д.Данияров аталған диссертациясында көптік семантикасының берілу
жолдарын лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлерге бөліп, оны
түрлі мысалдар арқылы дәйектейді. Зерттеуші көптік семантикасының
лексикалық деңгейдегі берілуін тоғыз топқа бөліп, оған халық, ұлт атауларын,
мал-жан, жануарлардың атаулары, «сандық» ұғымды білдіретін сын есім
сөздерді, есептік сан есімдер, күшейткіш үстеулер мен мөлшер үстеулерді
жатқызады. Морфологиялық деңгейдегі көрінісіне -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -
дер көптік жалғауы мен басқа да көптеген қосымшаларды жатқызады. Сонымен
қатар жақ, шақ қосымшаларын да морфологиялық деңгейдегі көптік семантика
беруші формалар деп таниды. Ал синтаксистік деңгейдегі көрінісіне сөздердің


Page 30

30

бірігу, кірігу, қайталану, тіркесу тәсілдері арқылы жасалған әртүрлі мөлшер
семантикалы сөздерді жатқызады. Зерттеушінің тағы бір ерекшелігі зерттеу
жұмысында көптік семантикалы өзге түркі тілдерінің материалдарын да
салыстыра беріп отырады [21]. Қалай дегенмен де бұл алғашқы зерттеулердің
бірі болғандықтан, аздаған олқылықтар да бар. Зерттеуші мөлшер мәнді тілдік
бірліктерді тек көптік категория аясында ғана қарастырған. Сондықтан жалпы
«мөлшер» ұғымының өзге де берілу жолдары назардан тыс қалады. Алайда
жұмыстың олқылығынан гөрі, жетістіктері, нәтижелері көп.
Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерінде өзгеше ұстанымдарымен
ерекшеленетін белгілі ғалым Ы.Маманов бұл тақырыпты арнайы қарастырмаса
да, тіл білімінің әртүрлі мәселелеріне байланысты зерттеулерінде жанамалай сөз
етеді. Сын есім, сын есімнің шырай қосымшалары, қос сөздер туралы
тұжырымдары мөлшер семантикасының грамматикалық формалар,
аналитикалық тәсілдер арқылы берілу жолдарымен ұштасып жатады [139, 181
б.]. Сонымен қатар «мөлшер» ұғымын білдіретін оқ, елі сияқты бірнеше
сөздердің этимологиясы мен мөлшер семантикалы -дай, -дей, -тай, -тей
грамматикалық формалары жайлы құнды пікірлер айтады. Ғалымның қазақ
тілінің ғылыми грамматикасына қатысты тұжырымдарынан функционалды
грамматика ұстанымдарын байқауға болады. Десе де мөлшер семантикалы кей
құрылымдар жайлы тосын пікірлері де кездеседі. Айталық, сын есім тарауында
кейбір күрделі құрылымдар жайлы былай дейді: «Осылар сияқты бір сөз болып,
әлі кіріге алмай келе жатқан сын есімдер де бар. Мысалы: Жол бойы таяқ
тастам ел (Ғ.Мүс.); Бір құшақ суық Асқармен бірге кірді (С.Мұқ.); Бір құшақ
шөптен бір-ақ уыс бар қалғаны. Осылар тәрізді бір асым ет, бір қайнатым шай,
бір шүйке жүн, бір түйір отын, бір үйір жылқы, бір сауым сүт, бір салым тұз,
бір тартым жіп, бір дем жер деген сөздер кездесе береді. Мұндай сөздер соңғы
кезде мағынаға ие болып, өмір жаңалығына байланысты, дәуірге сай,
қажеттілікпен байланысты туған жаңа ұғымдарға жол беріп, өздері кейін қалып,
ескіріп барады» [140, 32 б.]. Ғалымның халықтық өлшемдердің ескіріп,
қолданыстан шығып бара жатқаны жайлы пікірі құптарлық, алайда «бір сөз
болып, әлі кіріге алмай келе жатқан сын есімдер» дегенін құптау қиын. Өйткені,
біріншіден, бұл сөздер – сын есім емес, мөлшер семантикалы синтаксистік
конструкция. Екіншіден, бұл типтегі синтаксистік құрылымдар ешқашан кірігіп,
бір сөз болмайды. Өйткені бұл – мөлшер семантикасын берудің ең ежелгі
аналитикалық формаларының бірі. Көне түркі ескерткіштері мен М.Қашқари
сөздігінде де мұндай құрылымдар көптеп кездеседі және олар қанша уақыт өтсе
де, дәл сол құрылымын бүгінге дейін сақтаған. Тіптен бұл құрылым генетикалық
туыстығы қазақ, түркі тілдерінен мүлде алшақ тілдерден де кездеседі.
Синтаксистік құрылымдағы әр сөзге жүктелген мөлшерлік мазмұн сөздердің
басын біріктіріп, бір сөзге айналдырып жібермейді де.
Отандық лингвистикадағы белгілі ғалымдарының бірі М.М.Копыленконың
«Средства выражения количества в русском языке» атты еңбегінде сан-мөлшер
категориясын орыс тілі материалдары негізінде қарастырады. Ғалым сан-мөлшер
(көптік) семантикалы тілдік бірліктерді тоғыз семантикалық топқа бөледі [6].
Алайда мұнда да көптік категориясы мен са н-мөлшер, мөлшер
категорияларының аражігі нақты көрсетілмеген. Еңбек алғашында үш бөлімге


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.02.2021
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12